Ашок патша

Главная » Рефераттар » Ашок патша

Ашок патша будда дінін қабылдағаннан кейін ескерткіш ретінде тұрғызылған, патшаның халыққа үндеуі ойып жазылған тас бағандар (эдикт) «арийлік» Үнді сәулет өнері жетістігі деп айтылады. Ашоктің эдиктілері патшаның діндарлығын баяндауға жэне осыған байланысты барлық халықтың одан үлгі алуына арналған. Эдиктілер жергілікті тілдерде, диалектілерде құрастырылған. Сондықтан патшалық қүрамына кірген елдер, халықтар, нэсілдер туралы да мэліметтер береді.
Жазулар үлкен техникалық шеберлікпен ойып жазылған, бағандар жоғары дэрежеде өңделген эрі берік. Зерттеушілер осындай сэулет өнері үлгісінің бүрын белгісіз болғанын, оның парсы шеберлері үлгісінде орындалғанын көрсетсе, арнайы эдебиеттерде олар «парсылық» немесе «ахеменидтік» деп аталады. Мысалы, Дарий мен Ксеркс сарайларын безендірген тастар сирек кездесетін шеберлікті айғақтайды. Тастардың ысқылап тазартылып, жылтыратылатыны сонша, олар қара мэрмэрдан жасалған айна тэрізді көрінетін болған.
Тас сэулет өнерінің шеберлері жетістіктерінен соң Ашоктың парсылардан алған, жартастан ойып жасалған құрылыстарын айтуға болады. Солардың ішінде Барабар тауы жартасынан үңгіп жасалған ғибадатхана түрі жағынан төбесі қамыспен жабылған дөңгелек, ағаш қүрылысты жүпыны үйді еске түсіреді. Мұнда парсылардың тасты ысқылап жылтырату эдісі асқан шеберлікпен орындалған. Бөлмелердің жылтыр гранит қабырғалары айнаға, металға үқсас. Патша осы ғибадатхананы будда жэне жайнистермен бақталас адживика тақуаларына берген. Бұл өз халқын төзімділікке шақырған, будда дінін ұстанған Ашоктың енегелі ісі деп дэріптеледі.
Дэстүрлі емес діндерге, негізінен буддизмге қамқорлық көрсету тарихи дэуірдің өзіндік ерекшелігі болды. Ашок үндеулері тек брах-ман абыздарының ғана емес, сонымен бірге, жаңа ілімдердің кез-бе дәріптеушілерін де қүрметтеуге шақырды. Эдиктілер буддизм әсерімен қалыптасқан уағыз да болды. Патша: «Кім өзінің дініне шынайы берілгендіктен, өзгенікін жамандаса, шын мэнінде өз дініне зиянын тигізеді», — деп халықты төзімділікке шақырады. Өзін халықтың әкесі ретінде жариялаған ол барлық діни қауымдастықты қолдауға уәде береді.
Ежелгі Үнді тарихында үлкен орын алған Ашок патша б.д.д. 268 жылы таққа отырып, б.д.д. 232 жылдар шамасында өмірден озды. Ол билік қүрған кезеңде материалдық жэне рухани өмір салаларындағы жетістіктер мен ұлттық сана өсті. Ашоктың атасы Чандрагупта б.д.д. 326 жылдар шамасында Бихарада магадхалық тақты басып алып, елдің солтүстігінде мықты, гүлденген мемле-кет — Маурья эулетінің негізін қалады. «Жауларын ойсырата жеңуші» (Амитрахата) атанған Биндусара кезінде Маурья патшалығындағы Ганга өзені алабындағы үлкен жерге иелік жасайды. Ашок билікке келгенде, империя жерінде мемлекеттік билік нақты қалыптасады. Әртүрлі бағытта дамыған жергілікті салт-дэстүрлер, эдет-ғұрыптар арасында маңызды орын алатын, қоғамдық даму мен мэдени идеяларға бағыт беретін мүмкіндіктер пайда болады. Оның «ел мен халықтың қалай өмір сүргенін қадағаладым» деген сөзі мемлекеттік мэселелерді бақылап, халықпен байланысты нығайтып, мұқтаждығын біліп, мүддесін қорғағанын көрсетеді.
Б.д. д. 302 жыл шамасында Мегасфен Маурья империясының аста-насы Паталипутрада болып, оның билік жүйесі мен сарайлары тура-лы қүнды мэліметтер қалдырған. «Теңіз бен өзен жағалауында орын тепкен Үнді қалаларында, — дейді ол, — үйлер ағаштан тұрғызылады, өйткені тастар мен қам кесектерден тұрғызылған үйлер жаңбыр мен тасыған суға төтеп бере алмайды. Дегенмен, судан алыс, биіктеу төбелерде орналасқан қалаларда құрылыс жұмыстарына қам кесек-тер, саз қолданылады». Оның мэліметі бойынша, Паталипутра Сон жэне Ганга өзендерінің қиылысқан жерінде, ұзындығы 14 км, ені 3 км болатын кеңістікке орналасқан. Қала қорғанында садақшылар оқ ата алатын арнайы орындар, 570 мүнара, 64 қақпа бар. Қорған сыр-тынан қорғаныс ретінде су жіберілетін терең, кең жыра қазылған. Мегасфеннен кейін Эллиан: «Патша сарайындағы барлық нэрсе «адам таңданатындай, басқалар бақ таластыра алмайтындай болды. Бақтарда эдейі қолға үйретілген тауыстар, қырғауылдар сайрандап жүрді. Мүнда тек осы жерден ғана көруге болатын өсімдіктер бар… Саялы шағын ормандар, гүлденген шабындықтар, өнерлі бағбандар… Жасанды су қоймасында керемет үлкен балықтар жүзіп жүр», — деп жазады.
Үнді өңірінде асқақтата түрғызылған ғибадатханалар, ерек-ше көркемдігімен таң қалдыратын патша мазарлары кездеспейді. Сондықтан бүлар жайлы болжам жасау мүмкін емес. Үнді шеберлерінің қолынан шыққан жануарлардың шағын бейнелері, мөр беттеріндегі бедерлерден басқа еш нэрсе сақталмаған. Бүдан керамикалық ыдыстар, еңбек қүралдары, қару-жарақтар басқа жер-ден экелінген деп айтуға негіз жоқ. Жүқа, жүзі нэзік пышақтар мен найзалар, мыс пен қоладан жасалған жалпақ балталардың өзге ел қүралдарымен салыстырғанда маңызды айырмашылығы бар.
Үнді елінің басты қалаларында дамыған қолөнері — негізінен сэндік бүйымдар, мақта-мата, металдан жасалған түрлі бүйымдар елдің ішкі сүраныстарын ғана қанағаттандырып қоймай, сыртқа да (Цейлон, Оңтүстік Шығыс Азия жэне т.б.) шығарылды. Б.д.д. V ғасырда күміс ақшалардың пайда бола бастағаны жайлы мэліметтер бар.
Әлеуметтік топ, варналық бөлініс өкілдерінің қүқықтары, міндеттері ежелгі Үнді елінің «Ману заңдары» жинағында бейнеленеді. Мүнда басты орындағы брахмандар, тайпа көсемдері мен ірі эскербасы (кшатрилер) сияқты түлғалардың элеуметтік қүрылымдағы алатын орындары, соған сай қүрметтелуі туралы жазылған. Мысалы, онда жүз жасаған кшатридің он жастағы брах-ман алдында тағзым етіп, басын июі керектігі көрсетіледі.
Маурья эулеті түсында брахман діні жүйесінің қоғамдық талап-тілектерге жауап бермейтіні айқындала түседі. Ережелері рулық, тайпалық дәуірде қалыптасып, өмірге енген дін бір орталыққа бағынған билік жүйесі кезіндегі талаптарға сай келмейтін.
Қоғамның барлық рухани қүндылығын қолында үстаған брахмандарға брахман діні қүпиялылық қасиетін таңды. Ал брахман еместер кез келген діни доктринаның дэйексіз ұстанушылары ретінде көзге түсті. Санкхья, йога, веданта жүйелерінің өзіндік доктринала-ры, практикалық үсыныс-кеңестері б.д.д. I мыңжылдық ортасында барлық материалдықтан құтылып, бар күш-жігерін рухани «менге» жинақтауға, қогамнан бөлектеніп, жанды азап шегуден қүтқару жол-дарын іздеген берік негіздің пайда болуына экелді. Уақыт талабына сай өмірге келген жаңа ілімдер барган сайын брахман жүйесімен қайшыласып, тайталаса бастайды. Бүлардың ішінде варналық бөліністегі барлық топтардың мүшелері болды. Брахмандық діни доктринаға балама болатын негізді іздеуге үмтылыс жоғары дэрежеде жетілген, кең таралым тапқан буддизмді өмірге экелді.
Билік иелері үшін брахман дінімен салыстырғанда, буддизмнің қолдауға болатындай бірталай ерекшелігі болды. Брахмандар варналық бөліністі қасиетті деп санап, оның негізі мызғымайтынын дэріптесе, Будда діні варналық бөлініске, этникалық ерекшелікке қарай ие болатын артықшылықтарды жоюға қызмет көрсетті.
Брахман діні Маурья эулеті кезінде мемлекет басқару ісіне үлкен кедергі жасады, бір орталыққа бағынған мемлекеттік қүрылымды бір жолға салуға кедергі келтірді. Елді енжарлыққа шақыру билік иелерін толық қанағаттандырды, буддизм Ашок патша түсында та-бысты дамып, кең таралымын тапты.
Металл өндіру. Б.д.д. I мыңжылдық соңы мен біздің дэуіріміздің алғашқы ғасырлары ежелгі Үнді елі экономикасының қарқынды дамыған уақыты болды. Сол тарихи дэуірде балқытылған болат темір өндіруде үлкен табыстарға қол жетіп, көптеген елдерге таны-мал болады. Бүған Чандра (Чандрагупта болар деген болжам жаса-лады) патша аты жазылған, бір жарым мың жыл бойы тот түспеген темір бағана мысал болады. Бүгінгі Үнді елінің астанасындағы алаңдардың бірінде түр. Ол оқымыстыларды тығырыққа тіреп, элі де болса өзінің жасалу жолының күрделілігімен көзге түседі, дэлелді түсіндірмесін күтеді.
Темір бағана 415 жылы II Чандрагупта патшаның қүрметіне түрғызылған. Оның салмағы 6,5 т, биіктігі 7,3 м, түп негізінің диаметрі 41,6 см болса, жоғарғы жағынікі — 29,5 см. Ол таза (99,720%) темірден жасалған, қүрамында өте аз мөлшерде көміртегі, күкірт жэне фосфор қоспасы бар.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.