Ауыл шаруашылық өнімнің бəсекеге қабілеттілігі

Главная » Рефераттар » Ауыл шаруашылық өнімнің бəсекеге қабілеттілігі

Өнімнің бəсекеге қабілеттілігін құрайтын көрсеткіштерді толығымен қарастырып өтейік: Техникалық көрсеткіш — нарықта тұтынушылар ұсынатын талаптарға өнімнің сапасының, техникалық деңгейінің сəйкес келуімен анықталады. Бұл талаптар біздің елімізде де, шет мемлекеттерде қол жеткізілген ғылыми техникалық прогресстің жəне əлеуметтік-экономикалық деңгейінің жеке жəне қоғамдық қажеттіліктерді сипаттайды. Тұтынушылардың техникалық көрсеткіштерге талаптары ұлттық жəне халықаралық стандарттардан көрінеді. Стандарттау дегеніміз – шығаруға дайындалған өніміне, оны маркировкалау əдістеріне, қорабына, тасымалдауына жəне сақтауына техникалық көрсеткіштерді (нормаларды) дайындау жəне белгілеу. Стандартталатын затпен анықталатын құжат – стандарт деп аталады. Стандарттар өнімнің толық сипаттамасын, оны өндірудің техникалық 9 9 шарттары, қабылдау, сорттау, қораптау, тасымалдау жəне сақтау ережелерін қамтиды. Өнімнің сапасын бағалау кезінде ең бірінші оның стандартқа сəйкестігіне көңіл бөлінеді. Стандарттарға сəйкес келу – реттелетін тұтынуылық параметр. Оны бұзған жағдайда өнімнің бəсекеге қабілеттілігі нөлге теңеледі. Өнім сапасы – тауар өнімінің бір бірлігін өндіруге белгіленген техника деңгейіне жету дəрежесі. Ол органолептикалық əдіспен (сезім мүшелері арқылы) немесе техника құралдарын, реактивтерді, аппарат, приборларды қолданып лабараториялық зерттеулер жүргізумен анықталады. Өнімнің техникалық бəсекеге қабілеттілігі — өте икемді жəне динамикалық көрсеткіш. Ол белгілі бір өнімді өндіретін ірі əлемдік жəне мемлекет ішінде болатын ғылыми техникалық прогресс қарқынына сəйкес жəне перманентті өзгеріп отырады. Коммерциялық жағдай.

Өнімнің бəсекеге қабілеттілігін анықтайтын коммерциялық шарттарға келесілер жатады: — Бағалық көрсеткіштер; — Жеткізілетін тауар төлемі мен жеткізу шарттарын сипаттайтын көрсеткіштер; — Өндірушілер мен тұтынушылар нарығындағы кеден жəне салық жүйесінің ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштер; — Сатушылардың міндеттері мен кепілін орындау дəрежесін бейнелейтін көрсеткіштер. Бəсекеге қабілеттілікке тауар өндірші беретін кепіл мен көрсетілген мерзімде жоғары сапалы жəне берік тауарды жеткізу міндеттемелерін орындау да əсер етеді. Өнімнің бəсекелік қабілеттілігіне көптеген факторлар əсер етеді. Енді солар жеке тоқтап көрейік.Жалпы жоспарда кəсiпорынның бəсеке қабiлеттiлiгiне əсер ететiн факторларды макроэкономикалық жəне микроэкономикалық. Макроэкономикалық факторларға: — Мемлекеттiң ролi бəсекелестiк жағдайы; — Нарыққа қатысуын бақылау; — Еңбектi жəне капиталды бөлу; — Айырбас курсы, пайыз мөлшерлемесi; — Қоғамдық сектордың нарықтық жүйеге салықтық жүйемен жəне өнеркəсiптiк саясат күшiмен ену; — Əлеуметтiк тұрақтылық деңгейi. Ал микроэкономикалық факторларға келесiлер жатады: — Негiзгi қорлар; — Жұмыс күшi; — Технологиялық мүмкiндiктер; — Басқару; — Коммуникация жəне инфрақұрылым.

.
.

Өнімнің бəсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау. Өнімнің бəсекелік қабілетін бағалау бүгінгі күні өндіруші үшін де, тұтынушы үшін де маңызды. Өнімнің бəсекелік қабілеті оның құрамындағы заттармен, сапасымен, беріктігімен, адам өміріне қауіпсіздігімен жəне сол сияқты көптеген жағдайлармен бағаланады. Өндіруші өз өнімінің бəсекеге қабілеттілігін бағалағанда тұтынушы тарапынан қойылатын талаптарды ескеруі қажет. Өнімнің бəсекелік қабілетін бағалау ең алдымен оның сапалық құрамына тəуелді. Бəсекелес өнімдерден сапалық артықшылығы оның бəсекелік қабілетінің бірден-бір мүмкіндігі болып табылады. Келесі бағыт оның бағалық көрсеткіштерін анықтауға негізделеді. Бағалауды қажет ететін тағы бір тұсы- ол өнімнің тартымдылық қасиеті, оған өнімнің сыртқы келбеті, қорабының ыңғайлылығы, сауда белгісі жəне оның тартымдылығы жатады. Кəсіпорын жұмысының талаптарына талаптарына сай өнім өндіруге негізделуі оның бəсекелік тұрақтылығының жоғарылауына кепіл болады. Нарықтағы өнімнің сапалық қасиеттерін бағалау үшін, ең алдымен əрбір көрсеткіштің түтынушы үшін салыстырмалы маңыздылығы анықтап алу қажет. Бұл үшін тұтынушылардан алынған жауаптарға сараптық бағалау жүргізіледі. Өнімнің бəсекелік қабілетін бағалаудың келесі кезеңі, яғни оның тартымдылық қасиеттері деңгейін анықтау да, сапа деңгейі іспеттес, салыстырмалы түрде балдық жүйемен жүргізіледі. өнімнің тартымдылық қасиеттері бойынша маңыздылық қасиеттерін анықтау үшін сараптық бағалау нəтижелері сұрыпталады. Оның ішіне: өнімнің тартымдылығы, сауда белгісінің беделі жəне сенімділігі, сыртқы қорабының келбеті, таңдау еркіндігі. Жалпы алғанда, отандық өнімдердің бəсекеге қабілеттіліктерін арттыру мəселесі əлі күнге өзекті күйінде қалып отыр. Тек сапалық немесе құндылық көрсеткіштермен ғана емес, сол сияқты өнімнің тартымдылық қасиеттерімен де шетелдік өнімдерден ерекшелену міндетін орындау үшін əрбір кəсіпорын өзінде бар мүмкіншіліктерді барынша пайдалану жəне оған мемлекет тарапынан кең қолдау көрсету қажеттілігі айқын сезіледі.

.

Жамбыл облыстық тауарлардың бəсекеге қабілеттігін көтерудің шаралары келесідей: — Маркетингтік зерттеулердің негізінде бəсекеге қабілеттілік саласындағы жүйелі зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу; — Микродеңгейдегі маркетинг жəне менеджментті жақсарту. Маркетинг өндірістік шығындарды азайтуға бағытталуы керек; — Пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі. Несие алуды жеңілдету; — Мемлекеттік деңгейде ішкі нарықтағы тауарды жылжытуда ақпаратты қолдау. Нарықты, бəсекелестік деңгейін, шикізатты, материалдарды жеткізуде стратегиялық серіктестерді білу қажет; — ҚР-ң “Теріс пиғылды бəсекелестік” Заңының бұзушылығына жол бермеу; — Өндірістің техникалық жəне технологиялық деңгейін көтеру мақсатында жекелеген тұтынутауар нарығын өндіруге инвесторлар тарту. Əлемге танымал тауарлық белгілерді иемденуге мемлекеттік көмек көрсету. Осындай шараларды жүзеге асыру отандық тауар өндірушілердің ішкі жəне сыртқы нарықтағы орнын тұрақтандырады. Тауар жəне тұтыну нарығында сапалы отандық тауар өнімінің көбеюіне жəне бəсекеге қабілетті өнім өндіруге мүмкіндік береді. Ал енді жеке “Алатау” серіктестігінің маркетингтік қызметі мен бəсекеге қабілеттігін жетілдіру жолдарын қарастырып өтейік. “Алатау” серіктестігінің барлық кешендi маркетингiн қолдану тиiмдiлiк көрсекiтштерiн жақсартады жəне тұрақтандырады. Өнiмнiң бəсекеге қабiлеттiлiгiнiң мəнiн тереңiрек критерилерiн жəне факторларына көңiл бөлейiк, бұл жерде критерии ретiнде өнiмнiң сапалық жəне сандық сипаттамасы түсiндiрiледi. Оның бəсекеге қабiлеттiлiгiн бағалау үшiн негiзгi болып келетiн, ол фактор ретiнде – тiкелей, себебi бəсекеқабiлеттiлiк бiр немесе бiрнеше критерилерiнiң өзгеруi үшiн қажеттi жəне жеткiлiктi болуы. “Алатау” серіктестігінің тауарларының бəсекеқабiлеттiлiк критерилерiне мыналарды жатқызса болады: — Сапа деңгейi жəне оның тұрақтылығы; — Жаңашалдықтың деңгейi ; — Имидж; — Тұтыну бағасы;

Тұтынудағы жаңашылдық тауардың жаңалық дəрежесi ретiндегi тұтынушы позциясымен анықталады. Тауардың бəсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Шетел тəжiрибесi көрсеткендей, бес жыл бойы бiр өнiм түрiн шығарып келетiн компаниялар жəне тұтынушылық жаңашылдыққа өнiм өндiрiсiн өткiзуiн дайындамағандықтан, бəсекеге қабiлеттiлiгiн жоғалтады. АҚШ фирмалары тауар- жаңалықтар есебiнен 30-50% пайда алады. Кəсіпорынның барлық маркетингтік қызметі маркетинг тұжырымдамасының негізі болып келетін қағидаларына бағытталуы керек. Маңызды қағидалардың бірі болып икемділік қағидасы саналады. Кəсіпорын өнімінің оңды жылжыту үшін потенциалды клиенттермен жəне сауда делдалдарымен тұрақты жəне тиімді байланысып тұруы қажет. Бұл компания мен оның тұтынушыларын жақындатады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.