Арал теңізінің климаты

Главная » Рефераттар » Арал теңізінің климаты

Арал теңізі мен онын жағалауынын климаты еуразиялық коңыржай белдіктің құрлық ішіндегі шөл далада атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасады. Мұны Арал тектес климат деп атайды. Арал климатының басты ерекшелігі ретінде континенттігін айтуға болады. Ауа температурасының жылдық тербелісі 78°С-қа дейін жететіні соны айғақтайды. Қысы қысқа, бірақ суык. Қаңтар айында орта температураның мәні — 14°С болса, жазы ыстық, құрғақ, әрі ұзақ. Жазда шілде айының орта температурасы +26,3°С, жауын аз, оның жылдық орташа мөлшері 95 мм. Жаз айларында аспан әрдәйім ашық бұлтсыз және тұман болмайды. Сол себепті теңіз бетінен судың булануы өте күшті жүреді. Жыл бойы ашык теңіз бетінен буланатын судың мөлшері 9,9 сантиметрге жетеді. Бұл өткен ғасырдын 60-шы жылдарында теңіздін айдыны үлкен кезінде алынған өлшем көрсеткіші. Қазір теңіздің ауқымды бөлігі құрғап калуы себепті мұнда ауаның құрғақтығы өте жоғары. Соған орай теңіз бетінен судың булануы әлде қайда көп болуы ыктимал. Арал теңізінің солтүстік және оңтүстік бөліктерінде климат жағдайы бірдей емес. Оңтүстігінде климат режимі жұмсақтау. Жыл бойының көпшілігінде, әсіресе күз бен қыста, Арал теңізі қыс айында Байқал көлінің үстінде Қалыптасатын жоғарғы қысымның ықпалында болады. Сол себепті мұнда Сібірден кұрғак және суык ауаны айдап келетін солтүстік-шығыс желі үстемдік етеді. Кей жылдары солтүстік Аралға солтүстіктегі Кар теңізінен жылжитын арктикалық суық ауа да жетеді. Ондай кезде өте қатты аяз болып, ауаның температурасы -30°С-қа, кейде тіпті -42°С-қа дейін төмендейді. Әйтсе де суық ауа теңіздің ортасына дейін ғана жетеді де теңіздің тек Қазақстандық бөлігі ғана қатады, ал оңтүстік Аралда (Мойынак қаласы) қатты суық өте сирек болады. Жаз айларында Аралда оқта-текте Солтүстік Үндістан аймағынан төмен қысымды (разреженный) континенттік тропикалык ауа келеді. Бұл жағдайда ауаның температурасы +35-40°С-қа дейін көтеріледі. Аралдың климаты континенттік болуының басты себебі осы. Сонымен бірге көктемде және жазда Арал өңіріне Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінен ылғалы аздау теңіз ауасынын массасы жеткенде көбінесе оңтүстік-батыс бағытта жел соғын тұрады. Арал теңізінің өзі де, әсіресе айдыны үлкен кезінде айнала төнірегіне жұмсак ыкпалын тигізіп тұрды. Оны Арал теңізінін бетінде желдің таралу сипатынан анғаруға болады. Жаз айларында теңіз бетінде кысым көтеріліп, теңізден кұрлыкка карай жел жиі соғады. Теңіздің солтустік жартысында жаз айларында желдің бағыты көбінесе оңтүстік-батыстан, ал оңтүстік бөлігінде жел қысы-жазы бірдей солтүстік-шығыстан соғады. Арал теңізінің жағалауындағы климат жағдайы теңіздің ыкпалымен калыптасады. Қыс айларында жағалаудың орта температурасы сәл көтеріледі, ал жазда аздап төмендейді. Орташа көрсеткіш ±2°С. Демек теңіздің солтүстік және онтүстік бөліктерінің арасында температураның айырмашылығы едәуір екені байкалады, яғни, Солтүстік Аралда орта температура +7°С, ал оңтүстік бөлігінде +10°С.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.