Артқы ми және оның қызметі

Главная » Рефераттар » Артқы ми және оның қызметі

Көпір — негізінен өткізгіштік қызмет атқарады. Ол мидың алдыңғы, соңғы бөлімдері мен мишықты бір-бірімен байланыстырады. Көпірдің сүр затында V-VIII жұп ми жүйкелерінің ядролары, торлы құрылым ядролары және көпірдің өзіндік дербес ядролары орналасады. Ақ зат бойлама және көлденең орналасқан талшықтар шоғырынан тұрады. Бойлама талшықтар көпірдің төменгі беткейімен сопақша миға барады да, онда пирамидалар кұрайды. Көпірдің үстіңгі жағында олар өрлеу және төмендеу жолдарын құрады да, қос бағытты байланысты қамтамасыз етеді. Ал көлденең бағытта орналасқан талшықтар мидың сабағына өтеді.

Ми жүйкелері V-VII жүптарының сезімтал талшықтары арқылы тілдің дәм сезу рецепторы, бас терісінің рецепторлары, көз еттері мен терідегі рецепторлар қабылдаған сигналдар өтеді. Бұл жүйкелердің эфференттік талшықтары бассүйек еттерінің қимылдарын қамтамасыз етеді. Демек, көпірдің реф-лекстік қызметі сопақша мидың қорғаныстық және қоректену рефлекстерін толықтырып отырады. Көпірдің торлы құрылымының ядролары ретикуло-жұлындық төмендеу жолын түзуге қатысады. Ал көпірдің өз ядроларының аксондары оны ортаңғы, аралық мимен және мишықпен жалғастыратын қысқа өрлеу жолдарын түзеді. Көпірдің торлы құрылымы мен V-VIІ ми жүйкелері ядроларының қатысуымен тыныс алу, жүрек-тамыр қызметі, ас қорыту органдарының жүмысы реттелінеді.

Мидың — көпір мен сопақша мидың үстіңгі жағында орналаса-ды. Оның көлемді бүйір бөліктерін жарты гиарлар, ал олардың аралығындағы жіңішке бөлігін — мұртша деп атайды. Құртша IV ми қарыншасының күмбезін құрайды. Сүр зат мишықтың беткей бөлігінде қыртыс түзеді де, іш жағында ядролар қүрайды. Олардың ішіндегі ең ірісі — кертпеш ядро. Ақ зат мишықтың іш жағында орналасып, сүр затпен арала-са келе оның қүрылымына сүрек бедері бейнесін береді. Мишық қыртысы сыртқы молекулалық, ортаңғы — түйінді және ішкі — дәнді торшалардан құралады. Ортаңғы қабатта алмұрт пішіндес тежегіш нейрондар — Пуркинье торшалары орналасады. Осы торшалар аксондары мишықтан шығар жолды түзеді.

.
.

Мишық арнаулы жолдар арқылы ми сабағымен байланысады. Алдыңғы жол арқылы ол ортаңғы мимен, ортаңғы жол арқылы ми көпірімен, артқы жол арқылы сопақша мимен, ал көпір арқылы үлкен ми жарты шарлары қыртысымен байланы-сады. Мишықтың рецепторлармен жэне эффекторлармен тікелей байланысы болмайды, бірақ оған өте көп афференттік импульс-тер жетіп отырады. Жүлын-мишық жолдары жэне сопақша ми мен торлы қүрылым арқылы мишыққа тері, бүлшық ет жэне сіңір рецепторларынан импульстер үздіксіз жеткізіледі. Сопақша ми арқылы мишыққа вестибулалық мүшеден, ортаңғы ми арқылы көру жэне есту анализаторларынан импульстер келеді.

Мишыққа жеткен импульстер Пуркинье торшаларына бері-леді. Олар өз кезегінде мишық ядроларына және солар арқылы торлы қүрылым мен Дейтерс ядроларына тежеуші ықпал етеді. Осының нәтижесінде жүлынға төмендеу жолымен өтетін импульстер мишықтың тежеуші ықпалының бақылауында болады. Мишық қүрылысының күрделілігі, байланысының молдығы нәтижесінде дене қимылының үйлесімін, дене кейпі мен тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Оның қатысуымен бұлшық ет тонусы өзгеріп, қимыл эрекет кезінде жеке ет топтарының жиырылу күші реттелініп, орынсыз қимылдар байқалмайды. Мишықтың қызметін анықтау үшін зерттеушілер бұл құрылымды сылып тастау әдісін қолданған. Мұндай операцияларды алғаш рет 1890 жылы Л. Лучиани ит пен маймылға жасаған. Мишық қызметін А. А. Орбели мен оның шәкірттері де жан-жақты зерттеген.

.

Мишықты алып тастағаннан кейін бүлшық ет тонусы бұзылады. Операциядан кейінгі алғашқы сағаттарда бұлшық ет тонусы күрт төмендеп, тіпті жойылып кетеді. Мұндай жағдайды атония деп атайды. Бірақ бірнеше сағаттан кейін, кейде 2-3 тәулік өткен соң ет тонусы күрт жоғарылайды, мойын еттері тартылып, малдың басы кекшиіп, алдыңғы аяқтары сіресе жазылады. Дегенмен, ет тонусы барлық кезде жоғары жағдайда қалмайды, ол бірде әлсіреп, бірде күшейіп отырады. Операциядан 10-12 күн өткен соң бұлшық ет тонусы төмендей бастайды да, қалыпты жағдайға келеді. Мишықты алып тастағаннан кейін қимыл үйлесімділігі, атқарылатын қимыл мен бұлшық еттің жиырылу күшінің арасындағы сәйкестік бұзылады. Бұл құбылыс атаксия деген атпен белгілі. Жүрген кезде аяқтар тым жоғары көтеріліп, жерге қатты соғылады, не шамадан тыс алшақ, не тым жақын, тіпті, айқасып басылады (209-сурет). Жануардың кез келген қимылы икемсіз, ебедейсіз болады да, нақтылығын жоғалтады. Мысалы, ит тамақты жеу қүшін басын бірнеше рет иіп-шалқайтады, тіпті, тербелмелі қимылдар жасайды.

Мишығы алынып тасталған жануарда байқалатын ауытқулардың бірі — астазия. Жануар қимылсыз тыныш тұра алмайды: не екі жағына, не алға-артқа теңселіп тұрады. Оның басы да бірқалыпта тұрмайды: не екі жағына шайқалып, не еңкейіп-шалқайып тұрады. Мишықсыз жануарда қозғағыш жүйке орталықтары қызметіндегі әрекеттес- тіктің бұзылуының салдарынан бұлшық еттердің үйлесімді жиырылу қабілеті жойылады (асинергия). Мишықсыз жануар артық қимылдан тез қажиды, ұзақ жүре алмай, жатаған келеді. Бұл құбылысты астения деп атайды.

Мишық пен үлкен ми жарты шарлары қызметінде тығыз байланыс, ықпалдастық байқалады. Ми қыртысы неғұрлым жақсы дамыса, соғүрлым мишық та жақсы жетіледі. Мишық ми қыртысының күрделі қимыл-әрекеттерді реттеудегі қызметін жеңілдетіп отырады. Ол экстрапирамидалық жүйе арқылы таралатын қозу ағымын тежеп, пирамидалық жүйемен жылдам таралатын импульстерге жол ашады. Мишық организмнің қимыл-әрекетімен қатар, оның вегетативтік қызметіне де эсер етеді. Мишықты тітіркендіргенде көздің қарашығы үлкейіп, артерия қысымы жоғарылайды, тамырдың соғуы жиілейді, қажыған еттің жүмыс қабілеті қалпына келеді, демек симпатикалық эффект байқалады. Мишықты алып тастағаннан соң ас қорыту жолының қимылы баяулап, қарын мен ішек сөлінің бөлінуі әлсірейді, малдың жүні үрпиіп кетеді. Малдың қуат шығыны артады, бұлшық еттің қантты сіңіруі нашарлайды, еттің нәрленуінің бұзылуы салдарынан атрофия (сему) басталады. Баяндалған жайлар мишықта симпатикалық жэне парасимпатикалық жүйкелену орталығы орналасады деген бол-жам жасауға мүмкіндік береді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.