Астананың сәулеті, менталитеті туралы

Home » Рефераттар » Астананың сәулеті, менталитеті туралы
Рефераттар Комментариев нет

Астана — еліміздің менталитетінің зиялы қауымы, саясаткері, даму көріпкелі бас құраған киелі қара шаңырақ cәулеті. Киелі болатын себебі — Астананың бас архитекторы — Президентіміз — қаланың күнделікті ауасын жұтып, суын ішіп, қала халқының көз алдында жүргенінен! Президентке қарап бой түзейміз! Сәулетшілер Астананы көтерсе, Астана дарынды сәулетшілерді көтерді. Әлемді өзгерту, оның бет — әлпетін әсемдей түсу данышпан тұлғаларға тән мінез. Сәулетшінің көзі жарық пен кеңістікті барша бояуымен, көркемдікпен қабылдайды. Кім — кеңістікті көзбен шолып, көркем ойлай білетін суреткер болса — сол сәулетші. Қаланың сән — салтанаты туралы жеке кітап жазуға болар еді. Дүниелік сәулет өнерінің атасы, технологияны эстеттендіру жөнінен кешенді жаңалық ашқан, хай — тек үрдісінің көзі тірі классигі Норман Фостердің нобай — нұсқасымен Пирамида салынды. Ол сызған алып ғимарат Хан Шатыры келешегі қаланың көркіне айналады, көрген кісі ғажайыпқа қалады. Пирамиданың ашылуында: «Бұл әлемді жаратылып болған, аяқталған нәрсе деп қарамаймыз, әлі де мазмұнын ашып, байыта, дамыта түсетін тұстары мол», — деген Норман Фостердің сөзі құлағымызда. Пирамида тойында ән салған күміс көмей әлем прима-доннасы Монтсеррат Кабалье ханымның әсем сазы әлі құлағымызда. Бұл күнде Бейбітшілік пен келісім сарайы Астананың аспандата ұстаған отшырағына ұқсайды. Ағылшын сәулетшісі осы заманғы қарыштап дамыған технолгия үрдісін баяғыдай сіріңке қорабы, я болмаса төңкерілген алып жәшік, немесе қауқиған қаңылтыр қалпақ секілді құрастыра салмай; кешенді табиғи ортаға бейімдеп, күн нұрын алғаш қабылдайтын гүл қауызы, я құлама су, я құс ұя салар алып дарақ қып құрастырды. Құрылыс жабдығының өзі түрлі түсті, әшекей өрнекті, ұлттық наным — сенімнің мәйегін бұзбай, байыта түскен. Табиғат сымбатының бір бөлшегіндей, я ұлылап, я бояуын тауып бедерлеген. Осынау хай — тек үрдісі дала төсіне қаздың жұмыртқасындай аппақ болып түзілген Астанаға қоныс тепті. Төрт қырлы пирамиданың биіктігін де, табан енін де бірдей, 62 метрден құйып келтіріп, табаны 14 метр терендікке сіңген кешенді — лорд Норман Фостер адамның табиғатқа бір табан жақындауын жаңаша шешті. 35 мың шаршы метр ғимарат он деңгейлі тұтас тұғырға орнаған. Төбесі шошақ бөрік секілді. Табиғи салқындап, желдеп тұратын мұндай ғимарат Астанада ғана! Жақындап келгеннен лифтісі көтеріліп, шамы жанып, газы қосылып, теледидары сөйлеп жүре беретін «ақылды үйлер» кешегі жапондық Кисё Курокава мырзаның қиялының жемісі. Куракавасан: «Таза қағазға ироглиф келісті түседі», — деп Есілдің сол жағалауына орын тепкен бас алаңның, Ақ Орда мен Хан Шатыры арасындағы негізгі ғимараттардың орналасу жүйесін түзді. Тарихтың парағындай болған, уақыт сарғайтқан, жапон сәулетшісінің қиялына қанат жалғаған нобай-сызбалар қазір мұражай жәдігеріне айналды. Жан алып, жан беріп қазақ сәулетшілері Саматбек Бөкебай, Ақмырза Рүстембеков, Жандарбек Мәлібеков, Бахтыбай Тайталиев – күні — түні саусағы сүйелденіп сызба сызды. Бұлардың сызған нобай — нұсқасы әрдайым шаппай бер бәйгені жеңіп алды. Нәтижесі — аз уақыт ішінде көз тойып, көңіл көншітер кешенді үйлер бой көтерді. Уақыт құйынына төтеп беретін кемел ұлттық сәулеткерлік қарыштап дамыды. Шетелдік мәртебелі меймандар шалқайып карағанда бас киімі түсердей қайран қалысты. Қазіргі Астана қаласында көзді тартып, жүрек төріне орнаған Бәйтерек, Президенттік мәдениет орталығы, Қазмұнайгаз кешені, министрлер уйі, Пирамида, Тәуелсіздік сарайы, құрылысы қызу жүріп жатқан Хан Шатыры, күміс әуізі аспанға шапшып, гүлзар бағы көз тұсаған Бас алаңның құрылымы — аты аталған сәулетшілердің шабыт-ты қиялынан туған еді. Қазақстан гербінің авторы, сәулетшілік этномодерн үлгісін жетілдірген Жандарбек Мәлібеков сол жағалауға ақ қыш пен темірбетонды құп үлестіріп, бас мұнарасын құбылаға қаратып Нұр-Астана мешітін сызды. Түрік ағайындар құрды. Адам мен аспан бірлігін үндейтін, бес мың адам бір мезгілде намазға ұйитын, сәукеле секілді ғажап жәдігер дүниеге келді. Тегінде Мәлібеков сызған нобай-нұсқа қазақы киіз үй үлгісін қыш пен зертасқа құп үйлестіріп, әр қырынан байьгга түседі. Сәулетші шеберха-насынан шыққан Оралмандар сарайы, қаланың жастар ықшамауданына іргелес Зиарат мемориалы алыстан қарасаң алып киіз үй, тақаған көзге — бұлттан шыққан кемпірқосақ өрмегіндей ою — өрнегімен қайран қалдырады. Жаңашыл нобай-нұсқа қала әкімшілігінде талқылану са-тысында. Оралмандар сарайының ерекшелігі: сан ғасырлық ұлттық сәулеткерлікті байьгга түскен. Түркістандағы Қожа Ахмет, Тараздағы Айша Бибі, Ұлытаудағы Жошы кесенесіндегі ұлттық үрдістен табан жазбай, я батыстың, я шығыстың сәулетшілік сипатын көшіре салмай, ұлттық этномодернді ту етіп көтереді. Кешеннің ширатылып келетін ішкі құрылысы киіз үйге келеді. Бұл үйлер ұлттық дәстүрдің әр қырынан түзілген энциклопедиясы. Таза ауаны өн бойынан еркін өткізеді. Жазда ашылып, қыста жабылатын түнікесі, самсаған уыққа ұқсаған тіреулері, жоңқа шиыршығындай ширатылып келетін ішкі баспалдағы — ақындар жырлаған жәннатты елестетеді. Кірсе — шыққысыз дейтін ғажайыпқа қаласыз! Көлеңкесі әлдеқайда аз, жел үйіріп қарсы соқпайтын Бахтыбай Тайталиев сызған үйлер қиыр сахара төсіне шанши салған балбалға келеді. Символизм серісінің нобай-нұсқасы қаланың әр тұсынан бой көтерді. Аршын төс тәкаппар мүсін барлығын тәнті етеді. Тарихшылдық, классицизм үлгісі Саматбек Бөкебай сызған нобай — нұсқада көзге сиқырдай елестейді. Қазақы сағана, тасболат там үлгісін үйлестіруі көңілге құп ұялайды. Ол сызған жәдігердің қақпа бағаны (пилон), қасбеті (фасад), түнікесі (купол) бірін — бірі байытып, бейне, жер бетіндегінің бәрі уақыттан қорқады, ал уақьгг пирамидадан қорқады дегендей; уақытқа төтеп беретін төрт моостық гранитпен көмкерілген Ақ Орданың сәулеті — ұлттық үлгі мен футуристік, символистік ағымды қатар ұстанған. Қазақ дизайнерлерді Ақ Орда салтанатына дарын қуатын, қиял қанатын аямай — бүгінгі өркениеттің ұрымтал мәнін ашады. Арғы — бергі сәулет өнерінде бес түрлі ордер бар десек: осы бесеудің бәрі де алып сарайдың әр қырынан, әр ұстын — тіреуінен көрініс тапқан. Сарайдың маңдай алдында алып тіреулердің түнікемен қиылысар тұсы рим ордерін келтірсе; әппақ мәрмәр көмкерген қабырғалар карфаген ордерінен хабар береді. Ал аспан түстес әдемі күмбез — қазақ киіз үйінің шаңырағына ұқсаған. Қазақ сәулетшілерінің өнерге әкелген алтыншы ордері дерсіз. Қыр — беткейге орнаған баяғы хан ордасын елестетеді. Кешенді шынылау үрдісін алғы межеде ұстаған Бахтыбай Тайта-лиев сызбасы қайталанбас өнер өрнегі. Қазақы сағана, кешен, тасбо-лат там салуды жетілдіре түсіп 21 ғасырға ұлылап жеткізген. Атар таң мен батар күннің нұрын толық қабылдаған, жарық пен кеңістікті құп үйлестіріп — әуелгі нұсқасын президентіміз сызған, структурализм мектебінің ірі өкілі Ақмырза Рүстембеков қалыптаған Бәйтерек — самұрық ұя салған, жер шарын көтеріп тұрған алақан аясы секілді!  97 метрлік биіктен қала алақанға салғандай көрінеді Жарық пен кеңістікті бір деммен тұтас қабылдаған мөлдіреген кешен Сарыарқаның алып дарағынан айнымайды десе болады. Сол жағалаудағы Министрлік үйінің шығысынан Момышұлы даңғылынан басталған бүкіс белді темірбетон аспалы көпірлер — әжелер өрмегі секілді. Есіл бойынан тоқылған ғажайып өрнекті кілем. Иіліп түскен арка — иінге қондырған ай мүйізді қошқар, келесіде: ытырыла ырғыған шаңырақ мүйізді бұғы; үшіншіде: қазір ғана жартасқа тырмысқан құлжа; төртіншіде: аспанға шапшыған арғымақ, бесіншіде: бүкіс белді барыс- сүлей сәулетшілер қиялының келісім кестесі, өнер өрнегі. Күн шығып келе жатқандағы аспалы көпірлер көрінісі ғажайып. Толассыз мәшине ағыны күндіз — күміс тәспіні, түнде — жерге түсіп жарқырап жанған жұлдызқұртты елестетсе; аспалы аркалар әр қиырдан, әр тұстан сыңсыта салған ұлы симфония сазын құлаққа құяды. Отыз мың адам сиятын, жидеден шапқан шараға ұқсаған Астана стадионынның айшығы алабөтен. Қолшатыр секілді ашылып — жабылып тұратын жылжымалы түнікесі түңлікке келеді. Табиғатпен егіздің сыңарындай. Хош иісті қымыз құйылған шарадай — ашық стадион ерекше көз тартады. Мұнда тек қана футбол додасы емес, отызға жуық спорт түрінен жарыс өткізуге болады. Әлемдік әмбебап жарыс кешенінің көркем құрылысы осындай — ақ болар! Бейбітшілік және келісім сарайының қарсы алдынан бой көтерген Тәуелсіздік сарайы келешектің жерұйық төріндей. Салтанаты алабөтен. Қазақ елі монументі тәуелсіздік, еркіндік символы. Осыларға тұспа — тұс, қаланың батыс белдеуінен бой көтеріп келе жатқан Хан Шатыры, Абу-Даби Плаза кешендері өзінің орындалу жағынан дүниедегі ешбір кешенді құрылысты қайталамайды. Зергер ұстаның қолынан шыққан зайырлы өнер үлгісі! Жаңадан бой көтерген үш қабатты Тәуелсіздік сарайы 42 197 шаршы метр аумақты алып жатыр. Жылжымалы қабырғалары керек кезінде төрт залға бөлініп шыға келеді. Ең үлкен залы үш мың жүз орындық. Халықаралық түрлі мәжіліс, сырсұхбат, мәртебелі диалог өткізуге аса қолайлы, акустикасы, аурасы ерекше. Кісі табанын тартатын киелі топыраққа төрт бұрышты зәулім — зерлі тақияны төңкере салғандай. Бес жүз жетпіс бес мәшине сиятын озық үлгідегі паркингі жер астында. Қары алдындағы Қазақ елі монументі — кемпірқосақ суреті. Монументтің ұшар басында ашылған Ата заң кітабы, қонақтаған қыран құс, алтын қаптағыш бұрын — соңды ешқандай ескерткіште ұшыраспаған. Қараған кісінің басы айналар 91 метрлік тұғыр елдігіміздің тәбәрігі. Айшықты ескерткіштің атын қойған Президентіміз. Ақ бұлақ арнасының Есілге құяр тұсына орнаған жыр алыбы Жамбылдың ескерткіші, әлгі айтқан өрмекші кілеміндей аспалы көпірдің иін қолтығына құйылған Момышұлының қола бейнесі — қала салтанатын арттыра түсті. Қола тұғырлардың осы заманға аттап келіп, я батыр, я ақын бейнесінде алдыңыздан шыға келгенде — тіл жеткізісіз ерекше әсер баурайды. Сәулетшінің қиялына құп үйлескен құймашы — зергердің ұсталығына тәнті боласыз. Өнерді — өнер кемелдендіреді. Озық медицина құралдарымен жабдықталған, бір ауысымда бес жүз адамды қабылдайтын бес қабаттық диагностика Орталығы, жүз алпыс орындық нейрохирургия ғылыми Орталығы сыланған сұлудай күн сайын бой көтеріп келеді. Бұл нысандар қала халқына жыл аяғына есігін ашпақ.

Сарыарқа төсіне көшіп келгелі Астана халқы үш есеге өсті. Қазір елорда тұрғындары миллионға жетті. Қала халқының дені жастар. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында бой көтерген Жаңа Дели, Бразилиа қалалары негізінен конструктивизим стилінде салынған. Ал Астананың сәулетінде әрқилы қолтаңба айшығы — таңғы гүл қауызы секілді ұлттық этномодерн, класицизм, футуризм, метоболизм қатар көзге ұрады. Батыстың хай-тек стилі, шығыстың фен-шуй стилі, қазақтың дәстүрлі киіз үй тектес этномодерн үлгісі жарасым тапқан. Дарынды сәулетші қолтаңбасының келешегін ойлайды. Ғасырдан ғасырға кететін ырғағы мен нақышын табуға тырысады. Таба алғаны бәйгені жеңіп алады. Әйтпесе көп сызбаның бірі боп қалады. Астана сәулетшілерінің алдындағы үлкен екі міндет төмендегіше. Оның бірі, әрі бірегейі: ұланғайыр ұлы даланың негізгі бас иесі кім екенін әлемге әйгілеу. Бұл дегеніңіз: төрт жарым мың жылдан келе жатқан қазақ тарихының ірге бекіту, бөлшектену, қайта бас құрау, мемлекеттік құрылымға ұйысу кезеңдерін түгел қамтитын, сәулетшілік өнер үлгісінде салт — дәстүрін айнадағыдай көрсететін байтақ ұнасым мен жарасым табу. Ғасырлар бойы «көшпенділерде неғылған кешенді құрылыс болсын!.. Оларда шошайған шошала, қарайған киіз үй ғана!..» деп келген өркениетті елдің ұшқары пікірін тас-талқан етіп бұзып, «ұлы өзендердің бойындағы қазақ ұлтының да қаласы болған, қорған тұрғызған, кент, сағана салған» деген пікір жаңадан қалыптасып келеді. Сәулетшілірдің алдына кесекөлденеңдеген келелі міндет: қаланың тар көшелерін қанатын кең жайғызып кеңейтіп, даңғылға айналдырып, тынысын ашып, кептелікті жою. Біраз көшенің қиылысына жер асты өткелек, жер үсті аспалы жолдар салу көзделген. Аспалы жол — үлкен талғамды, биік сызбалық өнерді қажет етеді. Өрмек тоқығандай байтақ дизайн өнері туады. Қазір қазақтың дарынды сәулетшілері басты — басты қиылыстарда жүзіктің көзінен өткендей, саусақтың саласындай аспалы арка құру машақатында.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.