Ата заң — мемлекет дамуының іргетасы

Главная » Рефераттар » Ата заң — мемлекет дамуының іргетасы

1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституция еліміздің Ата заңының ренысандар жолымен серпінді дамуына жол ашты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының басты ерекшелігі — республиканың қазіргі заманға үйлесімді заңнамаларына негіз болды, қазақстандық қоғамның мақсаттары мен өзіндік ерекшеліктерін айқындады. Түбегейлі реформалар жүргізуге жол ашты. Негізгі Заң қағидаттарына сәйкес демократиялық, құқықтық, әлеуметтік зайырлы мемлекет қалыптастырудың бағыттарын көрсетті. Сондай-ақ меншіктің алуан нысандары аркылы нарықтық қатынастардың қалыптасуына мүмкіндік берді. Ата Заң белгілеген кағидаттар арқылы Қазақстан Республикасы күрделі қоғамдық қатынастарды реттейтін тетіктерге ие болды. Қазақстан Конституциясы азаматтық қоғам, демократиялық мемлекет құруға және нарықтық экономиканың іргетасын қалауға сенімді жол ашты. Конституция — мемлекеттің Негізгі Заңы ретінде мемлекеттік басқарудың президенттік нысанының негізін қалады. Осылайша, қоғамдық және мемлекеттік өмірдің барлық саласына қажетті жаңа сапалы заңнамалар жүйесі қалыптастырып, басқару тетіктерінің қызметі ұйлестірілді. Конституцияның басты табыстарының бірі — адам құндылықтарын жоғары қоюында, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуінде. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы қазақстандық конституционализмді тиімді дамытуға мүмкіндік берді. Елде конституциялық зандылық пен кұқықтық тәртіпті нығайтуға негіз қалады. Өз кезегінде заңтану ғылымы мемлекеттің Ата Заңының толық куатында қызмет етуіне үлес қосты. Конституциялық-құқықтық машықты (практиканы) іргелі зерттеу нәтижесінде заң ғылымы демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың толғақты практикалық мәселелерін жан-жақгы шешуге, құқықтық реттеудің, қазақстандык қоғамдық мәдениеттің деңгейін көтерудің тиімділігін арттыруға белсене атсалысты. Бүгінгі таңда қазақстандық заң ғылымының болжампаздық рөлі айрықша маңызға ие. Өйткені, ғылым алдағыны көре білуге, Конституция әрекетінің нәтижесін күні бұрын болжауға, заңнамалардың одан әрі жетілдірудің жолдарын белгілеуге тиіс. Ғылыми болжам қоғамды әлеуметтік дамытуды құқықтық реттеудің жаңа тенденцияларын дер кезінде көре білуді қамтамасыз етеді. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының негізінде қазақстандық қоғамның барлық саласының қазіргі қайта қалыптасу қарқынын дұрыс аңғартады. Осылайша, заң ғылымдарының басты бір міндеті — мемлекеттің Негізгі Заңы тұрғысындағы Конституцияның теориялық тұжырымдамасын әзірлеп береді. Бұл арада әңгіме ең алдымен Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, қолданыстағы Конституцияның әлеуетін барынша толық пайдалану туралы болып отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуетін барынша толық пайдалану — қазақстандық қоғамның барлық саласында демократияландыра түсуге жол ашады. Мемлекеттің Негізгі Заңы ретінде Конституцияның әлеуетін толық жан-жакты іске қоспасақ, саяси, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық саясатты тиімді жүзеге асыру қиын, демо-кратиялық-құқықтық қоғамды табысты орнату мүмкін емес. Бұған қоса, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заңшығарушылық интенсивті қызметінің мүмкіндіктерін әлі толық пайдаланбай келеміз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық дамуында ең аддымен мемлекеттік органдарыньтң заңшығарушылык қызметінің тиімділігін арттырудың теориялық-машықтық маңызы орасан зор. Парламенттің заңшығарушылық қызметінің жаңа кезеңі жасалған құқыктық база негізінде экономикалық даму жағдайының өзгеруін, демократиялық институттарды, қоғамдық өмірдін басқа да салаларын ескере отырып, заңшығарушылык қызметтің деңгейін көтеруді, заңнамалық актілердін жобасын дайындау үдерісін жетілдіруді, оған отандық ғылымдардың потенциалын пайдалануды, жинақталған тәжірибені шығармашылықпен қолдануды талап етуде.
Еліміздің заңшығару үдерісі соңғы жылдары екпінді қарқын алып отыр. Атап айтқанда, қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі қайта құрулар шұғыл кұқыктық рәсімдеулерді талап етуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының Парламенті «он жылдың ішінде мемлекеттік басқару, экономикалық қызмет, әлеуметтік қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салалары бойынша 12 кодекс және 300-ден астам заң қабылдады. Ерекше маңызды буындардағы зандық нормаларды кодификациялау, сондай-ақ салалық зандардың қабылдануы — Қазақстанның бәсекеге қабілетті құқықтық жүйесін қалыптастырды». Алайда, бұқаралык ақпарат құралдарында казақстандық құқықтық базаның сапасы әлі күнге дейін төмен екендігі әлденеше рет атап көрсетілді. Сондықтан, қазақстандық құқықтық жүйені жетілдіруді ең алдымен оның үйлесімді дамуын қажет етеді. Нақтырақ айтқанда, ол мемлекеттік органдардың саяси-құқықтық шараларының жиынтығына негізделу арқылы Конституцияны басшылыққа ала отырып, қоғам мен мемлекетте тұтастай жүргізілген шаралардың бәрін бір мезгілде өзара тығыз байланыста атқарылуын қамтамасыз етуі қажет. Мұның барлығы Қазақстан Ресггубликасының 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған кұқықтық саясатының Тұжырымдамасы негізінде осы заманғы ғылыми тұжырымдама мен модельдерді жасау қажеттігін көрсетеді. Сонда ғана Конституцияның және тұтастай заңнамалардың, оның жеке салаларын дамыту бағдарын болжауға болады. Тек қана қазақстандық заңнама трсырымдамасын егжей-тегжейлі қарастыру және оның жеке салаларын толық қамту арқылы ғана белгілі бір зандардың, немесе нормативтік құқықтық актілердің нақты тұжырымдамасын дайындауға болады.
Салалық заңнамалар мәселесіне қатысты сөз қозғағанда, мынажайды даатап көрсету қажет. Азаматтык құқыктық маңызды мәселелерінің концептуалдық және теориялық жағынан толық карастырылмауы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне өзгертулер мен толыктырулар енгізуге әсер етті. Дәл осындай жағдайлар Азаматтық іс жүргізу кодексін, тағы басқа да маңызды нормативтік құқыктық актілерді жүзеге асыру барысында да туындады. Мұның бәрі кұқықтық реттеудің тиімді, сенімді механизмін орнықтыру үшін мемлекетке оны тиісті ғылыми деңгейге көтеруі қажет екенін көрсетті. Осылайша Қазақстан Республикасының бүкіл мемлекеттік-кұқыктық жүйесінің дамуын тұрақты және жан-жакты ғылыми зерттеу, Конституцияның тағы басқа да конституциялық актілердің әсері қазіргі заман жағдайында барынша актуальді бола түсуде. Сондыктан да заң ғылымының мемлекет пен құқықтыктың қоғаммен, оның институттарымен, азаматтарымен арадағы «кері байланыс» құралы ретіндегі накты жағдайын және алдағы міндеттерді айқындаудағы рөлін күшейте беретіні ақиқат. Орайы келгенде, мынандай бір мәселеге де токтала кеткен орынды деп ойлаймын. Айталық, ТМД-ның көптеген елдерінің құқықтық ғылымында «құқық» пен «заң» категориялары шатастырылып жүреді. Міне, осыған байланысты бір-екі заңның қабылдануының өзі тиісті құқық саласының пайда болатыны жөнінде парадокстық құбылысты мойындауға икемдейді. Мысалы, егер Салық кодексі қабыдданса, онда, салық құқығы пайда болады деген сөз. Егер «Нотариат туралы» Заң қабылданса, тиісті түрде нотариат та, нотариалдық құқық та әрекет етеді. Егер «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң бар болса, онда «қызметтік құқық» саласы бар деп танылады. Ресейде «Ресей Федерациясының Конституциялык Соты» туралы конституциялық заңы қабылданған соң бірқатар ғалымдар конституциялық сот кұқығы, немесе конституциялық сот үрдісі туралы мәселе көтере бастады. Біздіңше, «құқық» пен «заң» сиякты маңызды категорияларды бұлайша бұрмалаушылық ғылымның шынайы маңызы мен мәнін қарабайырландырып, ерекше құндылығына нұқсан келтіреді. Өйткені, мәселе құқық пен заңның дербес кұбылыстар екендігінде ғана емес. Ең бастысы, құқық әлеуметтік кұбылыс болғандықтан, заңның мақсаты мен маңызы, мәйегі ретінде қызмет ету арқылы «заң» категориясына қарағанда бай әрі кең ауқымды сала.
Құқықтық ғылымға Конституцияның және конституциялық заңнама мәселелерін зерттеуге баса мән беріледі. Себебі, бұл Қазақстан Республнкасының қолданыстағы құқығын дамытуға мүмкіндік туғызады. Мәселе, Конституцияның көздеген мүдделерін жүзеге тікелей асыратын қуатты күші ретінде маңызды өзгерістерге жол ашатындығында. Соның айқын бір көрінісі елдің құқыктық шығармашылық үдерісінде нормативтік-бағдарлаушылық ықпалын айтар едік. Сонымен бірге, конституциялық ұғым, категориялар мен қағидалар барлық нормативтік актілерді түсіндіру және қолдану, құқық субъектілерінің занды қызметтерін жүзеге асыруының негізгі нормативтік құқыктық өлшемі болып табылады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.