Ашық экономика ұғымы

Home » Рефераттар » Ашық экономика ұғымы
Рефераттар Комментариев нет

Халықаралық экономика — ашық экономика елдер арасында тауарлар мен қызметтерді сату-сатып алу, қаржылық ағымдар мен өндіріс факторларын ауыстыру аясындағы операцияларды зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлігі. Халықаралық экономика ереже бойынша екі пәндік салаға бөлінеді: таза теория және ақша теориясы. Алғашқысы нақты көлемдерді — сауда құрылымын, сауда шарттарын жэне одан түсетін тиімді, ал екіншісі валюталардың айырбасталу бағамы мен төлем балансын талдаумен байланысты мәселелерді зерттейді. Кейбір авторлар халықаралық экономиканың пәнін ішкі сауданы жэне халықаралық қаржыны зерттеуге бөледі. Бірақ сауда және қаржы салаларының арасында оларды бөліп тұратын анық сызық жоқ. Біз оған осы тарауда көз жеткіземіз. Бірақ, қатаң айтқанда, таза жабық экономика — теориялық абстракция. Шындығында, қазіргі әлем елдерінің басым бөлігі ашық экономикалы елдер болып табылады. Ашық экономиканың не екенін қалай анықтауға болады? Бұл терминнің неғұрлым қысқартылған анықтамасын бере аламыз: ашық экономика болып мемлекет тауарлар, қызметтер, валюталар мен өндіріс факторларының еркін қозғалысына бөгет жасамайтын экономика табылады. Басқаша айтқанда, ашық экономика — бұл барлық азаматтары тауарлар мен капиталдардың халықаралық нарығында шектеусіз операциялар жүргізе алатын мемлекет.

Экономикалық теорияда үлкен және кіші ашық экономиканы ажыратады. Кішіден айырмашылығы, үлкен экономика онда болатын экономикалық конъюнктураның өзгерістері әлемдік саудаға тартылған басқа елдерге эсерін тигізуімен сипатталады. Бұл өзгерістер қандай да бір тауардың әлемдік бағалар деңгейіне, әлемдік пайыздық мөлшерлемеге жэне т.б. әсер етуі мүмкін.

Кіші ашық экономика әлемдік пайыздық мөлшерлемені, әлемдік бағалар деңгейін қабылдайды және оларға әсер етуге қабілетсіз. Бұл жерде үлкен жэне кіші ашық экономика жағдайынан бізге микроэкономика курсынан белгілі «баға іздеуші»-фирма мен «баға қабылдаушы»-фирманың алатын орыны арасындағы ұқсастықты байқауға болады. Нарықтық бағаға белгілі бір үстемдігі бар (монополия, олигополия) «баға іздеуші»-фирмамен салыстырғанда, «баға қабылдаушы»-фирма қалыптасқан нарықтық бағаны берілген ретінде қабылдайды.

Экономиканың ашықтығын қалай өлшеуге болады? Көбіне ол елдердің экспорты мен импорты соммасының (сыртқы сауда айналымының) ШӨ-ге (пайызбен) қатынасымен өлшенеді. Бүл көлем неғүрлым үлкен болса, экономика да соғұрлым ашық болады. Әр түрлі елдер бойынша экономиканың ашықтық көрсеткіші біршама үлкен шекте өзгешеленуі мүмкін — АҚШ-та 18-20%-дан Швейцария-да 70%-ға дейін. Қазақстанда 2009 жылы ШӨ 107,4 млрд дол., ал сыртқы сауда айналымы 72,7 млрд дол. құрады, сөйтіп сыртқы сауда айналымының ЖІӨ-ге қатынасымен анықталатын экономиканың ашықтығы 67,6% — ды құрады. Экономиканың ашықтығын сипаттайтын ұғымдарды қарастырғаннан кейін, енді біз осы тараудың басты сұрағына тақталуымыз керек: елдерді сауда қатынастарына түсуге итермелейтін себептер қандай ? Ол үшін неғұрлым белгілі теориялардың бірі — Д.Рикардоның салыстырмалы басымдылықтар теориясы.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.