AutoCAD бағдарламасы

Главная » Рефераттар » AutoCAD бағдарламасы

AutoCAD бағдарламасының алғашқы нұсқасын американың Autodesk фирмасы XX ғасырдың 80-жылдары шығарды. Бағдарлама бірден өзіндік дайындауы мен қолданушыға ыңғайлығымен өзіне назар аудартты. Жүйенің үнемі дамуы, ескертулер есебі, басқа фирмалардың жаңа өнімдерінен байланысуы (бірінші болып Microsoft) Auto CAD бағдарламасын бағдарламалық қамсыздандыру нарығының әлемдік басшысы етті. AutoCAD жүйесі қондырылатын дербес компьютер белгілі бір талаптарды қанағаттандыруы керек. Мұндай талаптарға сай болу үшін 500 МГц процессорлік Pentium III-тен жоғары болатын компьютер, 256 Мбайт оперативтік жады, 2 Гбайт винчестер (қатты диск), винчестор бағдарламалык қамсыздандыру үшін 350 Мбайт, жұмыс жасау кезіңде құрылатын уақытша файлдар үшін 250 Мбайт бос болуы қажет. Сонымен қатар компьютерде операциялық жүйелердің бірі қондырылуы керек. Бағдарламаны іске қосу үшін жұмыс үстелінде орналасқан жарлығын тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерту қажет. Бағдарламаны іске қосудың тағы да бір жолы Іске қосу Бағдарламалар — AutoCAD 2006 — AutoCAD 2006 бұйрық жолдарын орындау арқылы жүреді. Auto CAD 2006 бағдарламасы толықтай жүктелгеннен кейін жұмысты бастау (Start up) сүқбаттасу терезесі пайда болады. Бұл терезеде керекті жұмыс режимін таңдауға болады. Көрсетілген батырмаларды шерткенне кейін, таңдалған үлкен батырма өзінің жағдайын «басылған» күйге, ал терезенің жоғарғы оң жағындағы жазба мәтін мазмұны батырма атына өзгереді. Сұқбаттасу терезесімен жұмысты аяқтау үшін ОК батырмасын шерту қажет.
Егер жаңа бос сурет қүру керек болса, онда Startup (Жұмысты бастау) терезесіндегі Start from Scratch (Қарапайым шаблон) батырмасын пайдалану керек. Бұл режим келісім бойынша ұсынылады. Бұл шаблонда ең аз орнатуымен жаңа бос сызу құрылады. Қолданушы оның қандай өлшем бірлікте жұмыс жасайтынын білу керек: Imperial (feet and inches) (ағылшынша — фут пен дюйм) немесе Metric (метрикалық). Екінші нұсқа біздің жағдайда ыңғайлы.
Қолданушы Use a Template (Шаблон бойынша) режимін таңдауда жұмысты толықтай жаңадан бастамай, әртүрлі форматтағы дайын шаблондарды қолдана алады (жиектеулер, штамптар және т.б.сызықтар мен орнатулар болуы мүмкін). Use a Wizard (Шеберді шақыру) режимі жаңа суретті баптауға шебер бағдарламаларының бірін шақыруға мүмкіндік береді. Start from Scratch (Қарапайым шаблон) режимін келісім бойынша қолданады. Ашылған терезеде AutoCAD жұмыс алаңы элементтерімен танысайық. Экранның орта бөлігі — бұл суреттің көрінетін бөлігі тұратын негізгі жұмыс алаңы (қалған бөлігі жоғары, төмен, оң және сол жақтарда орналасуы мүмкін). Курсорды бұл бөлікте (одан әрі қарай графикалық экран деп аталады) қозғаған кезде, курсор қиылысу нүктесінде төртбұрышты нысаналы сызықтардың қиылысу түрінде болады. Қиылысқан сызықтардың ұзындығы CURSORSIZE жүйелік айнымалы көмегімен беріледі. Графикалық экранның төменгі сол жақ бұрышында координаттар жүйесінің өстер белгісі орналасқан (4 цифрмен белгіленген). Экранның жоғарғы қатары меню қатары деп аталады. Қатар File (Файл), Edit (Түзету), View (Түр), Insert (Енгізу), Format (Формат), Tools (Сервис), Draw (Сурет салы), Dimension (Өлшем), Modify (Редакт), Express (Экспресс), Window (Терезе), Help (Анықтама) менюлерінен тұрады. Әрбір менюдің ішкі бұйрықтары бар. Графикалық экранның төменгі жағында Model (Үлгі), Layout 1 (1-парақ) және Layout 2 (2-парақ) (7-элементтер) қосымша батырмалары орналасқан. Қосымшалар үлгі кеңістігі мен парақтар арасындағы ауыстыру кезінде қолданылады. Қосымшалар атының сол жағындағы үшбұрышты батырмалар қосымшаның тізімдері бойынша екі бағытта да қозғалуға мүмкіндік береді. Қосымшаның оң жағында графикалық экран үшін көлденең айналдыру сызғыштары орналасқан. Тік айналдыру сызғыштары графикалық экранның оң жағында орналасқан. Экранның төменгі жағында (11) Command: (Бұйрық:) формасында қолданушының жүйемен сұқбаттасуы жүреді. Бұл жерде енгізілген бүйрықтар мен AutoCAD жауаптары (немесе сұрақтары) көрінеді. Бұл аймақ бұйрықтар қатарының аймағы деп те аталады. Command: (Бұйрық:) соңғы жолы бұйрық қатары деп аталады. Бұйрықтар қатарының төменгі аймағында координат есепшісі мен режимдердің төртбұрышты батырмалары бар қалып-күй қатары орналасқан. Режим батырмалары: SNAP (ҚАДАМ), GRID (TOP), ORTHO (OPTO), POLAR (ОТС-ПОЛЯР), OSNAP (БАЙЛАНЫСУ), OTRACK (ОТС-ПРИВ), LWT (BEC), MODEL (ҮЛГІ). Координат есепшісі сызу аумағында бағыттау үшін қолданылады. Ол өзінің үш координаттық мәнін тышқан көрсеткішін графикалық экран бойынша қозғалу кезінде өзгертеді. Есепші <Ғ6> функционалдық пернесі арқылы сөндірулі болуы мүмкін. Аталған пернені таңдау арқылы қайтадан қосуға болады. Есепшіні қосу және сөндірудің тағы да бір тәсілі тышқанның сол батырмасымен есепші қатарында шерту керек.

.

AutoCAD бағдарламасының режимдері

ҚАДАМ (SNAP) батырмасы байланысу режимін тордың нүктесіне белплі бір қадаммен немесе бұрыштық байланысуға қосады немесе сөндіреді (орнын ауыстыру берілген қадам бойынша тік сызықты сегменттер арқылы жүзеге асады). ҚАДАМ (SNAP) батырмасының жұмысын <Ғ9> функционалдық пернесі де атқарады. TOP (GRID) батырмасы қадаммен бапталған нүктелерден құрылған торды лимиттер аймағында қосады немесе сөндіреді. Ұқсас батырма болып <Ғ7> функционалдық пернесі табылады. ОРТО (ORTHO) батырмасы ортогональдық режимді қосады немесе сөндіреді. Егер аталған режим қосулы болса, онда AutoCAD жаңадан тұрғызылатын тік сызықты кесінді сегменттері мен поли сызығын тігінен немесе көлденеңнен жөндеуді бастайды. ПОЛЯР (POLAR) батырмасы ОРТО (ORTHO) режимін бірнеше қадаммен бапталған бұрышқа кеңейтілген түрі болып табылады. Батырма полярлық қадағалау режимін қосады немесе сөндіреді. Батырмаға сәйкес <Ғ10> функционалдық пернесі болып табылады. ВЫРВ (OSNAP) батырмасы объектілер байланысуының (байланысу тізімдері бапталады) берілген функцяларының тұрақты әрекеттер режимін қосады немесе сөндіреді. Объектіден нүктелерді көрсетілсе, AutoCAD жүйесі аталған объектіге сәйкес объектілерді байланыстыру функциясын есептейді (яғни, соңғы немесе ортаңғы нүктесін, және т.с.с). Батырмаға сәйкес <ҒЗ> функционалдық пернесі болып табылады. СЛЕД (OTRACK) батырмасы көмегімен қадағалау режимін қосқанда объектті байланыстыру кезінде AutoCAD объектілерді байланыстыруды қолдауды көрсетуде аралық нүктеден полярлық қадағалауды қолдануға мүмкіндік береді. Ұқсас батырма болып <Ғ11> функционалдық пернесі табылады. ВЕС (LWT) батырмасы сызу элементтерінің салмағын көрсететін режимді қосады немесе сөндіреді. Сызық салмағы — бұл сыртқы құрылғыға шығатын сызық ені. МОДЕЛЪ (MODEL) батырмасы үлгі және парақ кеңістіктері арасында ауыстырып қосуға мүмкіндік береді.

.
.

Бұйрықтарды енгізу тәсілдері. AutoCAD жүйесі қолданушының интерактивті жұмысы үшін кұрылған. Жүйемен сұқбаттасу бұйрық ішінде жүреді. Бұйрықты енгізудің ең қарапайым тәсілі — Бұйрық: (Command:) шақыруына бұйрық қатарына пернетақтадан жауапты енгізу болып табылады. Бұйрықты енгізіп, <Enter> пернесін басқаннан кейін AutoCAD жүйесі бұйрықтарды өндеуді бастайды. Бұйрықтар қатарында терілгенді мәтінді <—», «—>, <Del>, <Backspace> пернелерін пайдалану арқылы түзетуді <Enter> пернесін баспастан бұрын жасау керек. Бұйрықты енгізудің басқа тәсілі бар. Ол экран менюі немесе құралдар тақтасы. Бұйрық: (Command:) сұранысына <Enter> пернесін басса, онда AutoCAD алдыңғы бұйрықты қайтадан шақырады. Кез келген жұмысын бастаған бұйрықты <Esc> пернесін басу арқылы тоқтатуға болады. Autocad01

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.