«Ашық жүйе» ұғымы

Главная » Рефераттар » «Ашық жүйе» ұғымы

OSI моделі өзінің атауы айтып тұрғанындай ашық жүйелердің өзара байланысын сипаттайды. Ашық жүйе дегеніміз не? Кең мағынада алсақ, кез келген «ашық» спецификацияға сәйкес құрылған жүйе ашық жүйе дел аталуы мүмкін (компьютер, есептеу желісі, ОЖ, программалық пакет, басқа да аппараттық және программалық өнімдер). «Спецификация» деп (есептеу техникасында) аппараттық немесе программалық компоненттердің формальды түрде сипатталуын, олардың басқарылу тәсілдерін басқа компоненттермен өзара әрекеттесуін эксплуатация шарттарын, шектеулер мен басқа да сипаттамаларды түсінеміз. Өз кезегінде ашық спецификациялы деп жарияланған, стандартқа сәйкес келетін және барлық қызығушы жақтармен жан — жақты талқылаудан кейінгі келісімге жету нәтижесінде қабылданған жалпыға бірдей кіру мүмкіндігі бар спецификацияларды деп түсінеміз. Жүйелерді жасауда ашық спецификацияларды пайдалану үшінші жаққа осы жүйелер үшін аппараттық немесе программалық құралдарды кеңейтуді және түрлендіруді, сондай-ақ, әртүрлі өндірушілердің өнімінен программалық — аппараттық кешендер құруға мүмкіндік береді. Шынайы жүйелер үшін толық ашықтық қол жетпейтін идеал болып табылады. Ашық деп аталатын жүйелерде бұл анықтамаға сыртқы интерфейсті сүйемелдейтін кейбір бөліктер ғана сәйкес келеді. Мысалы, Unix операциялық жүйелер тобы үшін ашықтық негізгі ядро мен қосымшалардың арасындағы стандартталған программалық интерфейстің бар болуы болып табылады. Ол Unix бір нұсқасынан қосымшаны басқа нұсқасына оңай тасымалдауға мүмкіндік береді. OSI моделіне ашықтықтың тек бір аспектісі ғана, дәлірек айтсақ, есептеу желісіндегі байланысқан өзара әрекеттесу құрылғыларындағы құралдардың ашықтығы тән. Мұнда ашық жүйе деп форматты, қабылданатын және жіберілетін хабарлардың мазмұны мен мәнін анықтайтын, стандартты ережелерді пайдаланатын басқа желілік құрылғылармен өзара әрекеттесуге дайын желілік қүрылғыларды түсінеміз. Егер екі желі ашықтық принципін сақтай отырып құрылған болса, онда бұл төмендегідей артықшылықтарды береді: Бір стандартқа жататын әртүрлі өндірушілердің аппараттық және программалық құралдарынан желі құру мүмкіндігі; Желінің жеке компоненттерін басқа жетілдірілген компоненттерімен оңай алмастыру мүмкіндігі; Бір желіні басқа желімен оңай түйілістіру мүмкіндігі; Желіні меңгеру мен қызмет көрсетудің жеңілдігі.
Ашық жүйенің айқын мысалы халықаралық интернет желісі. Бұл желі ашық жүйеге қойылатын талаптарға толық сәйкес дамыды. Оның стандарттарын жасауға әр елде жұмыс істейтін ғылыми ұйымдар мен есептеуіш аппаратуралар мен программалық қамтамасыз етуді жасаушы фирмалар өндірушілерден осы желінің мыңдаған маман пайдаланушылары атсалысты. Нәтижесінде интернет желісі барлық әлемге тараған айтарлықтай саны көп желілерді өзіне біріктіреді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.