Антидот дегеніміз не?

Главная » Рефераттар » Антидот дегеніміз не?

Антидот (antidotum — у басқыш) дегеніміз — денедегі улы заттарды залалсыздандыру мақсатымен қолданьглатын әртүрлі химиялық қосылыстар: оларды профилактикалық, емдік мақсатта қолданады. Залалсыздандыру әсері антидотпен удың сіңу жолында немесе сіңген соң жануар ұлпалары мен органдарында бір-бірімен өзара әсерлесу арқылы өрбиді. Уды организмге сіңбей тұрып (ас қорыту жолдарында немесе тері бетінде) залалсыздандырудың мәні зор. Антидоттық әсер негізі әртүрлі әсер ету механизмдерінен түрады: бейтараптандыру, өзіне сіңіріп алу, ерімейтін күйге түсіру т.б. Өз уақытында іске асырылған залалсыздандыру шаралары уланудың алдын алуға немесе улануды айтарлықтай бәсеңдетуге мүмкіндік туғызады. Организмге сіңіп үлгерген уды залалсыздандыру сіңіп үлгермеген уды залалсыздандыруға қарағанда анағүрлым күрделірек. Мұндай жағдайларда уды залалсыздандыру немесе бейтараптандыру қарама-қарсы әсер ететін заттар (әсері басымырақ келетін) тағайындау арқылы жүзеге асырылады (бәсекелестік қатынас). Антидоттар есебіңце фенол, гидроксил, аминтоптары бархимиялық қосылыстардың маңызы зор. Мұндай қосылыстардың (унитиол дитиоглицерин жөне т.б.) әсері олардың тізбектік тотығу реакцияларын бүзуына байланысты болады. Фосфор органикалық қосылыстармен уланған кездерде холинэстеразаның активтілігін төмендететін заттар тағайындалынады. Этилендиаминтетрасірке қышқылының препараттары ауыр металдардың тұздарымен қосылыса отырып, бүйрек арқылы оңай бөлінетін қосылыстар түзеді. Натрий хлориді, қымыздық қышқылын залалсыздандырып, оны ерімейтін кальции оксалатына өзгертеді. Дәл осындай өдіспен натрий сульфаты барий түздарын ерімейтін қосылыстарға өзгертеді. Синил қышқылымен уланған кездерде амилнитрит гемаглобинінің біраз бөлігін метгемоглабинге ауыстырып, метгемоглабиннің бірнеше реакциялардан соң гемоглабиннің темір күрамдас ферменттерінің HCN-тен ажыратады да, оны улы өсері жоқ роданиттерге ауыстырады. Көптеген улы заттарды (сулема т.б.) ерімейтін қосылыстарға ауыстыру үшін «түрақтандырылған« күкірт сутекті суды пайдаланғалы 100 жылдай уақыт болды.

Мышьякпен, сынаппен, мыспен және т.б. уланғанда өте жоғары антидоттық әсер беретін препараттардың бірі БАЛ 2,3 -димеркопто-1 пропонол.
Дәрігерлік тәжірбиеде антидоттарға фармакологиялық әсері бір-біріне қарама қарсы заттарды да жатқызады, (атропин, карбохлолин). Қанға, денеге сіңіп үлгерген удың концентрациясын азайту мақсатымен көп мөлшерде вена тамыры арқылы изотониялық ерітінділер жіберіледі. Ал бүйрек арқылы бөлініп шығуын үлғайту үшін несеп айдағыш заттар тағайындалады. Уланған кездердегі емдік көмек міндетті түрде орталық жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамырларының бөлініп шығару мүшелерімен бауырдың физиологиялық тонусын қалыпты жағдайда ұстап тұруға және удың әсерінен көбірек зардап шеккен басқада физиологиялық жүйелерге әсер етуге бағытталуы тиіс.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.