Ауғанстан әдебиеті

Home » Рефераттар » Ауғанстан әдебиеті
Рефераттар Комментариев нет

Ауғанстан әдебиеті — негізінен, пушту (пуштундар тілі) және дари (тәжік) тілдерінде дамыған. Пуштун әдебиеті пуштундардың бай фольклорлық мұрасынан бастау алады. Дари тіліндегі әдеби дәстүрлердің төркіні Х-ХІҮ ғасырдағы классикалық парсы поэзиясына тіреледі. Ауғанстанда қос тілді әдебиеттің дамуы ХҮІ ғасырдан басталады. Бұл пушту және дари тілінде сөйлейтін халықтардың этникалық шоғырлануының күшейе түсуімен тығыз байланысты. ХҮІ ғасырдың соңы – ХҮІІ ғасырдың басында адамдардың материалдық және рухани теңдігін уағыздаған қозғалыстар өрістеді. Бұл қозғалыстың негізін қалаушы Баязид Ансари әдебиетке өз философиялық ілімін енгізді. Бұл ілім Ауғанстан әдебиетінің демократиялық сипатын тереңдете түсті. Поэзиялық жанрлардың гүлдену кезеңі ХҮІІ – ХҮІІІ ғасырларға жатады (Хаттак Хушхалькан, Абдулхамид , Ахмад шаһ Дуррани). ХІХ ғасырдың 2-жартысында ауған халқының ағылшын отаршыларына қарсы азаттық күресінің ерлік шежіресі халық поэзиясында-тарихи поэмалар топтамасында, патриоттық мазмұндағы өлең-жырларда көрініс тапқан (Нұр сахиб, Нұриддин шығармашылығы). Ауғанстанда ең бірінші тарих ғылыми-көпшілігі (Шамсуннахар) газеті болады. Бұл атақты шығарма Шер Али Хан кезінде алғаш рет Кабул қаласында 1863-1864 жылдары баспадан шықты. Екіншісі Сора Жул Ахбар саяси-әлеуметтік газеті үш тілге ағылшын, француз, неміс тілдерінде басылады. Қазіргі заманғы Ауғанстан әдебиетінің негізін қалаушылар ХХ ғасырдың басындағы реформашылық, ағартушылық топтардың өкілдері болды (М.Тарзи). Бірақ тәуелсіздік қайта қалпына келтірілген 1919 жылдан кейін ғана әдебиет қоғамдық маңызға ие бола бастады. Отаншылдық, халыққа қызмет ету идеясы көптеген жазушылар шығармашылығының арқауына айналды (Г.М.Ауған , Салих Мұхаммед) «Оянған жастар» қозғалысына қатысушылар (40-50 жылдар) түбегейлі әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістер жолын жақтады (А.Бенава,Н.М. Тараки). Әлеуметтік өткір қайшылықтарды көрсете отырып, олар әдебиетте әділетсіздікке көнбіс, жігерсіз құрбандықтың тұрақты бейнесін жасады. Автор езілгендер мен әлсіздер жағында болса да, мұндай шығармалар, әдетте, тағдырға мойынсыну мен тығырыққа тірелген көңіл-күйді бейнеледі (К.Кадим,Г.П.Ульфат ). Ауғанстан жеріндегі сәулет және бейнелеу өнері ескерткіштері б.з.б. ІҮ-ІІІ мыңжылдықтарға жатады. Бактрия патшалығы кезіндегі өнерден эллиндер ықпалы қатты байқалады. Сондай-ақ саздан,шикі кірпіштен ,тастан салған көптеген будда ғибадатханаларының орны сақталған. Ал орта ғасырлардағы өнер Орта Азия, Иран, Үндістанның көркемдік дәстүрлерімен тығыз байланысты. Бейнелеу өнерінде миниатюра, әсіресе, ХҮ ғасырда белгілі Герат мектебі өте жақсы дамыған. Кемаледдин Бехзад ,оның шәкірті Қасым Әли, тағы басқа миниатюршылардың еңбектері белгілі. Елдегі театрландырылған көріністер Х-ХІІ ғасырлардағы ғазнауи шахтасының сарайларындағы көпшілік ойын-сауықтардан басталады. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана қазіргі театр өнеріне жол ашылды. Театр қызметкерлерін 1956 жылы ашылған театр мектебі және Кабулдағы «Похыни нындаре» театры жанындағы студия даярлайды. Ауған киносы 20 ғасырдың 60 жылдары ғана түсіріле бастады. 1968 жылы ашылған «Ауғанфильм» киностудиясы әуелі деректі фильмдер, 1970 жылы тұңғыш көркем фильм түсірді . Содан бері аңыздар желісімен елдің дамуындағы әр түрлі оқиғаларды арқау еткен әр жанрдағы фильмдер түсірілді. Ауғанстан музыка мәдениетінде пуштун, хазар, белудж, сондай-ақ өзбек, тәжік, түрікмен дәстүрлері сақталған. Тіпті көршілес парсы, үнді, арабтардың да әсері сезіледі. Музыка аспаптарынан шекті тамбур, рубаб, үрлемелі сырнай, ұрмалы дол, зирбағалы, т.б. белгілі. Ауғанстанда ежелгі ерте заманнан бүгінге дейін әсіресе хазара халықтарында алуан түрлі өнер оның ішінде сәулет, сурет, қол-өнер жақсы дамыды.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.