Арал теңізі туралы мәлімет

Home » Рефераттар » Арал теңізі туралы мәлімет
Рефераттар Комментариев нет

Арал теңізі жөніндегі алғашқы деректер антик дәуіріндегі әдебиеттерде Плиний мен Клавдий Птолемейдің «Окс көлі» деген атпен қалдырған деректерін, сондай-ақ Византия елшісі Земарх Килийскийдің көлді жағалап 12 күн бойы жүріп өткені туралы мәліметті сараптай келіп, ғалымдар бұл Арал теңізі болар деп жорамалдайды. Арал теңізі туралы ІХ-Х ғасырлардағы араб ғалымдарының Арал теңізі туралы мәліметтерін ғалымдар жоғары бағалайды. Ол негізсіз емес. Солардың ішінде Ибн-Рустеннің Әмудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты деуге тұрады. Араб географы Истахри (961 ж.) Арал теңізін «Хорезм көлі» деп атап, өзінің «Климат кітабына» X ғасырдың 19 ландшафтық картасын кіргізген. Соның 18 және 19-шы карталарында Арал теңізі мен оған құйған өзендерді көрсеткен. XI ғасырда шығыстың ұлы ойшылдарының бірі Әл-Бируни араб географтарының мәліметтерін талдау арқылы Арал теңізін Хорезм деген атпен атап, теңіз бен оның маңайындағы аймақтардың неғұрлым толык сипаттамасын жасаған. Аталмыш кезенде жинақталған мәліметтер шашыранды карапайым түрде болғандықтан оларды ғылыми еңбектер деуге келіңкіремейді. Олардың қай қайсы да теңізді арнайы зерттегендер емес, яғни жолшыбай көргендерін жазған саяхатшылар немесе жол жүрген жолаушылар болғандықтан қалдырған мәліметтерін жалпы дүниелік әдебиетке қатысы бар шағын деректер деп тану орынды. Демек, сол ерте дәуірде Арал теңізі туралы ғылыми тұрғыдан максатты зерттеліп жиналған мәліметтер болмағаны айкын. ХVII-ХІХ ғ. ғ. басталған арнайы зерттеулер. Арал теңізі жөнінде деректі мәліметтердің жиналуын орыс ғылымының тарихымен тікелей байланыстыруға болады. Оған дәлел, Арал теңізі мен оның төңірегі туралы алғашқы мәлімет «Үлкен сызу кітабы» мен Мәскеу мемлекетінің 1627 жылғы картасына толық көлемді кіруі. Онда Арал «Көктеңіз» деген атпен аталыпты. XVII ғасырдың аяғында (1696 ж.) Ресей Үкіметі қазақ жерін отарлау мақсатында оның географиялык картасын жасауды қолға алып, ол жұмысты Тобылдық қызметкер С.У.Ремезовке тапсырды. Ол «Бүкіл Сібір қалалары мен жерінің сызуы» және «Барлық сусыз және өткелі аз тастақ даланың сызуы» деген атпен екі карта жасаған. Арал теңізі соның екеуінен де орын алды. Арал теңізін орыс ғалымдарының зерттеуі I Петр патшаның заманынан бастау алады. Алдияр патшаның тапсыруымен 1715 — 1716 жылдары ұйымдастырылған экспедицияны А. Бекович-Черкасский басқарды. Әйтсе де Арал теңізін түпкілікті мақсат үшін байыпты зерттеулер Ресейдің Қазақстан мен Орта Азияға шығуына құштарлығы күшеюіне байланысты болғаны ақиқат. 1740-1741 жылдар Ресей үкіметі Аралды зерттеуге арнайы экспедиция жіберген болатын. Сол экспедиция жетекшілерінің бірі Иван Муравин арнайы өлшеу арқылы шығыс Арал өңірінің ландшафтық картасын өте дәлдікпен жасады. Оған Арал теңізінің бөлігі, Сырдарияның атырауы мен Хиуа хандықтары кіреді. И.Муравиннің картасында бұрын болып, кейінірек бұзылған қалалар, сондай-ақ бастапқы орнынан жылжыған нсмссс тартылып қалған өзен арналары да көрсетілген.

1381739982_index2-4XIX ғасырдың аяғына таман Арал маңы аркылы Орынбордан Бұхараға өткен орыс зерттеушілерінің бірі Мендияр Бекчурин (Мендіиар Бекшорын) жолай кездескен құмдарды зерттей отырып, оларды «құмды жолдар», «құмды төбелер» деп жана атаулар енгізгені байқалады. Бекчуринның саяхат кезінде жинаған мәліметтері оның «журнал» деп аталатын есебінде анық айтылады. Онда Сырдарияның, Әмударияның, Жаңадарияның Аралға құятыны және олардың жағалауындағы өсімдіктер мен жануарлар туралы кұнды мәліметтер бар. Сонымен бірге осы аймакта жабайы жылқы-тарпандарды, киіктерді көргенін ай-тады. Бұл автордың Арал өңірі туралы мәліметтері шашыранды (эмпирикалык) сипатта болғандықтан толық мәнді ғылыми деңгейге жете қойған жоқ. Әйтсе де осы өңірді ғылыми зерттеуге ыкпалын тигізіп, кең жол ашты. Арал теңізі мен оның бассейнінде ғылыми зерттеуді кешенді сипатта жүргізу XIX ғасырдан басталды деуге болады. Бұл кезенде Ресей Қазақстанның Оңтүстігі мен Орта Азияның жерлерін империяға косып алу мақсатында белсенді саясат жүргізе бастаған еді. Сол себепті, Арал теңізі мен оның бассейнін зерттеуге ерекше мән беріліп, экспедиция жіберу жиілей бастады. XIX ғасырдың 20-шы жылдарында осы өңірді зерттеп, кұнды мәліметтер жинаған Э.А.Эверсман болды. Оның зерттеулері Арал-Каспий ойпатына физика-географиялық, геологиялык, ботаника-зоологиялық тұрғыдан сипаттама береді. Арал теңізінің жағалауы мен Сырдарияның төменгі ағысындағы көл жүйелерін зерттей келіп, ғалым Арал теңізі тартылып бара жатыр деген болжам айтқан еді. 1848—1849 жылдары Арал теңізін жан-жақты зерттеп, ол жөнінде тың мәліметтермен ғылымды байытқан және қоғамның түсінігін кеңейткен жұмысты А.И.Бутаков экспедициясы орындады. Осы экспедицияның кұрамында әйгілі акын, суретші Т.Г.Шевченко да болғаны белгілі. Экспедиция теңіз бен оның жағаларын және «Барсакелмес» аралын алдын ала зерттеу жүргізумен бірге теңіздің тереңдігін өлшеді, ағысын зерттеді. Сол жолы бір топ аралдарды ашып, координаттарын аныктады. Олар «Қайта өрлеу» (Возрождение) және «Комсомол» (кейін аталған) аралдары болатын. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Аралдың гидрологиялық, геологиялык, физика-географиялық, геоботаникалық сипаттамасы жасалып, картографиялық материалдар жинақталды. «Құмсуат» мүйісінде арнайы бақылау жүргізу арқылы теңіз деңгейінің ауытқуы жағалық террастардың қалыптасуына әсері барын дәлелдеді. Экспедиция аяқталған соң 1850 жылы Арал теңізінің гидрографиялык картасы баспадан шыкты (А.И.Бутаков және К.Е.Поспелов). Онан кейінгі кезенде А.И.Бутаков Сырдариянын томенгі ағысы (1855) мен Әмударияның атырауын (1858-1859) зерттеп, Арал бассейніндегі екі ірі өзеннің атырауларына гылыми сипаттама берді. Кейінірек осы экспедицияның мүшесі А.И.Макшеев Сырдарияның төменгі ағысын өзі дербес зерттеп, оның бұл өңірді географиялық аудандарға бөлген жүйесі ғылыми тұрғыдан өте бағалы деуге тұрарлық.

ХIХ ғасырдың 50-шы жылдарында Ресей Ғылым академиясының жасақтауымен Аралға келген экспедицияның кұрамында жұмыс істеген зоолог Н.А.Северцов пен ботаник И.Х.Борщов 1857 — 1858 жылдары Аралдың солтүстік және шығыс жағалауында физика-географиялық байқаулар жүргізді және теңіздің шегіпуінен оның түбінің жалаңаштану сипатына назар аударды. 1873 жылы Ресей өзіне Хиуа хандығын косып алған соң Арал өцірін зерттеу бұрынғыдан гөрі кеңейтілген бағдарлама бойын-ша жүргізілді. Соның айғағы ретінде 1874 жылы осы өнірде Петербургтың табиғат зерттеушіл ер қоғам ы ұйымдастырған Арал-Каспий және Орыс географиялық қоғамы жіберген Әмудария экспедициялары жұмыс істегенін айтуға болады. Арал-Каспий экспедициясының мүшелері зоолог В.Д.Аленицын және геолог Н.П.Барбот де Марни Арал теңізінің батыс және солтүстік жағалауларында, ал Әмудария экспедициясы теңіздін оңтүстік және оңтүстік-шығыс жаға.чарында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соңғы экспедицияның мүшелері Арал бассейнінің физикалық географиясына катысты зоогеографиялық және геоботаникалык бақылауларды қоса орындаған болатын. Олар жинаған материалдарда Аралдың шығыс жағасының пішіні теңіз денгейі төмен түсуіне байланысты өзгеріп бара жатқаны жөнінде мәлімет бар. Сонымен бірге оңтүстік Арал мен Каспийдың фаунасын салыстыра отырып, Арал бір кездері Каспийден бөлініп шықты деген тұжырым жасайды. 1874 жылы геодезист А.А.Тилло бастаған Орынбор отряды Арал мен Каспий теңіздерінің арасында нивелир жұмыстарын жүргізіп, Арал теңізінің деңгейі Каспий теңізінің деңгейінен 73 метр жоғары екенін көрсетті. Сол жолы А. А. Тилло Арал теңізінің деңгейін дәл анықтап, теңіздің солтүстік-батыс жағасына репер орнатқан болатын. Ол өлшемдік белгі кейін теңіз деңгейінің ауытқу белгілерін бақылап тұруға негіз болды. 1879 жылы осы аймақта геологиялық зерттеу жүргізген А.Я.Гедройц өзендердің ағысы өзгеруіне антропогендік қызметтің әсері күштірек болатынын атап көрсетті. Сонымен XIX ғасырда жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жаңа географиялық карталар дайындалды, теніз бен Сырдария өзенінің гидрографиясы анықталып, Арал бассейнін физика-географиялык және геоботаникалык аудандастырудың алғашқы бастамасы жасалды.

aral_sea_12XX ғасырдың басында капитализмнің қарқынды даму жолына түскен Ресей шикізат қоры мол аймақтарға иелік етуге мүдделі болды. Осыған орай, табиғи қоры бай ірі географиялык нысан ретінде Арал теңізін зерттеуді қайтадан жандандырды. 1897 жылы орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімі құрылып, Арал теңізін зерттейтін экспедицияны баскару жас ғалым Л.С.Бергке тапсырылды. 1900—1903 жылдары Арал экспедициясы теңіздің география-гидрологиялыкжағдайын зерттеумен бірге Сырдарияның төменгі ағысында метеостансалар ұйымдастырды, теңіз жағалауында геологиялық, геоморфологиялық байқаулар мен ихтиологиялық зерттеулерді кешенді жүргізді. Жиналған мәліметтердің негізінде Л.С.Бергтың «Арал теңізі» (1908) атты ғылыми тұрғыдан өте құңды монографиясы жарық көрді. Автор бұл монографиясында табиғатта өте сирек кездесетін осы су айдынының физика-географиялык толық сипаттамасын берді. Онда теңіздің көлемі, тереңдігі, ағындары мен деңгейі, суының температурасы, түсі мен мөлдірлігі, тұздылығы мен метеорологиялық режимі туралы тын деректер бар. Л.С.Бергтың мәліметіне қарағанда, Арал теңізінің суында тұз онша көп емес, бет жағында небары 1,03%. Теңіз жағасының бітімін зерттей келіп, оны тегіс (батыс), қалақша тәрізді (солтүстігі) және қойнаулы (шығысы) деп үшке бөледі. Мұндай қойнаулы жаға тек Арал теңізіне ғана тән болса керек. Арал теңізінің гидрологиясы мен деңгейінің ауытқуларын зерттегенде теңіз деңгейінің көтерілу және төмен түсу кезендері алмасып тұратынын аныктады. Палеоклиматтық зерттеулерінің негізінде Л.С.Берг «Арал теңізі тартылып бара жатыр» деген пікірді қолдамады, оның негізсіз екенін атап көрсетті. Қал ай дегенде Арал теңізіне катысты зерттеулердің ішіндегі теңіз жөнінде жан-жақты, мән-мағынасы терең мағұлымат беретін аса кұнды ғылыми еңбек осы екені күмән туғызбайды. Кеңес дәуірінде Арал теңізін зерттеу бұрынғыдан әлде қайда кең көлемде жүргізілді. Кеңес үкіметі орнаған алғашқы жылдардан бастап мұнда көптеген экспедициялар ұйымдастырыл ып, олар гидрография-геоморфологиялық және тарихи археологиялық зерттеулерді кешенді жүргізді. 1920 жылы зерттеу жұмыстарына жетекшілік еткен Д.П.Малинин Арал теңізінің тұңғыш және қыскаша лоциасын (теңіздің тереңдігі) құрастырды.

1929 жылы Аралда ғылыми балық шаруашылык стансасы құрылып, ол гидрологиялық және ихтиологиялык зерттеулермен айналысты (В.Я.Никитинский, А.Л.Бенина, Г.В.Никольский т.б.). 1930—1950 жылдары Арал теңізі мен онын жағалауын зерттеген көптеген ғылыми еңбектер жарык көрді. 50-60-шы жыл-дарда теңізші-гидрографтар А.И.Бутаковтың жасаған картасы егізінде бүкіл Арал теңізі картасының толық нұсқасын қайта жасады. Осы кезенде Арал теңізі мен оның бассейніне қатысты жалпы геоморфологиялык, палеогеографиялык, бедердің қалыптасу тарихы, Арал ойпаты мен оның айналасындағы құмдардың пайда болуы, бедердің жағалык формалары жөнінде терен мәнді ғылыми еңбектерді И.П.Герасимов (1937), Б.А.Федорович (1942), О.Юпославская (1949), А.С.Кесь (1955), А.В.Шнитников (1957) калдырды. Арал теңізінің гидрологиялық және гидрохимиялық режимін зерттеумен Мемлекеттік мұхиттану институтының ғылыми қызметкерлері (А.И.Симонов, 1954; Л.К.Блинов, 1956; В.П.Львов, 1959) айналысты. Сол зерттеулердің нәтижесінде Л.К.Блинов «Арал теңізініңгидрохимиясы» (1956) атты монография шығарды. Онда теңіздің режимі, судың химиялық құрамы, тұз балансы, биогендік заттардың режимі туралы көптеген мәселелер қамтылды. Арал маңынын бор, палеоген және неогендік шөгінділеріне терең мәнді сипаттама беретін мәліметті А.Л.Яншиннің «Солтүстік Арал маңының геологиясы» атты монографиясынан көреміз. 60-шы жылдарда Арал теңізінің су балансы мен деңгейінің режимі өзекті мәселеге айналып, бұл жөнінде жүргізілген зерттеулер ғылыми еңбектер топтамасына қосылды. Солардың бірі «Арал теңізі проблемасының бүгіні мен болашағы» атты жұмыс еді (М.К.Байдал және А.Х.Каяткина, 1972). Мұның бәрі Арал теңізін зерттеу толық болғанын, ол жөнінде жалпы тізбекке ілінбей ақтандақ күйінде қалған мәселелер жоқ екенін көрсетеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.