Қарақұмық

Главная » Рефераттар » Қарақұмық

Қарақұмықтың халық шаруашылығындағы маңызы. Қарақұмық — жеңіл, сіңімді ақуызы мен крахмалы мол бағалы жармалық дақыл. Жарма құрамында 1,6 пайыз май, органикалық қышқылдар мен адам ағзасына пайдалы фосфор, темір, кальций және мыс қосылыстары да болады. Қарақұмық жармасыемдік қасиеті бар құнды тағам. Дән маңызы (клейковина) болмағандықтан, қарақұмықтың ұндық-нандық сапасы төмен. Қарақұмық ұнын шелпек дайындауға ғана аз мөлшерде пайдаланады. Сабанын басқа жемдерге қосып малға азық етеді. Сабанының күлі мен дәнінің қалдықтары — құнды тыңайтқыш. Олардың құрамында 40 пайыздан жоғары К2О, 10 пайыздан көп Р2Ожәне 19 пайызға дейін СаО бар. Қарақұмық — тамаша балды өсімдік. Оның егісінің әр гектарынан аралар 60-100 кг. дейін дәмі мен иісі тамаша бал жинайды. Дәнді дақылдардың ішінде қарақұмық өте қысқа, вегетациялық кезеңімен (60 — 70 күн) ерекшеленеді. Бұл оны күздік және ерте жаздық дақылдардың көктері шықпай қалған танаптарына қайта егуге және де аңыздық аралық дақыл ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Қарақұмық кәдімгі жапырақтары шыққаннан кейін тез өсіп, бұтақтанып арам шөптерді басып тастайды. Сондықтан, ол жаздық дақылдар үшін жақсы алғы дақыл, ал ерте пісетін сорттары екпе сүрі жер дақылы. 

.
.

275px-280_Polygonum_fagopyrum_LҚарақұмықтың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Қарақұмықтың сорттары. Мәдени қарақұмық — қарақұмық тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік. Тамыр жүйесі кіндікті, топыраққа 80 см. дейінгі тереңдікке енеді. Сабағы — бұтақты, іші қуыс, сырты қырлы, биіктігі 70-100 см. және піскенде қызарады. Жапырағы — жүректәрізді үшбұрышты. Гүл жоғыры — қойын шашақгүл, жартылай шатыршагүл. Гүлдері қосжынысты. Олардың түсі ақ, алқызыл, қызыл және құрылысы түрліше болып келеді. Бір гүлдерінде аталықтары қысқа, аналықтарының бағаншалары қысқа. Жемісі — ашық-қоңырдан қараға дейінгі түсті және әртүрлі формалы үшқырлы, қабықты жаңғақша. 1000 дәннің салмағы 18-32 г. Жағдайлар мен сортқа байланысты қабықтылығы 15-30 пайыз.

Қарақұмық қысқа күн өсімдігі. Ол насекомдар және желдің көмегімен айқас тозаңданады. Тозаңдар ұзын аталықты гүлден ұзын бағаншалы гүліне және қысқа аталықты гүлден қысқа бағаншалы аналық гүлге түскен жағдайда ғана өсімдік бірқалыпты ұрықтанады. Керісінше жағдайда тұқым байлау нашар болады. Қарақұмқытың гүлдеуі ұзақ. Ыстық, құрғақ және жауын — шашынды ауа райы тозаңдануға нашар әсер етіп, өнім күрт төмендейді. Қарақұмық жылуды бірінші топ астықтарына қарағанда көп қажет етеді. Оның тұқымы 7 — 8 С өнеді, бірақ біркелкі көктеуі үшін жоғары температура қажет. Қарақұмықтың өніп — өсуіне қолайлы температура 18 — 25 С. Ол сәл ғана үсіктің өзін көтере алмайды. Қарақұмықтың ылғалды қажет етуі өте жоғары, әсіресе гүлдеу мен дән байлау кезеңдерінде. Оның транспирациялық коэффиценті 500 — 600. Тамырының сіңіру қабілеті жақсы болады. Гүлдеу кезіндегі аңызақ көбіне өнімнің толық жойылуына әкеліп соқтырады. Қарақұмық қоректік элементтерді пайдалану өсіп — жетілу кезеңдеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Вегетациясының алғашқы кезеңінде ол азотты өте жақсы пайдаланады, бас алу — жаппай гүлденудің  басы және дән байлау кезеңдерінде — фосфор, ал шашақтану мен гүлдеуде калийді қажет етеді. Қарақұмық топырақтан көпшілік мәдени дақылдар үшін сіңірілмейтін фосфордың қиын еритін қосылыстарын жақсы пайдаланады. Қарақұмық түрлі топырақтарда, тіпті қышқылды, құм және құмдауыт топырақтарда да өседі. Бірақ оған ең қолайлысы қара топырақтар мен боз орман топырақтары болып есептелінеді. Қазақстанда қарақұмықтың мынадай сорттары өсіріледі: Богатырь, Курская 87, Сумчанка, Крупинка, Шортандинская крупнозерная.

.

Қарақұмықтың агротехникасының ерекшеліктері. Ауыспалы егісте қарақұмықты күздік, отмалы және дәндібұрыштардан кейін орналастырады. Жаздық дәнді дақылдардың үлесі көп ауыспалы егістерде оны жаздық бидайдан кейін де орналастыруға болады. Қарақұмық ылғал және жылу сүйгіш дақыл болғандықтан, оның негізгі және тұқымсебер алды өңдейлері екінші топ астықтарыныкіндей, нақтырақ тарының өңдеулері сияқты. Топырақты негізгі өңдеу сүдегір болуы керек. Алғы дақылға байланысты топырақты сыдырту, сонан соң терең жырту, немесе тек қана жырту, әлде терең сыдырту. Ерте көктемде топырқаты тырмалайды, әрі қарай 2-3 рет қпсытуды тырмалаумен бірге жүргізеді. Бірінші қопсыту 8-10 см., ал тұқым себер алды қопсыту 4-6 см. тереңдікке жасалынады. Қатты нығыздалған ауыр топырақтарда бірінші өңдеуді сыдыртқыштармен немесе қайырымсыз соқалармен терең қопсытумен алмасытрады. Ылғал жеткілікті аумақтарды осындай жағдайда топырақты сүдігер жыртудағыдан аз тереңдігге қайта жыртады. Қарақұмықтың қиын еритін фосфориттерден фосфор қышқылын жақсы сіңіретін қасиеті болғандықтан, негізгі тыңайтқыш ретінде фосфорит ұын қолданады. Калий тыңайтқыштарынан күкірт қышқылды калийді пайдаланған жақсы. Азотты гектарына 35-40 кг. мөлшерінде көтемгі қопсытуда береді. Тұқым себерде түйіртпекті суперфосфатты қолданады. Қарақұмықты себуге топырақтың 10 см. тереңдігіндегі температура 12-15 С жетенде кіріседі. Себер алдында тұқымды тазалайды, сорттайды да ең ірілері мен салмақтыларын бөліп алады. Тұқымның өнгіштігі мен өну энергиясын жақсарту үшін жылы ауамен өңдейді, ал себер алдында 80 пайыздық ТМТД-мен дәрілейді. Қарақұмықты себу тәсілі — кәдімгі қатарлы немесе 45-60 см. қатарлықта — кең қатарлы. Кеңқатарлы егістіктің құрғақшылықты жағдайда қатараралықтарды жақсылап өңдегенде бірқатар артықшылығы бар. Қатарлап егуде тұқым себу мөлшері гектарына 80-100 кг., кең қатарлыда 40-60 кг. Барлық жағдайда егіс жиі болмауы керек, себебі қарақұмық қалың егісті басқа дақылдарға қарағанда көтере алмайды. Тұқым себу тереңдігі құрғақшылықты дағдайда және жеңіл топырақтарда 6-7 см., ылғалды топырақта 3-5 см. Қарақұмықты күтіп баптаудың негізгі агротехникалық тәсілі — сепкеннен кейінгі топырақты нығыздау мен тырмалау, кеңқатарлы егісте қатараралықты қопсыту, өсімдікті үстеп қоректендіру және қосымша қолмен тозаңдандыру. Қарақұмықтың гүлдеген өсімдіктерін тозаңдандырудың өнімді көтеруде маңызы зор. Ол ара және басқа насекомдармен, желдің көмегімен тозаңданады. Өсімдік толық тозаңдануы үшін егістікке қарақұмық гүлдеген кезде ара ұясын апару керек. Қарақұмықтың гүлдеу кезеңінің ұзақ болуына байланысты пісуі 25-30 күнге созылады және біркелкі емес. Оның жемістерінің 65-75 пайызы қоңыр түске енгенде бөлектеп ЖВН6А, ЖШН-6, ЖРС-4,9А дестелегіштері бар СК-4 және СК-5 комбайындарымен жинайды: алдымен орады, 3-4 күннен кейін дестелер кепкеннен соң оны бастырады. Қарақұмық тұқымын қапта сақтаған дұрыс.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.