Қар көшкіні

Главная » Рефераттар » Қар көшкіні

Қар көшкіні – тау бөліктерінен қалың қардың опырылып құлауы. Қазақстанда қар көшкіні – Шығыс Тянь-Шань, Алтай, Іле және Жоңғар Алатауы үстінде қардың көп жаууына және геоморфологиялық топырақ-ботаникалық жағдайымен байланысты. Қар көшкіні наурыз, сәуір айларында жиілейді және тауда қар көп жауғаннан пайда болады. 50% -дан жоғары қар көшкіні халыққа және шаруашылық объектілеріне қауіп-қатерін тигізеді. Қар көшкінінің қимылы 1 шаршы метр жерден бірнеше жүз тоннаға дейін жетеді.

Қар көшкіні маусымы:  Қазақстанда қар көшкіні барлық таулы аудандарды қамтығын, бұл мөлшерден көп жауған қарға байланысты. қар көшкіні маусымы – сәуір, ал таулы аудандарда қазан-мамыр айларында болады.

Қар көшкінінің қауіпті белгілері:

.

Қыста қар қалың түсіп, жер бетін қар 20-30 см жапқанда; Қыс мерзімінде бірнеше күн суытқанда немесе жылып кеткенде; Қардың үстінен жаңбыр жауғанда; Қатты жел тұрып, қар «карниздері» құрылғанда; тау бөктеріндегі қардың биіктігі 30-60 см болғанда; Қардың отыруы мен күп болып көтерілуі тау беттерінде домалақ қар іздерінің болуы; Сейсмикалық ауытқушылық.

Қар көшкінінің екпіні ұрса!

Тауға шығарда қауіпті қар көшкіні болатын картамен танысып, мамандармен ақылдасу керек, бұқаралық ақпарат құралдарын үнемі тыңдап, таудағы жағдайларды тыңдап отыру керек; Тауда қар жауғаннан кейін 2-3 күн тауға шықпай тұру керек, не қар көшкіні болып кетсін немесе қар отыруы керек. Қар көшкіні туралы хабарды естігеннен кейін тауға шықпау керек; Бұл уақытта егер сіз тауда болсаңыз, бірден тік құздарға шықпаңыз, бұталар мен ағаштар жоқ жерге бармаңыз, тек қана жолдармен жүрілген жалғыз аяқ жолмен жүру керек; Көктем айларының екінші жартысында әсіресе қар болғанда және тау баурайынан сырғанайды-ау деген уақытта сақ болған жөн; Көзіңіз көріп тұрған жерге дейін қозғау керек, тұман болса қар көшкіні күшейеді деген сөз; Қардың еруі мен жылымық кезде (наурыз айының соңы мен сәуір айында) таудың басына шығуға немесе ескертілген қар көшкіні болады-ау деген жерге бармау керек; Қар көшкіні болғанда айқайламаңыз; Қар «карниздеріне» шығуға болмайды. Аяқтың астында қар отырса, шықырлаған дыбыс шықса қайтыңыз; Егер қар үйіліп жатса: Қардың беріктілігін тексеру керек, сақтық үшін қардың шеткі ұшын басып көру керек. Таудың басына, баурайына бақылаушы қою керек; Киімдерді шешу, рюкзактың бауларын ағыту; Тау баурайын ізбе-із кесіп өту. Тауға барып түнегенде екі жақтан қар көшкінін байқау керек. Қар көшкіні болады-ау деген жерлерге (тау бөктерінде қар қалың жатқан жерде) тоқтамау керек

.

Қар көшкіні болған жағдайда:

Егер сіз қар көшкікіне тап болсаңыз тез арада рюкзактан шаңғыны алыңыз ол сіздің қимылдауыңызға жеңілдік береді. Қар көшкіні кезде бар күшпен көшкіннің шет жағына шығуға тырысу керек немесе көшкіннің үстінде қалуға болмаса ағаш, бұтақтардан ұстауғы тырысу керек. Қар көшкініне шығуға мүмкіндік болмаса ауыз бен мұрынды шарф пен шапкамен жауып алу керек. Тізені бүгіп алу керек. Қар көшкіні тоқтасымен көшкіннен шығуға тырысу керек , сізді тез тауып алу үшін қолыңызды шығарыңыз. Қардың астында қалып айқайлаудың пайдасы жооқ, себебі дыбыс қардың астынан өте жай естіледі. Құтқарушылардың жүрісін естісімен дабыл беріңіз. Қажет болса, қолдан тыныс алдыру керек, жүрекке жабық уқалау жасау (массаж), коореин салдыру керек. Егер жарты сағаттың ішінде өз күштерімен зардап шеккенге көмек бере алмаса онда құтқару отрядын шақыру қажет. Опырылу – ауыр күштің әсерінен өз орнынан тайып кетуі. Опырылу (опырылып құлау) – тау жынастарының опырылып құлауы мен құрғақ жартастардың үйінді болуы.

Опырылу Қазақстанның барлық таулы аймақтарында кездеседі. Оның анақтау факторы мен жиналуы грунттардың сулы болуы және жерасты сулары, жер сілкінісі, сонымен қатар адамдардың шаруашылық қызметі әсер етеді.Ондай жерлерге шығыс Алатауындағы Көлсай көлі, Есік, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы және басқалар. Соңғы жылдары Қазақстан тауларында техногендік ауыр салмаққа байланысты опырылып құлау көбеюде, дачалық учаскелерге байланысты. Опырылып құлаудың қауіпті белгілері: Жаңбырдың көп жаууына байланысты, қардың интенсивті түрде жедел еруіне байланысты, грунттардың көп мөлшерде сулануына әкеліп соқтырады. Тау беткейлеріндегі бос әрі беті сызық және бұрын опырылып құлаған іздер бар. Тік жарға шығатын жерлердегі сызықтары, желге мүжілген тау жыныстары. Опырылу аймақтарындағы табиғи қауіпсіздік шаралары: Бұқаралық ақпарат құралдары хабарларының таудағы жағдайды үнемі бақылауда ұстау. Тік жардың бірден бұрылысы сызығы бар құлайды-ау деген жерлерге тоқтамаңыз. Опырылған тік жардың қасына жоламау. Қауіпті жерларден бір-бірлеп тез, әрі айқай- шусыз өту. Тік жарлардан тас құлағанда қабырғаға жабысып тұру немесе басты рюкзакпен жабу керек. Тау баурайындағы дачада жұмыс істейтіндерге кеңес: Үй құрылысын, сарай салғанда биік жерден, яғни тау жағынан бастау керек. Су көздерін жоғарыдан бастап жүргізу. Үйдің айналасын таспен толтыру, суда жақсы көретін ағаштар, бұта, өсімдіктер отырғызу Есіңізде болсын! Дача учаскесін көп суғару жер қыртыстарының опырылуына әкеліп соқтырады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.