Арал теңізінің шаруашылық маңызы

Home » Рефераттар » Арал теңізінің шаруашылық маңызы
Рефераттар Комментариев нет

Табиғи су көздері тапшы Қазақстан жерінде балық беретін, шарушылық маңызы зор ашық су көздерінің ең ірісі — Арал теңізі. Жоғарыда айтылғандай, судың деңгейі тайыз және судағы биогендік заттары онша көп емес десек те Арал теңізінің балық қоры әжептәуір мол болды. Ғылыми тұрғыдан бағалағанда Арал теңізіндегі  су массасының негізін өзендер — Сыр мен Әмудың ағысы кұрайтын болғандықтан Аралды тұщы теңіз деуге лайык болатын. Сонан болса керек, әйтеуір, becireАрал теңізінің балық қоры мол және көпшілігі құнды балыктар болды. 1918 жылы Кеңес Үкіметі Арал теңізінің шаруашылық маңызын жоғары бағалап, оның экономикаға қосатын үлесін тиімді пайдалану мақсатында балық шаруашылығын дамытуға ерекше мән берді. Сол жылы бұрынғы жеке меншіктердегі балық аулайтын мекемелер Тұркістан аймақтық балык шаруашылык басқармасына берілді. 1923 жылы Арал балық инспекциясы ұйымдастырылды (16 желтоксан). 1925 жылы балык өнімдерін өндіретін мемлекеттік Арал балық тресті ұйымдастырылып, сол жылдан бастап Арал теңізінен және теңіз жағалауындағы көлдерден балық аулайтын майда артелдер, серіктестер тағы басқа ұйымдар Арал аудандық Балықұжымшародағының (Рыбколхозсоюз) құрамынабірікті. Арал теңізінде балықөндейтін және онан өнім өндіретін Ауан, Сарбасат, Бөген, Ұзынкайыр, Ұялы, Қазалы зауыттары жұмыс істеді. Арал теңізінде балық аулайтын ұжымшарлардың саны 20 болатын. Олар Ұялы, Көзжетпес, Қасқақұлан, Шевченко, Қарашалаң, Бөген, Қаратүп, Шөмішкөл, Раим, Акшатау, Сталин жолы, Аманөткел, Ленин атындағы, Жаңажол, Қазақстан, Тастүбек, Жамбыл атындағы, Микоян атындағы, Бірлестік. 1950 жылдың аяғында Солтүстік Араддағы балық колхоздары мен зауыттарының санын ықшамдап, екі үлкен -Солтүстік Арал және Қуандария моторлы балық аулау стансалары ұйымдастырылды. 1960 жылы бұрынғы мемлекеттік балық трестінің орнына Арал балық комбинаты кұрылды. 1961 жылдан ірілендіріп ұйымдастырылған мемлекеттік Бөген және Қуандария балық аулау базалары жұмыс істей бастады. 1960 жылы теңіздің Солтүстік және Оңтүстік бөліктерінде ауланған балыктың түрлік құрамы мен массасы бірдей болды (центнер есебімен):
тыран — 500; майбалык-12000; сазан — 130000; қаяз — 4500; торта — 76050; тісті (судак) — 13000; шортан — 4000; ақбалық-8500; жайын -11000; әр түрлі майда балық — 58500; бекіре — 50.

Сол жылы ауланған балықтын жалпы мөлшерінен дайындаған балык өнімдері (центнер): тоңазытылған балык — 23400, катқан балык — 15600, тұздалған балық — 78400, ысталған балық — 27400, кепкен (қақталған) балық — 37600. 1976 жылы бұрынғы Арал балық комбинатының орнына Арал-рыбпром болып өндірістік бірлестік ұйымдастырылды. Арал теңізі табиғи ерекше географиялық нысан ретінде ел экономикасына негізінен балык және азын-аулақ су андарының терісінен түсетін пайданы қосып тұрды. Теңіздің деңгейі жоғары, су массасы мол болып тұрған қолайлы кезенде жыл сайын 45-50 мың тоннадай балык ауланып тұрды. Теңізден түсетін экономикалык пайданың қосалқы көзі су аны — ондатрдың терісінен алынды. Теңіздің шығыс жағындағы тайыз бөлігінде осы су аңы тым-тәуір өсіп-өніп, оны кәсштікаулап тұрды. 50-шы жылдары аңшыларжылына ауланған ондатрдың саны 233,6 мың данаға дейін жетті. Кейінірек экологиялық ахуал киындап, теңіздің суы қайтуы салдарынан ондатр тіршілік ететін жайлы орта тарылған соң оның саны 25 есеге дейін азайды. Сөйтіп, 1968 жылы бір жылда ауланған ондатрдың саны 9,1 мың дана болса, 1972 жылы небары 72 ондатр ұсталды.
Арал теңізінің балықшылары екпінді еңбек етіп, экономиканын дамуына үлкен үлес қосты. Соның айғағы ретінде Қызылорда облысы бойынша Арал ауданының балықшыларынан үш адам — Рысқұлов Бақыт, ӨтеулиевҰштап және Әлімбетов Төлеген Социалистік Еңбек Ері атағын алғанын айтуға болады. Сонымен бірге экономиканың осы саласында ерен еңбегімен көзге түскен 7 (жеті) адам әр кезенде Қазак ҚСР Жоғарғы кеңесінің депутаттары болып сайланды. 1967-1975 жылдары Арал балык комбинаты 6 рет әр түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болды. Айта кететін жай, Арал теңізінде тәуір дамыған су көлігі жұмыс істеді. Қаракалпақ АССР-на жеткізілетін халык шаруашылығы жүктері көбінесе Арал порты арқылы кемемен тасымалданды. Осының бәрі Арал теңізінің әлеуметтік және экономикалық маңызы қандай болтанын көрсетеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.