Арабтілдік философия

Home » Рефераттар » Арабтілдік философия
Рефераттар Комментариев нет

Арабтілдік философия деп орта ғасырларда Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Испанияда араб тілі үстем болған философияны айтады. Ислам дінінін пайда болуы бүкіл адамзаттың дүниеге көзқарасын өзгертті. Ислам деген сөздің мағынасы — бір Алланың барлығын, бірлігін танып, ғибадат ету. Исламның негізгі қағидасы-аш-шахада («куә болу»)-»ла илаха илла ллаху уа Мұхаммадун расулу ллахи»-»Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі». Алла тағала төрт пайғамбарға төрт кітап жіберді: Мұса пайғамбарға-Тәурәт (Библия, Тора, Пятикнижие); Дәуіт пайғамбарға — Зәбүр (Псалтирь); Ғайса пайғамбарға — Інжіл (Евангелие); Мұхаммед пайғамбарымызға (салла-л-лаһу-ғалайһи уа салам) — Құран. Қассиетті «Құран кәрім» («Шарапатты Кұран») арабтың «оқу» деген сөзін білдіреді. Құран 114 сүреден тұрады. Сүрелер аяттардан тұрады. Аят-бұл сөз, не сөз тіркесі немесе сөйлем. Аятта 1-ден 68-ге дейін сөз бар. Әр түрлі жолмен есептеуге байланысты Құранда 6204-нен 6236-ға дейін аят бар. Бұл қасиетті кітапта Алла тағаланың 77 934 сөзі жазылған. Арабтілдік философиясының маңызды кағидалары: Қайырымды, мейірімді Алла атымен; Алла жалғыз деп айт; «Ыхлас», 112,1 -аят). Алла мәңгілік; («Ыхлас», 112,2-аят). Туған жоқ һәм туылған жоқ; («Ыхлас», 112,3-аят). Тең келер оған ешкім жоқ («Ыхлас», 112,4-аят). Расында адамзатты әбігер жараттық; («Бәләд», 90,4-аят); Жер — көкте ашық Кітапта болмаған ешбір көмескі нәрсе жоқ («Нәміл», 27,75-аят). Алла қасында бір күн елу мың жыл («Фұссилат»41, 12 аят, «Мағарыж» 70,4-аят). Алла жаратылыста адам баласын соған (Ислам) арнап жаратқан («Рұм», 30,30-аят). Егер Алла қаласа еді, барлығынды бір-ақұммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларында сынамакшы, ендеше жақсылыкқа жарысындар; («Мәида», 5,48-аят). Негізінде дүние тіршілігі бір алданыштың ғана нәрсесі («Хадид», 57,20-аят); Түн мен күндіз және күн мен ай Алланың дәлелдерінен, Күнгеде, айға да табынбаңдар. Оларды жараткан Аллаға сәжде қылындар («Фұссилат», 41,37-аят); Ол тірілтеді, өлтіреді. Сондай-ак Оның алдына қайтарылысыңдар («Юныс», 10,56-аят); Құранды үйретті (55,2); Адамзатты жаратты (55,3); Оған сөйлеуді үйретті (55, 4); Күн мен ай есеппен жүреді (55, 5); Өсімдік, (жүлдыз), ағаш Оған бас иеді (55,6); Ол аспанды биіктетіп, оған тең бір.өлшеу қойды (55,7); Өлшеуде шектен шықпандар («Рахман», 55,8-аят).
Араб философиясы өзінің даму барысында мына кезендерден өтті: VІІ-ІХ ғ.ғ.- араб философиясының қалыптасу кезеңі; ІХ-Х ғ.ғ.-мұсылман Ренессансы кезеңі; ХІ-ХV ғ.ғ.- шығыстың перипатетизм, арабтың грек философиясын толық игеріп, өзіндік даму кезеңі.
Исламдағы негізгі ағымдар: Суннизм (араб.» «сунна» — жол, үлгі, мысал) X ғ. пайда болған, Мұхамед Ғ.С. ең соңғы пайғамбар деп ұғынатындар; Шиизм (араб, «шиа»-топ, партия) VII ғ. пайда болған, Мұхамед Ғ.С. бірге Әлиді де пайғамбар қатарына қосатындар; Суфизм (араб., ат-тасаввуф, «суф» — жүн, шаш; грек., «софия» — даналық) VII-IХ ғ.ғ. пайда болған, исламдағы мистикалык-аскеттік бағыт. Араб философиясындағы негізгі бағыттар: шығыстық перииатетазм; «тазалык ағайындары»; қалам; суфизм; Шығыстық перипзтетизм немесе аристотелизм; Араб философтары Аристотель мұрасын терең зерттеп, оған түсініктемелер берген, ІХ-ХІ ғ.ғ. шығыстық перипатетизм Мұсылман немесе Ислам Ренессансы кезеңімен тұстас келеді. Бұл дәуірде араб әдебиеті, мәдениеті, ғылымы шарықтап дамыды. Арабтар математика, логика, астрономия және т.б. ғылымдардың негізін салды. Әл-Хорезми, Әл-Баттани, Әл-Беруни, Закария-Рази, Омар Хайямның тамаша туындылары дүниеге келді. Шығыс перипатетизмінің көрнекті өкілдері-Әл-Кинди (800-879 жх), Әл-Фараби (870-950), Ибн-Сина (980-1037 ж.ж.), Ибн-Рушд (1126-1198), «Тазалық ағайыңдары»-Х ғ. ғасырда пайда болған құпия ғылыми қоғам. Олардың ілімінің, негізі синкретизм болды, яғни Аристотель ілімінің, медицинада Галеннің ілімі, діни мәселелерде неоплатинизм, неопифагоризмнің синтезі қалыптасты. «Тазалық ағайындары» көзқарастарында діни мүдделерге қарағанда ғылыми, философиялық ілім басым болды. Қалам -мұсылмандық теологиялық философия, яғни мұсылмандық схоластика. Бұл филссофияның құрамында мұтазаліттер, мұғазилиттер, ашариттер, исмаилшылдар, хариджидтер, кадариттер, жәбіриттер, мүрүтжиттер және т.б. болды. Мүтакәлім немесе мұтақаландар-мұсылмандық фатализм мен креационизм философтары, Кұранды жақсы игергендер. Олар жазып отырған адамға Алла тағала төрт жағдайды бірден жасайды дейді: қауырсынды ұстауға құштарлық; ой — қозғауға қабілеттілік; қолдың өзінің козғалысы; кауырсының қозғалысы.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.