Арт-терапия туралы қазақша

Главная » Рефераттар » Арт-терапия туралы қазақша

Арттерапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде  кеңiнен тараған. Арттерапия – ауру адамның психоэмоциональды халiне шығармашылық арқылы  ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi. Алғаш  бұл термин 1938 жылы Адриан Хиллдiң санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандардың көңiл-күйлерiн сипаттау жұмысында қолданылады. Кейiннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия, бимен терапия жүргiзу т.б.) қолданыла бастайды Бiрақ көптеген мамандар мұндай анықтамаларды өте кең әрi нақты емес деп санайды. Отандық психотерапиялық әдебиеттерде кей кездерде “Изотерапия” және “Сурет терапиясы” терминi қолданылады, бiрақ олар ағылшын тiлдi аналогқа келiңкiремейдi және мән мағынасын тарылтады.

Арттерапия мынадай бағыттарды қамтиды: сурет терапиясы, драмтерапия, библиотерапия, музыкатерапия, кинотерапия, куклотерапия, битерапиясы. Фрейдтің алғашқы ойлар мен күйзелістер, бейнелер және белгілер формасында беріледі деген сөзіне сүйеніп Наумберг өнерді психотерапияның бір формасы екендігін айтқандардың бірі болды. Арттерапиялық әдістемелер жеке дара әдістеме ретінде де терапияның көмекші әдістемесі ретінде де қолданылады. Арттерапия клиенттің өзінің шығармашылығы және өнер шығармалары (картина, мүсін, кітап, киноөнері) арқылы жүзеге асырылады. Арттерапияны бірінші кезекте күрделі эмоциональдық күйзеліске ұшырағандарға, қарым-қатынаста қиналатындарға, көп үндемейтіндерге, ұялшақтарға қолданылады.

Картиналар адамдарға үлкен әсер етеді: көңіл-күйін құлазытуы, көтеруі, сезімдерін оятады. Кескіндеме тек қана жардың сәнін келтіріп қана қоймай, оған қарағанда бойын босаңсытуға, күнделікті ағымдық шаруалардан тынығуға мүмкіндік береді. Бейнелеу өнеріндегі күшті әсер ету құралы бұл кескіндемедегі бояу түстері. Ішкі сезіміңді сөзбен ғана емес, қолыңа, бояу, түрлі түсті қарындаш алып сурет салу арқылы білдіруге болады. Егер адам бір нәрсеге ашуланып, қиналса, көңіл-күйі түсіп кетсе, дереу сурет сала бастаса оның бойындағы жағымсыз эмоция кетіп, көңілі бірленеді. Түсті таңдауға байланысты да көптеген нәрсе айтуға болады: қызыл түс ашу ызаны, қара-қайғыны, сұр-мазасыздықты білдіреді. Мамандар жеке түстер ерекше ішкі сезім күйін, мысалы, сары және қызғылт сары сергектік пен көтеріңкі көңіл күй сыйласа, қоңыр түстер соған сәйкес көңіл-күй береді, жасыл түс адамды тыныштандырып, көңіл көтереді, жүйкесі қозғанда тыныштандырады, ұйқысыздықты болдырмайды.

Сонымен адам сурет сала отырып, өзінің ішкі сезімін, көңіл-күйін білдіруге мүмкіндік алады, өзіне жағымсыз жайттарды жеңіл қабылдайды. Арттерапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады. Демек тұлға шығармашылығын дамытуда арттерапиялық әдістемелерді қолдану маңызды.

Кейінгі кездерде бүкіл әлемде адам “жанын” яғни, психикасын зерттейтін ғылымның өркендегені байқалады. Өнердің қай түрі болмасын адамға немқұрайлы әсер етуі мүмкін емес. Соның ішінде музыканың әсері ерекше. Музыка-адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сзімі. Ол өзінің көркемдігі және нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың ақыл-ой, сана сезімінің кеңейіп, жақсы мінез-құлықтардың қалыптасуына әсерін тигізеді. Әл-Фараби: “Музыка адам миының көзбен кқөргенде әсер етпейтін ең бір тереңде жатқан бұрыштағы ми талшықтарын қозғайды”. Тірі организмдердің психикасына музыканың әсер етуі турады фактілердің көбею салдарынан XX ғасырдың соңына жаңа ғылым “музыкалық психология” пайда болды. “Музыкалық психология” жаңа ғылым делінгенімен, оның қайнар көзі ежелден қалыптасады. Ежелгі дәуірде музыканы сұрапыл апатты құбылыс санаған. Элиндер (еж. Греция, халық) флейта мен фрийгилық (нат мин с.м.2) ладтан қорқатын. Музыкаға деген қорқыныш қатты болғандықтан музыканы үкімет өз қарамағына алған.
Ғасырлар бойы ғалымдар музыка үндестігінің маңызын атап келген 20 ғ бүкіл әлемді жаңа ырғақпен өмір сүруіне мәжбүр етті. Сондықтан музыка әлемінде көбінесе жастар, жасөспірімдер тыіңдайтын роу, ауыр рок, металл, поп т.б жаңа бағыттар пайда болды. Бұл бағыттар көпшіліктің (широкой публики) музыкалық талғамын, тұрмыс қалпын және психологиясын анықтай бастады. 70жылдардан бастап музыканың ықпал ету ерекшеліктерін бастапқыда жалпы психология , одан кейін балалар психологиясы, ақыры балалар музыкалық психологиясы зерттеді. Жасөспірімдер психикасына музыканың ықпалын оқып білу үшін, алдымен музыкалық психологияның негізгі ұғымын анықтау қажет.
Музыкалық терапия – ақыл ой-мен эмоциялық әрекетке байланысты ауруларды ғасырлар бойы анықталған емдеудің түрі. Музыканың емдік күші ежелгі түріктерге, египеттіктерге, индустарға, қытайларға, парсы, гректерге мәлім болған. Пифагор көптеген ауруларды өзі шығарған музыкамен емдеген. Пифагорлықтар күннің шығысын, батысын әнмен бастаған. Таңертеңгі ән миды оятып, сергітуге, күні бойғы жұмысқа дайындайды, кешкі ән демалуға, ұйқыға арналады. Мыңдаған жылдар бойы аналар балаларын бесік жырын айтып ұйықтатады. Ұйқысыздық ауруына шалдыққан граф Кастзерлинг (Россядағы посол) өзінің пианисті Иоганн Гольдбергты шақыртып, И.С. Бахтың шығармаларынан ойнатып барып қана тәтті ұйқыға батады екен. И.С. Бахқа риза болғаны соншалық оған граф салмағы өте ауыр алтын бұйым силайды. Музыкада бірлестіктің (біріктірудің) қуатты күші бар. Ұлы скрипкашы И.Менухин: музыка аласапыранды үйлесімділікке айналдырады; ырғақ қалай барлық элементті біртұтастыққа әкеліп жинаса, әуен жеке фразаларды біріктіреді, ал үйлесімділік біріктірілмейтінді біріктіреді.Аласапыран, яғни ешқандай жүйесіз белгілі тәртіппен орналаспаған үйлесімділікке, айғай-шу әуенге, сазға алмастырылған кезде, және біз осы музыка арқылы математикалық тепе-теңдіктердің негізінде қалыптасқан табиғаттың жоғарғы тәртіптегі заңдылықтармен ұштасқан кезде кәдімгі қарапайым музыкалық қайталану өзіне белгілі бір бағыт алады, оның шексіз көбейетін элементтері күш алады, ал кездейсоқ ассоциациялар (құрама, одақ) белгілі бір мақсатқа ие болады. Жаңа заман оқу әдістемесі әр түрлі музыкалық элементтерді қолдануды қарастырады. Мысалы: барокко дәуірінің музыкасы мәліметтерді қабылдау және меңгеру барысында ақыл-ой қабілетін күшейтеді. Осы әдістемемен оқитын студенттер шет тілін бар жоғы екі ақ айда меңгеріп алады, әрі оқу процесінен рахат алады. Шейла Острандер және Менн Игредер «Найлучшее обучение» деген кітабында суггестология , софлогия, аутогеник а тәсілдері туралы жазады. Музыканың сенімнің және ырғақтық тыныстың үндестігі оқытушының дауысындағы әр түрлі интонациялармен қолданылады. Өйткені бұл тәсіл оқушыларды локсациялық жиналу (концентрация) күйіне енгізеді. Осындай тәсіл мидың сол және оң жартышарлардың қосымша жұмыс істеуіне әкеп соқтырады және санаасты сезімдердің арақатынастардың жаңа мүмкіншілігін ашады. Музыка позитивтік сеніммен (сендірумен) қатар жан мен рухтың бірігуіне ықпал етеді. Оқу барысында пайда болатын шаршау мен жағымсыз сезімдерден арылтады, бағыт-бағдарлы іс-әрекеттерді атқаруына ықпал етеді. Зерттеушілердің байқауы бойынша Бах, Вивальди, Темман, Корелли, Гендельдердің баяу пассаждық шығармаларының ырғақтық қасиеттері қан тамырының соғысын баяулатады, адамды босаңсытып, оның сана-сезімін үйлесімділік күйге әкеледі. Осылайша адам шаршаудан арылады. Осы жаңа әдістер оқушыларды еркін тәрбиелеу мен тиімді оқытудың қомақты бөлшегі болып табылады. Олар босаңсыту, жинақыландыру және барынша ықыластарын арттыру (музыкаға деген көңілін арттыру). Осындай музыканың ырғақтық мүмкіншіліктерін пайдалану әдістері тіл үйрену, спортшыларды жаттықтыру, қатты аурудан (остр боль) айықтыру барысында қолданады. Атақты поляк пианисті Артур Рубинштейн жас кезінде өзінің бірінші концерттік турнесіне (айналып сапар шегу) Америкаға аттанады. Бірнеше ұйқысыз түндерден және теңіз ауыруының бірнеше приступынан (дерт қозу) кейін жоғарғы палубаға бой жазып, серуендеп келу үшін Рубинштейн қапырық, тыншу каютадан шығып кетті. Серуен алаңына шығытын есік жабық болып шоықты да ол біраз пианино ойнамақ болып салонға өтті. Ойын барысында ол өзінің тынысының музыкалық ырғаққа үндесіп, кеменің шайқалуынан қозған аурудың бірте-бірте кете бастағанын байқады. Бұл жаңалығана әбден сену үшін ол салоннан шықпастан ойынын жалғастыра берді. Көп кешікпей теңіз шайқалысынан қорлық көрген жолаушылардың барлығы Рубинштейн ойынын есту үшін музыкалық салонға жиналады. Олардың барлығына сезім әуен біркелкі әсер етті. Әуен естіген жолаушылардың холдері жақсара бастады.

Музыкалық психология жас ғылым делінгенмен, оның қайнар көзі ертеде деп жоғарыда айтылды. Сол кездің өзінде ақ музыканың тірі жанның, тіршіліктің сезіміне, көңіл-күйіне әсер ететіндігін білген. Антикалық (көне) аңыздар мен мифтерден музыкалық терапияны қолдану туралы көптеген мысалдар келтіруге болады. Ежелгі грецияда бұл Апполон өнер қорғаушысы (покровитель), жақтаушысы мен оның ұлы Аскеплия емдеуді жақтаушы есімдерімен байланысты. Музыканың адамға әсері негізінде ежелгі гректер ладтарды былайша бөлді. дорийлік – қатал, сұрапыл.

  1. фригийлік – ынтықтыратын, жігерлендіретін.
  2. медийлік – қайғы-мұңға батыру.
  3. эолийлік

Философтар музыкалық шығармалардың медицинаға пайдалылығын зерттеп, классификациялады. Атақты Гиппократ ауруларға музыкатерапия курсын белгілеген. Ибн Сина жақсы ән аурудың қозуын бәсеңсітіп, оның ойын бөліп, тіпті тәтті ұйқыға да батырады дейді. Европалық медицинада музыканың емдік факторына ерекше көңіл бөлінді. 13 ғ ауруханаларда арнайы музыка қолдану арқылы емдеуге жеке бөлмелер бөлген.
20 ғ екінші дүние жүзілік соғыстан кейін осы сала кеңінен дами бастады. Англияда Ж. Альвин Музыкалық терапия мен емдік музыка қоғамын құрады. Венада «музыка және медицина» атты симпозиум өтті. АҚШ музыка мен медицина арсындағы қарым-қатынасты зерттейтін комитет құрды. Музыканы хирургияда, кардиологияда, акушерлікте, стомотологияда, нервтік психикалық ауруларды емдеуде қолданады.
Россияда музыкалық терапияның анықталуы мен дамуы И.Догель, И.Тарханов, В.Мострицкий, Ц. Спиртов сияқты ірі ғалымдардың есімімен байланысты.
Музык.ая жизнь (№4 1991) журналында «Исцеление музыкой» деген Д.Левипаның статьясынан үзінді келтірейік.
Москвадағы № 9 мектеп санаториясындағы психоневрологиялық аурумен ауыратын балаларға музыканы емдік фактор ретінде қолдануға мүмкіндік туды. Мұнда туа қалыптасқан травма, инфекциялық аурулардан, ауыр тұрмыс салдарынан психика жүйесі бұзылған 300-дей оқушы бар. Балаларда ұйқының бұзылуы, үнемі бас ауру, тез шаршау сияқты сиптомдар тән. 0965 жылдан бастап мен олармен музыкалық терапия сеансын жүргізе бастадым. Дәрігерлердің ұсыныстарымен балалардың талғамын ескере отырып, бірдей жасарлықтағы 10-12 адамнан тұратын топ ұйымдастырдым. Сеанс аптасына 2 рет түскі астан кейін дүйсенбі және жұма күндері өтті. Яғни, аптаның басында, балалардың апта бойғы еңбегіне дайындық ретінде ал аптаның соңына олар шаршаған, еңбек ету қабілеті төмендеген кезде, ойы үйіне қайтуға елеңдеп тұруына байланысты өтті. Сабақ 20-30 мин. тұрады. Сеанстың нәтижелі болуы дұрыс таңдалған музыкалық материалға және ретіне байланысты. Бетховен, Бах, Шопен, Григ,Шуберт, Моцарт,Чайковский, Грибоедовтердің шығармалар жинағынан тұратын 11 программа құрылды.
Музыкалық терапия сеансына қатысатын балаларға дәрі-дәрмек мөлшері азайды, тәрбиешілер баланың тәртібінде бір-біріне деген қамқорлық пайда болғанын, шыдамдылық таныта бастағанын байқады. Оның математика, орыс тілі сияқты қиын сабақтарға зейіні артты; сабақты бұрынғыдан жақсырақ меңгеретін болды. Сеанс барысында педагогтың сөзі, даусының күші, интонациясы, сондай ақ музыка маңызды.
Екінші статья «Скажите доктору» «А-а-а» (Журнал «Не может быть» № 3, 1993). Физикадан дыбыс-вибрация екені белгілі. Біз вибрацияны тек құлағымызбен емес, бүкіл денемізбен қабылдаймыз. Әйнекті пышақпен тырнағанда шығатын дыбыс өте жағымсыз. Ғалымдар бұны апатты ескертетін маймылдың дауысына ұқсас екенін дәлелдеген. (вибрация-ішкі ырғақпен үйлеспейді). Ал егер вибрация ішкі ырғақпен үйлесетін болса, ол шынында да адамдарға жағады. Мысалы: ән айтатындардың гландылары тезірек жазылады. Бірақ барлық адамның қолынан ән айту келе бермейді. Еж. Индустар ән айтуды күліп тұрып дауысты дыбыстарды айтумен теңестіреді. «И-и-и» деп ұзақ, біркелкі, бір тыныста, бір биіктікте айтылса ми жақсы жұмыс істейді, бүйрек қызметі жақсарады; «Э-э-э» -ішек құрылысына әсер етеді; «А-а-а» — жұтқыншақ пен көмейге массаж; «О-о-о»- кеуденің орта бөлігін қалыпқа келтіреді; «О-и-о-и-о-и»- жүрекке массаж ретінде, бұл жаттығуларды күні бір рет 3-4 рет қайталаумен жасауға болады.
Музыкалық психология-музыканың адамға әсер етуін зерттейтін өнер психологиясының бір саласы. Музыкалық психология музыкалық қабілеттің, музыка жазу, орындау, қабылдау және музыкаға оқып үйренудің психологиялық механизмінің; музыканы көпшіліктік қатынаста қолданудың (концерт, спектакль, кино); жұмыс өнімділігіндегі музыкалық әсердің, музыканың адамға есемдік әсерінің (муз. терапия); музыканттың кәсіптік шеберлігінің (профессионалдығының) артистік қасиетінің көрерменге әсері ,көрерменмен байланысы, қарым-қатынасы (общение с публикой) жасөспірімдердің қалыптасуындағы эстетикалық ,өнегелік , тәрбиелік маңыздарының , жеке адамның творчествалық потенциалының жоғарлауындағы музыка әсерінің қалыптасуындағы ,дамуындағы ,анықталуындағы мәселелерді зерттейді. Музыкалық әрекеттің (муз. ой деятельности) психологиясы музыкалық психологияның бір бағыты болып саналады. Ол музыканы тыңдай білу, орындай білу және жаза білуді қарастырады. Музыкалық психология білім саласы ретінде 19 ғасырдың ортасынан басталып жеке, өз алдына дербес ғылым болып бөлініп шықты. Бастапқыда ғалымдар дыбыстың жеке қасиеттерін (высоты, тебра, громкости) және есту мүшелерінің күрделі психологиялық құбылыс деп зерттеп бастаған. Зерттеулердің болымды нәтижесі сезім мүшелерінің қызметінің әр түрлі физикалық объект арқылы әсер етуінің объективті (ақиқатты әділ)мәліметті анықтауы болды. Бұл Г. Гельманға естудің (слух.ң) резонансты (ашық,жақсы естілу)және обертонды (жаңа өң беретін қосымша дауыс құбылысы) теориясын дәлелдеуге, Э.Вебер мен Т. Фехнерге- негізгі психофизика заңын тұжырымдауға (мазмұндауға) мүмкіндік берді.Кейінірек музыка психологтарының назары музыкалық естуде болды. (О.Абрахан, Ф. Брентано) одан кейін музыкалық қабілеттер мен музыкалық қабылдау (К. Штулепод, К. Сигиф, Л. Мясещев) зерттеле бастады. Кәсіптік (профессионалды) музыкатану мен психологиялық деңгейде орындалған зерттеулердің жеткіліксіздігі музыкалық психологияның дамуына қиындық туғызады. Ғылым ретінде музыкалық психология қозғалысының бірі болып музыкалық терапия пайда болды. Оның негізін Н.К. Рерих атындағы «за мир через культуру» атты халықаралық ұйымның президенті Поль. Вайнцвайг қалады. П.Вайнцвайг 1943 жылы туған, білімі әлеумет. Психологы. Торонтодағы сойиология университетін бітірген, докторлық дисертациясын (70ж ) қорғағаннан кейін, мәдениет, бизнес және әлеуметтік-саяси ғылымдар саласын белсенді жетілдірді. Бірнеше кандидаттық университетте сабақ беруі президенттің таңдаулы қызметі болды. Поль Вайнцвайг – білім, өзін-өзі тәрбиелеу, семьядағы және жұмыстағы қарым-қатынас, жасы үлкен-кіші арасындағы дағдарысты шешу сияқты сұрақтарға жауап беретін «Вайцвайг ТВ ток-шоу» телевизиялық сериалдардың авторы және комментаторы (түсінік беруші). Біздің іс-әрекетімізде, сезім мен ойымызда әрдайым ішкі ырғақ (внутренный ритм) болады. Организмде вибрацияның (тербеліс) әр түрлі ырғағы болады. Бұл ырғақтар бір-бірімен үйлесімді болса адам бірқалыпты қозғалыста болады. Ал егер, тән мен жан ырғағы синхрондығын жоғалтса, яғни вибрациялардың бірі жай, бірі тез қозғалыста болса координация (үйлестік, келісімділік) бұзылады. Мысалы: мидың белгілі бір ырғақтары жәй болса (адам тез шаршайды, жалқаулығы басым болады.) немесе тез болса (қорқақ, ашулы, ызалы болады) ой күңгірттенеді, творчествоға деген қабілет, жинақылық жоғалады. Белгілі бір музыкалық ырғақтар тыңдаушының өмірсүйгіштігін, шабытын, көңілінің жайбарақаттығын құмарландыра алады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.