Ауыл шаруашылығының ұғымы

Главная » Рефераттар » Ауыл шаруашылығының ұғымы

Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауыл шаруашылығы болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер — негізгi өндiрiс құралы. Аграрлық өндірiстiң тұрақтылығы — елдiң азық -түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi. Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi — әлемдiк нарықта экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм көздерiнiң бiрi. Аграрлық сектордағы өрлеу — экономиканың сабақтас салаларда өсуiнiң тетiгi. Тұтас алғанда, аграрлық сектордың дамуы мемлекет үшiн экономикалық және ең бастысы әлеуметтiк аспектiде стратегиялық жағынан маңызды. Осы заманғы нарықтық экономикада мемлекет неғұрлым реттейтiн және қолдайтын секторлардың бiрi аграрлық сектор болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң. артық қорлары сыртқы нарыққа шығарылады, мұның өзі  осы өнiмдерге әлемдiк бағалардың төмендеуiне алып келедi. Басым көпшiлiгi әлемдiк нарықтар конъюнктурасына тәуелдi болып отырған нашар дамыған елдер, iшкi өндiрiстiң. шектелуi, экспорттың азаюы және ұқсас тауарлар импортының өсуi түрiнде залал шегедi. Қазақстан жер ресурстарына бай. Алдын ала суландырмай -ақ егiн шаруашылығына жаратуға болатын алқап 39 млн. гектарды құрайды.

Қазақстанның аграрлық  секторы  мынадай сипатқа ие: -ауыл шаруашылығына арналған жердің жалпы аумағы – 222,6 млн. га, оның ішінде 24 млн. га (10,8%) – егістік жерді, 5 млн. га (2,2%) – пішендік жерді, 189 млн. га (85%) – жайылым жерді алып жатыр; -ауыл тұрғындарының саны – 7,3 млн. адам немесе ел тұрғындарының жалпы санының 47,2%-ын құрайды; -топырақ  және өсімдік  жамылғысының тік және көлденең зоналары анық белгіленген. Орманды дала мен дала аймағында барлық жердің 10%, шөл және шөлейт аймағында — 60%-ға жуығы, таулы аймақтарда — 5%-ға жуығы жатыр; -елдің  барлық егіншілік аймақтары жылдық жауын-шашынның аздығымен сипатталады – 150-320 мм.; -теңізге  шығу жолының жоқтығы, бұл сыртқы нарыққа шығуға айтарлықтай қиындықтар тудырады; -маусымаралық  кезеңдерде қант, өсімдік майы, құс  еті, көкөніс пен жеміс сияқты өнімдерді қоспағанда, азық-түлік өнімдерінің көпшілігімен қамтамасыз етудің өзіндік жеткіліктілігі; -солтүстік  аймақтардың астық дақылдарын өсіруге және мал шаруашылығына мамандандырылуы; суармалаудың айтарлықтай маңызы бар оңтүстік аймақтарда өсірілетін дақылдардың (астық, майлы, жеміс-жидек дақылдары, көкөніс, мақта) көбінше әртараптандырылған.

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады.  Аграрлық  сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді.Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие. Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауылдық жер болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер — негізгi өндiрiс құралы. Аграрлық өндірiстiң тұрақтылығы — елдiң азық -түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi. Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi — әлемдiк нарықта экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм көздерiнiң бiрi. 2006 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006 — 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру басталады, оның негiзгi басымдықтары агроөнеркәсiптiк кешен салаларының өнiмдiлiгi мен кiрiстiлiгiн өсiру негiзiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық өнiмнiң ұлттық бәсекелiк артықшылықтарын дамыту болады.

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың 2006 — 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын тиiмдi iске асыру үшiн 2006 — 2008 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi шаралар бағдарламасы әзiрленедi, мұнда өңiрлiк мамандануды күшейту, пайдалылығы жоғары өндiрiстi дамыту, әрi iшкi және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жолымен тиiмдi аграрлық бизнестi дамытуды және ауыл шаруашылығы өнiмдерi нарығын кеңейтудi мемлекеттiк ынталандыру шаралары көзделедi.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.