Ауғанстанның тарихи қалыптасуы

Home » Рефераттар » Ауғанстанның тарихи қалыптасуы
Рефераттар Комментариев нет

Әр елдің өзінің ғасырлар бойғы тарихы, әдебиеті, мәдениеті бар, соның ішінде Ауғанстанның даласының саяси-әлеуметтік, тарихи қалыптасуы ерекше. Осыған орай, біз Ауған студенттері туған отанымыздың тарихымен Сіздер хабардар болсын деп осы шағын мақаламызды жаздық. Тарихы. Қазіргі Ауғанстан жерінің Солтүстік бөлігін адамдар ежелгі тас дәуірінен, Оңтүстік бөлігін қола дәуірінен мекендей бастаған. Ең алғаш бұл жерде құрылған мемлекеттердің бірі Бактрия болды. Осыған байланысты Ауғанстан туралы алғашқы деректер 6 –шы ғасырдан сақталған. Бұл кезеңде ол Ахемен әулеті билеген Парсы империясының құрамында болды. 1-4 ғасырларында Ауғанстан жерінде Кушан патшалығы дәуірледі. 6 ғасырдың 60 жылдарында Ауғанстан жерінің бір бөлігі Түрік қағандығына, екінші бөлігі Сасан әулетіне бағынды. 7-8 ғасырларда Ауғанстан жерінің басым бөлігі арабтарға қарап, ислам діні кеңінен тарады. 1220 жылы елді Шыңғыс хан әскерлері жаулап алды. 16 ғасырларда Ауғанстан жерінде Ұлы Моғолдар мен Сефеви әулеті билік жүргізді. Орта Азиядан ығысқан Бабыр 1504 жыл Кабулды, кейін Ауған жерін тұтас жаулап алып, Ұлы Моғол әулетіне бағындырды. Жеке иеліктерге бөлінген Ауғанстан жерінде 1747 жыл Ахмад Шаһ Дуррани басқарған алғашқы Ауған мемлекеті орнады. Бірақ оның мұрагерлері тұсында мемлекет ыдырап, 1818 жыл Ахмад Шаһ әулеті де биліктен кетті. Елді қайта біріктірген Дос Мұхаммед хан 1835 жылы әмір атанды. Бұл уақытта Ауған жерін отарлауды көздеген ағылшындар елге басып кіріп (1838), Кабулды алғанымен, оларға қарсы күрес күшейіп, басқыншылар жеңіліп тынды (1842). Алайда ағылшын отаршылдарының Ауғанстанды басып алу ойы болды. 1878 жылы Ұлыбританияның 37 мың адамдық әскері Ауғанстанға тағы да басып кірді. Халық отаршылдардың бетін қайтарғанымен, елдің тәуелсіздігі шектеліп, сыртқы қарым- қатынасы Англияның бақылауында болды. 1919 жылы өкімет басына келген Аманулла хан Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялады. Англия мұны мойындаудан бас тартып, соғыс ашқанымен, 1919 жылғы Равалпинди шарты бойынша Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды(қ.Ағылшын-Ауған соғысы). 1973 жылға дейін Ауғанстанда монархиялық билік орнады. 1973 жылы әскери төңкеріс болып, республика жарияланды. 1978 жылы тағы да қанды төңкерістен кейін өкімет басына Революциялық кеңес келді. Оны қолдау үшін 1979 жыл желтоқсанда Ауғанстанға Кеңес Одағының әскерлері кіріп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді (қ. «Ауған соғысы»). Кеңес әскерлері шығарылғаннан кейін де, Ауғанстанда азамат соғысы жалғаса берді. Ұзаққа созылған соғыс елді әлсіретіп, халықты күйзеліске ұшыратты. 1993 жылы Ресейдің Наджиболла өкіметін қолдауын тоқтатып, моджахедтермен келіссөз жасауға көшуі Ауғанстандағы әскери-саяси жағдайды одан әрі өршітіп жіберді. Азияның көрікті қалаларының бірі-Кабул қатты қирады, оны барлық елдердің елшіліктері тастап шықты. Ауғанстан тұрғындарының 1/4 бөлігі көрші мемлекеттерге (негізінен, Пәкістан мен Иранға) қоныс аударды. 1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасының үкіметі Ауғанстандағы қазақтарды көшіріп әкелді. Билікке ұмтылған әр түрлі саяси күштердің, ұлттық тәуелсіздікті көксеген этникалық топтардың, «Талибан» қозғалысының, Р.Дустум жасақтарының арасындағы қарулы қақтығыстары елде ұлттық келісімнің орнауына, ұлттың бірлік негізінде қайта жаңғыртуға кедергі жасап отыр (1998).

Ауғандықтар. Ауғанстан халқы 20-дан астам әртүрлі этникалық топтардан құралған. Ұлт ретінде қалыптасу процесі 17–18 ғасырларда аяқталды. Саны 32 млн. оның ішінде 5 млн-ы кеңес–ауған соғысы, одан кейінгі уақытта орын алған ішкі жанжалдар салдарынан Пәкістан, Иран, сонымен қатар АҚШ, Канада және т.б. Батыс елдерінде тұрып жатқан босқындар (1996). Ауғанстанның 38%-ын пуштундар құрайды, олар дуррани, гильзай, хоттак, уәзір, африд, шинвар, моманд, юсуфзай, хужан, сафа, кака, сияқты тайпалар мен тайпалық одақтарға бөлінеді. Бұлардың барлығы да үлкен Еуропа расасының Үнді-Жерорта теңізі нәсіліне жатады, Үнді-еуропа және дари (тәжік) тілдер шоғырының иран тобына жататын пушту (пашто) тілдеріне сай келеді. Этногенезі толық анықталмаған, негізінен, үнді, тәжік, түркі халықтарының араласуы барысында қалыптасқан. Елдің батыс және солтүстік-батыс уәлаяттарында тәжіктер(25%), солтүстігінде – өзбектер (6%) мен түрікмендер, орталық бөлігінде хазарейлер (19 %), Герат, Гор уәлаяттарында Чаар–аймақтар тұрады, қалған этникалық топтардың (нуристандықтар, белуджелер, қырғыздар, қазақтар, қарақалпақтар, т.б.) әрқайсысының саны 100 мың адамнан аспайды. Ауғанстанның 10 % ғана қалаларда орналасқан. Халқының негізгі кәсібі–суармалы егіншілік пен көшпелі мал шаруашылығы.

Шаруашылығы. Ауғанстан—аграрлы ел. Экономикасының негізі – суармалы егіншілік пен мал шаруашылығы. Жалалабад каналы мен Сарда су қоймасы бар. Қой шаруашылығы жақсы дамыған. Сонымен қатар миллиондаған ешкі мен ірі қара, түйе мен жылқы өсіріледі. Бау-бақша өнімдері, бидай, жүгері, күріш, мақта, қант қызылшасы сияқты дақылдар өндіріледі.Ауғанстан, Ауғанстан ислам мемлекеті – Оңтүстік Батыс Азиядағы мемлекет. Аумағы 652, 2 мың км2. Астанасы – Кабул. (1,5 млн, 1992). Халқы 32 млн.адам. Ауғанстан жері 29 уәлаятқа және 2 округке бөлінеді. Мемлекеттік тілі – пушту және дари тілдері. Ислам дінін ұстанады (негізінен, сунниттер).

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.