Өңсіз дәмді
Барша адам сіміреді.
Жинап әлді,
Бойға куат сіңіреді.
/Ауа/
Түсі бар көрінбейтін, Бір тұтас бөлінбейтін. Тынысы ол тіршіліктің,
Ешқашан жерінбейтін.
/Ауа/
Тәулік бойы сіміріп, Бойға жүрем сіңіріп.
/Ауа/
Тіршілік аусар тек, Ұстасаң қауқар жоқ, Айналам қоршау көк, Одан асқан кәусар жоқ.
/Ауа/
Көкжиегі тұйық дөң, Шатыр тіккен биік кең.
/Аспан/
Төрінде бар нұр көзі, Жердің биік күмбезі.
/Аспан/
Әйнектей көгілдір, Теңіздей тым мөлдір.
/Аспан/
Көк жиекті көмкеріп, Шатыр жайдым кең керіп.
/Аспан/
Із түспейтін жазыққа Қаға алмадым қазық та.
/Аспан/
Күмбез сынды кең сарай, Еш жерде жоқ тең сарай.
/Аспан/
Жайғанын — түктІ кілем, ІлгенІм — тықыр кілем.
/Жер мен Аспан/
Қос алып көз -Бірі жарықта көреді, Бірі қараңғыда көреді.
/Күн мен Ай/
Кеңістікте көкшатыр,
Көк шатьфда
Қызьш көзді шал жатыр.
/Аспан мен Күн/
Екі туыс зәулІмде түрады, Сапарға кезекпен шығады. Бірі ақ жолмен күліп жүреді, Бірі түнекті тіліп жүреді.
/Күн мен Ай/
Кең алаңға екі доп Кезектесіп шығады.
Домалатар иесі жоқ, Өзін-өзі қуады.
/Ай мен Күн/
Әлемнің бар екі күзетшісі: Бірі — күндіз тынығады. Бірі — түнде тынығады.
/Күн мен Ай/
Мекені көкте екі ару -Бірін-бірі көруге зәру.
/Күн мен Ай/
Алтын табақ қаратпайды, Сансыз оймақ санатпайды.
/Күн мен Жүлдыз/
Жарқырап шықты, Жол жүріп ұтты, Қараңғыға бұқты.
/Күн/
Жерге шашып шапақ нұр, Көкте күміс табақ тұр.
/Күн/
Шарасын ашады, Бар асын шашады.
/Күн/
Үлкен алтын табақтан, Әлемге нүр таратқан.
/Күн/
Ғалам оған қарайды, Одан шуақ тарайды.
/Күн/
Алауға оранып, Көкке өрлеп шығады. Бір айналып оралып, Көкжиекке бұғады.
/Күн/
Тұрғанымен жырақ өзі, Таусылмайтын шырақ көзі.
/Күн/
Көкжиекте кешкілік Түтінсіз алау қаулайды, Жальшы өрттен аумайды.
/Батар күн арайы/
Ашып қара тығынды, Күміс табақ бұғылды.
/Түн/
Қақпаны аштым, Ақ шашу шаштым.
/Таң/
Күн мен түннің кеңдігін, Жер шарьшьщ ендігін Қақ бөліп түр тепе-тең, Жүмыр жердің белдігі.
/Экватор/
Ғаламның шырағы не? Адамның шырағы не?
/Күн мен Білім/
Екі доп ауысты,
Бір шеңберді тауысты.
/Күн, Ай, Тәулік/