Ареалдар типологиясы

Главная » Рефераттар » Ареалдар типологиясы

Əрбір түр өзіне меншікті ареалда болады жəне табиғатта ауданы жəне орналасуы не пішіні бойынша абсолютті екі бірдей ареалды табу мүмкін емес, мұнда бүкіл территориясында əртүрлі түрлер қоныстаған ұсақ аралдарды есепке алынбайды, себебі ол аралдар картада біркелкі бейнеленеді. Дегенмен, барлық ареалдардың əртүрлілігі қайсыбір түрлер санының шектеулі болуынан деп түсіндіріледі. Ареалдар номенклатурасы үшін координаттардың 3 осін немесе ареалдың 3 құраушысын қолдану маңызды: ендік (оңтүстіктен солтүстікке таралу), бойлық (батыстан шығысқа) жəне биіктік (вертикальді, үстіңгі жағынан төменге қарай) алынады. Ареалдың ендік құраушысы (аймақтық таралуы) негізгі географиялық белгі болып табылады. Ол ең алдымен климатпен, температурамен, əсіресе түрлердің көп таралуына тікелей жəне жанама түрде əсер ететін факторлармен анықталады. Көп таралған түрлердің ареалдар шекарасы ландшафтты аймақ шекаралары бойымен сəйкес келеді, бірақ аймаққа туралану ареал бойында көп ішкі өзгерістерге ұшырайды. Ареалдың биіктікті құраушысы (вертикальді белдеу) айқын дəрежеде ендік құрауышына ұқсас келеді, себебі мұнда да температуралық градиенттер арқылы анықталынады. Тігінен таралудың сипатын альпілік жəне монтанды (таулы) түрлерге қарай айқындауға болады. Монтанды түрлер орташа биіктіктегі тауларды қоныстайды жəне олардың ішінде тау аралықтарын мекендейтін – субальпілік түрлер кездеседі. Сонымен қатар, тау мен жазықты бірдей мекендейтін түрлер бар. Оларға түрлердің арктоальпілік немесе бореомонтанды таралуы мысал болады.  Ареалдың бойлық құраушысы климат сипатын анықтайтын оның мұхиттан қашықта орналасуының дəрежесімен айқындалады. Ареалдар шекарасы континенттік немесе теңіздік, аридті немесе гумидті климатпен тікелей байланысты. Еуразияның гумидтік шегінде, мысалы, келесі шекаралар: батыс жəне шығыс Европа аралық, Орал мен Сібірдің батыс жақтағы жалпақ үстіртінің бойы («Иогансен сызығы»), Байкал маңы жəне Охот теңіз бассейні аралықтары ең маңызды орын алады. Ареал құраушыларының комбинациясы типтердің таралуын сипаттауға мүмкіндік береді жəне ареалдар классификациясын түзеді. Ареалдар класификациясы негізінде оның басты қасиеттерінің бірі – ареал өлшемдері болуы тиіс. Ареалдардың иерархиялық жүйесін құруға болады, онда жергілікті жерден бастап, ірі аймақтар да қамтылады. Себебі өте тар территориямен қоса, бірнеше шаршы километрлерге созылатын кең ареалдар кездеседі, олар кейде тұтас материктерді алады жəне жер шарын тұтастай қамтуы мүмкін. Негізінде жер бетіндегі жануарлар ареалдары басқаларына қарағанда өте тар территорияны алады, ал теңіз кең аймақты алады. Түрлер кейде жергілікті ауданды, табиғи географиялық (немесе фауналық) таралуы шектеулі облысты қамтиды. Осындай түрлер сол облысқа арналған эндемитті түрлер немесе эндемиктер деп аталады. Таралуына бөгеттер қойылған түрлер үшін жергілікті ареалдары тарлау болады. Оларға көбіне аралды немесе үңгірлерді, таулы алқаптарды немесе жоталардың жоғарғы аймақтарын мекендейтін түрлер жатады. Осы сияқты қанатсыз жəндік түрлерінің ареалдары да өте тар. Мысалы, Кавказда мекендейтін барылдақтар тек бір-екі жотаны ғана қоныстаған: Carabus polychrous Абхазияның Бзыб жотасында, Komarovi – Сванетию, Cordicollis. Эльбруста ғана кездеседі. Осыған ұқсас Oreomela тектес жапырақ жейтін қанатсыз қоңыздар ареалы Тянь-Шань жəне ПамирАлтайдың таулары болып табылады. Сол сияқты, О.medvedevi тектес түрлер Памирдің Шугнан жотасында, О.Transalaica – Заалай жотасында, О.Bergi – Түркістан жотасының альпілік аймағында Аспара өзенінің бастауында ғана тіршілік етеді. Қанатсыз қоңыздың эндемитті 50-ден аса түрлерінің таралу ареалдары өте тар. Осы сияқты жер бетіндегі жəне тұщы сулардағы үңгірлерді қоныстайтын троглобионттар ареалдары да аса тар. Сонымен, тар ареалдар тек қана барлық эндемиктерге ғана тəн екен. Жергілікті ареалдар бірте-бірте кеңейіп, субаймақты жəне аймақты ареалдарға айналады. Егер түр аймақтың барлық аудандарына көп таралса, онда оның ареалы трансаймақты деп аталадыКең ареалдар, поли не мультиаймақтар деп аталатын ареалдар өзіне бірнеше (кемінде 2) жəне көбіне əртүрлі материктердегі фауналық облысты қосып алады. Қазір космополитті жəне жершарлық ареалдарды бір-бірінен айыра бөледі. Ол ареалдар теңіз жануарларын сипаттау үшін қажет, мысалы, кашалот (Physeter), дельфин (Grampus griseus), касатка (Orcinus orca) ареалдары космополитті болаып келеді. Жер бетіндегі жануарлардың ішінде синантропты жəндіктердің, айтыс-тартыспен сұңқар түрлерінің космополитті ареалдары бар. Ареал өлшемі жəне жүйелі топ рангісі арасында корреляция бар: топ рангісі жоғары болған сайын, ол түрдің мекендейтін ауданы үлкен болады. Демек, тектік ареалдар түрлік ареалдан, сол сияқты тұқымдастар ареалы тектік ареалдан жəне т.с.с. өлшемі жағынан артық болады. Жершарлық ареалдарда негізінен класстық түрлер таралған, қоныстануға (вагильдік) қабілеттілігі, филогенетикалық жас шамасы жəне түрдің түрленуінің жылдамдығы жатады. Осы белгілердің жиынтығы түрлер немесе олардың тобы ареалының өлшемін анықтайды. Ареалдардың пішіні, яғни олардың кескіндік бейнесі өлшемдеріне қарай түрліше болады. Ареалдар өлшемдерін жəне пішінін анықтаушы факторлар бір болып келеді. Көптеген ареалдардың кескіндері ландшафттар немесе жалпы физикалық-георгафиялық аралықтарға сай болып келеді. Солтүстік жарты шардың қоңыржай облыстарындағы, сонымен қатар жоғарғы ендіктердегі бірқатар түрлердің ареалдары батыстан шығысқа, оған қарағанда азырақ солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған, яғни түрлердің бірқатары аймақтық сипат алады. Ол батыстан шығысқа қарағанда климаттық жағдайлардың солтүстіктен оңтүстікке қарай шапшаң өзгерістерінің ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Көбіне бір-бірінен алыс қашықтықта, бірақ бір ендіктегі түрлердің тіршілік ету орталары ұқсас келеді. Ю. Чернов (1975) көрсеткендей, түрлердің ондағы өсімдіктердің зоналық типімен байланысты болғанда аймақ конфигурациясымен ареалдардың дəл келуі байқалады. «Далалықтар» – жоңғар атжалман, көк шегіртке, эверс-манна, дала тарақаны жəне т.т. үшін аймақтық жəне түрлік ареалдары бір-біріне ұқсас. Лапландық жолжелкен Calcarius lapponicus ареалы тундра аймағымен, аяғы түкті байғыз үшін тайга аймағымен сай келеді. Таулы елдерде көптеген түрлердің ареалдары жоталарды бойлай созылады жəне орманды, субальпілік жəне т.б. – вертикаль зонаның біреуінде ғана жинақталады. Себебі, белгілі бір жоталардың бойында жағдайлар, əсіресе климаттық жайлар ұқсас келеді. Ареалдың созылуы экологиялық факторлармен шарттасады, сондықтан таспалық, сызықтық типтегі ареалдар түзіледі. Осындай ареалдар су маңындағы жəне судағы жануарларға, əсіресе литоральді мекендеушілерге тəн. Сол сияқты, осындай ареалдар тұщы су балықтары үшін де сай келеді. Оның ішінде Əмудария жəне Сырдарияда мекендейтін Pseudoscaphirhynchus тектес ортаазиялық бекіре балықтары бар. Өзара жанасатын ареалдар да кездеседі. Олардың кескіндік бейнеленуі басқа түрлер ареалының шекараларымен анықталады. Түрлер арасында экологиялық өзарақатыс, əсіресе азықтық байланыс болғанда ареалдар түйіседі. Осындай байланыстар жануарлар мен оған қонған паразиттер, жырқыш аң мен оның жемтігі, фитофагты жануарлар жəне олардың азықтық өсімдіктері арасында болады, оның ішінде жолбарыстың қабанмен, сусардың ақтиінмен, бұлғынның ала тышқанмен (жыртқыш аң – жемтік), олеандрлық көбелектің олеандрмен, Mylabris elegantissima қоңызының құмды қарағанмен, африкалық пальмалық қыранның майлы пальмамен (тұтынушы – азықтық өсімдік) тікелей байланысы бар. Монофагтар азықты өсімдіктер бар жерде кездеседі. Бірақ, азықтық өсімдіктер ареалдары жануарлардың таралу ареалынан артық, себебі жануарлардың таралуы азықтарға ғана тəуелді емес, сонымен қатар оларға басқа факторларда əсер етеді. Паразиттер мен оның иелері ареалдарының жанасуы сирек кездеседі, өйткені, паразит əрбіреуге көшіп жүреді, сондықтан оның басқа түрге қонуы таралуына кедергі болады. Жоғарыда қарастырылған жергілікті тар эндемитті ареалдар түрінен тұтас материктерді қамтитын ареалдардың барлығы тұтас ареал құрайды. Ареалдардың ішінде бөліктерге бөлінгендері, яғни үзілісті немесе дизъюнктивті ареалдар кездеседі. Олар ареалдың жəне оны мекендейтін түрлері арасындағы байланыс жоқ болғанда ғана бөлек бөліктері қарастырылады. Ареалдардың үзілісті түрде болуының себептері бар. Жалпы алғанда ол тұтас, бірақ оның арал түрінде қабылданған өзіндік кіші бөліктері кездеседі. Осыған ұқсас ареалдар жіктелген (фрагменттелген) деп аталады.

Олар табиғи себептерден, бірақ көбіне адамдардың əрекетінен пайда болады. Мысалы, ормандардың шабылуы табиғи орман түрлерінің жоғалуына əкеледі, олар тек түпкір бөліктерде ғана сақталады. Дизъюнктивті ареалдардың бөліктері бір материкте орналасады, олардың типі əртүрлі болады, бірақ олардың арасында теңіз бұғаздардың немесе мұхит учаскелері түріндегі бөгеттер болмау қажет. Бөліктенген аймақтарда табиғи жағдайлар ерекшеленбейді, сондықтан түрлердің мекендеу орындарының түрліше болуын түсіндіру қиын. Типологиялық материктік дизъюнктивтік ареалдардың орналасу орындары олардың бөліктері жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы, евроазиялық дизъюнктивтік ареалдардың бір бөлігі Европада, келесі бөлігі Азияда орналасқан. Дизъюнктивтік ареал бөліктері негізінен бір ландшафтты аймақпен тікелей байланысты.Оның кең тараған мысалына, амфиевро-азиаттық Bombina ру амфибиялардың ареалдары, горчак жəне шырмауықты балықтардың ареалдарды, көкшіл сауысқандар – құстардың жəне т.б. ареалдар жатады. Европаның жалпақжапырақты ормандарында В. Bombina жəне В. Variegata кездеседі, Приморье теңізі маңында олардың орнын В. Orientalis, ал Қытайда – В. Maxima (түрлік деңгейдегі викариата) басады. Горчак жəне көкшіл сауысқан түрлерінің тармақтары ареал бөліктерінде кездеседі: Европада кəдімгі горчак (Rhodeus sericeus sericeus) өмір сүреді, амурлық горчак (R. amurensis) Амур өзені бассейнінде, Испаниядағы Cyanopica cyana cooki көкшіл сауысқанның Приморье теңізі маңында Cyanus түрі барДизъюнктивтік ареалдар арктоальпілік жəне бореомонтанды түрлерге бөлінеді. Бірінші арктоальпілік ареалдың негізгі бөлігі (зонасы) тундрада болады, басқа бөліктері Европа тауларының альпілік белдеуінде орналасқанДизъюнктивтік типтегі ареалдар тау жыраларымен бөлінеді, олардың бөліктері біршама алыс қашықтықтағы жоғарғы белдеуде немесе төменгі кең алқаптарда кездеседі. Мысалы, тау киіктері – биік таудағы тұяқты хайуан – əрбір сілемдерде олардың бөлектенген ареалы болады. Оның Альпідегі, Балкандағы, Кіші Азиядағы Тавр тауындағы жəне Кавказдағы популяциясының арасында байланыс жоқБіртекті түрлер ареалдарының осыған ұқсас тау жыраларымен бөлінуінен, мысалы, Сарга таутекесі оңтүстік Европа, Кіші жəне Орта Азия, Гималай, Оңтүстік Сібір тауларында қоныстанған. Биік таудағы жəндіктердің, мысалы, жапырақ жейтін Oreomela қоңыздарының 50-ден аса түрі бар, оның 28 түрі Тянь-Шаньда, 11 түрі Жоңғар жəне Синьцзян тауында, 9 түрі Тибетте жəне Цинхайда (КХР) кезедеседі. Əрбір жотаның өзіндік түрлері бар, ал тау аралықтарындағы алқаптар мен шатқалдар олардың таралуына бөгет болады. Ареалдардың материктік бөліну себептері əртүрлі. Көбіне ареалдардың үзілуі материктердің фрагменттелуімен түсіндіріледі, олар климаттық өзгерістер əсерімен, бейімді түрлердің бəсекелестігімен, геоморфологиялық қайтақұрулармен немесе адам əрекетімен (ормандардың шабылуы, мелиорациялау, тың жерді игерумен жəне т.т.) түсіндіріледі. Осы жағдайлар палеонтологиялық қазбалар көрсеткендей, кейбір түрлердің жойылуына немесе жаңа жағдайларға бейімделген түрлердің басқа түрлерді ығыстыруына əкеледі. Солтүстік жарты шарда ареалдардың дизъюнкциялық қатары плейстоцен оқиғаларымен байланысты, сондықтан ол мұз дəуірі деп аталады. Солтүстік жарты шардағы тұтас аймақтық ареалдар мұз басумен үзілген. Ол дəуірде жамылғының тоң басуы бірден болмады, алдымен климат суыды, сондықтан кейбір популяциялар жойылды, ал сақталып қалғандары қолайлы аудандарға таралып, оны мекендей алмады жəне бұрынғы ареалдарын түзе алмады. Климаттық өзгерістер тау тасасында қалған, үңгірлерді паналаған жылусүйгіш түрлеріне əсер етпеді, сондықтан оңтүстіктік батыстағы Европада жəне Қиыр Шығыстың оңтүстігінде (қазіргі заманға дейін) ежелгі түрлер сақталған. Ал жазық Сібірдің климаты күрт өзгерді, ол арқылы жануарлардың таралуы мүмкін болмады. Мұз дəуірі ареалдардың арктоальпілік жəне бореомонтанды типке бөлінуіне əкелді. Жердің төрттен бірін мұз басқанда, солтүстік Европа климаты суық болды жəне ол арктикалық (тундралық), сонымен қатар бореальді (тайгалық) фауна ретінде сипат алып, оңтүстікке кең тарады. Палеонтологиялық қазбалар ақ қоян, ақ түлкі мен сілеусіннің Қырымда тіршілік еткенін дəлелдейді. Оңтүстік таулардың альпілік аймағындағы осы мұздықтардан қарлы алқаптар жергілікті жазықтарға дейін түскен. Жаппай жəне материктік мұздардың еруінен кейін суықсүйгіш жануарлар түрлері солтүстіктің қарлы аймақтарына қоныс аударды. Кейбір түрлер мұзбен бірге шегініп, таулардың климаты суық жоғарғы белдеулерінде қалып қалған. Орталық жəне Оңтүстік Еуропа таулары арасында бір жағынан тайгамен немесе тундрамен шектелген ареалдардың бөлшектенуі пайда болды. Бүгінгі ареалдардың солтүстік бөлігі (уақыт бойынша) жануарлардың белсенді түрде тарала қоныстануы нəтижесінде жаңа ареал, ал оңтүстік (таулы) бөлігі – реликт ретінде қаралады. Осылайша, ақ қоян жəне Альпідегі тундралық құр мұз дəуірінің реликтілері болып саналады. Күрделі геоморфологиялық процестер нəтижесінде жер шарының белгілі бір жерлерінде ареалдардың таулармен бөлінуі пайда болды. Дизъюнктивтік ареалдардың ерекше типі бөліктері аралығында теңіз кеңістіктері бар ареалдарды құрайды. Осындай ареалдардың мұхиттық дизъюнкциясы таксондардың арғытектері – тек, тұқымдастық, топтары үшін тəн. Солтүстік жарты шардың шетінде осы типтегі ареалдар циркумполизональді, циркумполярлы, циркумбореальды жəне циркумтемператты (қоңыржай біркелкі аймақта орналасқан), сонымен қатар амфиатлантикалық ареалдарға бөлінген. Соңғы амфиатлантикалық ареал Евразия жəне Солтүстік Американың материктерінде сəйкес зоналарында орналасады, ал циркумполизональді жəне панголарктикалық ареалдар материктің барлық зоналарын қамтиды. Европалық-солтүстік америкалық жəне азиялық-америкалық үзілістерінің түрі қарапайым келеді. Осы жағдайда ареалдардар мен таксондардың жер бетіндегі жəне тұщы судағы туыс түрлері су бөгеттері – Атлантикалық мұхит, Тынық мұхиттың солтүстігіндегі Беринг бұғазы арқылы бөліктенген. Ареалдардың мұхиттық бөлшектенуіне Оңтүстік Американың жəне оңтүстіктік-шығыс Азия тропикасындағы салпыерін тапирлердің, сол сияқты Австралияда жəне оңтүстік Америкада қалталы сүтқоректі жануарлардың, ысқырғыш құрбақалардың таралуы дəлел болады. Мұхитпен ареалдардың бөлінуі биополярлық жəне амфибореальды түрлердің таралуына ықпал етті. Оларға сай жануарлар тобы поляр маңында немесе біркелкі салқын аймақтарда кездеседі жəне тропиктар мен субтропикада жоқ болады.  Мұхитпен кейбір ареалдардың бөліну себептері əлі де анықталған жоқ, əсіресе палеонтологиялық қазбалардың территориялардан табылмауынан жануарлар түрлерінің немесе басқа топтардың болған не болмағанын білу қиын. Мұхитпен ареалдардың бөлінуінің бірнеше теориялар (реликтердің ығысуы теориясы, құрлықты көпір теориясы). Өзара туыс түрлердің ареалдары қатар орналасады, ал кейде олар бірін-бірімен қабаттасады (ареалдардың беттесуі). Осылайша, ақ қоян жəне солтүстік Европадағы ор қоянның ареалдары үлкен бір аймақта орналасқан. Бір түрлердің ареалы, көбінесе, аз өлшемді, ал басқа түрлердің ареалы анағұрлым үлкен болады. Тіршілік ортасына қойылатын түрлі талаптарға байланысты түрлер ареалдарының беттесуі жиі кездесетін құбылыс. Ол құбылыс симпатрия деп аталады.

Түрлік тармақтарының ареалдарын зерттеуде басқаша жайлар байқалады. Бұл жағдайда ареалдар жиі бір-біріне жанасады, бірақ ешуақытта өзара беттеспейді. Əрбір түр тармақтары белгілі бір ареал облысын қоныстайды (аллопатритті түрлік тармақтар) жəне олар өзара ареалдармен алмасады (викариатталады). Географиялық викариат мысалына колхидті қырғауылдың түрлік тармақтарының Кавказдан Тынық мұхитқа дейін таралуы жатады. Түрлік тармақтар ғана емес, сонымен қатар олардың туыс түрлері де викариатталады. Еуропалық зубр (Bison bonasus) түріне Солтүстік Америкада оның викарлық түрі бизон (Bison bison) сай келетіні жалпыға мəлім. Осы қарастырылған жайлардағы түрлердің жақын тегі ғана емес, сонымен қатар бірдей биотопта болатындығы байқалады. Викариаттың осы типі жүйелі типтер деп аталады. Егер жүйелік орындарына жəне тектік түріне қатысты бірдей биотоптар түрлі елдерде қоныстанған, яғни тіршілігі бірдей болатын конвергентті ұқсастық болса, онда «экологиялық викариат» термині пайдаланады. Экологиялық викариат мысалына еуропалық көртышқанның Африкада сары көртышқанмен (басқа тұқымдастығы), ал Аустралияда қалталы көртышқанмен (басқа класс тармағы) алмасуы жатады.

Ареалдар өлшемі жəне олардың шекаралары тығыз байланыста болады. Егер ареалдар өлшемі өте жиі экологиялық валенттіліктен тəуелді болса, онда ареалдар шекараларын анықтаушы экологиялық факторлардың маңызы зор. Бұл шекаралар нақты тіршілік ортасы факторларымен немесе олардың градиентімен айқындалады. Температура, жарық, қорек, субстрат сипаты да өте маңызды. Сонымен қатар, жердегі жануарлар үшін ауа ылғалдылығы, судағылар үшін судың химизмі, оттек мөлшері жəне т.б. маңызды рөл атқарады.

Климат, ландшафт, биоценоттық түрлер бойынша шекаралар анықталады. Оларды экологиялық шекара деп атауға болады, себебі бірнеше факторлар жиынтығымен анықталады. Көбінесе, ареал ішіндегі жəне оның сыртындағы тіршілік орталарының біртектілігінен əрі қолайлы болуынан түрлердің басқа жерлерге қоныстамауынан шекараның тұрақты болуы байқалады. Осыған ұқсас құбылыстар тарихи себептермен жəне өткен замандарда шекаралардың екі жағында түрлі тіршілік орталары болғандығымен түсіндіріледі. Ареалдардың шығуы ертедегі жайлармен байланысты болса жəне экологиялық жағдайлармен түсіндірілмесе, онда ареал шекаралары тарихи немесе реликті деп аталады.

Биоценоттық шекара қауымдастықтағы əртүрлі түрлердің өзара қатыстарымен анықталады. Бұл қатынастар түрлі сипатта жүреді (симбиоз, комменсализм, бəсекелестік жəне т.с.с). Биологиялық бəсекелестік – екі бəсекелес түрлердің ареалдары шекараларының тұрақты болуы қамтамасыз етеді. Мысалы, өзара туыс екі түрлердің, яғни орман сусары жəне бұлғынның ареалдары Оралда жəне батыстағы Сібірде тұрақты қалыптасқан. Бірақ, шекаралар тұрақтылығы салыстырмалы жəне уақытша құбылыс, себебі қазіргі кезде жануарлар əлемі ареалдарының кеңеюі жəне қысқартуы процесіне адамдардың араласуынан болады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.