Қан айналымы ағзаларының аурулары

Главная » Рефераттар » Қан айналымы ағзаларының аурулары

Қан айналымы ағзаларының ауруларына бірнеше критерийлердегі ауруларды жатқызуға болады. Солардың кейбірін қарастырып өтейік. Гипертониялық ауру. Анестезиологтерге шұғыл хирургия практикасында гипертониялық аурумен сырқат науқастар жиі кездеседі.

  1. Гипотензивті препараттармен емделген де, емделмеген де гипертониялық аурумен сырқат науқастарға абайлап қолданса, анестезияның кез-келген түрін қолдануға болады. Анестезияның осындай бір түрі-седативті препараттармен бірге қолданатын нейролептанальгезия.

2.Гипертониялық аурумен сырқат науқастарға жасалатын шұғыл анестезияның маңызды мәселесі — операция алдындағы эмоционалдық стресс лен интоксикация әсерінен болған операция алдындағы гипертензия. Әдетте бастапқы анестезиядан кейін эмоционалды гипертензия тез басылады. Мұндай жағдайда барбитураттардың көмегімен жүргізілген бастапқы анестезия жеткілікті. Гипертензия пайда болған жағдайда қан қысымының қалыпқа келгенін күтіп, содан соң ғана операцияны бастаған жөн.

  1. Гипертониялық аурумен, әсіресе атеросклерозбен ауыратын науқастарға операция кезінде қан қысымының оптигиалды деңгейін сақтап тұру өте маңызды. Гипертонияда кез-келген гипотония, соның ішінде басқаруға көнетіні де, болмауы керек.

Шұғыл операция жасау керек гипертониясы бар науқасқа операция алдында медикаментозды дайындық қажет. Ол қан қысымын қалыпқа келтіру немесе аздап төмендетуге бағытталуы керек. Әдетте эуфиллин мен дибазолды тамырға жасаған жеткілікті болады. Премедикацияны міндетті түрде холинолитиктер, антигистаминдік және седативтік препараттарды қолдана отырып іске асырады. Кейде диазепам жасағаннан кейін қан қысымы қауіпсіз деңгейге дейін төмендейді. Кейбір науқастарға операцияны кейінге қалдырмай-ақ диуретикалық дәрі — лазикс жасау қажет. Наркоз бен операция мезгілінде мұндай науқастарға инфузиялықтерапия құрамында калий препаратын белгілеген абзал.Анестезияға кіріспе ретінде кез-келген әдісті пайдалануға болады, тек қана кетаминді қолдануға болмайды. Индукция кезеңі диазепаммен бірге нейролептиктерді, сонымен қатар аз концентрацияланған барбитураттарды да қолданғанда жақсы өтеді. Постинтубациялық гипертензияны басу үшін индукция кезеңінде наркоз деңгейі жеткілікті терең болуы керек. Сондықтан кеңірдек интубациясын жасауға асықпаған дұрыс. Гипертониялық аурумен сырқат науқастардың негізгі наркозына анестетик оның қан айналымына көрсететін әсеріне байланысты таңдалып алынады. Барлық анестетиктер бұлшық етінің жиырылу қасиеті мен катехоламиндер деңгейіне әсер ететіні белгілі. Соның ішінде ең алдымен құрамында галоген бар анестетиктер.

.

Гипертониялық ауру мен атеросклерозда жүрек бұлшық етінің жиырылу қабілетіне айтарлықтай әсерін тигізбейтін және жүректің қанды айдауына әсер етпейтін нейролептанальгезияны таңдайды. Дроперидолдың тамырды босаңсытатын тиімді әсері қан қысымын қалпына келтіру үшін қолданылады.

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА). Мұндай науқастарда ең қауіптісі — операциядан кейінгі мерзімде инфаркт миокардына дейін жеткізуі мүмкін коронарлы қан айналымының жедел бұзылулары. ЖИА науқастарда премедикациясының әдеттегіден айырмашылығы болмауы керек. Аурудың сатысы мен қаншалықты айқын көрінетініне қарамастан седативті препараттардың көмегімен операция алдындағы дайындық жүргізіледі. Атропин мен антигистаминді препараттармен тіркес жасалған промедод морфин немесе диазепам анестезияның индукциясына жайлы жағдай туғызады. Бастапқы наркоз анестезияның мейлінше қауіпті кезеңі болып табылады. Стероидтық анестетиктердің, седуксенмен тіркес нейролептиктердің көмегімен анестезияға кірген дұрыс болады. Бастапқы анестезия мезгіліндегі ЖИА науқасындағы гипотензия бірталай қауіп екені сөзсіз, өйткені ол коронарлы қан айналымының нашарлауына ұласады. Гипертензивті реакцияны жұмсарту үшін алдын ала тамырға 40% глюкоза ерітіндісін немесе барбитураттармен бірге кальций хлоридінің ерітіндісін жасауға болады. Жүрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарда гипертония болғанының да қаупі күшті. Әдетте гипертония кеңірдек интубациясына реакция ретінде пайда болып, ларингоспазммен тіркесуі мүмкін. Мұндай реакцияның алдын алу үшін 2% лидокаин ерітіндісімен дауыс шымылдығына жергілікті анестезиясын жасауға болады.

ЖИА науқастарының наркозына жәрдем ретінде гемодинамиканың бірқалыптылығы мен жеткілікті анестезияны қамтамасыз ететін нейроанальгетиктер дұрыс. Бұл науқастарға операциядан кейінгі мерзім аса қауіпті, өйткені бұл мерзімде жүрек қан айналымының түрлі бұзылулары, тіпті инфаркт миокарды болуы мүмкін.

.

Миокард инфаркті және басқа да жүрек аурулары. Жаңадан немесе бірнеше күн бұрын инфаркт миокарды болған стационарда жатқан науқастарға шұғыл операция сирек тек өмірлік көрсеткішпен жасалады. Негізінде әңгіме перитонит, өршіген перитониттің белгілері бар жедел холецистит, мезентериалды тамырлардың жедел тромбозы мен панкреонекроз туралы. Басқа топқа шұғыл операцияны қажет ететін анамнезі мен клиникалық көрсеткіштері бойынша миокард инфаркті болуы мүмкін науқастар жатады. Жедел миокард инфаркті екені айқын көрінетін клиникалық көрсеткіштері жеткілікті бола тұрып, ЭКГ өзгерістер кейінірек бақыланатын күрделі жағдай жиі болады. Мұндай науқастарға жүргізілетін анестезияда миокард инфаркті болған кездегі тактиканы қолданған дұрыс.

Анестезия техникасы. Жүрек ауруымен сырқат науқастарға премедикациясының негізгі мақсаты — седативті эффект алу мен жүрек қызметін бірқалыпқа келтіру (стабилизациялау). Бұған көбіне нейроанальгетиктерді диазепаммен бірге қолданғанда қол жеткізуге болады. Науқасқа 2-3 мл таламонал мен 5-10 мл диазепам жасайды. Гипотониясы болған жағдайда дроперидол мөлшерін 1-1,5 мл-ға дейін шектеу қажет. Айқын ентігу болған жағдайда морфин қолданған пайдалы нәтиже беруі мүмкін. Атропин дозасы, әсіресе тахикардия (жүректің жиі соғуы) кезінде 0,5 мг-нан көп болмауы керек. Жүрегі ауыратын науқасқа шұғыл операция кезіндегі ең қауіпті кезең — тамырға жасалған бастапқы анестезия. Бұл кезеңде науқас ағзасында бірқатар өзгерістер болады: енгізілген анестетиктер әсерінен бұлшық еттің жиырылуы әлсірейді және жүрек бұлшық етінің жиырылуы азаяды. Жүректің қан айдауы төмендеген кезде барбитураттарды қолдануға болмайды. Егер кіріспе наркоз дәрілері болмаса, барбитураттарды тамырға аз концентрацияда (1 % жоғары емес) баяу енгізеді. Бастапқы анестезияның маңызды құрамы азот пен оттегінің шала тотығы болып табылады. Ол кезде оттегі құрамы 30% -дан кем болмауы қажет. Көбінесе компенсацияланған жүрек ақаулары бар науқастарға барбитураттардың аздаған дозасы қарсы көрсеткіш болмайды. Жүректің ишемиялық ауруы науқастарына кураризацияны сукцинилхолиннің көмегімен жасауға да болады.

Кіріспе анестезияның алдында науқасты оксигенациялаудың бұл науқастар үшін маңызы зор. Кеңірдек интубациясы аритмия, гипертензия қаупінен толық релаксация болғанша жасалмау керек. Сукцинилхолиннің босататын дозасына дейін 5-10 мг тубокурарин хлоридін енгізу керек.

Морфин, азот шала тотығын, диазепам, фентанилді қатыстырып, комплексті анестезия жүргізуге болады. Жүректің жиырылуы төмен науқастарға ЖТ пен бұлшық еттің толық релаксациясы аясында орталық анальгезияны 3-5 мг/кг мөлшерінде морфинмен іске асыруға болады. Морфиндік наркоздың негізгі артықшылығы — оның миокардтың жиырылуын бірқалыпты етуі, кеңірдек тарамдарының тонусы мен жүрек қуыстарындағы қан қысымына кері әсерінің болмауы. Тыныс алу қызметінің бұзылуы — жүрек ауруы науқастарына ортақ проблема. Асқынулар. Жүректің тоқтап қалуы, қарыншалардың фибрилляциясы немесе басқа да жүрек ырғағының ауыр бұзылулары сияқты көбінесе қалпына келтіру мүмкін емес жүрек қызметінің бұзылуларымен қатар наркоз бен операция кезінде гипотония мен өкпе ісіну жиі бақыланады. Гипотонияның негізі себебі жүректің қан айдауының төмендеуі, брадикардия, пароксизмалық тахикардия т.б. жүрек ритмінің бұзылулары болуы мүмкін. Өкпе қылтамырларында гидростатикалық қысымның жоғарылауына байланысты өкпенің жедел ісіну (отёк) пайда болады. Бұған екі фактор әсер етеді: жүрек бұлшық етінің жиырылғыштығының нашарлауы мен өкпе күре тамырындағы қысымның төмендеуінен сол құлақшада қан қысымының жоғарылауы, мысалы, артық инфузиялытерапияда, сонымен қатар ағзаның симпатикалық-адреналиндік қызметін күшейтетін стрестік жағдайларда. Егер науқастың тамырына құрамында белок жоқ заттар құйып, белоктар түзетін онкотикалық компонент төмен болса, өкпе ісігі өкпе қылтамырларында қысым төмендегенде де пайда болуы мүмкін.

Науқасты операциялық үстелде горизонталды жағдайда жатқызғанда, гравитация нәтижесінде өкпе кеңістігінің сулы бөлігі ұлғайып, өкпе ісігі дамуына әкеп соғуы мүмкін Операция кезінде өкпе ісігін жалпыға бірдей принциптер бойынша емдейді. Жүрек патологиясы бар науқастарда, әсіресе жүрек бұлшық етінің инфаркті болса, қан айналымының жедел декомпенсациясы дамып, оның түрлі асқынулары болуы мүмкін. Бұған дені сау адамға әсер етпейтін кез-келген фактор себеп болады, мысалы, шалқайып отырған науқасты горизонталды күйге келтіру, науқасқа артық сұйықтық құю.

.

Наркоздан кейінгі бастапқы мезгілде жүрегі ауыратын науқасқа шұғыл операция жасап болғаннан кейін анестезиологтің алдында оны өз бетімен тыныс алуға көшіру міндеті туады.

Төмендегі ережелерді есте сақтау керек:

  1. Наркоз біткенше жүрек қызметі мен қан айналымын толығынан қалпына келтіру. Күре тамырдағы қан қысымы, тахикардия мен аритмиясыз бірқалыпты болуы, орталық көктамыр қысымы да бірқалыпты болуы.
  2. Егер науқас құрамында 40% оттегі бар қоспамен тыныс алып жатса, күретамырдағы қанның құрамында оттегінің күші 100 мм.сынап бағанынан төмен болмауы.
  3. Өзі демалудың бір минуттық көлемі осы науқасқа белгіленген номограммадан төмен болмауы.
  4. Егер науқас қол-аяғын еркін қозғалтып, басын көтере алса, миолелаксация толығынан тоқтатылу керек. Өз бетімен тыныс алғанда қосымша тыныс алу мускулатурасының қатысуы оның жеткілікті еместігін көрсетеді.
  5. Акроцианоз, тырнақтың асты қуқылдығы, т.б. аймақтық циркуляцияның нашарлауының қандай да бір көрсеткіштері болмауы керек.
  6. Дене қызуы қалыпты болуы қажет.
  7. Қалшылдау болмауы керек.

Тек осы жағдайда ғана науқас өз бетімен тыныс алуға көшіріліп, экстубация жасау керек. Ұзаққа созылған операциядан кейін 2-3, кейде 4 сағат бойы науқасты интубациялық түтікше арқылы ұзақ өкпенің жасанды демалдыру пайдаланған дұрыс. Осы уақыт арасында ғана қан айналымы қанағаттарлықтай қалпына келтіріліп, науқас жылынады, миорелаксация жағдайынан шығарылады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.