Қанның физиологиясы

Главная » Рефераттар » Қанның физиологиясы

Қан салыстырмалы тұрақты құрамымен және физика-химиялық қасиеттерімен сипатталатын сұйық зат. Қан физиологиясы, лимфа және ткань аралық сұйық бүкіл дене клеткаларын, тканьдерін жуып жатқандыктан организмнің ішкі сұйық ортасы деп аталады. Бір клеткалы қарапайым организмдер сыртқы ортадан қажетті заттарды бүкіл денёсі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал жоғары сатыдәғы жануарларда мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы тері жабындысы қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды. Сондықтан жануарлар организмнің клеткалары сыртқы ортамен қан арқылы байланысады. Бірақ қан тамырлардан шықпайды да, клеткалармен тікелей жанаспайды. Организм клеткалары қан құрамынан пайда болатын клетка аралық сұйықтықпен немесе лимфамен ғана жанасады. Сол себепті қанды шартты түрде ғана организмнің ішкі ортасы, ал лимфа мен ткань аралық сұйық шын мәніндегі ішкі орта деп саналады. Қан арқылы клеткалармен тканьдерге қажетті керектік заттар мен оттегі жеткізіліп, олардан зат алмасу кезіндегі керексіз ыдырау өнімдері шығарылып отырады, Бұл тұрғыда қан тасымалдаушы қызмет атқарады. Мысалы, қан клеткаларға глкжоза, амин қышқылдары, май, минералды заттар, витаминдер, су және оттегі сияқты заттарды жеткізіп, одан мочевина, несеп қышқылы, аммиак, көмір қышқылы сияқты ыдырау өнімдерін кері алып шығады да, оларды беліп шығару мүшелеріне (бүйрек, тер безі, өкпе т.б.) береді. Қан организмнің ішкі ортасының реакциясы мен осмостық қысымын жасақтауға қатысады. Тоқтаусыз айналыста болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді де жылу реттеуші қызмет атқарады. Қанның көмегімен жылудың артық мөлшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді. Әртүрлі мүшелер мен клеткалардың әрекеті кезінде түзілген өнімдерді, ішкі секреция бездерінде пайда болатын биологиялық, белсенді заттарды (гормондарды) тасымалдап, қан организм клеткаларын, тканьдерін, мүшелерін өзара байланыстырады, демек байланыстырушы-корелятивтік қызмет атқарады, екінші жағынан организм қызметіне гуморальдық реттеуші қызметін де отқарады.
Қан организмде қорғаныштық қызмет атқарады яғни организмнің бір жері жарақаттанса, сол жерден микробтар өту қаупі төнеді, сол уақытта соларға қарсы күреседі және олар бөлетін улы заттарын зяинсыздандырады, сүйтіп организмге әртүрлі ауруларға қарсы тұра алатын қабілет-иммунитетті қалыптастырады.

.

Қанның құрамы мен мөлшері

Қан-қызғылт түсті сұйықтық ткань. Адамның немесе жануардың қанын пробиркәға құйып, оны центрафуги аппаратына салып айналдырсақ пробиркадағы қан екі бөлікке бөлінеді, жоғарғы жағындә сары түстес сұйыктық- ол қан плазмасы деп, төменгі жағында күңгірт түстест бөлігі- қанның клеткалары деп аталады. Қан клеткаларына қанның қызыл түйіршіктері (эритроциттер), ақ түйіршіктер (лейкоциттер) және қан тромбоциттері жатады. Қан құрамының 60 проценті плазмадан, 40 проценті- қан клеткаларынан тұрады. Қалыпты жағдайда қанның жалпы мелшері адамда оның салмағының 8%, жылқыда оның салмағының 8,7%, қой мен ешкіде 7%, бұғыда 15% бөлігін ұстайды, Ересек салмағы 60-70 кг адамда қанның жалпы мөлшері 5,0-5,5 л болады. Организмдегі қан мөлшерінің жартысынан сәл кебірегі қан тамырларында айналымда болады да, қалған белігі қор ретінде қан қоймасы (депосы) деп аталәтын арнаулы органдарда сақталады. Оларға бауыр, көк бауыр және тері жатады. Бауырда қанның жалпы мөлшерінің 20%, көкбауырда 16%, ал теріде 10%-тгжинақталады. Айналымдағы қан мен қордағы қанның ара-қатынасы түрақты болмайды, ол организмнің физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, организм тыныштық жағдайда болсә, қордағй қанның мөлшері көбейіп, ал дене жұмысы, қимыл-әрекет кезінде- айналымдағы қанның мөлшері артады. Қанның физикалық қасиеттері.Қан қызьш түсгі қоймалжың, кермек дәмді, тұгқырлығы бар сұйық. Артерия қанының түсі ашық қызыл ал вена қаны күрең қоңыр қызыл болады. Судың тұтқырлығы бірге тең деп алынса, онымён салыстырғанда қан плазмасының тұтқырлығы 1,7-2,2, ал қанның тұтқырлығы 5,0 ке тең. Қанның тұтқырлығы оның құрамындағы белоктардың мөлшері мен эритроциттерге байланысты. Қанда белоктардың мөлшері өсіп, эритроциттердің саны көбейсе, қанның тұтқырлығы артады.
Қанның меншікті салмағы 1,050-1,060 ол эритроциттердің санына тәуелді өзгереді, Себебі эритроциттердің меншікті салмағы -1,090, ал плазмасының меншікті салмағы -1,025-1,034 аралығында болады. Жануарлар организмінің физиологиялық жағдайын сипаттайтын қан қасиеттерінің бірі оның бетгік керіліс күші, ол қан құрамындағы белоктардың мөлшеріне байланысты. Қанның беттік тартылыс күші айтарлықтай тұрәқты болады. Бұл қасиет қан құрәмындағы әр түрлі органикалық қышқылдармен қосылысгарды ерімейтін тұздарға айналдырып, тұндырып отыратын кальций иондарының болуына байланысты.

.

Қан плазмасы және оның осмостық қысымы

.

Плазма сарғыш түсті сұйық. Оның түсі оның құрамындағы әр түрлі пигменттердің болуына байланысты. Мысалы, жылқыда Лютеин, сиырда- каротин т.б. бояғыштары болады. Плазманың құрамында 90-92% су, 8-10% органикалық зат болады, оның 6,0-8%-і белоктар. Плазма белоктары альбумин, глобулин, фибриноген. Альбуминнің үлесіне белоктың 4-5%, глобулин 2-3% және фибриноген 0,2-0,4% тиеді. Плазма белоктарының қызметі әртүрлі, олар онокотикалық қысым туғызып, қан құрамындағы су мөлшерінің тұрақталығын сақтайды. Плазма құрамында альбуминдер глобулинмен салыстырғанда екі еседей көп. Олар тек онкотикалық қысымның тұрақтылығын жасақтап қоймай, әр түрлі дәрі-дәрмек препараттарын, витаминдерді, гормондарды тасымалдауда да зор роль атқарады. Глобуминдер қанды түрлі қорғағыш заттар түзіп, олар организм имунитетін қалыптастырады. Ал фибриноген қанның ұю процесіне қатысады. Қан плазмасының құрамында басқа да органикалық затгар болады. Олар мочевина, несеп қышқылы, креатин, амин қышқылдары, аммиак сияқты белок алмасуының қалдық өнімдері. Бұл қосылыстарды жалпы қалдық азот деп атайды. Оның қандағы мөлшері белок алмасуының қарқынына, организмнің физиологиялық жағдайына байланысты өзгереді. Адам қаны құрамындағы мочевинаның мөлшері әдетте 20-30 мг%-тен аспау керек, бірақ оның мөлшері құрамында белок көп тағаммен тамақтанғанда көбейе бастайды. Егер қанның құрамындағы мочевинаның көп мөлшері ұзақ мерзім сақталса, онда организм өз-өзінен улана бастайды. Плазмадағы несеп қышқылының мөлшері 3-4 мг% шамада болады. Оның мөлшері қауіпті аурулардың кезінде (бүйректің қызметі бұзылғанда), зат алмасу бұзылғанда екі есе көбейеді. Плазмадағы креатиннің мөлшері 1-2 мг% болады. Органикалық қосылыстармен қатар қан плазмасының құрамында минералды заттар болады. Олар негізінен еріген катиондар мен аниондар түрінде кездеседі. Мысалы натрии, калий,кальци, магни, темір, мыс катиондары, хлор, көмір қышқылы, күкірт қышқылы және фосфор қышқылдарының аниондары. Бұл еріген катиондар мен аниондардың қанның құрамындагы арақатынасы бірдей емес. Әсіресе натрии, Калии, және хлордың мөлшері көп, ал иод, цинк және басқа кейбір минералды заттар аз болады. Осындай арақатынастықта болудың себебі олардың организмдегі атқаратын физиологиялық қызметіне байланысты яғни организм клеткалары мен тканьдерінің қозғыштығы мен басқа да физиологиялық қасиеттерін қалыпты жағдайда сақтау үшін. Қан плазмасы құрамындағы минералдық құрамы оның осмостық қысымын жасақтайды. Плазмадағы осмостық қысымды төмендегі мысал арқылы түсіндіруге болады. Ол үшін бір ыдыс алып, оны жартылай өткізгіш жарғақпен (мембрана) бөліп, бір жағына таза физиологиялық еріткіш (су), екінші жағына бір химиялық заттың ертіндісі орналастырылады. Белгілі бір уақыттан кейін осы екі заттың молекулалары жартылай жарғақ арқылы оның бір оның бір жағынан екінші жағына өте бастайды бірақ олардың өтуінің дәрежесі бірдей емес, судың молекулалары химиялық ертіндіге қарай көл, әл ертіндіден еріткішке қарай аз өтед. Осындай белгілі бір заттың молекулаларының бір жақтан екінші жаққа қарай өтуінің басым болуын осмос деп аталады. Ал осы уақыттағы өткізгіш жарғаққа түсірілетін қысымды осмостық қысым дейді. Осмостық қысым белгілі бір химиялық затгың химиялық концентрациясы арқылы сипатталады. Олай болса мембрананың екінші жағындағы химиялық ертіндінің осмостық қысымы еріткішке қарағанда жоғары. Сондықган еріткіштің молекулалары ерһіндіге қарай көп өтеді. Қанның осмостық қысымының мөлшері оның құрамындағы электролит иондарының, белок молекулаларының концентрациясына байланъюък Қанның бұп керсеткіші тұрақты болғандыктан оның осмосгық қысымы да тұракты, ол 7,7-8,1 атмосфера аралығында болады. Келтірілген осы мысалды организмдегі журетін процеске сәйкестендіріп түсіндіруге болады. Организмде қан тамырларының қабырғасы осы жартылай өткізгіш жарғақтың қызметін атцарады. Оның Ішкі жағында қан, сыртқы жағында клетка аралық сұйықтық жатады. Қан плазмасының осмосгық қысымының тікелей қатысуымен қан тамырларының қабырғасы арқылы организмнің клетка ткандарына керектік заттар, не болмаса бәска заттар түседі де, клетка ткандардан кері әртүрлі керексіз өнімдер келіп түседі, Егер ертіндінің қысымы плазманың осмостық қысымына тең болса (мысалы ас тұзының 0,9 % ертіндісі), онда рны изотрникалық немесе физиологиялық ертінді деп атайды. Изотоникалық ертінділерде эритроциттер мен дененің басқа да клеткаларының құрылысы, тіршілік -әрекеті бұзылмайды. Егер осмостық қысым плазманың қысымынан жоғары болса (мысалы ас тұзының 5% ертіндісі), онда рны гипертоникалық ертінді деп атайды, Ертіндінің осмостық қысымы плазманың осмостық қысымынан төмен болса (ас тұзының 0,3% ертіндісі) оны гипотоникадық ертінді дейді.

Қанның қызыл-түйіршіктері — эритроциттер

Эритроциттер немесе қанның қызыл түйіршіктері, сүткоректі жануарларда ядросыз, екі бүйірі қысыңқы дөңгелек элипс пішіндес клеткалар. Тұңғыш рет 1661 жылы Италия оқымыстысы Мальпиги бақа қанының қызыл түйіршіктерін, ал одан бірнеше жыл өткеннен кейін голландия зерттеушісі Левенгук адам қанының қызыл түйіршіктерін аныктады. Эритроциттердің негізгі қызметі -организм клетка тканьдарына оттегін тасымалдап, кері қарай көмір қышқыл газын жеткізу. Олардың бұл қасиеті эритроцит құрамындағы тыныс алу пигменті гемоглобин арқылы іске асады. Гемоглобиннің құрамында темір элементі болады. Көптеген омыртқасыздарда және кейбір төменгі сатыдағы хордалыларда тыныс алу пигменттері болмайды, болса ол олардың қанының плазмасында немесе гемол имфасында кездеседі. Әртүрлі омыртқалылардың қанының тыныс алу пигменттері құрамына, құрылысына және қасиетіне қарай бірдей болмайды. Кеңінең таралған келеа тыныс алу пигменті — гемоцианин. Оның құрамында темір емес, мыс элементі болады. Бұл тыныс алу пигменті моллюскалар, буынаяктылар , өрмекші тәрізділер қанында кездеседі. Түссіз гемоцианин оттегімен қосылып, көк түске ие болады. Бұл пигмент теңіздің беткі деңгейінде тіршілік ететін кейбір буылдық (полихет) құрттарда кездеседі. Қызыл тусгі тыныс алу пигменті гемэритрин теңіздің түбі жағында тіршілік етётін буылдық құрттардың басқа бір түрлерінің эритроциттерінен табылған. Эволюциялық даму кезінде зат алмасу интенсивтілігінің күшеюмен, омыртқалылардың оттегіне деген сұраныс жоғарлайды. Осыған сәйкес эритроциттердің пішіні, мвлшері және саны өзгереді. Адамда эритроциттердің диаметрі 7,0-7,5 мк7алүй жануарларында олардың диаметрі 4,5-6 мк. Эритроциттердің мелшерінің кішіреюі олардың санының өсуіне әкелді. 1 мм3 көлем қанда эритроциттердің саны бақада 470000, кесірткеде 1420000, көгершінде 20X0000. Мысалы бақада эритроциттер ірі, сопақша пішіндес, оның анық байқалатын ядросы болады. Эритроциттер өзінің негізгі қызметі — оттегімен көмір қышқыл газын тасымалдауды құрамында тыныс алу пигменті гемоглобиннің болуының арқасында атқарадьи Гемоглобин глобин белокты зат пен гемнен тұратын химиялық қосылыс. Оның молекулалық салмағы -68000. Гемоглобин әртүрлі қышқылдардың әсерімен гем және глобинге ыдырайды да гем геминге айналып, кристалдар түзеді. Гемин кристалдары қоңыр түсті, паралелофамма, ромб пішіндес келеді, Әр түлік қандарындағы гемнің құрылысы. бірдей, сондықтан оның кристалдары да бір-біріне ұқсас, ал әртүрлі гемоглобиннің қасиеттері түрліше. Ол кристалдарының пішінімен, оттегімен қосылу ерекшелігімен ерекшеленеді. Құрамында темір атомы болуына байланысты гемоглрбин әртүрлі газдармен реакцияға түседі. Оттегімен қосылған гемоглобинді оксигемоглобин (НвОг) деп атайды яғни артерия қаны жасақталады. Ол оттегімен оңай қосылып, оңай ыдырайды. Гемоглобиннің бір молекуласы оттегінің. 4 молекуласымен әрекеттеседі. Гемоглобиннің организмге зиянды әсері бар қосылыстары да бар. Мысалы, ол иіс газымен (көмір тотығы) қосылып, берік қосылыс карбоксигемоглобин (НвСО) түзеді. Иіс газының қауіптілігі гемоглобиенмен жылдам қосылуында. Егер бөлмедегі ауада иіс газының 0,04% болса, онда организм бірден улана бастайды. Организмдегі барлық (5,0-5,5 литр қандағы) эритроциттердің саны 25 триллион яғни планетімізде тұратын халықтарынан 10 мың есе көп. Олардың тыныс алу бетінің ауданы 3 мың м2, біздің денеміздің бетінен 1,5 мың еседей жоғары. Ал 1 мм3 дені сау адам қанындағы саны 4,5-5,5 млн. Қанның гемолизі. Қанның гемолизі дегеніміз эритроцит қабығының жарылып, оның ішіндегі гемоглобиннің ертіндіге немесе қан плазмасына өтуі. Бұл жағдайда ол ашық лак түстес болады.
Эритроциттердің жарылуы әртүрлі себептерге байланысты пробирканың ішінде, немесе қан тамырының ішінде жүреді. Егер пробиркадағы қанға ^аСЕ-дің гипотикаликалық ертіндісін құйсақ, онда қанның осмостық қысымының ертінді осмостық қысымынан жоғары болуына байланысты, ертінді құрамындағы су әрбір эритроциттердің Ішіне еніп, олар ісініп, мөлшерінен, көлемінен ұлғаяды да, эритроциттер жарылып, гемоглобин ертіндіге өтеді. Қанға ^аСЕ-дің гипертоникалық ертіндісін құйсақ, онда эритроциттер құрамынан су молекулалары ерііндіге қарай қозғалысқа түседі. Осының нәтижесінде эритроциттердің мөлшері мен көлемі кішірейіп, бүрісіп қалу жағдайына келеді, Адамда гемолиз МаСЕ-ертіндісінің 0,4%-де жүре бастайды да, оның 0,34%-нде эритроциттердің барлығы да жарылады. Қанның гемолизі кейбір химиялық қосылыстардың (эфир, хлороформ, бензолардың жоғары концентрациясында) әсерінен жүруі мүмкін. Сонымен қатар организмде қанның гемолизі жылан шаққанда, оның уының әсерінен және бір жануардың қанын екінші жануарға қайталап құйғанда жасакталатын әдейі зат-гемолизин әсер еткенде де жүреді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.