Ауыл шаруашылығының экономикалық тиімділігіне факторлардың əсері

Главная » Рефераттар » Ауыл шаруашылығының экономикалық тиімділігіне факторлардың əсері

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығының дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді жəне мемлекеттің экономикалық жəне қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек. Қазіргі нарықтық жағдайда ауыл шаруашылығы тиімділігінің деңгейін көтеруге септігін тиігізетін басты жағдай – оған əртүрлі факторлардың əсер ету дəрежесі. Жүйеге жаңа факторларды ендіру қажеттілігі агроөнеркəсіптік кешенінде шаруашылықты жүргізу жағдайларының өзгеруімен байланысты болады. Соның нəтижесінде тиесілі нəтижелер алу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қолдану тиімділігіне əсер ететін факторларды жаңа көзқараспен қарау қажет. Жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін оған əсер ететін негізгі факторлар жиынтығы келесі 1-ші суретте ұсынылып отыр.

Бірінші кезекте ауыл шаруашылығы тиімділігіне егістік алқабының тигізетін əсері өте зор. Егістік алқабы — ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жердің ауданы. Оның құрамына, қысқы солғандарын есептен шығарып тастағандағы өткен жылғы егілген күздіктер, дербес ауданға, соның ішінде солған күздіктердің орнына қайта себілгендерді қоса, ағымдағы жылы егілген жаздық дақылдар жəне берілген жылы егілген көпжылдық шөптер (бүркемесіз), бұрынғы жылдары егілген көпжылдық шөптердің биыл жиналатын ауданы, яғни көктемге сақталған шабындық ауданы кіреді.

Еліміздің ауыл шаруашылығы саласын көтеру үшін дəн өндірісін арттырудың маңызы зор, себебі дəнді дақылдар адам өмірінің маңызды азығы ғана емес, сонымен қатар мал жəне құстарға таптырмас азық болып табылады. Сол себептен де еліміздің егістік алқабының құрылымында ең көп үлес дəнді дақылдарын тиесілі болып отыр, ол 2012 жылы 21190,7 мың га тең болды. Өз кезегінде 2012 жылы дəнді дақылдарға арналған барлық егістік алқаптарының ең жоғарғы үлесі дəнді дақылдарға, яғни бидайға– 13464,0 мың га, ал арпаға – 1839,3 мың га тиесілі болып отыр. Барлық шаруашылық категориясы бойынша егістік алқаптарын бөлістіруді келесі кестеден көруге болады.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін анықтайтын негізгі фактор ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімі болып табылады. Сондықтан бұл көрсеткішке көп көңіл бөлінеді. Түсімге дақылдар, жер жұмыстары, агротехника жəне дақылдарды өндіру технологиясы, топырақты тыңайту, қысқа мерзімде барлық жер жұмыстарын сапалы орындау жəне басқа да экономикалық факторлар əсер етеді.

Қазіргі уақытта жер егістігінде дəнді өсімдіктердің 1,5 мың түрі қолданылуда. Өсімдік шаруашылығының негізгі аудандары жыртылған жерлер жəне көп жылдық өсімдіктердің негізгі ареалдарымен сəйкес келеді. Жер егістігінің құрылымында өсімдіктердің келесі түрлерін ажыратады: дəнді (бидай, күріш, жүгері, қара бидай, тары, қарақұмық жəне т.б.), техникалық (майлы, қант), тамырлы өнімдер (картоп, маниок жəне т.б.), көкөніс, бақша жəне бау-бақша дəнді өсімдіктері, сонымен қатар əртүрлі субтропикалық жəне тропикалық жемістер мен өсімдіктер. Ең негізгі сала болып дəнді дақылдар шаруашылығы табылады.

Сонымен, ауыл шаруашылығының экономикалық тиімділігін көтеру үшін ең алдымен жер ресурстарын ұтымды пайдаланып, ауыл шаруашылығын жаңа техникалармен қамтамсыз ету шараларын қарастыру керек.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.