Ғарифолла Құрманғалиев өмірбаяны

Home » Рефераттар » Ғарифолла Құрманғалиев өмірбаяны
Рефераттар Комментариев нет

Халқымыздың белгілі өнерпазы, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан өнері мен әдебиетінің Мәскеу қаласындағы екі бірдей онкүндігінің (1936, 1958) қатысушысы, әнші, актер әрі композитор Ғарифолла Құрманғалиев Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында Ақкөл ауылында кедей шаруа жанүясында 1909 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. Зерттеуші М. Қүрмангалиева Бұл мәселеге байланысты әнші 1907 жылы туылған деп те көрсетіп жүр. Ғарифолла жас күнінен ата-анадан ерте айрылып жетімдік көреді. Қазақ халқының салтында бар аға өмірден қайтса оның балаларын аяққа түрғызу інілерінің мойнында болады. Ағалары Ғүбайдолла мен Хамидолланың жанүясында жүріп бала Ғарифолла кішкентай кезінен ширақ, естіген білгенін қағып алып алатын әнге қүмар қүйма қүлақ болып өседі. Ауыл арасындағы той мерекелерде орындаушылықпен аты шығып әнші бала атанады. Он жасынан бастап бас қосқан жерлерде болатын әншілердің жарыстарына қатысып жүреді.
Ғарекеңнің соңғы тікелей шәкірттерінің бірі Ақтөбелік әнші Б.Кәртен ұстазының шығармашылық жолын, бастау көзінен тарата отырып орындаушылық өнердегі үстанған мектебінің түп та-мырын бағамдап Батыстық ән мектебінің жарқын өкілі Мүхит сал салған ән орындаушылық өнерді тікелей үйренген адамы ол -Мұхиттың немересі Шайқы дейді. Ол Ғарифолла Құрманғалиев ән салу үрдісін Мүхиттан емес, оның немересі Шайқыдан тікелей алып қалғандығы жайлы айта келе: «Мен әнді Шайқыдан үйрендім. Мүшел жасқа толар-толмастан қасына ердім. Уай, оның әншілігі сүмдық еді. Торы төбел аты болды. Қайда той-топыр, сонда мінгестіріп әкететін. ат үстінде ән салады сондайда, жазық далада келе жатып. Біраздан соң: «Ал, Ғарифолла, қайтала»,-дей-ді. Бөгелмеймін, басам. Қайыра салып бергенімде жарықтық: «Ой құлдығым, түбі мықты әнші боласың» деп бауырына қысатын. Сонда деймін-ау, Шайқының ең жоғарғы дауысына үнімді үш ты-ныс алып барып теңестіретінмін. «Дидарды» салғанда…айтатыны жоқ» — дейтін ылғи да» [1, 137] деген жолдарды оқимыз.
1934 жылы бүкіл Қазақстанды дүрілдеткен халық шығармашылығының бірінші слеті өтті. Кең байтақ республиканың түкпір түкпірінен өнер жарысына қатысуға келген халық арасынан шыққан тума таланттар сан-алуан түрлі салалардың өнерпаздарының басын алғаш рет бір ортада қосты. Бұл өнерпаздардың шығармашылығымен танысуға, таңдауға ән, күй, би тағы басқа шығармаларды осы өнерпаздар орындауында жазып алуға республикадаға барлық кәсіби мамандар тартылды. Осы жиынның қайнаған ортасында жүрген М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Е.Брусиловский, т.б. ұлт өнерінің болашағын дамыту жолында толымды еңбек етіп көптеген талантты орындаушылардың есімдерін ашты. Өнерпаздарды астанада ұйымдастырылып жатқан әр-алуан өнер үжымдарына қалдыру үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Батыс өңіріндегі елді мекендерде тұратын халық арасында есімі әлде қашан кең танылғанымен Алматыға алғаш келіп слетке қатысқан Ғарекең баға беруші комиссия мен халықтың көзіне ерекше қызуқанды, орындаушылық шеберлігімен, батыстың ерекше көрінген ән-орындаушылық мектебінің өкілі Мұхит Мералыұлының өнерін жалғастырушы ретінде жарқ етіп көзге түседі. Бұл келбетке орындаушының актерлік шеберлігін қосқанда сахнада ән айтып отырған әншінің бүкіл болмысы өзгеріп тыңдармандарын толығымен өзіне баурап алады. Әншінің орындауында «Айнам-көз», «Ісмет», «Боз жорға», «Он алты қыз» т.б. көптеген әндер орындаушының бар әншілік шеберлігін танытқан туындылар бол-ды. Ол әншілік өнермен бірге өз жанынан ән шығарып орындаған әнші-композитор ретінде де халыққа танымал болды. Оның «Ақ Жайық», «Нүржамал», «Аққу», «Жан еркем» әндері кәсібилігі, көркемдік деңгейі, орындаушыларға қояр талабы жоғары, ел ішіне кеңінен танылған әндер. Музыкалық театрдың сол кездегі директоры қызметін атқарған қазақ сахнасының негізін қалаушы әнші-режиссері Қ. Байсейітов әншінің осы кезеңі жайлы: «Ғарифолла келген соң концертіміздің көркі кіре бастады. Ол келгенге дейін батыстың әндерін біле бермейтінбіз. Оның білетін әндері сүмдық көп болып шықты, зерттеушілер талайын жазып та алды. Кезінде ол айтып берген көп әндер «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» операларына пайдаланылды» [2, 96] дейді.
¥лттық опера және балет театрының орындаушылар күрамы өзінің алғашқы қадамынан бастап халық арасынан шыққан талантты орындаушылармен бастаған. Сол дарынды өнерпаздардың еселі еңбегі арқасында үлттық опера өнері ерекше биік сатыға көтерілді. Театрдың іргетасын қалаушыларды бірі Қанабек Байсейітовше айтқанда «халық консерваториясын» бітірген небір жүйрік әнші-бишілер үшін музыкалық театр негізгі өнер ордасы болды. Сол себепті кезінде Әміре Қашаубаев, Елубай Өмірзақов, Иса Байзақов, Манарбек Ержанов сында тамаша дәстүрлі ән орындаушылары драма, опера театрларының бастапқы кезеңдегі ұйымдастыру жұмысына белсенді араласып кешке көрсетілер қойылымға көрермен жинауда өзіндік рөл атқарды. Осы талантты ән-шілер шоғырына аталмыш слеттің жеңімпазы болып танылған Ғ.Құрманғалиевтің қосылуы қазақ сахна өнері үшін маңызы мол үлкен жетістік болды.
Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік опера және балет теа-трында қалыптасқан дәстүр театрдың бағыт-бағдары мен ерекшелігін айқындайды. Көп елдерде кәсіби опера театрын күру үшін алғашында арнайы білімі бар маман әнші, дирижер, режис-сер, симфониялық оркестр, хор қүрамын жасақтап алып барып театрдың түсауын кеседі. Ал біздің опера театрының ерекшелі-гі, театр алғаш күрылған кезде барлық орындаушылар қүрамы халық арасындағы танамал болып аты шыққан өнерпаздардан жинақталуы. Драма театрында актерлік құрамда жүрген ән айта алады деген өнерпаздардың бәрін музыкалық театрға ауыстыру арқылы жүзеге асуы. Бұл кадрлар мәселесі мүлдем шешілмеген кез-де амалдың жоқтығынан барған қадам болатын. Соған қарамастан араға екі жарым жылдай уақыт салып 1936 жылы театр Мәскеу жүртшылығына көрсеткен алғашқы декададағы қойылымдар сапа-сы, орындаушылық шеберлік деңгейі театртанушы мамандар мен жас театрдың ерекше қүбылыс болып келгенін тарихтан мәлім.
Театрға әнші болып қабылданған Ғ.Қүрмангалиевтің дауыс диа-пазонының кеңдігі, үшқырлығы, халық әндерін, соның ішінде кез келген әнші батылы барып орындай бермейтін Мүхит әндерін иін қандырып бере алды. Ал театрда Бұл орындаушылық стиль ерек-шелігінен бөлек қалыпқа түсіп спектакльді жүргізуші дирижердің қол белгісінен шықпауы.
Театрда әнші сол кезде репертуарда жүрген үлттық және клас-сикалық операларда, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегінен» Шегені, «Жалбырдан» Елеместі «Ер Тарғыннан» Жырау мен Сақанды, «Дударайдан» Молланы М.Төлебаевтың «Біржан — Сарасынан» Естайды, А.Жүбанов пен Л.Хамидидің «Абайынан» Нарымбетті, З.Палиашвилидің «Даисиінен» Титоны, П.Чайковскийдің «Евге-ний Онегинінен» Трикені т.б. партияларды орындады.
Иә Бұл операда бірінші пландағы партиялар емес. Характерлі тенор дауысы бар әншілерге берілетін Бұл партиялар негізінен өзіндік орындаушылық шеберлік қырларын көрінуді керек етеді. Әр түрлі характерлер мен мінезді түлғалар өзіне сай сахналық қайталанбас орындауды қажет етеді. Осындай әр алуан мінезді опера кейіпкерлерінің партияларын Ғ.Құрманғалиев өзіндік қы-зуқанды орындаушылық ерекшелігімен, қайталанбастай көрінген қырларымен айшықтап бере алды.
Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегінен» Шеге образын орындау барысында әнші өзінің орындаушылық табиғатының ағым иірім-дерімен бір бағытта жүзіп өз бойындағы әншілік, суырыпсалма-лық, бастысы қазақ халқының дәстүрлі ән орындаушылық үлгісін кәсіби музыкалық театр — опера сахнасына қалдырып кетті. Төлегеннің қосшысы болып Шеге-Ғ.Құрманғалиев өзінің «Тотыдайын таранған, сүңқардайын сыланған…» деп басталатын танымал термесімен сахна төріне шыға келгенде қазақтың сар даласы, асқар тауы мен нулы орманы бар болмыс бітімімен алақанга салғандай етіп көрерменпің көз алдына иіріп алып келе қалатын.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.