Ат тергеудегі қазақ халқының танымы

Главная » Рефераттар » Ат тергеудегі қазақ халқының танымы

Қазақтың кең даласы – рухани болмыс, тіл мен мəдениет бірлігі, салт-дəстүр, əдет-ғұрып тұтастығының негізі. Бұл көзқарас қазақтардың ат қою салтында ерекше көрінеді. Себебі бұл рəсімде ұлт болмысының барлық этномəдени ерекшелігі мен əлеуметтік сипаты басшылыққа алынады.

Мифтік наным-сенім бойынша ерте замандағы адамдар тіл мен сөздің магиялық күшіне сенген, сондықтан болар қазақ халқы əдетте қарғыстан, балаларын мақтаудан қорыққан. Соның нəтижесінде Кcшікбай, Жаманбала, Салбыр, Uасым, Сағал, Кенесары сынды жалқы есімдер дүниеге келген. Олар «көз тимесін», «балам аман болсын» деген ырымнан туған екен. Сол сияқты дүниеге келген балаға АртыXбай, Несібелі, Бекенбай, Мырзагелді сияқты ат қою арқылы оған белгілі бір қасиеттерді дарытуды көздеген мақсат қойылған. Тілеміс, Тjрлыбек, СағындыX, Есенгелді лингвокультуремалары ұл күту, бала тілеу, балалары тұрақталмаған себебінен туған антропонимдер. Сонымен антропонимика (гр. anthropos — адам, опута ат) дегеніміз — адамдардың өзіне меншікті есімдерін, аты-жөнін, жалған, бүркеншік, жасырын аттарын, ру аттарын зерттейтін ономастиканын тармағы [1].

«Əр елдің заңы басқа» дегендей қазақ халқының мəдениетіндегі сөз магиясына сенушілік пен сол сезімнің нəтижесінде пайда болған табу мен эвфемизмдер де сан алуан болып келеді. Ал, табу ерте замандардағы адамдардың мифтік танымына сəйкес кейбір заттардың аттарын тікелей айтуға қорқып, тыйым салынуынан қалыптасқан. Бұл проблеманың қазақ жəне түркі тіліндегі табиғаты, тілдік көрінісі Ə.Ахметовтің еңбегінде арнайы зерттелген [2,8-10]. Солардың нəтижесінде оның дəстүрлі мəдениетпен сабақтастығы, оның генезисі анықталады. Антропонимдер мен жалқы есімдерді қолданған кезде мұндай сөздік тыйымдар, яғни табу сөздер қазақ əйелінің сөздік ғұрпында болған. Қазақ халқының ұлттық əдеті бойынша жас келіндер күйеуінің жақын туыстарының, ата-енесінің аттарын атамай жанама ат қойып алатын. Атап айтқанда, қайынсіңілілерін шырайлым, бикеш, бойжеткен, əке Xыз, еркем, ержеткен, ерке Xыз, ал ер адамдарды тhрем, шыраX, мырза жігіт, молда жігіт т.б. деп атайды. Атадан балаға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан бұл ізгі дəстүр қазақта «ат тергеу» деп аталады. Ат тергеу дегеніміз — қайын жұртын тікелей атымен атамай, арнайы ишаралап ат қою дəстүрі. Бұл жас келіннің түскен жеріне, күйеуінің туыстарына деген ізгі құрметінің, əдебінің игі көріністерінің бірі болып саналады. Қазақта осы жайды аңғартатын мынадай бір аңыз бар.

.

Ауылдағы ақсақалдар мен қайын ағаларының атын атамайтын келін бір күні қамыстың арғы шетіндегі өзенге суға барса, бір қойды қасқыр жеп жатыпты. Келіншек қойды қасқырдан құтқарып алып, бауыздайды да, ауылына жүгіріп келіп: «Ата! Ата! Сылдыраманың ары жағында, Сарқыраманың бері жағында Маңыраманы ұлыма жарып кетіпті. Жаныманы білемеге, жанып-жанып тез əкелсін біреу», – деп шырылдайды. Қазіргі қазаққа мұны түсінуі үшін мынандай сөздік керек. Сылдырама – қамыс. Сарқырама – өзен, Маңырама – қой, Ұлыма – қасқыр. Жаныма – пышақ Білеме – қайрақ. Сөйтсе əлгі жаңа түскен келіннің: Қамысбай деген атасы бар екен Өзенбай деген қайнағасы бар екен. Қойбағар деген қайнысы бар екен. Қасқырбай деген тағы бір қайнағасы бар екен. Пышақбай деген атасы бопты. Қайрақбай деген тағы бір шал бар болса керек [3].

Міне, баяғы заман келіншегі солардың ешқайсысының көңілін қалдырмай, əдептен озбай, аруақтан аттамай, салт-дəстүрді сақтай білген. Бұл ерекше салт туралы құнды деректерді Ш.Уəлиханов, Ы.Алтынсарин, Г.Н.Потанин, Н.И.Ильминский, А.И.Самойлович, Т. Жанұзақов секілді ғалымдардың еңбектерінен көреміз. Қазақ əйелінің сөздігіндегі табуға айналған жалқы есімдер эвфемизмдермен алмастырылған. «Эвфемизм (грек. «eu» – жақсы, «phemі» – айтамын) – мағынасы тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу. Эвфемизм қоғамдағы моральдық, этикалық норма негізінде қалыптасып, сыпайыгершілік пен əдептілікке байланысты туған. Эвфемизм – тілдегі ауыспалы мағынадағы сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш құралдардың бірі» [4,123-9]. Мысалы hтірік айту — Xосып айту, jрланыпты – Xолды болыпты, hлді – Xайтыс болды, дcниеден озды, о дcниеге аттанды жəне т.б. Профессор Т.Жанұзақ былай деп жазады: «Личные имена заменялись нарицательными по определенной системе. Мужчин старше мужа женщины называли қайынаға (деверь). При запрете личное имя определенного человека употреблялось в искаженной форме, например вместо Али – Сали, Турсын – Мурсын. Для замужней женщины являлись запретными и нарицательные имена» [5,45]. Əйелдер күйеуінің атын атамай «əлгі», «біздіi cйдегі», «от ағасы» немесе баласының атымен «Баймырзаныi əкесі» деген атаушылық қоғамымызда əлі де кездеседі. Ат тергеу салтында түрлі əдістің болғаны байқалады. Кейде адамдарды түр- келбеті, дене пішініне қарай: «бауырсақ», «айыр сақал», «бай семіз», «мес», «тhрт сақал», «саққұлақ» деп атау болған. Кейде тыйым салынған есімдерді тергеп айтуға мүмкіндік болмаса, есімдердің басты əріптерін өзгертуге тура келген. Жоғарыда айтылып кеткен Əли орнына Сəли, Тұрсын орнына Мұрсын, Мəмбет орнына Сəмбет, Ахмет – Сахмет, Жақып демей Мақып деп атаған [6,81]. Ат тергеуде əйелдердің мəндес сөздерді шебер қолданғаны байқалады. Бұның өзі əйелдердің ой-өрісінің кеңдігін жəне тіл байлығының деңгейін көрсетеді. Ат тергеу дəстүрінде олардың ерекше тапқырлығы, ойының ұшқырлығы, қара сөзге дес бермейтін шешендігі көрініп тұрады.

Тілші-ғалым Ə.Хасенов эвфемизм мен табу құбылысын лексиканың қалыптасып баю барысындағы тарихи тұрғыдан семантикалық тəсіл қатарында қарастырып, нақты антропонимдерге қатысты былай деп көрсетеді: — кісі аттарына байланысты эвфемизм мынадай болып келеді: ауылдағы үлкен кісінің аты Жаман болса — СоXпаX жол, Сcттібай болса – Желінді уыз, Бұқабай – Сcзербай, гізбай, Қарабас – Боран шеке, Сарыбас – Шикіл шеке, Сары – Шикіл, Бейсембі – Кcн жjма аттас, Көжекбай – Ноян ата, ­зікбай – Дұдеге, Жамантай – Жайсыз тай, АXбай – Uылаi ата, Төiлікбай – Uайырма, UозыбаX – Кене, Жусанбай- СыбаX, Uойлыбай – Жандық ата, Uамшыбек – Ат жcргіш, Бcйенбай – Жуан ішек , Еламан – ХалыX есен, Асубай – Тарпаi, Асыл – Бекзат ата, Ақылбай – Ой ата, Мергенбай – Атқышыл, Жылқыбай – Туар т.б. [7,66].

.

Қазақ əйелдерінің арасында берік қалыптасқан ат тергеу салты туралы белгілі этнограф А.Н.Самойлович те жазыпты. Ғалымның пікірінше, қазақ əйелдері өздеріне атауға тыйым салынған адам аттарын тергегенде, белгілі қалыптасқан жүйе бойынша, туысқандық қарым-қатынасты білдіретін ортақ терминдерді, яғни арнайы сөздерді пайдаланған. Мəселен, əйел күйеуінің ағаларын 3айнаға десе, қайын атасы мен оның рулас тең-тұстарын ата, күйеуінен жастары біршама үлкен, бірақ қайын атасынан жастау қайнағаларын би ағалар, ал олардың жасы үлкен балаларын мырза ағалар, ортаншы балаларын ортаншым, кенжелерін кішкенем деп атаса, күйеуінен жасы үлкен адамдардың, яғни би ағаларының əйелдерін шешей, күйеуінің жасы үлкен əпкесін апа, жас жағынан ең кіші інісін кенжем, ерке бала немесе кенжетай, ал қарындасын кенже қыз деп атаған. Сонымен қатар келіннің ата-енесі ол келін түскеннен бұрын дүниеден озып өтсе, ата деген термин қайын атасынан кейінгі інісіне, ал ене сол кісінің əйеліне ауысатын болған [8].

ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ бұл проблеманың əлеуметтік, этномəдени аспектісіне мəн беріп, түркітанудың болашағы өзекті мəселелерінің бірі ретінде Акдемик А.Н.Самойлович: «чтобы исследователи разных тюркских народов обратили особое внимание на личные имена, о том, что следовало бы составлять полные алфавитные списки личных имен, как мужских, так и женских, по отдельным народам и племенам с подробными указаниями, в каких случаях, в какую историческую эпоху, кому и почему давалось то или иное имя, что в последствии позволило бы произвести весьма интересные в культурно-историческом отношении сравнительное исследование личных имен всех тюркоязычных народов» [9,299].

.

Қорыта келгенде, ат тергеу немесе ат қою – біздің халқымыздың адам сыйлау жөніндегі ізеттілік, кішпейілділік қасиеттерінің биік көрінісі. Өзінен үлкен адамның атын тура атау тəрбиесіздік, көргенсіздік болып табылады. Бұлар ертеден-ақ діни наным-сенімге негізделсе, қазіргі күнде ғұрыптың бірі. Табу сөздерді эвфемизмдермен алмастыра білген келінді аталарымыз «көргенді қыз», «тəрбие көрген қыз» деп мақтап отыратыны да бар. Осыдан келіп шығатын қорытынды табу сөздерді қолдану бұл таңда – əдептіліктің белгісі. «Қыз – өмірдің қызғалдағы» демекші, қыз баланың салт-сананы сақтауы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі, əрине анасының берген ақылы мен үйінде көрген тəрбиесіне байланысты болмақ. Өйткені қыз баланың жасалған əрбір қадам-əрекетінен, сөйлеген сөзінен тəрбиенің деңгейін көруге болады. Дегенмен де қазіргі енелер келіндерінен «мыстан», «енешка» дегенді көптеп еститін болды. «Күйеуімнің мамасы», «Ана үйдегі кемпошка» деген сияқты немқұрайлы салқын атаулар да қоғамымызда көптеп кездесетін болды. Қыз тəрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, бүгінде етек алған планшеттер мен ұялы телефондар, барлар мен дискотекалар жан-жақты əсер етуде. Бұл тəрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары бар. Оның бəрін дұрыс қабылдап түсіне білу керек. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді — тілін, дінін, əдет-ғұрпын, салт- санасын, дəстүрін атадан балаға жеткізуші, əрине, əйел-ана. Демек халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін іске асырып, туыстың татулығын одан əрі дамытқан əйел адамның өмірінде «ат тергеу» салты жоғары бағаланған. Сол салт- дəстүрге деген құрмет қазақ халқының қыз тəрбиелеудегі айнасы болмақ.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.