Қасиетті кітап Авеста

Home » Рефераттар » Қасиетті кітап Авеста
Рефераттар Комментариев нет

Қасиетті кітап Авеста. «Авеста» жинағының ең ежелгі мәтіндері б.д.д. ІІ-І мыңжылдықтар шамасында пайда болса керек. Мәтіннің қай уақытта пайда болғаны туралы нақты айту мүмкін емес, өйткені діни уағыздар ұзақ жылдар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауызша берілген. Осыдан да болар, элемге танымал ұлы ақын Фир-доуси (Х-ХІ ғғ.) өзінің «Шахнамасында» жазу өнерін ібілістің, жын-сайтанның ойлап тапқаны деп атайды.
«Авестаның» б.з. III ғасыры шамасында жазылып алынғаны жайлы болжамдар жасалады. Мұсылман дінін таратушылардың шапқыншылықтары кезінде Заратуштра пайғамбардың іліміне, оның ізін қуушыларға жойылу қаупі төнеді. Қудалауға үлныраудан қашып, Батыс Үндістанға барып тұрақтаған парсы зорастрлерінің тек аз ғана бөлігі өз заңдары мен тілін сақтап қалған. Түсіндірмелерінің қиындығына қарамай, «Авеста» ежелгі ирандықтардың аңыз эңгімелері мен дүниетанымы туралы құнды мэліметтер береді.
XVIII ғасырда Еуропа ғалымдары «Авестаны» зерттеуге үлкен қызығушылық танытты. Француз Анкетиль Дюпперон Үнді елінде өмір сүретін зороастризм дінін үстанушылар арасына келіп, үзақ жыл бойы авеста шығармаларын зерттеумен айналысады. Ол 1762 жылы қолжазбаларды Парижге экеледі.
Дін қызметшісі, салт-дэстүрлерді жетік білген Заратуштраның құдайлар құрметіне энұрандар айтып, құлшына жалбарынып, шабыттана дұға оқығаны, нақыл сөздер шығарғаны көрсетіледі. Отыз жасқа келгенде элемдік ақиқатқа көз жеткізген данышпан өмір эділетсіздіктерін өзінің элемдік үндестікке сай келеді деген түсінігіне орай түзеуге, адамдар арасында қайырымды қатынас, тэртіп орнатуға ынтығады. Оған қасиеттілік көктемгі мейрам кезінде киелі сусынға араластыратын су алу үшін өзен ағысының ортасы-на келгенде дариды. Ағын су тэнін тазартқан, жағаға келе жатқан Заратуштра от сияқты жарқыраған Воху-Манды, яғни «Ізгі ниетті» көреді. Воху-Ман оны қасында оттай жарқыраған бес жан иесі бар Ахура-Мазда құдайға әкеледі. Олардан тараған жарықтың өткірлігі сонша, аңызда Заратуштраның жердегі өз көлеңкесін көрмегені ай-тылады. Осы жерде Ахура-Мазда оған: «Өміріңнің соңғы күніне дейін маған қызмет етесің жэне адамдарға ақиқат — ашаны, демек элемдік эділеттілік пен тэртіп туралы білімді үйретесің», — дейді.
Уэде берген ол адамдарға Ахура-Мазданың жаратылмаған жалғыз Қүдай болатынын, оның мәңгі өмір сүретінін, бэрінің түпкі себебі, бэрін жаратушы, басқа құдайлардың барлығын жаратқан Құдай деп атауға болатынын жеткізеді. Заратуштра әлемде Ахура-Маздамен (Ормузд) қатар, оның өліспей беріспейтін жауы Анхра-Маньюдың (Ахриман) бар екеніне көз жеткізеді. Бүл да мэңгі өмір сүреді, бірақ Ахура-Маздадан айырмасы — барлық жақсылық пен жасампаздыққа қатысында нағыз зүлымдық, жалғандық, жауыздық бастауы болып көрінеді. Ахура-Мазда жарық патшалығында, аспанда өмір сүрсе, Анхра-Манью мэңгі түнек, тамүқ (тозақ) патшалығында түрады. Осы өзара жауласқан патшалықтар арасын ауа кеңістігі бөледі.
Ежелгі парсы энүраны Ахура-Мазда патшалығын: «Осы таң қаларлық патшалықта, жарық патшалығында эртүрлі елдер көп, олар қүм түйіршігіндей көрінеді! Кемеліне келген, жетілген, айбын-ды жэне киелі эулиелер бар. Қасиеттілер арам ой, ашу-ызаға орын қалмаған қүдайға сиынатын салтанатты орындарда өмір сүреді. Жарық патшалығы елдері өлімді, қирау, жойылуды білмейді. Мүнда жаулар, шекара қорғау үшін үсталатын эскерлер мен қазанаттар да жоқ! Ашкөз тілекпен жауыздар осы елдерге тиіскісі келгенімен, оларға жақындай алмайды!
…Мүнда өмір сүретін адамдар қайғы, азап шегу, жүдеу, азғындауды білмейді. Мүнда қаншама көз тартар сарай, үй, ғибадатхана, шырын тэрізді дэмі сүйкімді қаншама тағам бар…
Бүл жерде қасірет экелетін су тасқыны деген болмайды, ал осы елдерде өсетін жеміс ағаштары жыл бойы өнім береді. Ақиқатында, аспан жарығының салтанатты сарайлары керемет! Мүнда зиян шегу, аз да болса жоқшылық атаулы жоқ, ал адамдар қүстар тэрізді еркін!» -деп суреттейді.
Ормузд жэне Ахриман табиғаты туралы Заратуштра: «Өздерінің қарама-қарсылығымен даңқы шыққан алғашқы екі рух — егіздер бар… Ойларында, сөз саптауларында жэне эрекеттерінде олар мейірімді жэне мейірімсіз, жауыз ретінде ажыратылады. Осы екі рух алғаш рет үстасқанда болмыс пен бейболмыс жасалды жэне жалғандық жо-лын үстанған адамды жамандық күтсе, қайырымды, ізгілік жолына түскенді жақсылық күтеді», — дейді.
Осымен қатар, Заратуштра үш мың жылға созылған алғашқы дэуірде жарық жэне қараңғылық патшалықтарының бейбіт қатар өмір сүргенін, осы уақыт ішінде Ахура-Мазданың алты Амеша-Спентаны «Мэңгі өлмейтін Қасиетті» дегенді білдіретін қүдайды өмірге келтіргенін көрсетеді.
Ең алдымен, Воху-Ман — «Ізгі ниетті», содан кейін Аша-Вахши-та — «Ең эділетті» жаратылады. Осы екі қүдайдан кейін не эділ, не эділетсіз екенін үйрететін Спэнта-Армаити — «Қасиетті сиынушы» өмірге келеді. Хшатра-Вайрия — «Күткен Билік» өмірде эділеттілікке қалай жетуге болатынын білдіретін қүдай.
Хаурватат — «Бүтіндік» жэне Амэрэтат — «Мэңгілік» барлық тірі элемді нығайтып, тірлікте тура, эділ болғандарға мэңгілік өмір сыйлауға міндетті. Ахура-Мазда осы қүдайлармен бірге, арасында Митра бар, басқа игілікті қүдайларды жаратады. «Күткен Билік» құдайы жерді өзінің тас күмбезімен қорғайтын аспан иесі болды. Төменде орналасқан жер «Қасиетті сиынушыға»; су — «Бүтінге», ал өсімдіктер «Мэңгілікке» тиесілі болды. «Ізгі нйет» қолдағы сиырға, «Ең эділетті» отқа жаңашыр болса, дүниеге келген адам Ахура-Мазданың өзіне тиесілі.
Ахриман тас аспан аймағын көктей өтіп, жарық патшалығының бар нэрсесін бүлдіруге кіріседі. Ол судың көп бөлігін түзды қылып, көптеген жерді шөл далаға айналдырады; өсімдіктерді қуратып, алғашқы адам мен жуас сиырды өлтіреді; отқа шабуыл жасап, оны түтінмен қорлайды, ластайды.
Ахура-Мазда жаратқан элемді қүтқару үшін, өсімдіктер эміршісі болған «Мэңгілік» үнтақталған өсімдік тозаңын бүлттың көмегімен бар элемге жаяды да, өсімдіктер бұрынғыдан қалың өседі. Жануар-лар мен адамнан да түқымдар алынып, таратылады. Осылайша, Ах-риман жауыздығының салдары бұрынғыдан да нығая түскен элем пайдасына шешіледі. Жарық патшалығымен күресу үшін Ахриман өзіне көмекшілерді жасайды, соның бірі — қорқынышты айдаьар. Мұнымен күресуге шыққан Ахура-Мазда баласы Атар отты мэңгілік сақтайтын адамның көмегіне сүйенеді.
Ежелгі энүранның бірінде Атар адамға: «Үй иесі, көмекке кел! Төсегіңнен түр, киіміңді ки, қолыңды жу, сенің таза қолыңмен дайындалған отынмен қайта жануым үшін тезірек отын алып кел!» -дейді.
Аңыз Ахриманның жын-шайтандарды, жүзі ер адам тэрізді бірақ денесін түк басқан алып бойлы, қол-аяғының тырнақтары қисық көріксіз, көптеген жауызды оттың күйелі, лас түтінінен жаратқанын мэлімдейді. Оларға түрақ болған апандар тауда, жердің терең қабатында немесе көл үлтанд арына орналасады. Жер қыртыстарының алтын, күміс жэне қымбат тастарын күзетіп, қолөнершілер ретінде керемет эшекейлер жасап, адамдардың жанын арбайды… Жер асты шеберханасында жүмыс істеген кезінде, адам соғылған балға дау-сын жэне жер сілкінісін сезінеді. Әзэзілдер адам етімен қоректенген, сондықтан апанда эрқашан адам жеткілікті болған. Осыдан қанарман патшалар мен батырлар бүл қанқүмарларды ашық күресте жеңіп, көптеген ерлік жасайды.
Ахриман эзэзілдерді де жаратады. Аңыз олардың арасын-да жартылай ер, жартылай әйел адамның да болғанын жеткізеді. Осындай жан иесі эр жерде мысық, ит, сиыр жэне адам бейнесінде қаңғырған ашушаң аджина деп көрсетіледі. Оның сүйікті орны пештен шығарылған күлдік делінеді. Ахриман жаратқан сиқыршы перілердің көз қарықтыратындай сұлу болатындары соншама, көрген адам есінен танған.
Ежелгі парсы аңыздары алғашқы адамның пайда болғанынан да хабар береді. Алғашқы адам Каюмос үш мың жыл бойы, Ахри-ман бейнесіндегі жауыздық келгенге дейін жүмақта бақытты өмір сүреді. Ахриман адамды өлтіргенімен, оның үрығы қалады. Күн осы үрықты эртүрлі жамандықтан, жауыздықтан тазартады. Одан екі бұтақ өсіп, үлкейген сайын адам пішініне ене береді. Көп ұзамай бұтақтар өсіп, ер адам Матра және эйел Матройана өмірге келеді. Бір-біріне жақындаспай елу жыл өмір сүрген оларға Ахриман күнэға батуды үйретеді. Нэтижесінде жеті егіз бала дүниеге келіп, жерде адамзат тегі пайда болады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.