Аудиториямен байланыс орнату

Главная » Рефераттар » Аудиториямен байланыс орнату

Көпшілік алдында сөйлеушілердің шеберлігінің ең жоғарғы көрінісі — ол аудиториямен байланыс орнату. Аудитория мен шешен арасындағы байланыс егер екі жағы да бірдей ойлау әрекетімен айналысып, ұқсас сезімдерді басынан кешіргенде гана орнайды. Шешен мен аудиторияның бірге ойлау өрекетін гылым тілінде зияткерлік ынтымактастық, ал үқсас сезімдерді бастан кешіруді — эмоционалдық түйсіктестік деп атайды. Егер шешен бір нөрсені айтса, ал тыңдаушы екінші бір нәрсені ойланып отырса, онда олардың арасында байла-ныс болмайды. Байланыстың сыртқы көрінісі аудитория мен шешеннің көңіл-күйінен, мінез-қүлқынан байқалады. Кейбір шешендерді демін шығармай, үйып тыңдай-ды. Екінші бір шешендер сөйлегенде де аудиторияда үнсіздік болады, бірақ, бүл бір сөзін жібермей тыңдай-ықшы деген көңілден шыққан тыныштық емес, өдеттегі «сыпайылық» тыныштығы. Сондықтан да тыныштық аудитория мен шешен арасында орнаған байланыстың белгісі бола алмайды.

.

Егер шешен өзін-өзі еркін, сенімді үстап, тыңдауншларға жиі сөз тастап, барлық залды көз шолымынан шығармай түрса, онда оның тыңдаушылардың жүрегіне жол тауып, олармен қажетті байланыс орнатқаны. Аудиториямен байланыс орнатуға қабілеті жетпейтін шешен әдетте, сөзі бөлініп, абыр-сабыр сөйлеп, тыңдаушыларды көрмейді, олардың көңіл-күйіне назар аудармайды, тіпті оған шамасы да келмейді. Шешенге кейде бүкіл аудиторияның емес, оның тек бір бөлігімен қатынас орнатудың сәті түседі. Байланыс дегеніміз — өзгермелі өлшем. Ол толық және жартылай, түрақты және түрақсыз болуы шешеннің сөйлеу барысында өзгеріп отыруы мүмкін. Әрине, әрбір сөйлеушіге өзінің тыңдаушыларымен толық, сөздің аяғына дейін жететіндей түрақты байланыс орнатқан дүрыс. Ол үшін кейбір факторларды ескерген жөн.

Тыңдаушылармен байланыс орнатуға әсер ететін факторлар:
— талқыланатын мәселенің маңыздылығы;
— осы мәселені түсіндірудегі жаңалықтар;
— сөз мазмүнының қызықтылығы;
— тыңдаушылардың бүл сөзге, мәселеге ықпалы. Мынадай бір оқиғаны айта кетуге болады.
«Бір күні кешке екі кездесу жоспарланыпты: бір жерде атақты академиктің дәрісі де, екінші жерде атақты клоунмен кездесу. Бірақ кездесуді үйымдастырушылар бөрін шатастырып алыпты. Академикті цирк жанкүйерлеріне алып келеді де, клоунды дәріс тыңдауды күтіп отырғандарға алып келеді. Не болды дейсіздер ғой? Клоун қанша тырысса да ешкім күлмейді, ал кейбіреулері тіпті бірдемелерді жазып жатады. Оның есесіне академиктің дәрісінде жүрттың бәрі шегі қата күледі де, ал академик байғүс менің ғылыми-зерттеулерімде кісі күлетіндей не бар деп дал болады» (П.Таранов. Сендірудің 1000 тәсілі); — тыңдаушылардың сөз тақырыбы болып отырған мәселеден хабардарлықтары. Аудиторияның бүл мәселеден хабары неғүрлым аз болса, шешен соғүрлым ақпаратты ыждақатпен жинауы керек; — хабар нақты адресатқа бағытталуы керек. Осыған байланысты Д.Карнеги болашақ шешендерге мынандай кеңес береді:

.

«Тыңдаушылармен олардың қазір орындарынан түрып, сізге жауап беруін күтіп түрған адамдай сөйлесіңіз. Көз алдыңызға сізге біреу сүрақ беріп, сіз оған жауап беріп түрғандай елестетіңіз. Дауыстап «Сіз менің оны қайдан білетінімді сүрадыңыз ғой? Қазір мен сізге айтайын» деп айтыңыз. Мүндай жағдайлар нағыз табиғи болып көрінеді де, сіздің сөзіңіз бүдан былай ресмиліктен қалады, ол бүл сөзге жылы шырай беріп, адамдық қалыпқа түседі».
— хабарлама дәл, қысқа болуы керек. Мүндай жағдайда ол тыңдаушыларды зеріктірмей, мәселенің мәнісін тез түсінуге жәрдемдеседі;
— ақпаратты баяндау түрі жеңіл, түсінікті болуы керек. Адамдармен олардың үйреншікті тілінде сөйлесудің маңызы зор;
— сөз тақырыбы орынды болуы керек. Күнделікті өмірде ептеп біліп, әңгімелеп жүрген нәрселер ресми кездесулерде, аудиторияда қажетсіз, күлкілі, тіпті орын-сыз болуы мүмкін. Аудиторияның көңіл-күйі әр түрлі сөттерге байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, банкетке жиналған кісілерге үзақ сөз тыңдау тіпті орынсыз;
— талңыланып отырған мәселені шешудің қиындығына баса назар аударылуы керек. Бұл тыңдаушылардың айтылған ақпаратты қабылдауын жеңілдетеді;
— мәселені шешу үшін балама нүсқауларды ұсыну керек, олардың жағымды және жағымсыз жақтарын көрсету қажет. Бұл да тыңдаушының ақпаратты қабылдауын жеңілдетеді;
— шешеннің түлғасы, оның беделі, ол туралы қалыптасқан пікірлер аудиториямен байланыс жасауға үлкен әсер етеді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.