Атамекен — Қазақстан картасы

Главная » Рефераттар » Атамекен — Қазақстан картасы

Елордада кімге болса да мақтанышпен көрсете алатын мәдени орындардың бірі — «Атамекен» этно-мемориалдық кешені. Оның құрылысы 1997 жылы басталып, 2001 жылғы қыркүйек айында ашылған болатын.

.

картаБұл кешенде еліміздің 14 облысы мен Алматы, Астана қалалары аумағындағы көрікті құрылыстар мен тарихи орындардың шағын макеті ашық аспан астындағы мұражайға қойылған. Сонымен қатар әр жердің табиғат ерекшеліктері де назардан тыс қалмай, жердің рельесі, аймақтағы өзен-сулар, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемінен де толық ақпарат алуға болады. Аумағы 1,7 гектер жерді алып жатқан «Қазақстан картасы» 2,7 млн. шаршы шақырым жері бар елімізді бірер сағаттың ішінде «аралап шығуға» мумкіндік береді. Тұлпардың тұяғын тоздырып, сұңқардың қанатын тал-дыратыи ұлан-ғайыр кең даланы, Атырау мен Алтайдың, Еділ мен Іленің арасын лездс шолып шығып қана қоймай, облыс орталықтары мен елді мекендеріндегі сәулетті де салтанатты, тарихи маңызы бар құрылыстар, саяси, экономикалық мақсаттағы үлкен орталықтар, ескерткіштер мен кесенелер тұпнүсқаснан аумаған кұйінде көздің жауын альгп тұрады. Сондай-ақ, еліміздің аумағындағы ескі қалалар мен қорғандардың, Ұлы Жібек жолы бойындағы тұрғын-жайлардың орындары — бәрі-бәрі осы картадан орын алған. Бүгінде «Атамекендегі» ең жақсы әрі толық жасалған макет — Астана қалшасының макеті болып табылады. Өйткені қала басшылығы кешеннің маңыздылығына қатты көңіл бөліп, қолдан келген көмектің бәрін жасайды. Тағы бір айта кететіні, Астана қаласының бұрынғы аумағына қоса, Қостанай облысын берілген бос тұрған жердің есебінен 1 мың шаршы метрлік биік алаң орнатылып, «Астана — жаңа қала» атты Есілдің сол жағалауындағы қала құрылыстарының макеті қойылған. Онда Елбасының резидендиясы — Ақорда, Бәйтерек, Қазақстан Темір жолы, «Нұр-Астана» мешіті, «ҚазМұнайГаз» кәсіпорнының әкімшілік ғимараты, Ұлттық кітапхана, Көрме кешені, Орталық мұрағат, Қорғаныс министрлігі.Жоғарғы сот,Сыртқы істер министрлігі гимараттары.тұрғын үйлер, «Нұр жол» гүлзары, оның бойындағы субұрқақтар, барлығы қаз-қалпында, түпнұсқадан айнымаған калпында осында келіп қона қалған. Оның үстіне бұл алаң кешқұрым самаладай жарқырап, тіптеп көздің жа-уын алады. Ару Алматы қаласы құрылыстарының да шағын макеттері көз тартады. Алдымен әрине, көзге түсетін көгілдір Алатаудың ақбас шыңдары, оның стегіндегі Абай алаңы мен «Арман» кинотеатры, Алматының бір кездегі символы болған «Қазақстан» қонақүйі, тагы басқа көптеген әсем гимаратар өмірдегі көрікті келбетімен орныққан. Ал «Тәуелсіздік» алаңында қазіргі қала әкімінің ғимараты, Президенттің резиденциясы бар. Алматы облысы бойынтпа аты әмбеге аян Қапшағай СЭС-і, Аңырақай шайқасының орнындағы еекерткіш, Ш. Уәлиханов мемориалдық кешені, Уәли байдың мешіті, Райымбек бабамыздың, Қарасай батырдың, Н. Тілендиевтің ескерткіштері менмүндалайды. Ақтөбе облысынан мақтан етерлік тоғыз нысан түр. Соның ішінде Хромтаудагы Дөң кен-байыту комбипаты, металлургтердің мәдениет үйі, Көтібар, Есет батырлардың кесенесі, Әлияның ескерткіші мен Мүғалжар тауының сілемдері бар.

.

Облыстардың арасында толығырақ болып, жақсы көрінетіндерінің бірі — Атырау облысы. Оған сол облыстың әкімі болып тұрғапда белгілі қайраткер, қазіргі Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов көп үлес қосқан екен. Жақсы жанаитырдың арқасында Атырау өңірі жайнап түр. Соның ішіндс иісі қазақстандықтардың мақтанышы Каспий теңізі бойындағы барымен толықсып жатыр. Қалаберді осы өлкенің байлығы — мұнай өңдейтін бірнеше нысанның макеті, Құрманғазы мазарының, көриекті мәдени мекемелер, тамаша қонақүйлер, мүражайлармен қатар ежелгі Сарайшық каласының мемориалдық қорығы карта макетпен көрсетілген.

.

memorial-kartaКешенде Батыс Қазақстан обылысынан 20 нысан тұр. Сөйтіп, бүрынғы әкімі Қырымбек Көшербаевтың арқасында Астанада болған-алыс жақын жердің қонағы батысымыздағы мәдени байлыққа, сәулет енерінің жәдігерлеріне,тарихи орындарға бай екендігін көреді, Барып көрсе де болады екен-ау деген сезім де көнілде туып қалары сөзсіз. Әсіресе, Жәңгір ханның үйі мен кесенесі, Дәулеткерейдің мазары еріксіз көз тартады.
Киелі Әулиеата өлкесі, Жамбыл облысынан Көшек батыр мазары, Қарахан, Айша бибі, Шоқай күмбездерінің макеті көз қызықтырады. Бұл облыс көбіне-көп өз өлкесіндсгі тарихи орындарға назар аударткысы келгені сезіледі. Серік Үмбетов осы облыстың әкімі болып тұрған кезде кешенді өзі келіп аралап, басқарған аймағын жаксы қырынан көрсетуге еңбек сіңірген екен.
«Атамекенге» қатты көңіл бөліп, өз облысын лайықты көрсетуге тырысқан әкімдердің бірі Қарағанды облысының әкімі Қамалтин Мүхамеджанов екен. Соның арқасында Қараганды жеріидегі Алаша хан мен Домбауыл кесенелері, Қарқаралыдағы Абай үйі секілді тари-хи орындар, облыс орталығындағы бірнеше сиулетті қүрылыстардың макеті жасалыпты. Соның ішінде кепшілердің мәдениет сарайы, темір жол вокзалының ғимараты, атақты металлургия комбинаты мен Ертіс-Қарағанды каналының сұлбасы көрінеді.

Қостанай обылысыпан Қазақстанның ашық картасында «Соколов-Сарыбай» кен байыту және «Қостанайасбест» комбинаттарының, «Қарабатыр» агрофирмасының әкімшілік ғимараты, ал мәдеии мұралардан — Шақшақ Жәнібек батырдың мемориалдык муражайьг, Торғай мешіті, т.б. орын алған.
Тарихи орындары көп Оңтүстік Қазақстан облысы да картада молынан көрсетілген. Онда Қожа Ахмет Яссауи мен Арыстан бабтың, Бәйбібек би мен Домалақ ана кесенелері, Қаратаудың сілемдері мен Отырар қаласының орны әсем көрсетілген. Индустриялы облыстардың бірі Пав-лодар өңірі негізінен аса ірі кәсіпорындар аркылы көрсетілмек болған тирізді. Өйткені ол Екібастұз СЭС-і, «Қазақстан алюминий зауыты», «Богатырь» кен орны, «Ақсу ферроқортпа зауыты» арқылы көрініп, мәдени орындардан Мәшһүр Жүсіп мешіті бейнеленген. Шығыс Қазақстан обылысы негізінен кәсінорындарымен көрінген. Облыс орталыгы жақтағы аймақта Алтай таулары мен Шульба, Бүқтырма, Өскемен СЭС-і орналасқан. Ал Семей өңірінде Абай мен Шәкәрім кесенесі, Курчатовтағы ядролык орталық, қаладағы Ертістен өтетін үлкен көпір бар. Қысты күндері макеттер жабылып, қар басып қалмайтындай етіліп коршалады да, жүмысы ерте көктемнен басталады. Сол кезде суретші, дизайнерлер, сәулетшілер жаппай жұмысқа кіріседі. Кешеннің көрмелік кана емес, экономикалык көрсеткіш ретіндегі де маңызы бар. Елімізге кслген кейбір инвесторлар ақша қүятьгн аймағын көрсетуді сүрайды. Ал онда темір жол болып, электр қуаты жеткізіліп тұрғанын көрсе, кәдімгідей көңілденіп қалады екен. Осы орайда, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-тың елдің барлық аймақтарындағы өз жолдарының макетін тегін жасап бергенін жаксы үрдіске баладық. Ал КЭГОК компаниясы электр куаты желілерінің макетін карта бойына тартып беруді қолға алған. Міне, еліміздін бар мактанышы «Атамекеннің» бүгінгі тыныс-тіршілігі осындай.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.