Ауыл шаруашылық өнімдерін дамыту бағыттары

Главная » Рефераттар » Ауыл шаруашылық өнімдерін дамыту бағыттары

Қазіргі заманғы экономика — бұл жоғары технологияларға,барлық салалары мен сегменттеріне, инновацияларды және ғылым мен біліктілікті қажетсінетін экономика. Жалпы экономиканың тиімді дамуында аумақ экономикасының алатын орны айрықша. Аумақ – біріншіден, бұл елдің белгілі- бір бөліміндегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе. Екіншіден, ол елдің біртұтас экономикалық кешенінде дамитын өндіруші, тұтынушы және өспелі өндірістік үрдістерді ұйымдастырушы. Елімізде әлеуметтік-экономикалық қана емес, саяси салмағы да басым жетекші салалардың бірі-ауыл шаруашылығы. Ал ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды саласы-мал шаруашылығы болып табылады. Оның міндеті халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, ал азық – түлік, тоқыма, былғары, парфюрма және басқада кейбір өнеркәсіп салаларының шикізатқа деген қажетін өтеу.
Мал шаруашылығы өнімдері өте көп, мысал ретінде ешкі өніміне тоқталып, ешкіден алы-натын өнімнің адамға пайдалы екенін зерттелік. Біздің елімізде ешкі сүтін өндіретін өндіріс орындары жоқтың қасы, осы жағдайды ескере келе ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасының мол екенін және елімізде осындай өндіріс орнын ашу қажеттілігін зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды. Біріншіден, ешкіден алынатын өнімге тоқталайық: Ешкіден сүт, ет, тері, жүні, түбіті сияқты бағалы өнімдер өндіріледі. Әрбір өнім өзіндік ерекшелік қасиеттерге ие. Ешкі сүтінің биологиялық және химиялық қасиеті; Ешкі сүтін сиыр сүтімен салыстырғанда,ешкі сүтінде май, белок және минералды тұздар көп болады. Мысалы, сиыр сүтінің майлылығы 3,4%, белогы 3,9%, ал ешкі сүтінің майлылығы 4,37 %, ал белогы 4,49 % болып келеді, сонымен қатар ешкі сүтінің қанты да жеңіл қорытылып сіңеді және кальций, фосфор, кобальт элементтері В тобының витаминдері көп болады. Осының бәрі ешкі сүтінін қасиеттерін көбейтіп, адам үшін аса құнды диеталық тағам екені дәлелді. Ешкі сүті инфекцияға, геморияға қарсы қасиеттері бар. Ешкі сүтінің құрамы олардың тұқымына, жасына, сауылу мерзіміне, азықтар құрамына байланысты бір шама өзгеріп тұрады, бірақ орта есеппен алғанда, ешкі сүті әйел ананың сүтіне жақын келеді. Сондықтан жас баланы қоректендіруге сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүті жұғымдырақ болады. Ешкі еті. Дәмді еттер лақ және піштіріліп семіртілген серкелерден алынады. Жақсы азықтанғанда серкелер 6-айында сойыс салмағына жетіп, еті дәмді болады, 8-айлық серкелер 29-34 кг тартып, олардан 16-17 кг ет, 15-17 кг іш май өнімі алынады. Ешкі еті басқа мал еттерімен салыстырғанда сіңімді диеталық қасиеті жоғары болып келеді.
Ешкі түбіті мен жүні: Тұқымдық ерекшеліктеріне қарай ешкі жүні жуандау болып келеді. Қазақстанда өсірлетін ешкілер жүнінің сапасы жағынан Ангор ешкісінің жүніне жақын, бір келкі жылтыр созылмалы болып келеді. Ешкі түбітінен тоқылатын бұйымдар әрі жылы, әрі әдемі бо-лып шығады. Ешкінің жүнінде, түбітінде қолдану мол және бағалы өнім екені әйгілі. Сойылған ешкілерден өте бағалы тері алынады. Ешкі терісі қой терісіне қарағанда тығыз да мықты келеді. Жалпы ешкі терісінен ең жақсы терілік бұйымдар, аяқ киімдер тігіледі, жүнді, түбітті терілерден не бір жақсы мех бұйымдары әзірленеді.
Сонымен қатар сойылған малдың қарынан пепсин, ал ішкі секреция бездерінен адамға және малға қажетті гармон бар әр түрлі препараттар алады, қаннан гематоген, гемокрит және басқада емдік дәрілер дайындалады. Сонымен қоса халықтың, адамдардың үй тұрмысын көркейту үшін мүйізі, сүйектері пайдаланылады.
Ешкінің қиын егісті алқаптарға төгуге болады, ешкі қиы жерді босатып егістін шығуына көп пайдасын тигізеді. Ешкіден сүт, ет, жүн, түбіт сияқты бағалы өнімдер өндіріледі. Алынған өнімдерді мейлінше көп өндіріп, өзіндік құнын арзандатсақ ешкіден келетін пайда мол болады [1].
Қазіргі таңда дүние жүзіндегі өзекті мәселелердің бірі азық-түлік қауіпсіздігі болып отыр. Азық-түлік мәселесі оған деген сұраныстын артуы мен шарықтаған бағасын құқықтық тұрғыдан реттеу мемлекеттің басты мақсаты. Қандай мемлекет болмасын оның экономикасының әр түрлі салаларының дамуы бірімен бірі тығыз байланыста болады. Қазақстанда азық-түлік бағасының көтерілуі оған зәріулік байқалуы, энергия көздеріне сұраныстың артуы салдарынан бағанын өсуінен, әлемде орын алып отырған азық-түлікке деген үлкен сұраныспен ресми және бейресми алым-салықтардың көбеюімен және т.б. факторлармен байланысты. Бұлардың барлығы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне теріс әсер етіп отыр. Нақты айтар болсақ, агроөнеркәсіптік кешенін да-муы, қазіргі экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.
Мал шаруашылық өнімдерін белгілі бір дәрежеде көбейту үшін бүкіл ауыл шаруашылығын қарқынды түрде дамыту қажеттілігі туындайды. Ендігі кезекте мал шаруашылығын дамыту үшін не істеу керек? Аталмыш сұрақ келесідей бірнеше бағыттарды шешіуге көмектеседі:
Біріншіден, ол облыстық — республикалық дәрежеде шешілетін мәселе.
Мысалы, аймақ дңгейінде өзіміздің облысымыз Ақтөбе – үлкен экономикалық аумақ. Осы аумақта көптеген жұмыстар жүргізіліп мұнай өнімдері өңдірілуде. Осы қазба байлықтардың әр біреуінде кемінде 700-1000 адам вахталық әдіспен жұмыс атқаруда. Осының барлығы облысымызға қарасты Жаңа-жол, Кеңкияқ елді мекендерінде орналасқан. Сондықтан осы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету Ақтөбе облысы әкімшілігінің ұйымдастыру мәселесіне үлкен салмақ түсіреді, яғни егін және мал шаруашылық өнімдерін өндіруді арттырып, өндірушілер арасында бәсекелестік орталықтарын жасау, аудан орталықтарынан мал шаруашылық өнімдерін сататын сауда орындарын ашу, сондай — ақ тек аудан орталықтарында ғана емес, облыс орталықтарында ашу керек.
mal-sharushiligin-damituЕкіншіден, сол өңірде қатаң мал азығының қорын жасау керек. Мұнда суармалы жерді ұтымды пайдаланып, аралас шөптер егіу қайта қолға алынса, оны көлденеңнен шауып жаз бойы сауын сиыр, ешкі, қойларды азықтандыру керек. Бұл мәселе сүт өнімдерінің негізгі талабының бірі болып табылады.
Үшіншіден, қаладағы азық-түлік, ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өндейтін кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының ұжымдары арасында өндірістік, қаржылық бай-ланыс болу үшін біріккен корпорация ұйымдастыру басты міндеті болып табылады. Ет комбинаттарының қуатын арттырып, яғни мал өңдірушілерден етті мал түрін қабылдап, алған малына қолма-қол есеп айырсу мүмкіндігі болу қажет, алынған ет өңдеуден өтіп терісін тері өңдеу комбинатына өткізіп отыратын механизм қоса қарастырылса, сиыр, қой, ешкі терісі дер кезінде өңдеу алаңына аттанар еді. Қазіргі уақытта сүт мәселесіне қосымша елді мекендерден жекешелеп сүт жинап уақытында ақшасын төлеп отырса. Мысалы: Алға, Бестамақ, Шалқар, Мұғалжар тағы басқа сол сияқты елді мекендерде жеке меншік сүтті сиыр, қой, ешкі тұқымдарын пайдаланып отыр. Осы аудандардан сүт жинайтын пункттер ашып, қалаға өңдеуге әкелініп отырса, кем дегенде күніне 10-15 тонна сүт жинауға болады. Ол үшін егер қаладан сүт өңдейтін зауыт ашылса, осы айтылған мәселелер соның қарамағына берілсе, елмен қолма-қол есеп айыру шешілсе, нәтижесінде:
— Жұрт мал басын өсіреді;
— Сүтті тұқымды сиыр, қой, ешкі өсіруге тырысады;
— Ауыл адамдарының отбасылық бюджеті және әлеуметтік жағдайы көтерілер еді. Төртіншіден: агроөнеркәсіп кешенніндегі маркетингті дамыту. Маркетингтің басты мақсаты
ең алдымен тұтынушылар қажеттілігмен талғамын зерттеу болып табылады. Дамыған мем-лекеттерде агроөнеркәсіп кешеніндегі маркетингтің даму деңгейі өте жақсы. Мысалы, 1984-1985жылдары Ұлттық сүт басқармасы, сүт өндірушілері амарикандық ассоциациясын жаса-ды, ол 24 астам аймақтық ұйымдармен штаттар тұтынушыларды сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 71,7 млн қаржы құйылды. Бұл компаниялар “Сүт — бұл тән саулығы” сияқты ұрандармен жүргізді, сонымен қатар сүттен алынатын көптеген өнімдерге осындай ұрандар жүргізді, мысалы, “Ірімшік – тамаша ірімшік ” және “Сүт өнімдері – табиғи кальцийге апарар жол ”- деген ұрандар жүргізді. Осындай ұрандар арқылы сүт өндіруші компаниялар өз өнімдерін өткізіп отырған.
Қазіргі таңда ұлттық даму жолындағы басты мақсат өнімдерді алға тарту ықпалын кеңейту болып табылады. Біздің еліміздің ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуге маркетинг ұйымдары сүт өндірушілердің ассоциациясын жасамасқа және мал шаруашылық өнімдерін, мысалы, “Ешкі сүті – адам денсаулығының кілті”, “Сүт – Қазақстан азаматтары денсаулығының кілті” деген ұрандар жүргізу арқылы еліміздегі ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұранысты арттырар еді. Осындай ұрандар арқылы өз мал шаруашылығы өнімдерімізді әлемге таныстыра отырып шет мемлекеттерге экспорттасақ еліміздің экономикасы біршама көтерілер еді.
Мұндай нәтижелер болып жатса, нарықта осы тауарларды сатудың жаңа үлгісі жасалар еді. Сол арқылы бағаны мемлекет реттеу үшін, монополияға қарсы мекеменің жұмысын жан-дандыру үшін, түбінде азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру керек. Сонымен, ба-зарларда көтерме сауда жасап жүрген адамдардың істерін қадағалап, алаяқтықпен шұғылданып жүргендердің жолы кесілер еді[4].
Мал шаруашылығын дамыту схемасы төмендегі 2-суретте көрініс тапқан. Бұл сурет автор-мен жүйелі түрде құрылған. Яғни мал шаруашылығын дамыту үшін ең алдымен оған қаражат қажет. Ол қаражат көзі, әрине мемлекет бюджет қаражаты есептелінеді. Бөлінген қаражаттар келесідей бағыттарды жүзеге асыру үшін жұмсалуы қажет:
— Мал шаруашылығы өнімдерінің базасын құру. (жем, шөп т.б);
— Ауыл және аудан орталықтарында сүт жинау пункттерін ашу;
— Сүт зауытын көбейтіп, тері, жүн шикізат өндірісін ашу;
— Мал шаруашылығы өнімдерін сататын сауда орындарын ашу (ауыл, аудан, қала, облыс орталықтарында);
— Маркетинг ұйымдарын дамыту;
— Ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау. Бұл бағыттардың жүйелі түрде жүзеге асуы мал шаруашылығын дамытуға себеп болар
еді. Нәтижесінде біз ұлттық мал шаруашылық өнімдерімізбен нарықты толық қамти отырып, импорттық өнімдерге деген сұранысты азайтамыз. Сонымен қатар, сапалы өнім шығара отырып эспортқа жол ашамыз. Бұл – ұлттық өнімдеріміздің шет мемлекеттер нарығында орын алуына себеп болары анық.
Екіншіден, елімізде азық – түлік бағасы тұрақтанады.
Үшіншіден, мемлекеттен бөлінген қаражаттың игерілу нәтижесінде ол қайтадан бюджет қазынасын толтырары анық.
Еліміздің ауыл шаруашылғын дамыту мен ауыл шаруашылық өнімін өңдірушілердің бәсекелестігіне барынша қабілетті агроқұрылымдарын ұйымдық-құрылымдық, саяси – құқықтық, ғылыми – техникалық және иновациялы – технологияны жетілдірудің маңызы аса зор. Ауыл шаруашылық саласы – Қазақстан экономикасының негізгі буыны, ежелден келе жатқан дәстүрлі ұлттық кәсібіміз, орны толатын стратегиялық табиғи байлығымыз. Жалпы осы айтылған мәселелердің іші – сыртында көптеген саяси — әлеуметтік, ұйымдастыру, қаржылық, кадрлық, техникалық мәселелер жатыр. Осы мәселелерді шешуге Ауыл шаруашылық министрлігі және облыс әкімдіктерінің тегеурінді, тұрақты көмегі қажет.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.