Аманқұл Бекенов

Главная » Рефераттар » Аманқұл Бекенов

Аманқұл Бекенов 1939 жылы қараша айының 16-ші жұлдызында Қостанай облысы Жанкелді ауданының Торғай поселкесінда туған. Аманқұл балғын бала шағында әзіз анасының аялы алақанын емін-еркін көре алмады. Оның өзіндік сыры бар. Ол бес жасқа келгенде, анасы Жәмила дүние салды да, уш бірдей бүлдіршін (Қойшан, Аманқұл, Мырзағұл) әке тәрбиесінде қалады. Сондай-ақ, бұл жылдары соғыс салған жараның айыға қоймаған кезі еді, Мұндай уақытта әрі жұмыс істеп, әрі бала тәрбиелеу әкеге оңай болып па !? Сондықтан да болар, әкесі екі баласы — Қойшан мен Аманқұлды Торғай поселкесіндегі балалар үйі — мектеп-интернатқа береді. Сонда оқып, 1956 жылы орта мектепті бітіреді. Мекепте оқып жүрген кезінде жазғы каникулда әкелеріне барып, оның шаруашылығына көмектеседі. Шөп шауып, мал бағып, егіншілікке көмектесіп, біраз шаруалар бітіріп қайтатын. Сол кездің өзінде-ақ жас бүлдіршінді табиғаттың сұлу көріністері сондай қызықтырып, әсем ән салатын кұстар мен аңдардың мінез-қүлықтарына сүйсіне қарайтын. Міне осындай қызығушылық пен білімге деген талпыныс әрі құштарлық Аманқұлды 1956 ж. Абай атындағы Қазактың мемлекеттік педагогика институты жаратылыстану-география факультетінен бірақ шығарады. 1961 ж. осы институтты бітірген соң Аманқұл Бекеновтың барлық еңбек жолы Қазақстандағы зоологиялық және паразитологиялық зерттеулердің ірі ғылыми Орталығы болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының ғылыми-зерттеу институттарының бірі — Зоология институтымен байланысты. Осында ол аспиранттан институт директорына дейін өсті. 1964 ж. аспирантураны бітірген соң сутқоректілер лабораториясында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1967 ж. «Жоңғар Алатауындағы тараққұйрықтың экологиясы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады; содан 1971 ж, оны аға ғылыми қызметкер жұмысына ауыстырады, 1977 жылдан бүгінгі күнге дейін Институттың териология (сүтқоректілер) зертханасының меңгерушісі. 1987-1994 жж. Зертхана меңгерушісі бола жүріп, Институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары болады. 1991 ж. СССР ғылым Академиясының Орал бөлімшесіндегі өсімдіктер мен жануарлар экологиясы институтында (Свердловск қаласы) «Қазақстанның шөл аймағының сүтқоректілері (фаунасы, биологиясы, тиімді пайдалану және қорғау)» тақырыбы бойынша докторлық диссертадия қорғады. 1993 ж. оған «Биология» мамандығы бойынша профессор атағы берілді. 1995-2003 жж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Зоология институтының директоры болып қызмет атқарды. А. Бекенов — омыртқалы жануарлар зоологиясының ірі маманы; республикамызда сүтқоректілерді зерттеу, қорғау мен тиімді пайдалану проблемаларын үйлестіріп, басқарып отырады. Бұл зерттеулер А.Бекенов басқарып отырған териология зертханасының негізгі зерттеу бағыттарынан шығады. Бұл бағыттар: сүтқоректілердің популяциондық экологиясы, биологиясы мен этологиясын (мінез-құлқын) зерттеу, олардың экосистемадағы рөлін анықтау, аңдарды жерсіндіру, андарды қорғау мен тиімді пайдаланудың биологиялық ғылыми негіздерін жасау. А.Бекенов — Палеарктика шөлдері мен шөлейттерінің сүтқоректілерін зерттеуші ретінде бұрынғы СССР мен алыс шетелдердегі зоолог-териологтары арасында жақсы таныс. Қазақстанда тұңғыш рет шөлде тіршілік ететін сүтқоректілердің (қосаяқтардың, сарышунақтардың, құмтышқандарының) экологиялық ерекшеліктері терең зерттелген. Түрлі андардың саны туралы, таралуы жөнінде жаңа деректер алынып, жануарлардың тіршілік ету ортасына бейімделуінің маңызы суреттелген. Зерттеудің бұл кезеңінің қонымды аяқталуы — Қазақстанның шөлде өмір сүретін териофаунасына зоогеографиялық талдау болып табылады. Онда бірінші рет фаунистикалық териокомплекстер бөлініп, шөл аймағының негізгі аң түрлерінің құрамы көрсетілген. Адам қызметінің сүтқоректілердің таралуы мен саны, кеңістікте орналасуына әсері толык баяндалған. Кәсіптік жолмен ауланатын андар популяцияларын баскару жолдары көрсетілген. Бұл зерделі зерттеулер организмдер мен ортаның бір-біріне қарым -қатынасы және олардың түрішілік және тураралық өзгерушілігіне әсері сиякты кейбір жалпыбиологиялық проблемаларды шешуге көмектеседі. Қазақстан шөлдерінің биоценоздық комплекстерінің қызметтері мен даму зандылықтарын ашады. Аманқұл Бекеновтың басшылығымен және өзінің тікелей қатысуымен териология лабораториясының коллективі көптеген жылдар бойы республикамыздың әртүрлі табиғи аймақтарында аңдардың таралуы, қор мөлшері, уақыт — кеңістік бойынша орналасуы, тіршілік ету ортасына бейімделуі туралы зерделІ және қолданбалы зерттеулер жүргізді. Әртүрлі факторлардың, әсіресе антропогендік, әсерлерінен сүтқоректілердің таралу және сандарының өзгеру зандылықтары белгілі болды. Әсіресе, кәсіптік жолмен ауланатын андар мен саны күрт азайып кеткен сүтқоректілер түрлеріне (бұлан, ақбөкен, елік, үстірт арқары, тау арқарлары, қарақұйрық, құлан, ондатр, суырлар, шуйебөрі, дала күзені және т.б.) көшіп аударылды. Сондай-ақ ауыл және орман шаруашылықтарының зиянкестері әрі түрлі табиғи аурулар тарататын кеміргіштер де зерделі зерттеудің объектілері болды. Кез-келген проблема бойынша жаңа материалдардың жинакталуы оларды мерзімділік қорытындылауды талап етеді. Сондай көп жылдар бойы жиналған мәліметтер теориялық жағынан қортындыланып, көптомдық «Қазақстан сүтқоректілері» еңбегінде (4 том, 1969-1985) баяндалды (көлемі 276,2 баспатабақ). Соның нәтижесінде бұл кітапта Қазақстан жерін мекендейтін сүтқоректілердің 178 түрлерінің елімізде таралуы, қоры, биологиясы, қорғау мен тиімді пайдалану шаралары жүйелі сипатталған. Бұл басылым республикамызда кездесетін андарды пайдалану мен сақтаудың теориялық және практикалық жолдарын көрсететіп айырмайтын құрал болып табылады. Сонымен қатар, бұл еңбектің аңшылық және ауыл шаруашьшықтарына қажет жоғары білімді мамандар дайындауда да рөлі бар екендігін айта кету керек. Көптомдық «Қазақстан сүтқоректілері» кітабының жарық көруі-териология ғылымына қосылған үлкен үлес болды деп баға берді мамандар. 1988 ж. бұл туындының авторлары, оның ішінде А.Бекеновте бар, Мәскеудің табиғат қорғау қоғамының Лауреаттары атанды. Қазақстанда таралған саны сирек және жойылып кету қауіпі бар түрлердің экологиясын, таралуын, санын, популяциялар кұрамын, тығыздығын зерттеу «Қазақстан Республикасы Қызыл кітабындағы»(1978,1991,1996,2008) сүтқоректілер бөлімін жазуға негіз болды. Онда қазірде қорғауды керек ететін сүтқоректілердің 40-тан астам түрлерінің биологиялық ерекшеліктері сөз болады. Бұл еңбектің де сирек кездесетін жануарларды сақтауда және табиғатты қорғауда үлкен рөлі бар. Қазақ ССР Министрлер Советінің «Жануарларға мемлекеттік санақ жүргізу тәртібі, оларды пайдалану және жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрін жасау» қаулысына (№ 218, 30.05.1984) сәйкес Зоология институтына Қазақстан фаунасының генетикалық фондының кітабын жүргізу тапсырылған еді. Міне осы тапсырмаларды орындау үшін Зоология институты мен әль-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетнің ғалымдары омыртқалы жануарлардың 834 түрі, оның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі, енген республика фаунасының генетикалық фондысы кітабының бірінші бөліміп 1989 ж. жариялаған еді. Бұл кітап жануарларга мемлекеттік санақ жүргізу, оларды пайдалану, жануарлардың кадастрын жасауға зоологиялық негіз және анықтама құралы болып табылады. Профессор Аманқұл Бекенов республика ғылымы басынан ауыр дағдарысты өткізіп отырған кезде Зоология институтының директоры (1995-2003) болды. Бірақ институт жағдайын жақсы білетін ол барлық күш-жігерін, ұйымдастыру қабілетін институттың үйлесімді құрылымын, ғылымының басын бағытын, әсіресе, республикамыздың жануарлар ресурстарын сақтау мен пайдалану проблемаларын шешу, жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстардың тиімділігі мен сапасын арттыру және жоғары маманды кадрлер дайындауға жұмсады. Сондай-ақ алынған зерделі зерттеудің нәтижелерін халық шаруашылығына енгізу, шет елдермен байланысты күшейту және ізденіс қортындыларын баспа бетінде жариялауға үлкен көңіл бөлды. Ғылымға берілген ғалымдарды сақтап қалуға шаралар қолданды. Осындай жургізілген жедел шаралар арқасында негізгі маман кадрлер мен инстигуттың материалдық-техникалық базасы сақталып қалды. Соңғы жылдары профессор Аманқұл Бекенов, зертхана басшысы ретінде, андардың биоәртүрлілігін сақтап, саны азайып кеткен түрлердің санын көбейту және кәсіптік жолмен ауланатын түрлерді тиімді пайдаланудың ғылыми негізін жасауға ерекше мән береді. 2005 ж. институтта келешекте сүтқоректілерді зерделі зерттеуді дамыту концепциясы жасалды. Онда мұндай зерттеулердің сүтқоректілердің мониторингін ұйымдастыру үшін қажет екендігі көрсетілді. Әсіресе, арқар, құлан, қарақүйрық сияқты жануарлар қорының азайып кету факторларын анықтап алып, оларды бұрын тіршілік еткен қоныстарына қайта жерсіндірудің биотехнологиясын жетілдіру қолға алынуда. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болғаннан бері териология зертханасындағы ғылыми жұмыстар халықаралық аренаға шықты. 19 91 -1995 жж. Қытай Ғылым академиясы Синьцзянның биология, топырақтану және шөл институтымен бірлесе отырып, ақбөкен биологиясын зерттеу қолға алынды. Одан кейінгі жылдары Аманқұл Бекеновтың басшылығымен жануарларды сактау мен қорғау жөніндегі ғылыми ізденістер Англия, Франция, Германия, Норвегия, Швеция, Италия, Финляндия, Араб елдері ғалымдарымен бірлесе жүргізілді. Оның қызметінің бұл жағы биоәртүрлілікті сақтау проблемасына бағытталған дүние жүзілік ғылымның потенциалын өсіріп, бұл елдердегі ғалым-мамандардың достық қарым-катынасын нығайтады. Профессор А.Бекенов өзінің ұйымдастыру жұмысында қазақстандық териология ғылымын дүниежүзілік ғылыми бірлестікке енгізіп, елімізде сүтқоректілерді зерттеуге халықаралық фондылардың (ИНТАС, экологиялық фонд, ШШР9 Дарвин фондасы және т.б.) қаржыларын тарту ерекше орын алады. Мәселен, сол кезде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ол мынадай гранттар алды: Арал теңізі маңында ақбөкендер мен үй малдарының қарым-қатынасы (бір-бірімен байланысы, аурулар мен паразиттарды бір-бІріне таратуы) (1997-1998); жердің деградацияға ұшырауы және ауыл шаруашьшығындағы өзгерістердің Қазақстан жайылымдарына әсері (1998-2000); Ақбөкеннің популяциялық генетикасы және оны сақтау (1999-2001); Қазақстанда сирек кездесетін аң-жұпар тышқанды сақтау жолдары (2000); ақбөкеннің өніп-өсу экологиясы (2004-2006); Тоғай бұғысын сақтау проблемасы (2003-2005); жануарларды Қызыл кітаптар мен тізімдерге енгізу туралы халықаралық табиғат қорғау Одағының санаттары (категории) мен белгілері (критерии) (1999-2002).

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.