Антропогенез негіздері (Антропология)

Главная » Рефераттар » Антропогенез негіздері (Антропология)

Антропогенез деп саналы адам түрінің пайда болуы мен оның қоғамдық өмірінің қалыптасу процестері жиынтығын атайды. Бұл процестің қозғаушы факторларын, бағыттарын, зандылықтарын зерттейтін ғылымды антропология деп атайды. Антропология — адамдар туралы ғылым. Ол адамдардың шығу тегін, тарихи дамуын және тұрпатын (конституциясын), өсуін және жеке, жастық, жыныстық өзгергіштігін, нәсілдерге бөлінуін т.б. зерттейді.

Адамның өзінің табиғаты жағынан биологиялық және әлеуметтік мәні бар. Адамдардың құрылысы, тіршілігі жануарларға ұқсас және биологиялық зандылықтарға бағынады.

Адамдар — нағыз саналы адам (Ноmо sapіеns) деп аталатын түрге, адам (Ноmo) туысына, гоминидтер тұқымдасына, приматтар отрядына, сүтқоректілер класына, хордалылар типіне жатады. Сонымен қатар, адамдар тек қоғамдық өмірдің нәтижесінде, қоғамдық ортада ғана адам болып қалыптасқан. Адамды адам еткен — еңбек пен қоғамдық өмір.

.

Антропология ғылымы бірнеше бөлімдерге бөлінеді: 1) антропогенез — адамдардың пайда болған жерін, уақытын, нақтылы ата-тегін, адамның пайда болуының негізгі кезеңдерін, қозғаушы күштерін, адамдардың алғашқы қоғамының және сөйлеуінің дамуын т.б. зерттейді; 2) адам морфологиясы — адамдардың қалыпты сыртқы құрылысын зерттейді; 3) адам физиологиясы — адамдардың қалыпты физиологиялық және биохимиялық процестерін және олардың көптүрлілігін зерттейді. Мысалы, популяция қан тобының, гемоглобиннің көптүрлілігін, адам тұрпатымен сыртқы орта факторларының өзара байланысын, ағзаның әр түрлі ауруларға бейімділігін т.б. зерттейді; 4) этникалық антропология — адам нөсілдерін, олардың таралу ерекшеліктерін зерттейді.

Антропология ғылымының негізгі зерттеу әдістері: 1) антропометрия — өлшеу; 2) деректерді вариациялық статистика әдісімен өңдеу (биометрия) болып табылады.

Антропология ғылымының медицина үшін теориялық және практикалық маңызы зор: 1) адамдардың шығу тегін, эволюциясын түсіндіреді. Атавистік және рудименттік мүшелерді зерттеп кейбір ауруларды анықтауға көмектеседі; 2) кейбір этникалық варианттардың, адамның физикалық дене құрылысының ерекшеліктерін түсіндіреді.

Адамның дене тұрпаты немесе конституциясы, туралы түсінік ерте кезден ақ қалыптасқан. Мысалы, Гиппокарт адамдарды дене құрылысына қарай бірнеше топқа бөлген: 1) күшті тип; 2) тығыз тип; 3) құрғақ тип; 4) ылғал тип; 5) майлы тип. Бұл типтердің әрқайсысы түрліше аурулармен ауруға бейімді болып келген.

Гален адамдар конституциясын 4 топқа бөлген және оларды белгілі бір сұйықтықпен байланыстырған: 1) қан; 2) сұйық сіле мей; 3) өт; 4) қара өт. Осы сұйықтықтардың болуы әр түрлі тұрпаттағы типтің қалыптасуына алып келеді: 1) холерик — жеңілтек, қызба адамдар; 2) сангвиник — көңілді, тез кимылдайтын адамдар; 3) флегматик — тұрақты, сабырлы адамдар; 4) меланхолик — өте сылбыр, баяу қимылдайтын адамдар.

Адам конституциясы тек морфологиялық-физиологиялық ерекшеліктермен шектеліп қоймай, ол адамдардың мінез-құлқын, оның ауруларға бейімділігін, зат алмасу процестерінің ерекшеліктерін де қалыптастырады.

Адамның бойы, салмағы және көкірек куысы келемінің ара-қатынасына негізделінетін физикалық даму индексіне сүйеніп М.В. Черноруцкий адамдарды 3 конституциялық типке бөлді: астениктер — жіңішке, ұзын бойлы; нормостениктер — орта бойлы, мығым денелі; гиперстениктер — аласа бойлы, өте мығым, кең иықты, қысқа мойынды.

Француз ғалымы Д. Сиго адамдарды 4 конституциялық топқа бөлді: 1) тынысалушы; 2) асқорытушы; 3) бұлшықетті; 4) церебральді типтер. Неміс ғалымы К. Кречмер адамдарды астеникалық, пикникалық, атлеттер типі деп бөлді.

Адамдардың пайда болуы туралы 2 теория белгілі: Ч.Дарвиннің биологиялық теориясы жөне Ф.Энгельстің еңбек теориясы.

Адамдардың жануарлар дүниесінен шыққандығын алғашқылардың бірі болып Ч. Дарвин дәлелдеген болатын. Ч. Дарвиннің теориясын симиалъдық теория деп атайды. (Симиа — маймыл). Ол адамдар ертеде тіршілік еткен жоғары сатылы маймылдардан келіп шықкан деп ойлаған. Шынында да, адамдардың анатомиялық құрылысы және дамуы, биохимиялық және физиологиялық көрсеткіштері қазіргі кездегі адам тәрізді маймылдарға (шимпанзе, горилла) өте ұқсас. Ч.Дарвин өзінің теориясында антропогенездің қозғаушы күші ретінде тек биологиялық факторларды — табиғи сұрыптауды ғана қарастырған.

XIX ғасырдың 70 жылдары Ф.Энгельс антропогенездің еңбек теориясын қалыптастырды. Оның негізгі мәні антропогенез процесіңде адамның прогрессивтік эволюциясының және тарихи дамуының негізгі факторы болып — еңбек, қоғамдық емір, сөйлеу, яғни әлеуметтік факторлар саналады. Еңбек құралдарын жасау және пайдалану, бұл қызметтің мәнін түсініп ұғу адамдардың табиғатқа тигізетін әсерінің еселеп өсуіне алып келіп, біртебірте эволюцияның биологиялық факторларын ығыстырып шығарған. Антропогенез құбылысының органикалық дүниенің дамуынан бірденбір сапалық ерекшелігі де осында болып

саналады. К. Маркс, Ф.Энгельс адамды адам еткен, адам қоғамын қалыптастырған еңбек деп санаған.

Адамдардың алғашқы пайда болған жері ретінде әр түрлі материктер айтылып жүр, мысалы, Африка, Еуразия, Жерорта теңізінің айналасы т.б. Дегенмен, бұл проблема әлі кұнге дейін өзінің шешімін таппай отыр.

Антропогенез адамның пайда болуы және адам қоғамының тарихи қалыптасуын зерттейді. Ол негізінен палеантологиялық деректерге сүйенеді. Қазіргі танда антропогенез мәселелері толық шешілмеген, дегенмен, көптеген болжамдар баршылық.

Адам (Homo sapiens sapiens) сүтқоректілер класының приматтар отрядына жатады. Приматтардың алғашқы қарапайым түрлері плиоцен дәуірінің басында (55—60 млн. жыл бұрын) пайда болған. Ал, жоғары сатылы маймылдар (Antropoidea) үшінші дәуірдің басында (эоцен) жартылай маймылдардан (Prosimii) келіп шыққандығы палеонтологиялық деректерден белгілі. Антропоидтар отряд тармағы 3 тұқымдасқа бөлінеді: 1) кең танаулы маймылдар (Сеboiolea); 2) тар танаулы маймылдар (Сегсорііһееоіоіеа); 3) гомйнидтер — «адам тектес маймылдар». Соңғы тұқымдасқа қазіргі кездегі адам тәрізді маймылдар және адам туысы жатқызылады.

Алғашқы екі тұқымдастың адамның пайда болуына ешқандай қатынасы жоқ, ал үшінші тұқымдастың эволюциясы саналы адам — Homo sapiens sapiens пайда болуына алып келген.

Палеонтологиялық деректер негізінде XX ғасырдың 70 жылдарына дейін адамдардың ең ертедегі ататектері ретіңде плиоцен дәуірінде тіршілік еткен рамипитектер (Катірііһесш рщаЪісш) саналып келген. Оның қазба қалдықтары 1934 жылы Үңдістанда табылған. Олар бұдан 14 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Бойлары аласа — 110 см, екі аяғымен тік жүрген, ашық не бұталы орманды жерлерді мекендеген.

1970—1980 жылдарда жүргізілген цитогенетикалық, генетикалық және биохимиялық зерттеулер нәтижесінде рамипитектер адамдарға қарағанда орангутангтарға жақын екендігі белгілі болды, сондықтан да қазіргі кезде олар адамдардың емес орангутангтардың ата-тегі болуы мүмкін деген болжамдар айтылуда.

Осы зерттеулер адам мен шимпанзенің үқсас екендігін көрсетті, мысалы адамдар мен шимпанзелердің 99% белоктары бірдей.

1925 жылы Оңтүстік Африкада (Кения) адамдарға ұқсас жәндіктің бас сүйегі табылған. Оны оңтүстік маймылы — австралопитек (Ашггаіорііһесш аігісапш) деп атаған. Қазіргі кезде австралопитектердің бірнеше түрлерінің қазба қалдықтары табылған. Олардың ішінен ең қарапайым түрі — афар австралопитегі— Australopithecus afarensis.

Австролопитектер осыдан 2—3 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Олардың бойлары — 120—150 см, ми көлемі 380—550 см3, екі аяқтарымен тік жүрген. Олар ашық жерлерді, орманды далаларды мекеңцеген. Олардың адамдарға ең ұқсас белгілерінің бірі — жақтарының құрылысы: күрек тістері, ит тістері салыстырмалы түрде ұсақтау, ал азу тістері ірі болған. Австралопитектердің жақтары адамдардыкінен әлдеқайда үлкен және алға қарай шығыңқы болған, ми көлемі адамдардан 3 есе кем, ал қазіргі адам тәрізді маймылдардан (шимпанзе, горилла) екі есе үлкен. Сондықтан да оларды адамдардың ата-тегі ретінде қарастырады. Австралопитектердің ішінде афар австралопитегі  адамдардың ата-тегі болуы мүмкін деп болжамдануда.

1960 жылы Танзания елінің Олдувай шатқалынан австралопитектердің сүйектерімен бірге адамға өте ұқсас қазба сүйектер табылған. Олардың бойлары шамамен 120 см, салмағы 40—50 килограмм ми көлемі 650—750 см3, жақтарының қүрылысы және тістері австралопитектермен салыстырғанда нәзіктеу болып келген. Сонымен қатар, қазба сүйектермен бірге қолдан жасалынған қарапайым еңбек қүралдары — пышақтар, сойыддар т.б. табылған. Оларды Олдувай мәдениеті деп атайды. Осы қарапайым еңбек қүралдарын жасаған қазба сүйектердің иесі деп есептелініп оларды адам туысының алғашқы екілі — іскер адам — Ноmо habilis деп атаған . Епті адамдардың бас сүйегінің ішкі бетінде бірнеше прогрессивтік нейроморфологиялық өзгерістердің пайда болғаны анықталды: 1) ми сыңарларының асинхронды болуы; 2) екі сөйлеу орталығының бастамасының дамуы. Сонымен қатар, аяқтарының бас бармағы табанға көлденең орналаспай тура орналасқан. Бұл епті адамдарда тік жүруге байланысты морфологиялық өзгерістердің толық аяқталғанын керсетеді. Епті адамдардың өмір сүрген уақыты 2—1,7 млн. жыл. Сонымен адам туысы осыдан 2 млн жыл бұрын пайда болған.

Адам пайда болғаннан кейінгі эволюцияны 3 кезеңге бөледі: ежелгі адамдар — архантроптар; ертедегі адамдар — палеоантроптар; қазіргі типті адамдар — неоантроптар.

Архантроптар осыдан 2 млн жыл бұрын пайда болып 200—100 мың жылға дейін тіршілік еткен. Оларға, тік жүретін адамдар деп аталатын құрама түр Homo erectus — питекантроп, синантроп, Гейдельберг адамы т.б. жатқызылады. Питекантроптардың сүйектері Шығыс және Солтүстік Африкадан, синантроптар Азиядан табылған. Бұлардың тіршілік еткен уақыты 1 млн жылдан 600—400 мың жыл аралықтарыңда. Олардың ми сауытының көлемі үлкен болған — 850—1100 см3. Антропологтардың жорамалдауынша ең қарапайым сөйлеу ми көлемі 750—800 см3 жеткен кезде пайда болған, демек питекантроптар, синантроптар өте қарапайым сөйлей білген. Олар отты пайдаланған, оны ұзақ уақыт сақтай білген, бірақ өздері отты ала алмаған, Олардың шағын топтары үңгірлерді мекендеген.

Тік жүретін адамдар қазіргі Қазақстан,Өзбекстан мемлекеттері аймағын мекендеген. Мысалы, Тешікташтан (Өзбекстан) питекантроптың баласының қазба сүйегі, Қаратау, Ұлытау өңірлерінен (Қазақстан) тік жүретін адамның мекен орыны, еңбек құралдары, тасқа салған суреттері көптеп табылған. Олар осыдан 500 мың жыл бұрын өмір сүрген.

Палеоантроптар — ертедегі адамдар 100 мың жылдан 25—35 мың жылға дейін өмір сүрген. Оларға неандерталь адамы Ното 8аріеп8 пеапйегШа1іеп8І8 жатады. Бұлардың ми көлемі 1500 см3 дейін болып, күрделі қауымдық тіршілік еткен. Олар өздері отты ала білген, сөздері күрделірек, былдырлап сөйлейтін болған. Палеоантроптар өздерінің жақындарына, жас балаларға, қарияларға қамқорлық жасаған, өлген адамдарды жерлеп отырған. Палеоантроптардың эволюциясында әлі де болса табиғи факторлар — сұрыптау елеулі рөл атқарған. Дегенмен, бірте-бірте палеоантроптардың әлеуметтік құрылымы, еңбек қызметтері күрделеніп антропогенездің ең ақырғы — 3 кезеңіне неоантроптарға көшкен. Бұл процесте адамдардың бір-бірімен сөйлесу арқылы байланыстарының күшеюі, жинақталған тәжрибені, білімді ұрпақтарға жалғастыруда сөздің күрделенуі шешуші рөл атқарған. Адамдардың сыртқы орта факторларына тәуелсіздігінің күшеюі, жасанды тіршілік ортасының пайда болуы, коғамның қалыптасуы табиғи сұрыптаудың творчестволық (түртүзілу) мәнінің жойылуына алып келіп, адамдардың биологиялық эволюциясын біржолата тоқтатты.

Неоантроптар — қазіргі типті адамдардың —  қарапайым формалары осыдан 40-35 мың жыл бұрын пайда болған. Оларды — кроманъонецтер деп атайды. Олардың қазба сүйектері Жер шарының барлық жерлерінен — Америка, Африка, Азия, Еуропа, Австралияда табылған. Олардың сырт пішіні қазіргі адамдарға ұқсас.

Қазіргі адамдар бірнеше нәсілдерге бөлінеді. Нәсілдер дегеніміз адамдардың үлкен популяциялары болып табылады. Нәсіддердің физиологиялық, психологиялық ұқсастығы олардың айырмашылықтарынан әлдеқайда жоғары болады, олардың көптеген гендері де бірдей, ортақ болып келеді.

.

Адамдардың 3 үлкен нәсіддері белгілі: негроидтық, еуропоидтық және монголоидтық нәсілдер. Негроидтық (австралонегроидтық) нәсілдердің шаштары бұйра, қара түсті, көздері қара, мұрындары қысқа және кең, қалың ерінді, терісі қоңырқара болып келеді. Еуропоидтардың шаштары жұмсақ, толқынды, әр түрлі ренді, терісі ашық түсті, сақал-мұрттары жақсы дамыған, мұрыңцары қысыңқы, үлкен, жұқа ерінді болып келеді. Монголоидтар шаштары қатты, қара түсті, сақал-мұрты нашар дамыған, терісі сары ренді, мұрындары жуан, орташа, қабақтары (эпикант) жақсы дамыған.

.

Нәсілдер бір-бірінен негізінен терілерінің түстері арқылы ажырасады, ол адамдардың эволюциясының бастапқы кезеңдерінде табиғи сұрыптау нәтижесінде ортаға бейімделушілік ретінде қалыптасқан. Ежелгі адамдар — архантроптар 2 үлкен популяцияға — нәсілдерге бөлінген: монголоидтар және еуропоидты-негроидтар болып. Кейінірек еуропоидты-негроидты популяция тағы да — евразиялық (еуропоидтық) және австралонегроидтық нәсілдер болып, 2-ге бөлінген.

XV ғасырға дейін, яғни жаңа құрлықтар, жаңа елдер ашылғанға дейін әрбір нәсілдер бір-бірімен араласпай белгілі бір жерлерді мекеңдеген; мысалы, монголоидтар — Азияда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, австралонегроидтар — экваторлық тропика аудандарда; европоид — Еуропа, Солтүстік Африкада, Солтүстік Үндістанда т.б. Ал, кейінірек, әр түрлі көліктердің дамуына байланысты олар миграцияланып бір-бірімен араласып кеткен.