Антропометрия туралы

Главная » Рефераттар » Антропометрия туралы

Антропометрия — адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Антропометрия тәсілінің негізін алғаш француз антропологтары (19 ғ.) қалаған. Антропометрия өлшеу балдық бағалар арқылы жүргізіледі. Этник. антропологияда тірі адамның бас, бет, дене салмағы, бойы т.б. түрлі өлшемдер бойынша анықталады. Сонымен қатар бассүйек, қаңқа сүйектерге, көз, шаш, тері түстеріне де өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Сөйтіп, А-лық материалдарға жан-жақты статистик. сипаттамалар беріледі. А-ның қолдану салалары өте көп: адамға киім тігу, аяқ киімдерін, өндіріс станоктарын, жиһаздардың түрлерін т.б. адам денесіне ыңғайлы етіп жасау кезінде антропометриялық деректер ескеріледі. Криминалистикада антропометриялық  деректер қылмысты адамды тануда кең пайдаланылады.  Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, қарын, иық, т.б. жатады. Мұны адамның қаңқасы дейді. Адамның бас мүшелерінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіл, тіс, таңдай т.б. мүшелеріне орналасқан. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды. Бұлардың бәрі көзбен көруге болатын дене мүшелері. Бұлардың көзбен көруге болмайтын да ағзалары да бар. Оларды дәрігерлер жақсы біледі. Көзге көрінбейтін мына ағзаларды жеке адамдар да сезеді, олар: асқазан, бауыр, бүйрек, жүйке, жүрек, өкпе, тамақ, іш. Өйткені адамдар бұлармен жиі ауырады. Дене мүшелерін таза ұстау керек. Беті-қолды сабынмен жуып, тісті тіс щеткасымен тазалап отыру керек. Шашты сабынсумен жиі жуып, құлақтың ішін сабындысумен жуып тұру керек. Денсаулықтың кепілі-тазалық. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде ағзалық заттар азайып, минералды заттар кебейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш келеді. Адамның антропометриялық сипаттамалары адам денесінің және жеке бөліктерінің өлшемдерімен анықталады. Ол мәліметтер анағұрлым рациональді еңбек жағдайларын жобалау үшін пайдаланылады. Олар жұмыс орнының кеңістіктік ұйымдастырылуын есептеуге, көру және қол жету аймақтарын орнатуға, жұмыс орнының конструктивтік параметрлерін анықтауға көмектеседі, сонымен қатар қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етеді. Адамның антропометриялық сипаттамаларын статикалық және динамикалық деп екі түрге бөледі. Статикалық сипаттамаларына адам денесінің жеке бөліктерінің статикалық өлшемдері жатады, бастың өлшемі, қолдың буыны өлшемі, табан өлшемі. Динамикалық сипаттамаларына буындардағы айналу бұрыштары кіреді, қол жеткізу аймағы (моторлық аймақ), дененің қозғалу әсері. Статикалық сипаттамалар сызықтық және доғалық бола алады, яғни сызықтық бірліктермен де, доғалық бірліктермен де өлшенеді.

kAzorta.org

Еңбектің психологиялық сипаттамалары. Еңбек — адам тіршілігінің арқауы, өмір сүруінің басты шарты, оның жан дүниесінің, сана-сезімі қалыптасуының негізгі көзі. Оның басты ерекшелігі — жоспарлылығы мен жүйелігі, шығармашылық сипат алып, қатаң тәртіпті керек ететіндігі және одан белгілі нәтиже туатындығы. Еңбек процесі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, әдет, икемділіктердің болуын, аса зейінділік пен күшті ерік-жігерді әркез қажет етеді. Еңбектегі табыстар мен нәтижелер кісінің дүниетанымына, наным-сеніміне, мақсат-мүддесіне, нақты қажетке сәйкес келу-келмеуіне қарай әр түрлі болады. Не үшін еңбек ететіндігіңді бар саналылығыңмен сезіну — оның ең басты түрткісі (мотиві) болып саналады. Еңбек ету арқылы адам өзіне, өмір сүріп отырған қоғамына қажетті материалдық және рухани игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің ұнамды жақтарын — еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, жинақылық, ұқыптылық, т.б. біртіндеп қалыптастырып отырады, оның өзіне-өзі қызмет ете алу қабілеті, практикалық іскерлігі мен дербестігі, ынтасы мен тапқырлығы, белсенділігі шыңдала түседі. Ғылым мен техниканың дамуы, адамның ой-санасының өсуі, білім жүйесінің молайып, икем-дағдысының ойдағыдай қалыптасуы — еңбектегі қара күштің салмағын біртіндеп кеміте береді де, кісі техниканың тетігін меңгеріп, оны оңай басқаратын болады. Еңбектің қандай түрі болса да құрметті және қадірлі, жаман еңбек болмайды. Тұрлаулы, нәтижелі еңбек шыдамды, іске ұқыпты адамның қолынан ғана келеді. Жалқау, керенау адамда шығармашылық еңбек болмайды. Адам еңбек етуге ынталы болып қызығатын болса, оның ысырабына жол бермейді. Мұндағы берекесіздікпен аяусыз күресіп отырады. Еңбек әрекетінің адам жанына қалайшы әсер етіп отыратындығының сан алуан мәселелерін «еңбек психологиясы» қарастырады. Ол адамның белгілі бір мамандыққа сәйкес кәсіптік маңызды қасиеттерін, еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру мәселелерін, еңбек өнімділігін арттырудың, еңбек ұжымындағы қарым-қатынастардың психологиялық негіздерін зерттейді. Еңбекті дұрыс ұйымдастыру — еңбек режимін сақтау, дұрыс дем алу, қызметкерді жеке-дара қабілет, икемділіктеріне қарай жұмысқа орналастыру, әр адамның іскерлігін, еңбекке ықыласын, еңбек өнімділігін арттырудың шарттарын білу, түрлі кәсіпке итермелейтін түрткілерді ғылыми тұрғыдан талдау т.б. — еңбек психологиясының сан алуан проблемалары. Мәселен, еңбек өнімділігіне әсер ететін жекелеген жәйттардың (бөлме қабырғаларының түсі, жұмыс орнының жағдайы, мұндағы еңбек ритмі мен үзіліс режимі, ұжымдағылардың бір-біріне қатынасы, т.б.) табиғатын зерттеу — еңбек үстінде адамға әсер ететін факторлардың көп екенін көрсетіп отыр. Еңбек психологиясының басты міндеттерінің бірі — жастарды кәсіптік бағдар, оларды жеке икемділіктеріне қарай іріктеу, тиісті кеңестер беру, әртүрлі мамандықтарды психологиялық жағынан сипаттау, бұлардың профессияграммасын жасау, әр жастағы адамдардың еңбектің түр-түріне қабілеттіктерін ажырату, еңбек экспертизасының мәселелерін қарастырып, шешу сияқты жәйттармен байланысып жатады. Еңбек психологиясы аталмыш мәселелерді осы ғылымның басқа салаларымен (әлеуметтік, инженерлік, жас, педагогикалық, т.б.) қоян-қолтық ынтымақтасын зерттеп отырады. Еңбек психологиясы сондай-ақ тиісті мамандыққа қажетті білім жүйесі мен дағды, икемділіктердің қалыптасу жолын, жұмыс үстінде түрлі бақытсыз жағдайға душар болмаудың профилактикасын, қызметкердің еңбек үстіндегі қолайлы көңіл күйінің бірқалыпты болуын қамтамасыз ету мәселелерін, еңбек ұжымдарындағы жарасты моральдық-психологиялық ахуалдың қалыптасу факторларын зерттейді; жұмыс үстіндегі шаршау мен болдыруға қарсы күрес, техникалық құралдарды гуманизациялау (өндірістік эстетика), мастерлер мен ұстаздардың, инженер-техниктердің психологиялық білімдерін жетілдіру, т.б. — еңбек психологиясының көкейтесті проблемалары болып табылады. Еңбек психологиясының салалары да сан алуан. Солардың бірі — психологиялық профессиография. Ол мыңдаған мамандықтың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін еңбегімен көбірек шұғылданатындар аз разрядтарымен бір-бірімен ажыратылатыны сияқты, білік, икем дағды сияқты өзіндік ерекшеліктерімен де көзге түседі. Демек, пианистің саусағының ойнауы домбырашының қол қимылына дәлме-дәл келмейді, токарь мен фрезиршінің қолға байланысты дағды, икемдіктерінің де өзіндік ерекшеліктері болады. Сондықтан да қолды аспап меңгеруге жаттықтырмай, еңбек операцияларын ойдағыдай меңгеруге болмайды. Еңбек дағдыларына машықтану дегеніміз тек жеке операцияларға ғана дағдыландыру емес, бәрінен бұрын еңбек аспаптарын пайдалана алуға үйрету деген сөз. Еңбек дағдыларын ойдағыдай меңгерудің екінші шарты — дене мүшелерінің жұмыс жағдайына ыңғайлы болуы (мәселен, орындалатын операцияның, оқушының көзіне жақын, қолы жететін жерде орналасуы, т.б.).  Еңбек дағдыларына үйрену түрлі қимыл-қозғалыстарды автоматтауды керек еткенмен, көп жағдайларда сананың бақылауымен іске асады. Ал, саналылық теориялық материалды меңгеруде, әсіресе дағдыға машықтану кезеңінде ауадай кажет. Осы жерде зейін құбылысының атқаратын ролі аса маңызды.  Адамның қандай іске болсын дағдылануы бірден өріс алып кете қоймайды. Өйткені, ол әрекет үстіндегі басты мақсатын бірден түсіне де, одан белгілі нәтиже шығарам деп те ойлап жатпайды. Сондықтан да, дағдының қалыптасу жолы бірнеше кезеңдерден тұрады. Олардың бастылары мыналар:
1) дағдылануда көзбен бақылаудың маңызы біртіндеп кеміп, дене мүшелерінің қимыл-қозғалысын бақылау арта түседі (ұстаның балғаны кескіштің бүркеншігінен гөрі оның жүзіне бағыттап ұруы, тәжірибелі машинисткалардың клавиатураға қарамай қағаз басуы т.б.);
2) алғашқыда еңбек операцияларының жекелеген бөліктерін адам дәл байқай алмай, аңдамай қалдырып кетіп, қате жасап, жиі шатасатын болса, кейін мұндайдан арылатын болады;

3) келесі кезеңде кісі жұмыстың жеке бөліктерін біріктіріп, соларды дұрыс орындауға машықтанады, бірақ әлде де істі тұтас меңгеріп кете алмайды;
4) төртінші кезеңде оқушы жеке операцияларды түгел орындаумен қатар, істі белгілі жүйемен тұтастай орындауға көше бастайды;

5) бесінші кезеңде бұрынғы кемшілік-қателіктер толық түзетіліп, әрекет құрамдарын түгелдей автоматтайды да, сөйтіп мұнысы толық дағдыға айналады.
Әрине, бұл кезеңдердің сипаты еңбек процесінің жеңіл-қиындығына да байланысты. Егер істің меңгерілу жолы жеңіл келсе, еңбек дағдысының қалыптасуы да оңайырақ болады. Еңбектегі қиын операцияларда дағдылардың өрістеуі әр кезеңнің өзінде біраз уақытқа созылуы ықтимал.
Бұл жерде ұстаздың шеберлік методикасы, әдісқойлығы үлкен роль атқарады. Егер ол оқушыға түрлі операцияларды орындауды шеберлікпен үйрете алмаса, дағдының қалыптасуы ұзаққа созылуы мүмкін. Осы айтылғанға орай мұғалім әр оқушының еңбекке ынталығымен санасып, оған жеке операцияларды орындау үстінде ұдайы көмек беріп отыруы қажет. Операцияларды орындау белгілі методикалық талаптарға сай жүргізілмесе, яғни оқушы бұлардың не үшін қажет екенін, өзінің не істеп, не қойғанын жете түсінбесе, жекеленген амалдарды есінде дұрыс сақтай алмай, оларды ұмытып қалатын болса, дағды ойдағыдай қалыптаспайды.

Еңбек психологиясы — еңбек қарекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы. Еңбек психологиясының объектісі — индивидтің өндірістік жағдайларындағы және оның жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайындағы әрекеті. Қазіргі заманғы еңбек психологиясы өндіру және тұтыну деген ажырамас екі цикл болады, адам оларда кезекпен және тәуелсіз түрде әуелі өндіруші, одан кейін тұтынушы ретінде көрінеді деген түсініктерден бас тартты. Еңбек психологиясының тұрғысынан индивидтің жұмыс уақыты мен бос уақыты еңбек және жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайларымен тығыз байланысты.  Еңбек психологиясының негіздері медицинаның, физиологияның, техниканың, социология мен саяси экономиканың ықпал-әсерімен қалыптасты. Қайсыбір пәннің еңбекті жетілдіру мәселелерін шешуге қатыстырылуы үшін бастау-негіз мынадай қағиданың танылуы болды: еңбектің ұйымдастырылуы оның өнімділігін еңбекті қарқындатудан гөрі көбірек арттырады. ал жұмыскерге жұмсалатын (оның білім алуына, медициналық қызметпен қамтуға, тұрғын үй-тұрмыстық және экологиялық жағдайларын жақсартуға) экономикалық шығындар өндіріс саласындағы пайда түрінде қайтады. Бұл орайда, әрбір пән еңбек психологиясын дамытуға, оның міндеттерін тұжырымдауға өз үлесін қосты. Еңбек психологиясының өз алдына ғылыми пән ретінде қалыптасуының бастамасы деп І.Мюнстербергтің «Психология және өндіріс тиімділігі»(1913 және «Психотехника негіздері»(1914) атты еңбектерінің шығуын есептеу қабылданған. Еңбекті зерттеге И.М. Сеченов өз үлесін қосты. Осы арқылы еңбекті ұтымды ұйымдастыру және еңбек қарекетін жобалау мәселелері зерттеле бастады. Алайда еңбек психологиясының эклектикалықтан арылып, өзінің пәнін саралап алуына дейін ұзақ уақыт өтті. Еңбекті зерттеудің инженерлік психология, авиациялық және ғарыштық психология, эргономика, басқару психологиясы секілді жаңа бағыттары қалыптасты. Еңбек психологиясының қазіргі уақыттағы басты-басты міндеттері өндірістік қатынастарды жетілдіру, еңбектің сапасын жақсарту, апаттық жағдаяттарға жол бермеу, еңбек ұжымының (тобының) психологиялық кейпін анықтап, реттелуге бағыттау т.б. Еңбек (бейнет, қам) психологияда іс- әрекеттің түрі ретінде силатталады. Еңбек— адам тіршілігіндегі бірінші қажеттілік. Сондықтан, қоғамдағы тәлім-тәрбиенің өзекті мәселесі — адамды еңбек ету қажеттілігіне баулу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыдан даярлау — жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсаты. Еңбек— адамның іс-әрекетінің негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді өндірудің қайнар көзі.

Адамның психикалық әрекеті. Іс-әрекет бұл таным мен шығармашылыққа бағытталған адамның өзінің өмір сүру кәсіби салалары бойынша айтылуы үшін адамның белсенділігінің түрін айтуға болады. Адам іс-әрекет арқасында материалдық және рухани құбылыстарда жасалынады қабілеттілігі арқасында табиғатты қоршайды оны жетілдіреді. Адам өзіне генотивтік мүмкіндігіне негізделіп және одан шеңберінен адам өз іс-әрекетімен шығармашылық сипатқа жасайды. Еңбек құралдарының арқасында жаңа қоғамды техникалық материалдық мәдени рухани даму жасауының арқасында адам өзін-өзі қайта құрып отырды . Тарихи даму прогресіне көз жіберер болсақ , адам іс-әрекет арқасында жетіліп отырды. Адам іс-әрекет тұтынушылық сипаты үшін ғана емес, жемісін беретін шығармашылықта көрініп, жалғасады. Адам іс-әрекеті өзге тіршілік иелерімен ерекшеленеді.Жануар белсенділігі жаратылыстық қажеттілікке байланысты болса, адам іс-әрекеті адамзаттың бұрын-соңғы жасалған мәдени- тарихи жетістіктеріне сүйеніп оны қажеттіліктерінде сүйене жалғастырады. Адам іс-әрекеті күрделі қимыл қозғалыстық біліктілік пен дағдыға байланысты. Адам іс-әрекетінің басқа тіршілік иелерінен айырмашылығын белгілеп көрейік.
1. Адам іс-әрекеті жемісті шығармашылықты, жасампаздыққа ие.
Ал жануарлар белсенділігі тұтынукшылық негізде болады.

  1. Адам іс-әрекеті заттық материалдық, рухани мәдениетпен.
    Бұларды өз дамуы үшін пайдаланады. Ал жануарлар өз биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасайды.
  2. Адам іс-әрекеті адамның өзін өмір жағдайын қажеттілігі мен қабілеттілігін де қайта қайта құрайды немесе көркейте түседі.
  3. Адам іс-әрекеті түрлі форма мен оның әр түрлі құралдар арқылы жүзеге асыруы тарихтық жемісі. Ал жануарлар белсенділігі биалогиялық эвалютциялық нәтижесі ретінде болады.
  4. Адамға заттың іс-әрекеті туа берілмейді. Ол тәлім тәрбие қалыптасуы мен жүзеге асуы Ал жануарларда бұл іс-әрекет ген.отипке негізделінетіндіктен туа беріледі.

Қиял творчества жалғыз ақындарға тән емес, ғылымның мәдениеттің барлық саласында керекті өте үлкен орын алатын психологиялық әрекет. Творчества бар жерде қиял да бар Қиял творчестваның негізгі бір психологиялық құрамы болып табылады. Творчества тек жазушы ақын суретші т.б. іс-әрекетінде болмай, ғылым мен техникалық мәдениеттің еңбектің барлық саласындағы адамның күнделікті тіршілігінде, тіпті күнбе күнді оқудың өзінде де елеулі орын алады. Мектеп оқушысының қағидашы түсінуі, бір есепті өз бетінше шығара бастауының өзін творчествалық әрекет деп есептеуге болады. Творчестваға шабыт (вдохновение) өте қажет. Шабыт – адамның барлық қабілеттіктерінің жіберлі түрде әрекет етуінен туындайтын күй. Шабыт үстінде жасалған шығарма адам жазушы болсын ғылым болсын, ғылым болсын, кім болса да оның еңбегі жемісті болмақ. Бірақ шабыт өзінен-өзі келе бермейді. Ол үшін бір нәрсе адамға әсер етуі қажет. Бұл бұрыннан ойланып толғанып жүріп, сол кезхде келген шабыт. Дайындық кезінде материал жинамай , бір мезетте шығармашылық жасай алмайды. Адамда шабыт пайда болуы үшін үлкен дайындық жігерлі еңбек керек творчествалық жемісті нәтижелі болуы түрлі дағдыларға машықтануға байланысты . Дағдылану еңбектің түрлі салаларында өте үлкен орын алады. Адам өзінің істейтін еңбегіне орай, тиісті дағдыларды меңгермесе өзінің істейтін жұмысының тектігіне жете алмайды жұмысын дұрыс ұйымдастырып , еңбек өнімін арттыра алмайды әр уақытта күнделікті істейтін жұмысына шамадан тыс көп жігер көп күш жұмсайтын болады. Дағдылардың педагогикалық процесте алатын орны ерекше. Егер оқушы оқу процестерінде оқуға , озуға, есеп шығаруға т.б. машыұқтанбкаса олар жақсы оқи да , ғылыми негізін меңгере де алмас еді. Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Адам алдына бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады. Ұлы басты мақсаттар мен мүдде адам тұрмысында жетекші болып адамды ұмтылдырып ,жігерлендіріп отырады. Басты мақсатқа байланысты күнделікті тұрмыста бірнеше мақсаттар мен мүдделер болуы мүмкін. Бірақ олар барлығы болуы міндет, мақсаттарға бағынышты болып, түбінде соларға ыңғайланып отырады.
Адам психологиясының сипаттамасын беру үшін оның іс—әрекетінің басты басты белгілерін атап өткен жөн. Осындай айрықша сипаттардың бірі –адамның дүниедегі заттарға, құбылыстарға, еңбек объектісіне, оның процесіне назар салуы, зейін қоюы әр уақыт адамның санасының бір затқа, құбылысқа, болмысқа бақыт алып отыруы. Сананы айналадағы дүниеге бағыттап отырмаса ол затты дұрыс қабылдай алмайды. Өйткені адамның санасында ол дұрыс сәулеленбейді. Саналы әрекеттің айрықша, маңызды сипаттарының бірі-шығармашылық. Шығармашылықтың дамуында жеке адамның ерекшеліктері өте маңызды болады.Онсыз адамның қоғамы ғылым мен техника өнер әдебиеті прогресифті жолмен өсіп дамымаған болар еді. Біздің тіршілік әрекетімізді творчествалық әрекет болмаса, ондай ешбір жаңа ой, соны пікір болмай, нәтижелі табыстарға жетпеген болар едік. Іс-әрекет тек белсенділік пен емес, мінезбен де ерекшеленеді. Мінез құлық әрдайым мақсаты, әрбір нәтиже алу үшін құрыла бермейді, ол көпшілігіне пассивта болады.  Мінез- құлық споталдықты (ішкі себептер мен пайда болған сыртқы әсерден болмаған) болады, ал іс-әрекет – ұйымдастырушылықта, мінез-аяқ астынан, іс-әрекет- жүйелік болады. Адам іс әрекетінің мативы әр түрлі, ол аргоникалық материалдық функцияналық, әлеументтік, рухани болуы мүмкін. Іс әрекеттің органикалық мативі организімнің табиғи қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады. Мұндай мативтер өсу, өзін-өзі сақтау, организімін дамуымен байланысты. Іс-әрекеттің функцияналдық мативі түрлі мәдени формадағы белсенділігі қанағаттандыруға арналады. Мысалы, спорттық ойын мен сабақтар.  Іс-әрекеттің материалдық мативтері – тұрмыстық қажеттіліктерді атқаруға арналады. Тұрмыс заттарын азық түрлерін, ас-ауқат т.б. адамның табиғи қажеттілігін қамтамассыз етуге болады.  Іс әрекеттің әлеуметтік мативі – қоғамда белгілі бір ортаға ие болуы үшін болатын адамдардың құрметпен мойындауын тудыруға байланысты туындайтын әр түрлі іс-әрекеттер. Іс -әрекеттің рухани мативі – адамның өзін-өзі білімін әрекеттендіруіне байланысты болады.  Іс-әрекеттің мақсаты ол жүйесінің немесе нәтижесінің болуы. Іс-әрекет мақсаты мен мативі бір бірімен қабысып жатады. Заттық іс-әрекет дегеніміз – ол белгілі бір іске тікелей байланысты болады. Мысалы танымдық іс-әрекет пәні түрлі мәлімет оқу іс-әрекетінің пәні- білім, білік дағды болса іс-әрекетінің пәні- жасамдал материалдық жеміс (нәтижесі) болады. Кез келген іс-әректтің құрылымы болады. Олардың құрылымына: Әрекет пен операция жатады. Әрекет – іс-әрекеттің бір бөлшегі ол адамның саналы мақсаты мен дербестігі мен жүзеге асады.  Мысалы: Танымдық іс-әрекеттегі әрекетте кітапты алу, оны оқу, ол бойынша дайындалу сияқты әрекеттер бар. Операция — әрекетті жүзеге асыруда болатын тәсілді айтамыз. Іс-әрекетті жүзеге асыру құралы – ол әрекет пен операцияны жүзеге асыру үшін пайдаланатын құрал , инструменттер жатады.  Кез келген адам іс-әрекетінің ішкі және сыртқы компоненттері болады. Ішкі компонент – іс әрекетті басқаруға қатысатын орталық жүйке жүйесі болатын анатомиялық физалогиялық құрылымдар мен процестер және осы іс әрекетті реттеп отыратын психикалық процестер мен киімдер қатысады.  Сыртқы компонентке – іс-әрекетті тәжірбиелік орындауда болатын түрлі қозғалыстар жатады.  Іс-әрекеттің ішкі және сыртқы компоненттері үнемі арақатынасы бола бермейді. Іс-әрекеттің дамуы мен қайта құрылуына байланысты сыртқы компонент, ішкі компонентке жүйесі ауысып отырады. Іс-әрекетте қиындық туып, оны қайта қалпына келтіру қажет болғанда кері ауысу жүреді- оны- экстериоризация деп атайды.  Экстериоризация ішкі қайтадан сыртқыға айналады, саналы бақыланады, қысқа автоматтанған іс-әрекет компонентінің қайта жасалуын айтамыз.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.