Антигендер туралы қазақша реферат

Главная » Рефераттар » Антигендер туралы қазақша реферат

Антигендер — адам және жануарлар ағзасына түскенде иммундық реакция шақыратын заттар. Олар бөтен ерекшелігі бар биополимерлер немесе олардың жасанды түрлері (аналогтары). Антигенге қарсы ағзада арнайы антидене түзіліп немесе лимфоциттердің сенсибилизациясы болып, айрықша клондары арқылы иммундық реакция жүреді.

Антигеннің үстінде арнайы иммунологиялық реакцияға түсіп,  антиденемен байланысатын белсенді орталығы детерминант деп аталады. Иммундық жауабының ерекшелігі детерминантқа байланысты.

Антигендердің жіктелуі:

.
  • табиғи антигендер — белоктар, көмірсу, нуклеин қышқылы, бактериялар, эндо-және экзотоксиндер, ұлпа және қан торшалар, антигендері. Табиғи антигендер гетерологиялық ерекшелігімен сипатталады;
  • жасанды антигендер — төменгі молекулярлы қосындылардан синтезделген;
  • гаптендер — жартылай антигендер, өз алдына иммундық қасиеті жоқ, бірақ үлкен молекулалы белоктармен қосылса антигендік қасиетке ие болады;

4)  химиялық құрамына қарай белокты, көмірсулы, полипептидтер, т.б. болып бөлінеді.

5) Ерітінді антигендерге токсиндер, ферменттер жатады;

  • генетикалық жағдайына байланысты антигендер;
  • аутоантигендер, ағзаның өзгерген өз торшаларынан шыққан антигендер;   өзгерген өз торшалары антиген болып, аутоиммундық     патологиялық үрдіс дамытып, аутоантиденелер туғызады;
  • изоантигендер — АВО қан топтарын құрады;
  • аллоантигендер — бір түрдегі жануарлардағы генетикалық аллельді түрлерінің айырмашылығы;
  • ксеноантигендер (гетероантиген) — антиген басқа түрге жататын жануарлардан алынған.

Антигендер қасиеттері

  1. Иммуногендігі — антигеннің иммундық жауап шақыратын қабілеті, ол антигеннiң молекулалық салмағына байланысты. Молекула салмағы жоғары болса, иммуногендігі жоғары. Ол детер­минанттардың антиген молекуласындағы санына байла­нысты.

Генетикалық бөгделігі тым алыс (алшақты) болса, соғұрлым антиген иммуногендігі жоғары.

  1. Антигеннің спецификалық қасиетімен ерекшеленуі.
  2. Антиген валенттілігі молекуладағы детерминанттардың санымен бірдей. Детерминант саны көп жағдайда екеу, иммуногендігі екі есе көп. Жұмыртқа альбуминінің 5 детерминанты бар, күл токсинінде — 8, тиреоглобулинде — 40.

Иммуногенді адъюванттар. Адам немесе жануарлар денесіне вакцинамен бір химиялық затты қосып еккенде антигеннің иммуногендігі күшейеді. Аса маңызды адьювантқа жататындар: алюминийдің қосындысы, макромолекуларлық заттар (декстран, метилцеллюлоза), беткей активті заттар, фрейд адьюванты.

Адьюванттар еккенде ұлпада қабынуды қоздырып, еккен жерінде гранулема — абсцесс береді, соның әсерінен антигендер көп уақыт сол жерде сақталып, иммундық үрдіс қоздыру көпке созылады.

Көптеген антигендер, антигенмен бірге Т — лимфоциттері болса иммундық реакцияны жақсы қоздырады. Оларға вирустар, белоктар, торшалық антигендер жатады.

.

Тек қана бактериалдық полисахаридтер, тимусқа тәуелділігі жоқ антигендер өз алдына иммундық реакция шақыра алады.

Эритроциттер антигендері.

Эритроциттердің мембранасында  100-ден артық антигендер бар, олар 19 жүйеге бөлінген. Адам эритроциттерінде III антигеннің әр түрлері кездеседі.

  1. Гетерофильді антигендер көптеген жануарларда және бактерияларда бар.
  2. Бейспецификалық немесе түрлік антигендер (видовые). Мысалы: адамдарда бар, жануарларда жоқ.
  3. Спецификалық немесе топты антигендер. Мысалы, жеке адамдардың бірінде бар, бірінде жоқ. Эритроциттердің барлық антигендері ішінде маңыздысы АВО және Rh (резус).

АВО жүйесі (1901 ж) – 4 топқа бөлінеді

О (I) —антидене А және В (антиген жоқ)

А (II) —антиген А — бар

В (III)  — антиген В — бар

АВ (IV) —антиген А және В бар.

А- және В — антигендері лейкоциттерде де, тромбоциттерде, әр түрлі ұлпада, түкірікте, спермада, көз жасында, зәрде бар, олар — хрусталикте, жатырда, ликворда (арқа миында) жоқ.

Қан сарысуында антиденелер бар, бiрақ оларға қарсы ағзада антигендер жоқ. Бұл антиденелер сондай антигендер кездескенде эритроциттердің агглютинациясын береді, осыған қарай қан топтарының сәйкестігін анықтап, қан құюмен емдеу жүргізіледі. Сол арқылы сот медицинасында әке-шешесін анықтауда және қан тамшысының кімге жататынын білуге болады.

Rh (резус) антиген жүйесі (1940) ашылған. Макака резус маймылының эритроциттерімен қоянға егіп, алынған сарысу адам эритроциттерін агглютинациялады. Содан маймыл мен адам эритроциттеріне бiрдей антиген ашылып, оны резус антигенi — деген. Осы антиген Еуропа халықтарының 85% — де бар. Резус антигеннің 6 түрі табылған. (С, D, Е, с, d, e) Олардың ішінде маңыздысы — D. Бұл антиген жер жүзі халықтарында бар (тек Қиыр Шығыстың кейбір халықтарында жоқ). Ал шешесінің антиген резусы теріс және резусы оң ұрық кездессе, иммуноконфликт дамып, нәрестеде гемолитикалық ауру пайда болады. Резус антигенін бейтараптау үшін бала туар алдында антирезусты сарысу құяды.

Лейкоциттер антигендері

Безредка (1900) лейкоциттерден отызға жуық антигендер түрлерін тапқан. Бұлар ұлпаларда, лейкоциттерде, тромбоциттерде, фибробласттарда, тері эпителиінде, спермада да табылған. Бұл антигендер — гистосәйкестікті көрсетеді. Сондықтан оларды трансплантациялық антиген немесе гистосәйкестіктің антигендері дейді.

Трансплантациялық антигенінің химиялық құрылысында липопротеин, гликопротеин немесе белоктар бар. Адамда олар HLА жүйесіне,  тышқандарда Н2 жүйесіне жатады.

Антигендердің жүру жолдары

  1. Антигендер макрофагтардың үстіндегі рецепторларымен байла­нысып, лимфоциттердің үстіндегі антиденелік рецепторына көшеді.
  2. Антигендер макрофагтың ішіне пиноцитоз арқылы кіріп, содан тіке элиминацияға ұшырайды немесе макрофагтардың РНҚ-мен лимфоциттердің үстіндегі антиденелік рецепторларына беріледі.
  3. Антигендер антиденемен макрофагтық дендритті өсінділерімен (отросток) кездесіп, лимфоциттермен байланысады.
  4. Антигендер макрофагқа кездеспей, тіке лимфоциттік рецепторымен байланысады, оның ішіне кіреді.

Антигендермен кездескенде лимфоциттердiң әр түрлi иммундық жауабы жүредi:

  1. В — лимфоцит плазмалық торшаға айналып (лимфобласт арқылы) және иммуноглобулиндер шығарады.
  2. Лимфоцит антигенді еске сақтайтын торшаға ауысып, кейіннен кездескенде оны танитын болады, өйткені лимфоциттерде сенсибилизация қалады.
  3. Лимфоциттің белсенділігі көтеріліп, иммундық жауаптарда белсенді торшалар лимфоциттер — киллерге айналады.
  4. Антигендер көп болғанда лимфоциттердің барлық рецепторлары антигенге толып, иммундық реакция жүрмейді де, толеранттылыққа әкеледі.

Антигендер стимуляциясындағы иммундық жауаптарының кезеңдері

  1. Антигендер біріншіден магрофагтармен өңделеді.
  2. Антигендер кіші лимфоциттермен жанасып, сенсибилизация дамытады.
  3. Лимфоциттер лимфобласттарға (трансформацияға) айналып, көп полирибосом шығарады.
  4. Полирибосомдар плазмалық торшалар түзіп, антиденелер шығарады.
  5. Плазмалық торшалар гуморалды иммундық механизмді басқаратын торшалар.
  6. 3-этапта лимфобласттар (трансформацияланған) сенсибилизация­ланған лимфоцитке айналады.
  7. Сенсибилизациясы бар лимфоциттер баяу жүретін аллергиялық реакцияларға қатысып, торшалық иммунитеттің құрамына кіреді.
  8. 5-этапта антиденелер антигенмен байланысқаннан кейін комплементті белсендіреді және өзіне орта көлемді лимфоциттерді тартып жинайды да, иммундық реакцияның қабыну фазасы дамиды.

Антиденелер — иммуноглобулиндер

Иммуноглобулиндердi плазмалық торшалар шығарады. Олар қан сарысуында, лимфада, уызда, сілекейде, торшалардың сыртқы қабығында болады. Иммуноглобулиндер 5 класқа бөлінеді. G, M, A, D, E.

Бұлардың құрылысында квадриметрикалы димер екі тізбектен (жеңіл және ауыр) тұрады. Иммуноглобулиннің биохимиялық, қызметтік ерекшеліктері ауыр тізбекке байланысты. Сөйтіп әрбір иммуноглобулин құрылысы бірдей екі жеңіл , екі ауыр тізбектен тұрады, оның молекулалық салмағы  Дальтон. Бұл тізбектер өзара дисуль­фидті көпіршіктермен байланысқан, жеңіл және ауыр тізбектің өзгермейтін (С), өзгеріп отыратын (V) аймақтары бар, солардың қосылатын жерінде белсенді антигендермен байланысатын орталық орналасқан. Антиденелер антигеннің әсерінен плазмалық торшадан шығарылады. Әрбір антигенге қарсы сонымен ғана байланысатын арнайы антидене түзіледi.

Антиденелер қасиеттері

  1. Спецификалық қасиеті — иммуноглобулин тек арнайы антигенмен қарым-қатынасқа түседі. Онда антидене белсенді орталығы — антидетер­минант (паратоп) антигендер белсенді орталығы — детерминантпен (эпитоп) байланысады.
  2. Валенттілігі-иммуноглобулин молекуласындағы антидетерми­нант­тың саны, көбінесе бұлар екі валентті, бірақ кейде 5-10 валентті антиденелер кездеседi.
  3. Аффиндігі олардың байланысы өте мықты, (антидене + антиген) антидетерминант + детерминант байланысы.
  4. Авидтігі — антиген мен антидене байланысы тұрақты, олардың байланысуы жылдам және толық, олар әр түрлі торшалармен бай­ланыс жасай алады:
  • макрофагтармен байланысып фагоцитозды белсендіреді.
  • нейтрофилдермен фагоцитозды белсендіреді.
  • базофилдермен байланысып атопиялық реакция жүріп, медиаторлар бөлініп, жедел жүретін аллергиялық реакцияға әкеледі.
  • тромбоциттермен байланысып қан ұюын өзгертеді.
  • Лимфоциттермен-FC рецепторымен (иммуноглобулин G)

Иммуноглобулиндер гетерогенділігімен 3 топқа бөлінеді:

а) изотипті

б) аллотипті

в) идиотипті

Изотиптілігі — ауыр тізбегі құрылысына байланысты қалыпты жағдайда бір түрдегі жануарларда, адамдарда бірдей. Ал олардың айырмашылығы 4-тізбегіндегі аминоқышқылдармен сипатталады. Сөйтіп иммуноглобулин G1, G2, G3, G4,  ал иммуноглобулин А1, А2  болып бөлінеді.

Аллотиптілігі — әрбір жеке адамның иммуноглобулин айырмашылығын көрсетеді, ол генетикалық маркерлерге байланысты.

Идиотиптілігі — бұл антигендер спецификалық қасиетіне байланысты тек бір иммуноглобулинге арналған. Қанша арнаулы иммуноглобулин болса, сонша антиген варианттары болады.

Идиотип – антиденелердің өзгермелі бөлігіндегі аминоқышқылдардың орналасуының немесе Т-торшалық антиген танитын рецепторының ерекшелігі. Оларға қарсы антиидиотипті антиденелер өнеді.

Т- және В- лимфоциттердің рецепторлары және антиген тануы әр түрлi. Иммундық жауапқа қатысатын торшалардың әр түрлі популяциясы генетикалық және қызметтік ерекшелігімен сипатталады. Олардың үстіңгi айырмашы липопротеинді маркерлеріне қарай жiктелу классификациясы СД (cluster differentiation) қолданылады. Сүйек миының негізгі қызметі дін торшаларынан иммунокомпетентті торшалар шығару. Барлық лимфоидты торшалардың үстінде липопротеинді маркерлер (жіктелу кластері – СД) бар. Практикада иммунды жауапқа қатысатын торшалардың үстіңгі маркерлерін айыру үшін арнайы моноклоналды антиденелер қолданылады. Барлық лимфоциттер Т- және В- торшаларына, О- (нольдік) – торшаларына бөлінеді.

В-лимфоциттер – сүйек миында құралады. Дін торшаларынан шыға­тын В-лимфоциттер 4—5 тәулік ішінде сүйек миында жетіледі де, шеткері лимфоидты мүше мен ұлпаларға орналасады. Көкбауырда, лимфа бездерінде антигеннің әсерімен, Т-лимфоциттердің және макрофагтар­дың көмегімен жетілген В-лимфоциттер рецепторлары арқылы белсеніп лимфобластқа айналады да, 4 рет бөлінгенде жетілген плазмалық торшаларға айналады. Екінші бөлінуден бастап арнайы антигенге қарсы иммуноглобулиндер шығара бастайды. Жетілген бір В-лимфоциттерден 400- ден артық антиденелер шығаратын торшалар пайда болады.  Антигеннің бірінші түсуінде антиденелер 3 тәуліктен кейін шыға бастайды, ал қайталап түскенде – бірінші тәуліктің аяғында.

Антигеннің әсерімен В-лимфоциттер лимфобластқа айналып, одан үлкен және кіші лимфоциттер пайда болады. Бұлар антигенге специфика­лық еске сақтаушы лимфоциттер болып есептеліп, көп өмір сүреді, қан айналым мен шеткері лимфоидты мүшелерге орналасады. Бұл торшалар сол антигенмен қайта кездескенде тез белсеніп, жылдам екіншілік иммундық жауап береді.

Әр түрлі мүшелерде әр түрлі иммуноглобулиндер шығаратын торшалар орналасады. Иммуноглобулин М және G кластарын шығаратындар лимфа бездерінде, көкбауырда, ал иммуноглобулин А және Е- торша­ларын шығаратындар пейер белдемесінде және басқадай шырышты қабатқа орналасқан лимфа бездерінде жиі кездеседі. Антиденелердің эффекторлық механизмі: антидененің торшамен қосыл­ған комплексі белсенді комплементпен лизиске ұшырайды. Егер де антиденелер шамадан тыс көп шықса (антигеннің белсенді орталығы түгел  басылған­нан кейін) аллергиялық патология дамиды. В-лимфоциттердің бір бөлігі Т-хелперлердің және цитотоксикалық Т- торшаларына супрессор әсер етіп, олар арқылы В-лимфо­циттердiң пролиферациясы мен дифференциясын басады. В-лимфоциттердің басқа бір бөлігі, керісінше, осы субпопуля­цияларын белсендіреді.

В-лимфоциттердің үстіндегі рецепторлары:

1) Антиген спецификалық рецепторлар немесе торша үстіндегі иммуноглобулиндер (s1g), мономерлер түріндегі 1gM және IgG-ден құрылған. Антигендердің В-торшасының антиген спецификалық рецепторларымен байланысуы В-лимфоциттердiң өзгеруін, антидене шығаратын торша­лардың көбеюімен бірге, В-лимфоциттердiң антигенді есте сақтайтын иммунологиялық естелік торшаларын тудырады.

2) В-лимфоциттерiнде өсу және дифференциялану рецепторлары: В-торшалардың бөлініп көбеюін, иммуноглобулиндердің секрециясын (шы­ғуын) шақырады.

3) FC-рецепторы арнайы детерминанттарды танитын, иммуногло­булин­нің FC фрагментінде орналасқан, иммуноглобулинді байланыстырады. FC-рецепторлары иммундық жауапты реттеуде маңызды рөл атқарады.

4) Комплементті байланыстыратын рецептор (С3). В-торшаларының белсенуінде, толеранттылықтың дамуында, торша кооперациясының кү­шеюінде, торша аралық байланысты жеңілдетуде маңызды.

Т-лимфоциттер – пайда болуы күрделі және көпсатылы. Антигенге тәуелді және антигенге тәуелсіз екі фазасы белгілі.

Антигенге тәуелсіз фазасы сүйек миында және тимуста жүреді. Дін торшаларынан алғашқы Т-торшалардың бәріне тән антигені бар ізін салушы Т-торшалары пайда болады. Ізін салушы-Т- торшалары тимусқа кіріп дифференциацияға түсіп, жетілген Т- торшалар шығады. Тимуста Т-лимфоциттері екі субпопуляцияға бөлініп, Т-хелперлер және Т-супрес­сорлар, цитотоксикалық Т- торшалары құрылады. Олардың  әр қайсысының өзіне тән антигендік беткей маркерлері және эффекторлық қызметі бар. Осымен антигенге тәуелсіз фазасы бітеді.

Таблица 1.

Иммундық жауапқа қатысатын торшалардың негізгі жіктелу маркерлері

СД маркері Маркерлі, торшаның түрі Қызметі
СД 1 Т-лимфоцит Антигенді ұсынуға қатысады
СД 2 Т-лимфоцит Нысанаға цитотоксикалық Т-лимфоцит­тер­дiң адгезиясын, эндотелияға Т-лим­фоцит­тердiң адгезиясын, эпителиалды торша­ларға тимоциттердiң адгезиясын жүргізеді
СД 3 Т-лимфоцит Т-торшаларға белсендіру сигналы, бар­лық жетілген Т-лимфоциттердiң маркері
СД 4 Т-лимфоцит

Хелперлер

Т-хелперлердің маркері, және ГКС-нің антигенінің  ко­рецепторы
СД 8 Т-лимфоцит

.

 

Цитотоксикалық Т-лимфоциттердің маркері, ГКС-1 антигенімен жаншылған лимфоциттердің тимуста жетіліп, оң селекция өткендері
СД 25 Т-В-NK-торшалары, тимоциттер, макрофагтар Т-В-лимфоциттерді, табиғи киллерлерді (NK), тимоциттерді және макрофагтарды а-субъединица рецептерімен ИЛ-2 арқылы белсендіріп көбейту үшін ынталандырады
СД 28 Т-лимфоцит ТКР-ға бағынышсыз КО-стимуляторлық сигнал молекуласы
СД 30 Т-лимфоцит Т-лимфоциттердiң апоптоз шығаруына сигнал береді
СД 5 Т- және В-лим­фоциттер Аутоиммунды ауруларда көбейеді.

Т-лимфоциттер мен тимоциттердi белсендіретін Ко-стимуляторлы сигнал

СД 9 В-лимфоцит Ізін салушы – В — лимфоциттерді, тромбоциттердiң белсенуіне және агрегациясына жауап­ты
СД 19, 20, 21 В-лимфоцит В-лимфоциттердің белсенуі мен пролиферациясын реттеу
СД 22 В-лимфоцит Эритроциттермен, Т-торшалармен В-лим­фоциттермен, моноциттермен, нейтро­­фил­дермен адгезия үшін жауапты
СД 40 В-лимфоцит В-торшалардың белсенуіне, проли­фе­рациясына және дифференциясына қа­тысады
СД 16 Табиғи киллер Антигенге тәуелді комплемент қатысты цитотоксикалық және цитокиндік өнімдер белсенуі
СД 56 Табиғи киллер Цитотоксикалықты және цитокиндер өнімдерін  белсендіру.
СД 94 Табиғи киллер Табиғи киллерлердің цитотоксикалығын белсендіруі – ингибициясы
СД 11а
СД 18
Моноциттер

Гранулоциттер

Лейкоциттердің эндотелияға адгезиясы (жабысуы), лейкоциттің лейкоциттерге адгезиясы
СД 11в
СД 18
Моноциттер
гранулоциттер
Қан тамырлары эндотелиіне моноцит пен нейтрофилдердің адгезиясы, комп­ле­ментке байланысқан бөлшектердің опсо­низациясы
СД 11с
СД 18
Моноциттер
гранулоциттер
Фагоцитарлық рецептор. Қабыну кезінде моноциттер мен гранулоциттердiң эндо­телийге адгезиясы
СД 45 Гранулоциттер Тирозинфосфатаза рецепторы
СД 64 Макрофагтар Макрофагтар белсенуі
СД 34 Дін торшалары, колония құратын комитерленген аналық клеткалар L-селектин лимфоциттердің қан тамыр эндо­те­лий­леріне байланысуы, сүйек миы стро­ма­сына дін торшаларының байланысуы

 

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.