Ассирия туралы

Home » Рефераттар » Ассирия туралы
Рефераттар Комментариев нет

Ассирия туралы Пайғамбар Наум: «Ниневия тоналды! Оны кім есіркеп, жұбатады?» деп айтқан қаланы табуға үміттенген еуропалықтар оны ұзақ жылдар бойы тер төгіп іздестірді. Өз заманында қатыгездігімен аты шыққан Ассирия мемлекетінің эскерлеріне қанды қырғын са-лып, тас-талқан ете жеңген мидиялықтар мен вавилондықтар оның астанасы Ниневияны б.д.д. 612 жылы қиратып, отқа ораған еді. Міне, ұрпақтар жадынан өшірілген, қарғысқа ұшыраған осы Ниневия Жаңа дэуірдегі еуропалықтар үшін аңызға айналды.
Ежелгі Ашшур қала-мемлекетінде б.д.д. 2000 жыл шамасын-да Ашшур қүдайға арнап ғибадатхана түрғызылып, қала қорған қабырғалармен қоршалған еді. Ассирия мемлекетінің шығу тари-хы осы оқиғадан өз бастауын алады. Б.д.д XVI ғ. дейін Ассирия мемлекеті «Алум Ашшур», яғни Ашшур қаласы, қауымдастығы деп аталады. Ашшур-убалит (б.д.д. XIV ғ.) патша кезінде бүрынғы «Алум Ашшур» Ассирия патшалығы атауына ие болады.
I Тиглатпалассар (б.д.д. 1114-1076 жж.) билігі кезінде қүдіретті мемлекетке айналған Ассирия күтпеген жерден арамейлер шабуылы-на кезігіп, күйзеліске үшырайды. II Ашшурнацирапал (883-859 жж.) және III Салманасар (859-824 жж.) кезінде қайта нығайған Ассирия мемлекеті ерекше белсенділік танытып, кең көлемді басқыншылық соғыстарын жүргізеді. Нэтижесінде Таяу Шығыс елдерінің басым бөлігі, үлкен аймақты мекендеген көптеген халық бағындырылады. Бағынышты елдерді үстап түру қиынға түседі. II Ашшурнацирапал патша кезінде сол елдердің бөлініп кетуіне қатаң тыйым салына-ды. Өзінің шектен тыс қаталдығымен аты шыққан патша теңдікке, тэуелсіздікке ұмтылған, бағынбау нышанын білдірген халықты қырып-жойып, басып өткен жерін қуаң далаға айналдырады.
Тұтас халықтар тұтқынға, құлдыққа түседі. Соғыста белсенді қарсылық көрсеткендер қырғынға ұшырайды. Түтқындар терісі тірідей сыпырылған, бастары кесілген, қазыққа отырғызылған, қол-аяқтары маталып, бірінің үстіне бірі қаланған. Бүлардың астыңғылары жаншылып өлсе, үстіңгілері шыжыған күн астында бүзылған адам денесінің үстінде азапты ажалға душар болған. Та-рихи дэуірдің осындай қатыгез деректерін, іс-эрекеттерді Ассирия патшаларының қалдырған мэліметтері жеткізеді.
Тиглатпаласар: «…Үлкен жерлерді, тауларды өз билігіме қаратып, қалалар мен оның патшаларын жеңдім… Алпыс патшамен соғысып, өз күшіме бас идірдім. Соғыста маған пара-пар ешкім болған жоқ, майдан даласында ешкім бақталас бола алмады», -десе, өзі туралы асқақ пікірде болған Ассархаддон: «Мен үлы пат-ша, қарымды патша, ғаламның патшасы, Ассирия патшасы, Вавилон билеушісі, Шумер жэне Аккад патшасы, Карду-ниш патшасы… патшалардың патшасы… Мен қуаттымын жэне шектен асқан күштімін, мен батырмын, ержүрекпін, мен қорқыныштымын, мен мэртебелімін, мен кереметпін, бар патшаның арасында маған тең келетінді білмеймін… Мен — соғыста жэне шайқаста құдіретті, жауларын қү_ртқан, бағынбағанды өзіне бой үхындырған, өзіне барлық адамзатты бағындырған пат-шамын» деп масайрайды. Арнайы әдебиеттер Ассирияның ежелгі дэуір мэдениетіне қосқан үлесі айта қоярлықтай болмағанын, неғізінен жеңімпаз пат-шалары жүргізген соғыс жетістіктерін эсерлі бейнелеген жылнама-лар қалдырғанын көрсетеді.
Тонау, салық салу, қолға түскен түтқындарды пайдалану Асси-рия патшаларына үлкен қүрылыс жүмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Маңызды ғимараттар, бас қүдайға арналған ғибадатхана, са-тылы зиккураттар арнайы көтерме үстіне қам кесектен түрғызылып, эрекідік сыртынан қыш кесекпен немесе таспен қапталған. Ежелгі Ашшур қаласында тұрғызылған сарайлар көз тартатындай көрікті болған. Кальху (Нимруд) қаласына ерекше назар аударыла-ды. Өйткені, II Ашшурнацирапал сарайының қираған орнында жүргізілген қазба жүмыстары салтанат залдарының қабырғалары соғыс көріністерімен, діни рэсімдермен, эртүрлі өрнекпен, жазумен, бедерлі суреттермен (барельеф) безендірілгенін көрсетті. «Ботани-ка» бағы, ағаштың сирек кездесетін түрлері, хайуантхана орнының қалдықтары табылды. Сонымен қоса, ғибадатханалар жэне басқа да мықты қамалмен қоршалған сарай қүрылыстарының орны қоймалар, эскерилерге арналған қару-жарақ бөлмелері, сап түзейтін алаң орын-дары анықталды.
Сарайға қүдайлар қамқоршы болады. Доға секілді иілген (арка) кіреберісті адам бетті, екі метрлік, үлкен қанатты бүқа жэне арыстанның тас мүсіндері «қорғаған». Сарайды сақтаушы рухтар «күзеткен». Ғимарат қабырғаларының сырты қарапайым болғанымен, оның ішкі бөліктері көркем бейнеленген. Әсіресе, сарайдың салтанат залдарына салынған оймышты, бедерлі су-реттер түрлі-түсті изразецтермен безендірілген. Ассирия сарайы қабырғаларының төменгі бөліктері тас тақташалармен қапталған. Олар қашалған, өрнектелген бедерлі суреттерімен танымал. Әсіресе, жануарлар бейнесі, аңшылық көріністері эсем берілген.
Ассирия эскері бірнеше жауынгерлік түрге бөлінді. Саны көп жаяу эскерлер жеңіл жэне ауыр қару-жарақтылар боп ажыратылды. Ауыр қарулы жауынгерлер — найза, семсермен, ал жеңіл қарулылар садақ, сақпанмен тас атқылап соғысты. Деректер атты эскерлердің б.д.д. IX ғасыр соңынан пайдаланыла бастағанын көрсетеді. Бүл да ауыр жэне жеңіл қаруланған деп бөлінген. Жаяу әскерлер мен соғыс күймелерін пайдалану тиімсіз болған кезде (жау қатарын бүзуға, қашқан жауды қууға, қүмды жерде, кең жазықта) бүлар пайдаланылған.
Соғыс күймесі соққы беруші негізгі күш болды. Оған, эдетте, төрт немесе екі ат жеккен. Күйме жауынгерлері ат айдаушы мен садақшыдан, кейде екі қалқан үстаған жауынгер қосылып, төрт адам-нан да түрған. Әскер темірден жасалған өте сапалы қарулармен жэне қоладан жасалған дулығалармен жарақтанған. Соғыс кезінде жауын-герлерге ағаштан, теріден, металдан жасалған қалқандар қорғаныш болған. Қысқа жэне үзын қүрақтан немесе былғарыдан жасалған са-уыт киген. Қала қорғандарын қирату үшін үшкір түмсықты тастан жасалған соғыс қаруларын қолданған. Қорған қабырғамен бірдей қүм үйіліп, қорған астымен өту үшін үңгірлер қазылған, қорғанды суға кетіру үшін немесе сусыз қалдыру үшін өзен арналары бүзылған.
Ассирия үсталарының, қару-жарақ жасаушылардың атағы шыққан. Патша сарайларындағы бедерлі суреттерде садақ, жебе үшы, найзаны сынап түрған шеберлер бейнеленген. Қорғандарда қару-жарақтар, күймелер, күйме қамыттары жэне т.б. сақталатын ар-найы орындар болған.
Ассирияда барлаушылар қызметі жолға қойылды. Көрші мем-лекеттермен шекараларда, жаулап алынған елдерде арнайы мэлімет, хабар беретін тыңшылар жіберілген. Сонымен қоса, жау елі туралы жан-жақты мэліметтер жиналып, ол тыңғылықты тексерілмейінше, эскери эрекеттер ешқашан басталмаған. Ниневия сарайының мұрағаты II Саргон патшамен қатарлас өмір сүрген Урарту мемлекеті туралы осындай барлау нэтижесінен мэлімет береді.
Ондық, елулік, жүздік, мыңдыққа бөлінген эскерді бас қолбасшы басқарды. Оларда Ассирияның бас қүдайы Ашшурмен байланысты рэміздер бейнеленген тулар (штандарт) жэне ант беру рэсімдері болған.
Б.д.д. XIII ғасыр шамасында Қосөзен аңғары мемлекеттерінің ешқайсысы ассириялықтарға бақталас бола алмады. Соғыс ғылымын ерекше шыңдап, жетілдірген оларға бүл өңірде тең келетін ешкім болмағаны жайлы тарихи деректер жеткілікті. Басқа елдердің әскерлері екі дөңгелекті соғыс күймелерін өгіз, есектерге жексе, ассириялықтардың атқа жегілген соғыс күймелері жылдам қозғалған. Олардың жеке атты эскерлері, қорғандарды атқылап қирататын инженерлік техникалары болған. III Салманасар кезінде Ассирия, аяусыз жүргізілген соғыстар нэтижесінде, барлық Қосөзен аймагын иеленеді. Мазасыз Қосөзен бойын, Синай түбегінен Арменияға, Кіші Азиядан Мысырға дейінгі аралықты күшпен бағындырды. Аз уақытта Мысырды да жаулап алады.
Б.д.д. 1241 жылы түрғызылған сарай қабырғасына Ассирия пат-шасы Тукультининурта бүйрығымен: «Мен эскерлерімнің алдында жүріп отыратын ¥лы қүдайларға, менің эміршілеріме жэне аспан мен жер патшайымы Иштарға сеніп, вавилондық Каштилиашты өзіммен соғысуға мәжбүр еттім. Мен оның эскерін талқандап, адамдарын қүрттым. Соғыс барысында мен Вавилон патшасы Каштилиашты түтқынға алдым. Мен оның желкесін аяғыммен басып түрдым, ол менің табанымның астындағы басқыш болды. Мен оны, түтқынды, менің эміршім — Ашшур қүдайға алып келіп, оның алдына байла-дым. Мен барлық Шумер мен Аккадты өз басқаруыма алдым»,-деп жазылған. Демек, Вавилон Ассирия мемлекетінің қүрамына жаулап алу соғыстарының нэтижесінде кірген.
Кезекті жеңістен кейін: «Мен олардың қаласын тонадым, өртке орадым, оны қираған үйіндіге, шөл далаға айналдырдым»,-дегеніне қарағанда, жүргізілген соғыстардың мақсаты тек тонау, байлыққа кенелу емес, қаланы толық қүртып жіберу болған тэрізді. Салма-насар патша дерегіне көңіл аударсақ, онда жау жақтың түрғызған ғимараттарын қиратып, ер адамдарын өлтіріп, әйелдерін зорлағаннан кейін, балаларымен қоса отқа өртегені, жеміс ағаштарын тамыры-мен қопарып, малын айдап кеткені айтылады. Жеңілген қала бас-шыларын Ниневия көшелерімен өгіз тэрізді мүрындарына немесе еріндеріне шығыршық тағып, жетелеп жүрген; маймыл тэрізді торға қамаған, ақыр соңында аяқ-қолын шауып, мүрнын кесіп, көздерін ойған. Қарапайым түтқындар мыңдап өлтіріліп, бас сүйектері пира-мида тэрізді үйіліп қойылған… [43. 177 б.]
Соғыстың қалай жүргізілгенін Лэйярдтың Ниневиядағы Ним-руд сарайынан тапқан рельефтерінен де көруге болады. Синах-хериб патшаның Оңтүстік-батыс сарайындағы бедерлі суреттер-де Лахис қаласын қорғаушыларды қоршауы бейнеленген. Сарай қабырғасындағы рельеф қаланы түрғындардың жан сала қорғағанын көрсетеді. Інжілде бүл соғыс иудей патшасы Езекия кезіндегі еврейлердің бастан кешірген апаты ретінде еске алынады. Синаххе-риб иудейлердің қорған қалаларының барлығын жаулап алады. Цилиндр түріндегі жазба деректердің бірінде ол өзінің қаланы қоршап, жер астынан қазылған жолдардың, қабырғаларға өрмелеп шығатын сатылар мен қорған бұзатын қарулардың көмегімен қабырғаларды тескенін; сол арқылы жаяу эскерлер кіргізіп, жеңіске жеткенін; жас-кэрісі аралас көптеген ер адамдар мен эйел адамдарды, соны-мен бірге, сансыз жылқы, түйе, сиыр, бүқалар мен қойларды олжа ретінде қолға түсіргенін жазады. Еврейлер басшысы Езекия Ассирия патшасына ғибадатханалар мен сарайларындағы барлық байлығын, алтын, күмістерін беруге мэжбүр болады.
Синаххериб Вавилонды: «Мен қаланы жэне оның үйлерін іргетасынан бастап шатырына дейін шайқалтып, ойрандап, отқа өртедім. Мен сыртқы жэне ішкі қорғанды, барлық қыш кесектен түрғызылған зиккуратты қиратып, қалдықтарын Аратху арығына тастадым. Вавилонды, оның қабырғаларын бүзып, қүдайларының мүсіндерін сындырып, адамдарын қырдым, қаланың іргетасын жұлып алып, Евфрат өзені мұхитқа экетсін деп, ағызып жібердім»,-деп мақтанады. Тарихи дэуірде Вавилонмен салыстырғанда, даму деңгейі элдеқайда артта қалған Ассирия Вавилонның дінін, мэдениеті мен өнерін пайдаланды жэне қүдіретке сенімін, құдайлар пантеонын жаңа түрлермен толықтырды.
Ассирия патшаларының шексіз билігі діни, эскери жэне ақсүйектік салалардан көрініс берді. Ол билікті құдайлар бер-ген және солардың желеп-жебеуімен жүзеге асырылатын қасиет деп есептеді. Бұл билік иесінің өзін-өзі асыра дэріптеуіне экеп соқтырды, патшалардың жеңістерін сипаттаған мэтіндер тарихи дэуір қаталдығын айғақтады.
Осы келтірілген мэліметтерден бейнелеу өнері мен жазба дерек мэтіндерінде кездесетін ассириялықтарға деген ашу-ызаның себебін пайымдауға болады.
Тарихи замандағы халық тағдыры, зар-мұңы заң жинақтарында көрініс тапқан. Ассирия заңдарында жеке меншіктің қасиетті екендігі, оған ешкімнің қол сұғуға құқы жоқтығы нақты көрсетілген. Мысалы, барлық еркек пен эйел біреудің меншігі болды. Патшаның өзі де, балалары да бұдан құр қалмаған, олар — жергілікті Құдай меншігінде деп есептелген. Арнайы эдебиеттерде заңдардың басты мақсаты кедейлерден күштілерді — байларды қорғау. Өйткені заңда кедейлер мен элсіздер үстем тап өкілдері үшін үлкен қатер болғаны

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.