Аралық ми және оның қызметі

Home » Рефераттар » Аралық ми және оның қызметі
Рефераттар Комментариев нет

Аралық ми ортаңғы мидың алдында, алдыңғы (соңғы) мидың жолақ денелерінің артында орналасып, аталған құрылымдарды бір-бірімен байланыстырып тұрады. Оның құрамына көру төмпегі — таламус, төмпек асты аймақ — гипоталамус және төмпек қосалқысы — эпиталамус енеді.
Көру төмпегі (таламус) — аралық мидың негізгі бөлігі. Ал-дыңғы жағынан ол құйрықты ядромен, ал артқы жағынан төрт төмпешікпен жанасады. Көру төмпегінде сұр заттан түзілген көптеген ядролар (40-қа жуық) шоғырланады. Олар алдыңғы, медиальдық және латеральдық болып бөлінеді.
Көру төмпегі — мидың ең көне бөлігі. Оны мидың негізгі ацпараттъщ орталыгы деп есептейді. Таламус құрамына енетін имек денеге көру жэне есту анализаторларынан бағытталған импульстер келеді. Үлкен ми жарты шарларына бағытталған барлық афференттік импульстер (иістік импульстерден басқа) көру төмпегі арқылы өтеді, осыдан ол афференттік импульстер қақпасы болып есептеледі. Таламус ядроларында жанасу, пропи-ро-, термо-, ауырсыну, дәм сезу рецепторларынан бағытталған им-пульстер тоғысады, сондықтан көру төмпегі зақымданса, рецепция (рецепторлардың тітіркенуін қабылдау) бұзылады. Мұндай жағдайда, бірде қатты ауырсыну түйсігі пайда болып, кейде сезімталдық тіпті, жойылып кетеді. Таламустық ауырсыну сезімі не күшті, не әлсіз болуы мүмкін, бірақ онда айқын, анық сипат болмайды. Ауырсыну түйсігі толастамайды және емге көнбейді. Осымен байланысты таламусты соңғы кезге дейін ауырсыну түйсігінің орталығы деп санап келді. Дегенмен, көп зерттеушілер ауырсыну орталығы үлкен ми жарты шарлары қыртысында орын тепкен, ал таламуста тек аралық қосымша орталық орналасады деп есептейді.

Қызметі жағынан таламус ядролары телімді (арнаулы) және жалпылама болып екі топқа болінеді. Телімді ядролардан тара-ған импульстер ми қыртысының үшінші немесе тортінші қа-батының нақтылы сезімтал (сенсорлық) жэне жалғастырғыш (ассоциативтік) аймақтарына шоғырлана бағытталады. Ал жал-пылама ядролардан тараған импульстер ми қыртысына шашырай жайылады да, оның коп болігін қамтиды (214-сурет).
Таламус ядролары қосушы және жалғастырушы болып та болінеді. Қосушы ядролар импульстерді белгілі бір рецептор-лардан ғана (мысалы, кору, есту рецепторларынан) қабылдайды, ал жалгастырушы ядролар таламустың қосушы ядроларынан тараған импульс- терді қабылдайды.
Таламус тек афферентік импульстерді мидың жоғарғы бөлімдеріне бағыттай-тын күрылым ғана емес, сонымен қатар онда белгілі дэрежеде әртүрлі тітіркеністерді талдау, жинақтау процестері де жүреді. Дегенмен, таламус деңгейіндегі жіктеу қарапайым жэне үстіртін келеді. Мысалы, ми қыртысы сылынып, бірақ таламусы бүзылмаған итте қимыл үйлесімі сақталады, олар жүру қабілетін жоғалтпайды, тіпті жүгіре де алады. Бірақ мүндай ит тек үйреншікті қимылдарды ғана атқарады, жаңа, күрделі қимылдарды игере, үйрене алмайды.

Таламус бұлшық еттің икемділік тонусын реттеуге де қатысады. Миды таламустың алдынан тіліп тастаса, бүлшық ет тонусы күшейіп, еттің икемділігі тым жоғарылап кетеді де, мал еріксіз берілген кейіптен шыға алмай қалады. Демек, мал қалыпты кейпін еттің икемділік қасиетінің арқасына ғана сақтай алады. Эпиталамуста иіс сезу орталығы мен ішкі секрециялық без -эпифиз орналасады. Гипоталамус — мидың үшінші қарыншасының вентральдық қабырғасын қүрайды, көру төмпегінің астыңғы жағында орналасады. Осы себепті оны төмпек асты аймақ деп атайды. Гипоталамус алдыңғы жағында иістік мимен, артқы жағында ортаңғы мимен жанасады. Көлемі жағынан гипоталамус кішкентай ғана қүрылым болғанымен, көптеген ядролардан түрады. Олардың ішінде негізгілері — паравентикулярлъщ, супраоптикалыц ядролар, сүр төмпек, еміздікше дене. Гипоталамус аймағында жалпы алғанда, 32 жұп ядро орналасқан. Солардың арасында сүт қоректі жануарларда сұр төмпек өте жақсы дамыған. Гипоталамус ОЖЖ-ің барлық бө-лімдерімен тығыз байланысқан. Оның эфференттік жолдары көру төмпегімен, гипофизбен, ортаңғы және сопақша мимен жэне аксонда-ры вегетативтік жүйкелердің түйін алды талшықтарын түзетін торшалармен жалғасады. Гипоталамус ядролары афференттік импульстерді көру төмпегі арқылы қабылдайды. Көру төмпегі арқылы гипоталамуске үлкен ми жарты шарлары қыртысының иістік, премоторлық және қозғағыш аймақтарынан тараған импульстер де жетіп отырады. Гипоталамустың ми қыртысының иістік бөлімімен де тікелей байланысы болуы мүмкін. Гипаталамус көру төмпегі мен ми қыртысын вегетативтік жүйке жүйесімен жалғастырушы буын болып табылады. Сол себепті гипоталамус вегетативтік функцияларды реттеуде, симпатикалық және парасимпатикалық реакциялардың атқарылуында маңызды орын алады. Гипоталамус дене температурасын реттеуге қатысады. Сұр төмпекті зақымдағаннан кейін жануарлар организміндегі жылу түзу және жылу бөлу процестері бүзылып, дене температурасы түрақты деңгейде сақталмайды, салқын қанды жануарларға тән құбылыс байқалады. Гипоталамусте белоктың, майдың, көмірсулардың, су мен минералды заттардың алмасуын реттейтін орталықтар орналасады. Мидың бұл құрылымы вегетативтік жүйке жүйесінің, ішкі секреция бездерінің және нейрогуморальдық механизмдердің жоғары деңгейлі үйлесімін қалыптастырады. Супраоптикалық ядроны тітіркендіргенде мал иеді, сүт береді, ал паравентрикулярлық ядроны тітіркендіргенде исінеді. Гипоталамустың артқы ядролары симпатикалық, алдыңғы ядролары парасимпатикалық реакцияларды реттейді деген болжам бар.

Гипоталамус түрлі эмоцияларды, организм мен сыртқы орта арасындағы байланысты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде оның жыныстық жэне агрессивті қорғаныс рефлекстеріне қатысы анық дэлелденген. Гипоталамустың вентромедиальдық ядроларын тітіркендіріп мысықты қатты ызаландыруға болады. Осы ядролар аймағында тояттау орталығы да орналасқан. Бұл орталық зақымданса, мал азықты көп қабылдайды да, денені май басады. Гипоталамустың бүйірлік ядроларында ашығу орталығы орын тебеді. Олар зақымданса, мал азық қабылдамай, ашығады. Осыдан қан құрамындағы глюкоза, амин жэне май қышқылдары, т.б. заттар концентрациясы төмендейді де, нақтылы нейрондардың белсенділігі артып, малдың қорек қабылдауға бағытталған мінез-қылықтық әрекеттері күшейеді. Супраоптикалық ядродан дорсолатеральдық бағытта шөлдеу орталыгы орналасады. Бұл орталықты тітіркендіргенде су көп ішіліп (полидипсия), ал оны зақымдағанда — мал су ішпей қояды (адипсия). Гипоталамустың преоптикалық аймағында организмнің ішкі ортасының осмостық қысымының деңгейін реттеуге қатысатын ерекше нейрондар — осморецепторлар табылған. Олар осмометр принципімен әрекет етеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.