Асанов Нұрмаханбет Асанұлы

Home » Рефераттар » Асанов Нұрмаханбет Асанұлы
Рефераттар Комментариев нет

Асанов Нұрмаханбет2Асанов Нұрмаханбет Асанұлы 22 маусым 1929 жылы Мақтарал ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. Сол жерде мектеп бітіріп, одан соң Ташкент педагогикалық институтының математика факультетін бітіріп, одан кейін Шымкент пединститутының физика-математика факультетін бітірді.

Асанов Нұрмаханбет өз еңбек жолын 16 жасында 1945-1946 оқу жылдары мектеп қабырғасында математика-физика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1960 жылдары Шымкент облысы, Сарыағаш ауданы, к/з Жамбылға қоныс аударып, өз еңбек жолын осы жерде жалғастырды. Өзінің талапшылдығының, іскерлігінің арқасында мектептің оқу ісінің меңгерушісі, содан соң мектеп директор қызметін атқарды. Өзінің іскерлігімен көзге көрініп, әртүрлі дәрежеде марапатталды. Мақтау қағаздарымен және Еңбек ері орденімен, оқу ағарту ісінің үздігі атағымен марапатталды. Өз өмірін білім саласына жұмсап, 45 жыл үздіксіз еңбек етті. Елдің құрметтісі, халықтың қалаулысы болған Асанов Нұрмаханбеттің аты Сарыағаш ауданы, баяғы Жамбыл атындағы колхоздың (қазіргі Қызылжар ауылы) орталық көшелерінің біріне берілді.

Сонымен бірге ол ақылды әке, үлгілі жанұя басшысы болды. Зайыбы Асанова Тұрсын екеуі 2 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсірді. Перзенттерінің барлығы жоғары білімді, өз мамандықтарының шебері. Ұрпақтары әр салада еңбек етіп жүр.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.