Қара өлеңнің құндылықтары

Home » Рефераттар » Қара өлеңнің құндылықтары
Рефераттар Комментариев нет

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тəжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп, білім беру жүйесін одан əрі дамыту міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, əр оқытушынің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтармен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тəжірибеге, жаңа карым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды [1].

Егеменді елдің жас ұрпақты тəрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мəселелерінің бірі болып табылады. Себебі, «Бізге баға жетпес білім капиталын дамытып жəне білім беруді бұрынғыдан да арттырып, оған заман талабына сай пішін беру кажет»-делінген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» бағдарламасында [2]. Келешек ұрпақ тəрбиелеуде Мағжан Жұмабаевтың: «Қазақтың тағдыры да, келешегі, ел болуы да мектептің қандай негізге құрылуына тіреледі»,- деген сөзін басты назарда ұстауды жөн көрдік [3].

Ұлы Абай атамыздың 33-ші қара сөзінде өнер туралы былай делінген: “…егер мал керек болса, колөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал өнерін сатқан қолөнерлі – қазақтың əулиесі сол” [4]. Əулие деген қазақтың түсінігінде ең құдіретті, қасиетті, киелі адам деген мағынаны береді. Осы қара сөзінде ұлы ақын өнерді, жалпы өнер адамын қазақтың қастерлі адамы деп əулиеге теңеп отырғаны тегіннен тегін емес. Қазақстандық білім мен тəрбие беретін ұйымдарды жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым бағыттарын, яғни бала мен тəрбиешəнің өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу үдерісiнде қалыптастыру мен əртүрлi оқу-iс-əрекетiн қамтитын оқыту əдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс екендiгiн анықтап берiп отыр. Бұл басым бағыттар бiлiм берудi дамытуға негiз болады. Бүгінгі таңда білім мен тəрбие беретін ұйымның алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында төмендегі міндеттер келтірілген «…əр баланың құзыреттілігін дамытуды ұйымдастыру, баланың нақты жас кезеңіне жəне жақын аралық даму аймағына тəн жетекші біліктерін қалыптастыру» [5]. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «…білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету; балаларды мектепке дейінгі сапалы тəрбиемен жəне оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың əр түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету» туралы мəліметтер келтірілген [6].

Даналық сөздің ойшылы Эпикет: «Дүниенің ең тамаша туындысы-тамаша тəрбие алып шыққан адам болып табылады», — дейді. Сондықтан да ертеңгі күніміз көлеңкесіз жарық болуын ойласақ, бала тəрбиесіне бүгіннен бастап бейжай қарамауымыз қажет [7]. Uара hлеi jйXасы — төрт-тармақтың бірінші, екінші жəне төртіншісі бірыңғай ұйқасады. Ұйқас өрнегі а а б а болып келеді. Қара өлеңде осы ұйқас қолданылғандықтан солай шартты түрде аталып жүр. Ал шынында бұл ұйқас əр алуан өлең шығармаларында кеңінен қолданылады. Бұл ұйқас үнділігі, əуезділігі жағынан мейлінше келісті, кең тынысты, мағыналық жағынан сыйымды келеді. Өлең шумағындағы төрт тармақтың үшеуі бірыңғай ұйқасуы дыбыстық гармония, үйлесімділік толықтығы жағынан əбден жеткілікті. Үшінші тармақтың үйлесімнен тыс қалуы əбден орынды, сөйлеу интонациясын түрлендіру үшін осы ыңғайлы, төрт тармақтың аяғын түгелдей бірыңғай үйлестіріп, бір жерге матастырып қою артықтау болар еді. Сондықтан үшінші тармақтың ұйқастан тыс болуына қарай, бұл өрнекті ақсақ ұйқас деп атау сəтті деуге болмайды. Қазақ поэзиясында бұл ұйқастың жан- жақты орнығып, мол қанат жайғаны тегін емес. Ол — қазақ тілінің табиғатына, сөйлем құру өзгешелігіне бірден-бір сəйкес келетін, нағыз толтума ұйқас. Он бір буынды өлеңде ең жиі кездесетін ұйқас өрнегі осы. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы»

Өлеңді өлең ететін ырғақпен катар ұйқас екені белгілі; ал ұйқас, яки рифма (грекше г¸уі¸тоз — өлшемдес, мөлшерлес) — клаузуладағы, кейде тіпті цезурадағы дыбыс қайталаулар, дəлірек айтқанда,өлең тармақтарында, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі. Ұйқас — өлеңнін, сыртқы түріне ғана емес, ішкі сырына тікелей қатысты нəрсе, яғни өлеңнін, сыртқы сұлулығы үшін ғана емес, ішкі жылуы, қызуы үшін де ауадай қажет нəрсе. Поэтикалық синтаксистегі айшықтың мəні қандай болса, өлең сөздегі ұйқастың мəні де сондай. Ұйқастың маңызы əсіресе силлабикалық өлең үшін орасан зор. Ұйқас өлеңді шығармадағы ең салмақты, басты һəм маңызды сөздерді ерекше бөліп көрсету үшін, оған өзгеше мағына дарыту, мəн беру үшін де керек. “Ұйқас сөзді əдепкі тармаққа қайтарып əкеледі,— дейді В.Маяковский,— оны қайтадан ойлатады, бір ойды бірлесе безендіріп жатқан барлық тармақты бір жерге тұтастырып тұрады”. Поэтикалық үндестік фонетакалық жағынан əр түрлі жолмен жасалады. Ұйқас та соған байланысты. Əдетте, ұйқас — екі жол өлеңнің соңғы сөздерінің бірдей не бірдейге жақын естілуі: Мен қазақтың қызымын жалындаған, Ар намысы боймда қалыңдаған. Тəбілхан Р.

Ұйқасты тек клаузуладан ғана іздеуге академик В. Жирмунский де қарсы: “Ұйқас деген үғымға — дейді ол,— өлеңнін, композициясын қиыстыруға қатысы бар кез келген дыбыс қайталау кіруге тиіс”. Бірақ бұған қарап аосонанс пен аллитерацияны да ұйқас дей беруге болмайды. “Ұйқас — дейді профессор 3.Ахметов,— ассонанс, аллитерация секілді жеке дыбыстардың жай қайталануы емес, кейде ‘бір, көбіне бірнеше буындардың үндес үйлесімі”. Рас, ұйқастың туу тарихына қарасақ, мұның ролін атқарған нəрселер көп: əуелде əн атқарса, антика тұсында созымды, оозымсыз үн атқарған. Көне дүние метрикасы секілді, түрік нəсілділердін, бірқатарында (өзбек, азербайжан, ұйғыр, т. б.) он ғасыр бойы өлең, өлшемі болып келген аруздың сабаб — ватад—фасила негіздерінде құралған сегіз түрлі бунағының (фаулун, фаилун, мафаилун, фаилатун, мустафилун, мустафаилун, муфаалатун, мафулату) қайсысын алмаңыз, бұлардағы шешуші шарттар да ұйқаста емес, дауыс ырғағында жатқан. Ұйқастың міндетін атқаратын аллитерациялық əуен түрік-маңғұл тұқымдас якуттер мен хакастарда əлі бар. Алай-да осылардің бірде-бірі бұл күндердегі ұйқасқа пар келе алмайтынын, силлабиқалық өлеңдегі ұйқастың орны мен ролі айрықша бөлек екенін атап айту керек. Əдебиет зерттеушілері ұйқастын, əр түрін анықтап, əрқайсысына толымды, толымсыз, ішкі, сыртқы, күрделі, жалаң, терең, тайыз, ашық, тұйық… дегендер тəрізді алуан түрлі ат беріп, айдар тағып жұр. Бұлардың ‘бəрінде де, əрине, шындық, дəлел, логика бар. Бірақ өлең жазатын адамға да, өлең, оқитын адамға да осының бəрін тəптіштеп түсіну шарт емес. Мəселен, маXтанба, баптанба (Абай) — толымды ұйқас болса,жjбанып, доғарып (Б. Ізтөлин) —толымсыз ұйқас екені өзінен өзі көрініп тұр. Бұл емес-ау, мұнын, есесіне мынаны білу қажет: əр бір ұйқас өлең шумағының өн бойына тек өзіне’ ғана тəн өзгеше сыңғыр əуез, сұлу саз, сырлы күйдарытуға тиіс. “Қиыннан қиысқан” ұйқас əуеніндегі əрбір шумақ бүтін бір бітім, “сөз сарасындағы” жақалық болуы қажет. Ұйқас — ұйқас үшін тұрмауы керек, яғни ұйқас өлеңнің пішініне ғана емес, мазмұнына қызмет етуі шарт. Ұйқастағы табиғилық та осында жатады. Өлең ұйқасының үстіндегі іздену осы тұрғыдан болуға тиіс. «Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп,— деп жазды академик Қ.Жұмалиев,— бірақ ен, негізгі жəне көп қолданылатындары мыналар: 1) қара өлең ұйқасы, 2) шұбыртпалы ұйқас, 3) ерікті ұйқас, 4) кезекті ұйқас, 5) шалыс ұйқас, 6) егіз ұйқас, 7) аралас ұйқас, 8) осы күнгі ерікті үйқастар». Біз ғалымның тұжырымын құптай отыра, осы түрлердің үлгілерін ұсынамыз.

Бұлар — жоғарыда аталған сегіз түрлі ұйқастың кейбір мысал-үлгілері ғана. Əйтпесе, бұлардың, түрі көп; басқасын айтпағанда, тек аралас, немесе ерікті (VII) ұйқастардың өзі ондап саналады. Аралас ұйқастың ‘бір ғана Абай туғызып, қалыптастырған түрінің өзі оннан асады. Олардың, көбі жұртқа таныс. Сондықтан ұйқас үлгілерін осыдан əрі тізе бергіміз келген жоқ. Оның үстіне, ұйқас түрлері де — шартты нəрселер. Айталық, еркін ұйқас. Мүның қазіргі қазақ ақындарының творчестволық іздену нəтижесінде туған түрлері тіпті көп. Олардың бəрін қағидалы қалыпқа салып, өлшеп-пішу тағы қиын.

Менің «Қара өлеңнің құндылықтары мен автордың жеке шығармашылығының ерекшеліктері» атты зерттеу жұмысым 6-жылдық шығармашылық еңбегімді қамтиды. Мен өз шығармаларымда Т. Айбергенов, М. Мақатаев, Абай, М. Шаханов шығармаларынан үлгі алдым жəне болашақта осы аталарымның жеткен жетістіктеріне жетуге ұмтыламын жəне сол үшін аянбай еңбек етемін деп үміттенемін.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.