Асабай Мамытов

Главная » Рефераттар » Асабай Мамытов

Асабай МамытовАсабай Мамытов 1912 жылы 15 карашада Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауылында дүниеге келген. Бес жасында ата-анасынан айырылып, әкесінің бауырларының қолында тәрбиеленеді. 1930 жылы ауыл мектебін бітірген соң Ташкент медресесінде араб тілі мен жазуын үйренеді, кейін Шымкент қаласында есепші курсын тәмамдайды. Бір айта кетерлігі, ол кездері жеті жылдық білімі бар адамдардың саны, әсіресе қазақ жастарының арасында көп болған жоқ, бұл жағдай Асабай Мамытұлына 1931-1934 жылдары өзінің туған ауылы Шардарада есепші, кейін аудандық тұтыну одағы базасының меңгерушісі және аудандык атқару комитеті эскери-есеп үстелінің меңгерушісі болуға мүмкіндік берді.
1934 жылы ол ҚазОАК жанындағы Кеңес құрылысы институтының заң факультетіне түседі, 1937 жылы А. Ма-мытов Ванновка селосына жіберіліп, төрт ай хатшылық қызмет атқарғаннан кейін Забайкальеге эскери қызметке шақырьшады. 1939 жылдан 1943 жылға дейін облыстық сотта, кейін Алматы облыстық сотының төрағасы жэне Қазақстан компартиясы Алматы облыстык комитетінің екінші хатшысы болып қызмет атқарды.
Мемлекет пен партия жұмысында өзін көрсеткен Асабай Мамытов Қазақ КСР-нің прокуроры қызметіне тағайындалады. Елімізде қаһарлы соғыс жылдарьшда сол кездегі басты мәселе-тылдағы зандьшық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісіне қолдан келгенше прокуратура органдарының күшін ұйымдастыра және бағыттай білді. Асабай Мамытұлы ҚазКСР прокуроры қызметіне 1943 жылға дейін екі рет ұсынылған болатын, алайда тым жас болғандықтан, бұл қызметке оның кандидатурасы қабылданбады, 1945-1956 жылдары Асабай Мамытов ҚазКСР Жоғарғы соты Төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Бай тәжірибесі бола және ұлттық кадрлар даярлаудың қажеттілігін біле отыра ол жауапты қызметте жүріп, 1950 жы-лы заң мектептеріне арналған «Кеңес қылмыстық құқығы» оқулығын қазақ тіліне аударып, жарыққа шығарады. Сол жылы Мәскеуде КСРО Әділет министрлігі Бүкілодақтық заң ғылымдары институтының Ғылыми кеңесінде «Ұлттық жэне діни қастандықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауаптылық» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Ол Мәскеуде, Ленинградта, Киевте, Ташкент-те өткен басты тақырыптары одақтық республикалардың қылмыстық кодекстерінің жобалары болған ғылыми кон-ференцияларда баяндамалар жасады. 1956 жылдан Асабай Мамытұлының өмірі С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың заң факультетінде аға оқытушы, доцент, кейін қылмыстық процесс кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етті. 1965 жьшы М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың Ғылыми Кеңесінде докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты.
Заң ғылымдарының докторы, профессор А.М. Мамытов 1965-1993 жылдары қос тілде ҚазКСР Қылмыстық Кодексін дайындау және шығару терминологиялық комиссиясының жұмысына белсене қатысты. Осы жүмыс үшін ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталып, Республиканың Жоғарғы Соты пленумдарының жобаларын, қаулыларын дайындауға қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетіндегі Ғы-лыми Кеңес залына мемлекет қайраткері, әділет генерал-лейтенанты, профессор А. Мамытовтың есімі берілген. Оның есімімен Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауылындағы, Алматы қаласында көшелер аталған. Асабай ағайымыздың тағы бір ерекшелігі қоғамдық саяси қызметке белсене араласатындығында еді. Ол студенттердің ғылыми ұйымын өзі басқарып, қылмыс пен жаза мәселелерін терең зерттеуге мән беретін, әрбір студентке қосымша ғылыми еңбектерді оқып, зерттеу-ге тапсыратын жэне де сол тапсырмаларды кімнің қалай орындағандығына жете мэн беретін, Асабай Мамытұлы кезінде университеттің партия комитетінің бюро мүшесі де болды. Ол үнемі соғыс ардагерлерін, жетім-жесірлердІң балаларын қорғайтын, оларға жатақхана, стипендия беруді бірінші жолға қоятын, казақ мектебін бітіргендерге өз тілінде білім алудың мүмкіндіктерін де көп айтатын Асекең еді. Осы мәселе қозғалганда Асекеңе тіреу болып, оны көп қолдайтын ғалым, заң факультетінің сол кездегі деканының орынбасары Ғаббас Бахтиярұлы Шақаев еді. Асекең ағамыз бен Ғабекең ағамыз қолға алған бастама-ларын жүзеге асырмай қоймайтын. Бізді, қазақ балаларын осы екі ағамыздың достығы, өзара сыйластығы, халқына деген өлшеусіз сүйіспеншілігі ерекше сүйсіндіретін.
Асабай Мамытүлы қазақ тілінде қылмыстық құқықтан оқулық жазған тұңғыш ғалым. Өмірінің кейінгі біраз жылдарын қьшмыстық іс жүргізу кафедрасында өткізген, сонда кафедра меңгерушісі болумен бірге көптеген ғылыми еңбектер жазуға басшылық жасады. Асекеңнің тікелей қамқорлығымен Қалимолла Халықов кейіннен үлкен ғалым болды. Заң ғылымдарының докторлығы ғылыми дәрежесін қорғады, Сондай-ақ Асабай Мамытовтың тікелей басшылығымен қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша оқулық, оқу-әдістемелік құрал, есептер жинактары жарық көрді. Қазірге дейін университетте оқитын студенттер осы еңбектерді кеңінен пайдалануда, Қазақта жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді деген ұлы сөз бар. Сол сияқты Асабай Мамытов кісілігі мол, білімі терең, адамгершілігі зор, әділетті жақсы адам, ғылымда терең із қалдырған ұлы ғалым еді. Сондықтан да Асабай Мамытовтың аты өз ұрпақтары ара-сында мәңгілік сақталады.

Асабай Мамытовтың ғылыми еңбектері

1. Советтік қылмыстық право /перевод/: учебник уголовного права для юршколы. — Алма-Ата: Казгосиздат,
1950.
2. Новое доказательство силы советского строя (Указ 27 марта 1953 г) // Блокнот агитатора. — 1953. — № 8. — Алма-Ата: Отдел агитации и пропаганды ЦК КПК.
3. Борьба с возбуждением национальной вражды и роз-ни по советскому уголовному праву: автореферат. — ВИЮН, Министерство юстиции СССР, 1950.
4. Уголовная ответственность за уничтожение и повреждение имущества по советскому праву // Ученые труды Казахского Государственного Университета им. С.М, Кирова. Серия юридическая. — Вып. 5. — Алма-Ата, 1959.
5. Изменения, происшедшие в законодательстве о пре-ступлениях, ранее именовавшихея пережитками родового быта // Ученые труды Казахского Государственного Университета им. С.М. Кирова. — Т. 49. — Вып. 6. — Алма-Ата, 1960.
6. Ответственность за преступления против личности по Уголовному Кодексу Казахской ССР. ~ Алма-Ата, 1961.
7. Преступления, составляющие пережитки патриар-хально-родового быта. — Алма-Ата: Казгосиздат, 1963.
8. Преступления, составляющие пережитки патриархально-родового быта: автореферат докторской диссертации. — Москва: Изд. МГУ, 1965.
9. Борьба с возбуждением национальной вражды и розни по советскому уголовному праву: рукопись кандидатской диссертации, 1950.
10. Преступления, составляющие пережитки патриархально-родового быта: докторская диссертация: рукопись, 1963.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.