Асқар Тоқмағамбетов өмірбаяны

Home » Рефераттар » Асқар Тоқмағамбетов өмірбаяны
Рефераттар Комментариев нет

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Асқар Тоқмағамбетов 1905 жылы Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында туған. Өзінің шығармашылық қызметімен ол қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосты. Талантты ақын, прозаик, сатирик жетпістен астам кітаптың авторы. 1930-32 жылдары Мәскеу полиграфия институтын бітірді. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, «Ара» журналында қызмет істеді. Алғашқы өлеңдер жинағы «Еңбек жыры» деген атпен 1928 жылы шықты. Ақынның таңдамалы шығармаларының жинақтары (1932, 1933, 1945, 1953, 1957, 1962, 1965, 1975) жарық көрді. Асқар Тоқмағамбетов ақындық жолының алғашқы кезеңінде (1925-30) Отан қорғау, интернационализм тақырыбына шығармалар жазды. Отан соғысы жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достығы, соғыстан кейінгі жылдардағы бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті. Ол өз заманының жалаулы жыршысы болды.
Асқар Тоқмағамбетов қазақ поэзиясында поэма жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан ақын. Оның поэмалары: «Хат», «Бақыт кілті», «Қаскелең», «Өмірге жол», «Батыр Әли», «Ақын тағдыры», «Ажалды жеңген алыптар», «Батырлар дастаны», «Уборщица» т.б. тақырыбы жағынан әралуан.
Ақын лирикасының бір саласы – 1930-40 жылдары жазылған «Біздің Сәуле», «Қош, аман бол!», «Бәтиманың хаты», «Күт мені», «Сүйген жарға» т.б. әнге арналған өлеңдері қалың жұртшылықтың құлағында болып кең тарап кетті.
Асқар Тоқмағамбетов проза жанрында да жемісті еңбек етті. Ыбырай Жақаевтың өміріне арналған «Қыран тұғырдан ұшады», Қазан революциясы қарсаңындағы ауыл өмірін суреттейтін «Ақмоншақ» (О. Бодықовпен бірге) повестерін жазды. Қаратау мен Сыр өңірі қазақтары тұрмысынан жазылған «Әке мен бала» романын кейін қайта толықтырып «Қарбаласта» (1975) деген атпен жариялады. ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы «Жыр күмбезі» атты тарихи роман жазып, оның ішінде Тұрмағамбет Ізтілеуовтің өмірі жайлы құнды деректерден мағлұмат берді.
Ақын шығармашылығының елеулі бір саласы – оның сатирасы. Қазақ кеңес әдебиетінде Асқар Тоқмағамбетов сатиралық поэзияның негізін қалаушы, әрі дамытушылардың бірі болды. Кезінде Мұхтар Әуезов оны «Қырғи тілді Асқар» деп бекер айтпаған. Оның бірнеше сатиралық өлеңдері мен фельетондар жинақтары жарық көрді. Ақын қоғамдағы моральдық нормаларға қайшы келетін нәрселердің бәрін өткір әжуалады.
А. Тоқмағамбетов саяси сатираның, пәрменді памфлеттің негізін қалаушы болды. Сонымен қатар Асқар Тоқмағамбетов «Әзірет Сұлтан», «Семафор ашық», «Екі заң», «Арман азабы» атты драмалық шығармалар жазып, аталмыш пьесалары республикамыздың бірқатар театрларында қойылып, көрермендер көңілінен шықты. Асқар Тоқмағамбетов жазған «Бәріміз де сондай болсақ» сценарийі бойынша режиссер Сұлтан Қожықов кинофильм шығарды. Ол С.Айнидің «Құлдар» романын қазақшаға аударды. Асқар Тоқмағамбетов қазақ поэзиясының ең қадірлі ағаларының бірі болды. Ақын ана мейірімін, аға ерлігін, іні қайсарлығын жырлап өтті. Оның шығармаларында Отанымыздың елеулі кезеңдерінің келбеті, кең тынысы бар. Сондықтан жастарға қалдырған оның мұрасы күні бүгінге дейін мазмұны жағынан құнды болып қала береді. Әдебиетіміздің сыншысы М.Қаратаев ақынды «Комсомол жыршысы» деген сөздері де жастарға ақын көзқарасының ерекше болғанын айқындай түседі. Асқар Тоқмағамбетов 1983 жылы дүниеден өтті. Ақын аты Қызылорда қаласында Мәдениет үйіне, көшесіне берілген. Облыс әкімшілігі шешімімен А. Тоқмағамбетов «Ғасыр адамы» тізіміне енгізілген.

2-дүниежүзілік соғысы жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достастығы, соғыстан кейінгі жылдарда бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті. Тоқтағамбетов казак әдебиетіне елеулі үлес қосқан. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады: кеңшар, ауыл өмірі; елге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған шы-ғармалары; Отан қорғау, ерлік; халықтар достығы тақырыптары. Ақын лирикасының бір саласы — 1930—40 жылдары жазылған «Біздің Сәуле», «Қош аман бол», «Бәтиманың хаты», «Күт мені», «Сүйген жарға», т.б. әнге арналған өлеңдері. Тоқмағамбетов проза жанрында да жемісті еңбек етті. Ы.Жақаев өмірін бейнелейтін «Қыран тұғырдан ұшады», Қазан төңкерісі қарсаңындағы ауыл өмірін суреттейтін «Ақ-моншақ» (О.Бодықовпен бірге) повестерін жазды. Қаратау мен Сыр өңірі қазақтары тұрмысынан жазылған «Әке мен бала» романын кейін кайта толықтырып, «Қарбаласта» (1975) деген атпен жариялады. Тоқтағамбетов — 19 ғасырда өмір сүрген казак ақындары туралы «Жыр күмбезі» (1975) атты тарихи романның авторы. Ақынның алғашқы сатиралық өлеңдер жинағы «Күлкі-сықақ» 1929 жылдары басылды. Тоқтағамбетов «Әзірет Сұлтан», «Семафор ашық», «Екі заң» атты драмалық шығармалар, «Бәріміз де сондай болсақ» киносценарий де жазды. С. Айнидің «Құлдар» романын қазақшаға аударды (1953). 1-дөр. Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.