Атеросклероз ауруы — Қан тамырының тығыздануы

Главная » Рефераттар » Атеросклероз ауруы — Қан тамырының тығыздануы

388qЖүрек қан тамыры ауруының ішінде атеросклероз жиірек кездеседі. Бұл ауру көбінесе ми мен жүрекке қан жеткізіп тұратын қан тамырларды зақымдайды. Атеросклероз ауруы адамның творчестволық қабілеті мен іскерлігін кемітеді. Адам организмі мезгілінен ерте тозады, адам ерте қартая бастайды.  Ғалымдар өткен ғасырда атеросклерозды тек қарттыққа тән құбылыс деген болатын. Оны өз алдына ауру деп түсінбеді. Сондықтан атеросклерозға қарсы медициналық ем жасауды ол кезде пайдасыз деп есептеді. Медицина ғылымының табыстары алға басып өрістеген сайын атеросклероздың себебі табылып, сыры ашылды. Ғылымның соңғы кездегі жетістігі атеросклероздың тек бір ғана органның емес, жалпы қан тамырды қамтитын күрделі ауру екенін дәлелдеді. Атеросклерозбен қарттармен қатар жасы қырыққа жетпеген адамдар да, ауратыны анықталды. Организмде қоректік заттардың, онық ішінде холестериннің алмасуының бұзылуы атеросклероз ауруының басталғанын дәлелдеді. Холестерин де глюкоза және белоктың химиялық қосындылары секілді организм тіршілігі үшін керекті, құнды зат, онсыз адам өмір сүре алмайды. Өйткені холестерин әрбір клетканың құрамына кіреді, әсіресе нерв тканінің тіршілігі үшін өте маңызды. Сондықтан табиғи жағдайда тағам құрамынан түзілген холестерин организмнің мұқтажын толық қанағаттандыра алмағандықтан, оны организм өз қорындағы белок пен углеводтан құрап, синтездеп толықтырады. Бауыр мен ішекте организмге керегінше — тәулігіне 2—3 гр. холестерин синтезделеді. Адам оның жарты грамдайын тамақтан алса, қалғанын өз денесінің қорынан жетістіреді. Адам сау кезде холестериннің белгілі бір мөлшерде синтезделіп, жұмсалуын реттейтін организмнің механизмі басқарады. Холестерин қан құрамындағы белок және фосфолипиды (майға ұқсас бөлшек) мен қосылып денеге тарайды. Осы күрделі қосылысты липопротеин дейді. Бұлардың түрі, салмағы және қан тамыр астарына жабысып орналасуы бірдей емес. Зерттеу нәтижесіне қарағанда ірі липопротеиндердің бөлшектері жабысқыш келеді. Сол қан тамыр астарының холестерин жиналған жеріне кейін дәнекер тканьдер өседі. Бұдан қан тамырының тысы тығызданып қатаяды, қан жолы тарылады, кейде тіпті қан ұйып (тромба), жолы бітеледі. Бұл жағдай жүрек пен миға қан келуін бұзады. Тіпті жүрек инфарктысының (жүрек етінің елжіреуі) басталуы ғажап емес. Ішіп-жеген тағамның сан-сапасына және режиміне байланысты атеросклероз бірде тез білінсе, бірде білдірмей баяу басталады. Айталық майлы тамаққа үйір, қомағай, оның үстіне қара жұмыс істемейтін, жатып ішер еріншектер бұл аурумен көп ауырады. Мұндай адамның қанын зерттегенде холестериннің мөлшері нормадан анағұрлым артық екендігі анықталды.

Бірақ тәжірибеде кейбір адамдар ұзақ жылдар майлы және холестеринге бай тамақ жесе де атеросклерозбен ауырмайды. Бұдан олардың қан құрамындағы холестериниің мөлшері нормадан аспағанын аңгарамыз. Сөйтіп атеросклероздың пайда болуы жеке организмнің өзіне тән қасиетіне байланысты екені байқалады. Мысалы, тәртіпсіз ағыл-тегіл жеген майлы тамақ адамды атеросклероз-ға ұшыратса, екінші бір сондай адамға әсер әтпейді. Орыстың ұлы клиницистері С. П. Боткин және А. А. Остроумов атеросклероздың пайда болуы тамақ түрінен басқа нерв жүйесінің функциясына да байланыеты екенін еСкерткен-ді. Кейін академик И. П. Павлов өз шәкірттерімен организмдегі холестериниіц алмасуына орталык нерв жүйесінің.ықпал етуіне мынадай дәлел келтірді: ол емтихан алдында студенттердің, операция алдында ауру адамның, сахнага шыгар алдында артистердің қандарын-да холестериннің нормадан асқандығын мысалға келтірді. Нерв жүйесінің орталығы ми зақымданса да қанда холестерин көбейеді… Осы келтірген мысалдар денеде холестерин йлмасуынын бұзылуы орталық нерв жүйесінің ақуалына байланысты екендігіне дәлел.

Орталық нерв жүйесінің механизмі табиғи жағдайда организмдегі қоректік заттарды, оның ішінде холестерин-ді белгілі бір шамадан асырмайды, егер нормадан асса, холестеринді организмге зиянсыз етуге тырысады. Егер бұл механизм бұзылса, организмдегі қоректік заттардың алмасуы бұзылады. Әсіресе майлы тағамдар қанға нормадан көп барады. Организмге қанның тарауы жөнінде иерв жүйесінің атқаратын ролі зор. Нерв жүйесінің осы функциясының бұзылуы да атеросклероз ауруының пайда болуына себеп болады. Сонымен атеросклероздан сақта-нудың басты шартьг нерв жүйөсін зақымдайтын, оны ау-руға шалдықтыратын зиянды әдет-ғұрыптан және басқа да факторлардан аулақ болған жөн. Ондай зиянды әдет-ғұрыптарға нерв жүйесін қажытатын ақыл-ой еңбегі мен қайғы-қасіретке салынып, мінезін өзгерту, темекі никотині мен алкогольдің нервті ұзақ уландыруы, жұқпалы аурулардың салдары және басқалар жатады.

Арак жүрек қан тамырын атеросклерозға ұшыратумен катар бауыр функциясын да ауыр закымдайды. Қоректік заттардың, әсіресе холестериннің организмдегі алмасуын реттеуде бауырдың аткаратын ролі күшті. Сондықтан бұл органның саулығын көз карашығындай күткен жөн. Темекінің де осы ауруға шалдыктыратынын көрсету үшін мынадай тәжірибені келтірелік: сау коянның денесіне холестеринге коса темекіден бөлінген у — никотинді қоса жегізгенде коянда жалғыз холестериннің өзіне карағандағыдан әлде кайда басым атеросклероздың ауыр түрі басталған. Көптеген темекі кұмарлардың кейде жүрегі және басынын шаншып, сығып ауруының себебі никотиннің осы органдарды уландырып қан тамырларын атеррсклерозға ұшыратканының белгісі. Темекі уы көптеген кісілердің аяқ кан тамырларының қан жүретін жолын тарылтады, тіпті бітейді (облитерирующий эндартериит). Бұл ауруда адамның аяғы каксап ауырады, ақсайды, түбі аякты кесуге соктырады.

Атеросклероз, әсіресе егде адамдарға үйір. Сондықтан олардың күнделікті тағамында холестеринге бай азык-түліктін аз болғаны жөн. Қарттар тамағының дені өсімдік пен өсімдік майы және сүттен болатын болсын. Осы азык-түліктерде холестеринге қарсы және басқа коректік заттардың бойға сіңуін реттейтін негізгі заттар мол болады. Әсіресе сүттен жасалған тағамдарда метиониң және холин секілді заттар холестеринді канда өсірмей атеросклерозға карсы күреседі.

Атеросклерозбен ауырып жүрген немесе бұған бейім адамдардың тағамында С, В12, Вб секілді витамин топтары мол болуы тиіс. Бұл витаминдер итмұрын (шиповник), жас овощь, және жеміс жидектерде, әсіресе сәбіз, көк жуа, картоп, помидор, капуста, каракат, лимон, апельсинде көбірек болады. Соидықтан да осы айтылған овощ, жеміс азық-түліктері егде тартқан адамдардың дастарханынан молырақ орын алуы тиіс дейміз.

Қан қысымы артқанда және кан тамыр құрысқанда холестерин кан алқабынан өтіп, кан тамыр тысына жиналып, атеросклероз ауруының басталуына жағдай туғызады. Сондықтан гипертония (бұл жайында кейінірек айтамыз) және жүрек қысласын мезгілінде емдеу атеросклероздан сактайды.

Адам өмірінде, әсіресе, атеросклероздан сақтануда ұйқының маңызы күшті. Ұйкы қашу немесе шала ұйыктау адамды новрозға (ашушаңдыққа) ұшыратады, нерв — жүйесін зақымдайды. Күнде кажып шаршаған клеткалары жақсы ұйқыдан кейін (үлкендер үшін сегіз сағат) тынығады, ал түнгі сменада жұмыс істейтіндер күндіз ұйқысыи қандыруы тиіс. Ұйқының адамды атеросклероз ауруынан сақтайтын емдік қасиетін мына тәжірибеден аңғаруға болады: қоянға ұйықтататын барбамил (хлоралгидрат) дәрісін беріп, кейін денесіне холестерин енгізгенде онда атеросклероздың ізі де білінбеді. Ал қоянның ұйқысын қашыратын фенамин дәрісін бергеннен кейін холестерин енгізгенде, бның қан тамыры, әсіресе қолқасы атеросклерозға ұшырады. Бұл аурудан сақтанудың тағы бір жолы — ұйқыны жақсарту.

Атеросклероздан сақтануда дене шынықтырудың маңызы зор. Бұғак спорт, туризм және басқа да дене қозғалыстары жатады. Дене тәрбиесінде адамның ауа мен тағамды қажет етуі сияқты онымен бала кезден бастап үзбей шұғылданған жөн. Сонда ғана адамның организмі бірдей ширап, бұлшық еттері тастай, қатты болады. Адамның нерв жүйесі және ішкі органдарының жұмысы жақсарады, адам өз бойына түрлі ауруларға берілмейтін қасиет жияды. Сондықтан әрбір азамат: ертеңгі жаттығу гимнастикасын жасауда, таза ауада қыдыруды, жазда суда жүзуді, қайықпен ескек есуді, қыста шаңғы тебуді, мұзда сырғанауды, сөйтіп, ақыл-ой жұмысын дене шынықтырумен ұштастырып отыруда атеросклероздан және басқа да аурулардан сақтайтын бірден-бір дұрыс жол деп қарау керек.

Атеросклероз ауруын емдеуде ғылым бұрынғыдай құр қол емес. Соңғы кезде академик Н. Н. Аничков және оның шәкірттері ірі ғылыми қорытындыға келді. Олар қантамырға жиналған холестеринді ерітуге болатынын дәлелдеді. Бұл атеросклерозды емдеуге болады деген сөз. Арқаулы зерттеу нәтижесіне қарағанда кәдімгі йод тамшысын дәрігердің нұсқауымен ішіп жүрсе, оның емдік және профилактикалық қасиеті барлығы анықталды. Бірақ туберкулез, бүйрек ауруы, қан ағуға бейім (геморрагические диатезы) және тері ауруларын йодпен емдеуге болмайды. Соңғы кезде кейбір тағам орнына жүретін заттар (холин, метионин, беталин, лецетин) организмдеғі холестерин алмасуын реттеу үшін дәрі ретінде де беріліп жүр, Бұл салада да советтік медицина ғылымы іздену үстінде.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.