АУЫЗША ДӘСТҮРДЕГІ, ШЕЖІРЕДЕГІ ТҮСІНДІРУ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ

Главная » Рефераттар » АУЫЗША ДӘСТҮРДЕГІ, ШЕЖІРЕДЕГІ ТҮСІНДІРУ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ

Ақпарат айналымы ауызша дәстүрге негізделген байырғы қоғамдарда адам санасы мен жады қызметінің орны ерекше болғаны белгілі. Жады кез келген адам үшін аса білім сақтаудағы қолайлы құрал және сенімді архив, әр адамның ӛзінше «жеке мұрағаты» бола алады. Бұған ешбір күмән жоқ. Жады мағынасындағы қазақтың балама ұғымы ес, сана. Жадының негізгі ӛнімі – естеліктер. Жадыға тоқылған ақпарат тарихи мазмұнда болса, тарихи естеліктер болады, ата тарату, туыстық реті жайында болса, генеалогиялық мағынадағы дерек болады. Осындай естеліктер кешенін кез келген адамның бойынан табуға болатыны сӛзсіз. Сол естеліктердің барлығын тарихи дерек мақсатына жарату мүмкін болмаса да, олардың жиынтығын талдау арқылы тарихи шындық туралы түсінік қалыптастыруға болады. Әр адам санада ӛзінің жеке білім, ақпарат, тәжірибелерін сақтайды және сол арқылы әр нәрсе туралы түсінік қалыптастырады. Ес-сана қызметі адам жадысы арқылы мәдениет, тұрмыс тәжирибесін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырады және құбылыстардың ӛзара себеп- салдарын түсіндіреді.

Адамдардың жеке естеліктерінде әр нәрсенің себептерін түсіндіру, қанатты сӛздер, әдеби нақыш үлгілеріне айналған сөздер бар. Бұл деректердің барлығы бір оқиға жайында қалыптасқан ой түю деректері, ой ӛнімі болып табылады. Олардың барлығы тарихи сананы құрайтын ой сатыларына айналады. Мұндай дерек топтары кӛбінесе қалыптасқан тарихи жағдайды түсіндіруге, тарихи оқиға туралы баяндауға бағытталған. Естеліктерден құралған деректердің негізінде көбінесе тарихи тұлғалар жайында, олардың болмысы мен тұрмыс-тіршілігі туралы болатындықтан, олар туралы білудің мол мүмкіндіктері бар. Бұл дерек түрлерінің маңыздылығы ӛте зор. Қазақ шежірелерінің тарихи әңгімелері кӛбінесе ақсақалдардың ӛз ортасында ӛзара еске алып отыру, бұрынғы оқиғаларды ауызша әңгімелеп отыру дәстүрінен жалғасып келе жатқанын естен шығармауымыз керек. Оқиғалық жайды еске алу үрдісі баяндаушының тарихи жадын іске қосуды талап етеді. Тарихи жадының қызметі қазақ ортасында әртүрлі жиындарда іске асып отырған. Дегенмен, естелікте де кейбір оқиғалар мен жағдайлар естен шығып, ұмытылғандықтан айтылмай қалатыны да аз емес. Кейбір тарихи оқиғалар туралы деректер ауызша дәстүрде болғанымен, ол туралы сауал болмағандықтан білуші тарапынан айтылмай қалуы да мүмкін. Кейбір оқиғалар баяндаушының тарапынан айтылуы ыңғайсыз болғандықтан айтылмайды.

Шежіре деректерін зерттелуі халықтың ауызша тарих айту дәстүрін қарастырудан басталады. Дәстүрге сүйенген қоғамның ӛзі ерекше тарихи ӛзекті мәліметті ауызекі үлгіде, сол замандардағы кӛшпелі әлеуметтің ӛнімі ретінде дамытқан. Сондықтан, ауызша тарих айту дәстүрінің қалыптасуы жолдарын зерделеу – ұлттың қайталанбас феномені болып табылатын шежірелік дерек қорын талдауға жол ашады. Тарихи-шежірелік дәстүр мен ауызша дәстүрдің ӛзара тығыз шектесетін тұстары кӛп. Бұл дәстүр қалын бұқара ортасында дамып, оның тұтынушы тыңдарманы жалпы халықтың ӛзі болғанымен, сол дәуірлердің ӛзінде де тарих айтушы нақты субъект болғаны анық. Сол деректердің негізін салған ауызша тарих айтушы субъекттің жасаған еңбегі де қайталанбас феномен ретінде қабылдануы тиіс. Қазақ шежірелері тұрақты тарихи жәдігер ретінде тек қана сол ескі заманнан қалыптасып жалғасқан ауызша дәстүр тӛңірегінде ӛзін сақтаған.

.

Мұның ӛзі есте сақталған тарихи оқиға туралы тұрақты білім қоғамның қажеттіліктерін ӛтеп, кӛшпелі қауым тарапынан кең қолданылғанын кӛрсетеді. Ауызша тарих айту дәстүрі басқа да әртүрлі әлеуметтік-мәдени құбылыстарменен байланысты болған және соған орай дәстүр репертуары да әрқилы болы келеді. Олардың барлығы ауызша тарихи деректердің бірден-бір ерекше сипаты болып табылады. Әсіресе ауызша әңгімелеудің тарихи-деректік сипаты туралы айтатын болсақ, бұл арада тарих айтушы тарапынан оқиғаның жаңаша тіркелуі, тіркеуші тарапынан рәсімделуі үрдісі алдымен кӛзге түседі. Ауызша тарих айту барысында қалыптасқан мәліметтер жиынтығы дерекнамалық тұрғыда ішкі дерек қорын құрайды. Ауызша тарихи деректердің басқа да дерек түрлерімен салыстырғанда, айтарлықтай айырмашылықтары бар. Тарихи факт болмай тарихи дерек жоқ. Тарихи дерек болмай тарихнамалық факт жоқ. Тарихи факт болмай тарих та жоқ екені белгілі. Яғни тарихтың ӛзі қоғамдық мәні бар әртүрлі орын алған оқиғалардың тіркеліп, себеп-салдары анықталып, түсіндіріліп, тәпсерленіп, баға берілген соң тарихи оқиға ретінде баяндалып, қағазға хатталатыны белгілі.

.

Ендеше ауызша тарихи деректерді зерттеуе байланысты күрделі мәселенің бірі ауызекі тарихи деректің жалғастығы мен тіркеу үрдісі арқылы сақталуын анықтау. Бұл мәселеге байланысты зерттеуші таңдамалылық пен тәпсір принциптері мен әдісін іске қосуға мәжбүр болады. Ауызекі тарих айту дәстүрі тӛңірегінде қалыптасқан хронологиялық үйлесімділігін, сәйкестігін тексеру арқылы ғана әңгімеленіп отырған сюжеттердің ӛзара байланыстылығын анықтауға болады. Демек зерттеуші ауызша тарих айту деректерін тәпсірлеу, түсіндіру тәжірибесін жетілдіруі тиіс және ауызша дәстүр деректерінің жиналуы мен жинастырылуының әдіс- тәсілдерін кеңінен қолданады.

Осы амалдар арқылы ғана ауызша дәстүр тӛңірегінде сақталған қазақ шежірелері толымды түрде қордаланып, жүйеге түсіріліп, ғылыми әдіс арқылы талдануы мүмкін. Ал шежірелер – қазақ мәдениетінің дәстүрлі негізін тану құралы, оның маңызды деректік негізі екенін есте ұстау қажет. Ауызша шежірелік үрдістің ӛзінше даму заңдылықтары да бар. Шежірелердегі ауызша айтылған мәліметтер сол деректерді тудырған ұрпақтан тыс берілген дерек болса, олар ауызша дәстүрге айналады. Бірақ ауызша дәстүрдің ақпараттық ауықымы кең құбылыс. Оның аясында әрқилы дерек топтары бар. Деректердің бір тобына күнделікті қолданыстағы халықтың әртүрлі сӛз үлгілері жатады. Кейбір ауызекі сӛйлем құрылымдары белгілі бір формулаға айналады, арнайы сӛздер құралына айналады, айталық – баталар; ал деректердің екінші топ объектілерін әдеби, ақындық сӛз үлгілері құрайды деп білеміз. Жадыға тоқылатын ауызша дәстүрдегі сӛздердің мазмұнында ӛзіндік ерекшелік сипаты бар сӛз үлгілері болады. Тарихи фактінің сипаты жағынан, қасиеті тұрғысынан сӛз үлгілері (әңгімелер, естеліктер) екі түрлі топқа бӛлінеді, оның бірінің айғағы болса, демек шындығы мен қоспасы кӛрсетілген болса, екіншісі тек нақты қиялдан туған кӛркем сӛз. Айғақты дәстүр негізінде қалыптасқан үлгілердің ӛзі «шын» немесе «шын сӛз сияқты» дегендей бағалануы мүмкін. Ой, қиял үлгідегі сӛз ретінде аңыз, әпсаналарда әртүрлі жеке тәмсіл әңгімелер айтылады. Әрине, осының арасын нақты жік-жігімен айыру үшін «шын» мен «ӛтірік», «ақиқат» пен «жалған» деген ұғым туралы нақты бір ұстаным қалыптасуы қажет. Мәдениеттануда «ақиқат» ұғымының ӛзі әртүрлі мәдениетте әрқилы қабылданатыны айтылады. Қазақ тӛлтума мәдениетінде зерттеуге аса лайық болатындай ең керемет құбылыстың бірі ұзақ тарихи уақыт бойы жалғасып келетін тарихи-генеалогиялық деректер болып табылады. Олар ӛмір тәліміне қажетті тарихи әңгімелер, насихаттар, тәлім-тәмсілдер, халықтың идеяларынан құралған. Осының барлығы ұмытылмай, ұжымның немесе шежірешінің санасында жақсы сақталуына қайран қалуға болады.

.

Шоқан болса, шежірелерде кӛрініс тапқан халықтың тарихи санасы, халық білімі мен тарихтағы қадірлі атақты адамдар туралы деректердің ғылымға берері мол екенін ескерте отырып, «қазақ халқының тарихи санасында, тарихи жад-зердесінде ұмытылған бірде-бір маңызды оқиға, аты ұмытылған бірде-бір әйгілі тарихи тұлға жоқ» — деп жазды (1). Осы құбылысқа қаншалықты кӛп таңдансақ та, соншалықты оны кешенді түрде қарастыру маңызды. Ауызша дәстүрді танып білу мәдениет, идеология, қоғам, психология, ӛнер, және тарихты зерттеуші мамандар үшін аса маңызды болу тиіс. Ауызша дәстүр әртүрлі тарихи деректемелерде ерекше орын алады. Олар да тарихи дерек, ақпарат болып табылады. Бірақ негізгі сипаты жағынан хатқа түспеген, ешбір жерде жазылмаған ауызша дерек түрі. Шежіре дәстүрінің жалғастығы нәтижесінде ӛткен дәуірлердің тарихи деректері заманнан-заманға ӛтіп, тіпті бүгінгі күні де белгілі бір формада ӛз жалғасын табуда. Шежірелік дәстүр ауызша дәстүр ретінде тек тарихты айту, айтылу барысында ғана жалғасып ӛзінің әлеуметтік-мәдени қызметін атқарады. Қалған уақытта ауызша дәстүр аясындағы ӛмір суретін беретін тарихи деректер тек қана адамдардың санасында сақталып, тысқа шықпайды. Сондықтан ауызша үрдіс ретіндегі шежірелік дәстүрлер үшін адамның жады мен сана қызметінің аса жақсы жұмыс істеуі шарт, ол дәстүр сақтаушыдан үнемі сана сергектігін талап етеді. Ауызша мәдениет жағдайында ӛмір сүретін адамдардың ақыл-ой қызметінің жинақы болуы тіршілік талабынан туындаған. Барлық білім мен тәжірибе мәліметтері тек ауызша дәстүр аясында жалғасқандықтан, олар үнемі ӛмір контекстінде болуы тиіс еді. Ӛйткені тіршілік кеңістікте үнемі қозғалыста болатындықтан тек ауызша айтылған сӛз ғана, ауызекі тарих айту үлгілері ғана болды.

Генеалогиялық білімнің дәстүрлі қоғамда қажеттілігі аса зор екені белгілі. Тарих тағылымы ӛмірлік тәжірибе ретінде де кез келген адам үшін сондай-ақ ӛз алдына ӛте қажетті. Сөйтсе де адамның жады қабілеті еш қозғалыссыз күйде, мәліметті білетін субъектінің санасында ғана қала береді. Яғни сӛз – кӛшпелі, жады – орнықты құбылыс болып табылады. Сондықтан да, мұндай жағдайға душар болған қауымда, ауызша дәстүрге негізделген қоғамдарда адам санасының ой реттеу қызметі мен оның жады қызметі жақсы болуынан, оларды аса қолайлы қолдана білуі де сана мен жадының сенімді мұрағат болу-болмауына тікелей байланысты болды. Ауызша мәдениет ортасында өскен адам үшін оның жады әлбетте сенімді есте сақтау құралы бола алады. Адамның жеке ой қызметі мен сананың жетілу дәрежесінің арқасында мұндай реттеуші қабілет ерекше тарихи мұрағат ретінде ӛз жадында ұзақ тарихи дәуірлердің оқиғалары, атақты тұлғалары мен олардың қажетті ӛмір тәжірибесі туралы тарихи деректер осындай дәстүрлі қоғамның ұжымдық тарихи санасында сақтала береді. Нақты айтқанда адам санасы ӛткен замандағы тарихи тұлғалардың ӛмір тәжірибесін, тарихи оқиғалар тағлымын ой елегінен ӛткізу, сұрыптау арқылы, сақтайды. Шежірелер белгілі бір тұлғалардың ойы елегінен ӛткен осындай мәліметтерден құралған. Сондықтан олар шежірешінің санасы ӛңдеген тарихи мағлұматы қатарында. Шежірелер шежірешінің тәжірибесіне, «қария сөз» айтушының санасы арқылы ӛткендіктен, оның ӛмір тәжірибесінің негізінде әр нәрсе туралы қалыптасқан түсінік болып табылады. Шежірешілер ӛзінің жеке тәжірибесіне тарихи ұзақ дәуірлердің маңызды әрі ӛзекті деген ұрпақтар тәжірибесін ұштастырған, барлығын қосып сақтаған субъектілер. Сӛйтіп шежірелерде кӛрініс табатын қариялардың тарихи санасы есте сақтаушы субъектілерінің тарихи жады арқылы дәстүрлі мәдениет қағидаларын да, адамның ӛмірлік тарихи тәжирибесі мен білімін де ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырады. Осы орайда тарихи деректемелерде тарихи факт және тарихи тәжірибе турасында айтуымызға болады. Ауызша мәдениет жағдайында ӛмір сүретін тарихи сана өткен дәуірлердің тарихи оқиғаларын олардың себептері мен салдарын түзіп, бір сапқа тұрғызады. Шежірелердегі тарихи сана әр нәрсенің себеп-салдарын түсіндіреді. Сана қызметі ұлт мәдениетіне адам жадының қызметі арқылы, яғни шежірелер арқылы бір ұрпақтан келесі ұрпаққа сапалы түрде жалғастыруды қамтамасыз етеді. Осы құбылыстың барлығы, әрине, адам зейін-зердесінің, интеллекті қызметі арқылы, олардың ой-толғамы ерекшеліктерінің арқасында орын алады. «Ауызша дәстүр» ең алдымен ауызша тарих айтудың ӛзі, сондай-ақ тарих айту барысында жасалған ой-түйін білдіру. Демек, «ауызша дәстүрдің ӛнімі» дегеніміз – ауызша деректер болса, осы тұрғыда шежірелердегі қария сӛздерден, шежірелердің ӛзі де ауызша тарих айту дәстүрінің жемісі болып табылады. Олар осыған дейін айтылған ауызша деректерге негізделген. Шежірелік қасиеттің ӛзі қариялардың жадында сақталған тарихи білім-тәжірибе деректерін ауызекі күйінде беруі. Шежірелік дәстүр қариялардың айтуыменен, ең болмағанда аға буын ұрпақ тарапынан айтылған тарихи-генеалогиялық мазмұндағы ауызша әңгімелеумен жалғасады. Демек, кез келген ауызша дәстүр, шежірелік дәстүр – бар болғаны бір уақыт мерзімі ішінде ғана айтылып қалған бір сӛз. Сӛйтіп ауызша тарихи дерек бір рет қана пайда болады. Содан кейні шежірелерді айту үрдісі одан әрі жалғасу барысында молайып, оның мазмұнындағы деректер, белгілі дәрежеде ӛңделе түседі де, алғашқы қалпынан біраз ӛзгере түседі. Яғни әрбір баяндау үрдісі барысында айтылған ауызша мәлімет объективті жағдайға орай ӛзгерулерге ұшырайды. Тарихи шежірелерді баяндау үрдісінде белгілі ӛзгерулер болдырмау мақсатында, шежірелерді сақтаушы субъект ӛзі таңдаған әртүрлі мнемоқұралдарды қалыптастырады: әлқисса қара сӛзді қара ӛлеңге айналдырып, дастан, тарихи немесе батырлық жырға айналдырып баяндау тәсілін қолданады. Ӛлең мен жыр қалпына айналдырылған мәтіндердің арасында әлқисса қара сӛз сақталса да, оны мейілінше қарапайым сӛз үлгісіне немесе белгілі нұсқадағы формула мағынасындағы ауызша сӛзге айналдырады. Шежірелік үрдісті тарихи дерек кӛзі ретінде зерттеуден бұрын ең алдымен бұл құбылыстың сыртқы пішінін құрайтын негізгі сипаттарын да анықтау керек. Шежірешілдік болмыс, сӛз ӛнерінің әртүрлі үлгілерін қолданумен ғана жүзеге асады, ал кӛшпелі тұрмыс жағдайдың ортасында қалыптасқан қазақтағы ауызша мәдениет сӛз үлгілерінің әр-алуан түрлерінен келіп туындаған. Қазақтың сӛз мәдениетінің әртүрлі ішкі принциптері қалыптасқан, мысалы: анық тақырыпқа сӛйлеу; астарлап сӛйлеу; мысал қып сӛйлеу; ертегі қып сӛйлеу; баяндап сӛйлеу; мегзеп сӛйлеу; жұмбақтап сӛйлеу; әзілдеп сӛйлеу; жоқтап сӛйлеу; салыстырып сӛйлеу; мадақтап сӛйлеу; насихат қып сӛйлеу дегендей. Осындай сӛз үлгілерінің барлығы ауызша дәстүр аясында жалғаса береді. Сондықтан шежірелердегі қария сӛз ӛзінің ішкі мазмұны жағынан қоғамда орын алған әртүрлі тарихи-генеалогиялық жағдайлардан хабар береді. Сондай-ақ қария сӛзбен қатар шежірелерде насихат сӛз, мақал-мәтел, ескіден келген мифтік әңгіме, тұрмыс жағдайлар айтылады. Шежірелердегі қария сӛз, ӛлең сӛз, мақал, мәтел, шешендік сӛз және тағы басқадай осы қалыптағы ауызекі сӛз нұсқалары сӛздің ең жетілген үлгілері болып табылады. Жалпы, қазақта – қара сӛз, қара ӛлең, жоқтау, билер сӛзі, мадақ ӛлең әртүрлі дамыған. М.Ж. Кӛпейұлы: «Орта жүз арғын тӛртуыл-қаржас Алтынторыдан шыққан Қалқаман батырдың баласы Бұқар жырау атанған қария тоқсан үш жасында Абылай ханның алдында жыр толғаған. Ӛз заманындағы жандар бұл кісіні «кӛмекей әулие» деседі екен. Бір жәй сӛз білмейді, тек сӛйлесе кӛмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен» – дейді. Шежірелік дәстүрдегі сӛздердің негізгі мазмұны адамның ой, сезім тәжірибесін сақтау. Бұл тәжірибе негізінде белгілі бір тарихи оқиғаның тәлімі, немесе қоғамдық ортада қалыптасқан әдеп үлгісі әңгіме етіледі. Форма тұрғысынан шежірелердегі сӛз үлгілері сан-қилы болып табылады. Белгілі дәрежеде бұл сӛздердің астарында эмоция, сезім күші де аңғарылады.

Ауызша тарих айтушылардың деректері негізіне кӛбіне заманында орын алған әртүрлі оқиғалар мен жағдайлар туралы айтылып қалған естеліктер мен әрқилы айтылған сӛз үлгілері, және оған дейін баяндалған тарихи хабарлар арқау болады. Кез келген жағдайда адамдардың сӛйлесу нәтижесінде бір сӛз үлгісі пайда болады. Олардың ішінде кейбір сӛздер мазмұндылығы мен маңызына қарай басқа орындарда қайталанып айтылуы мүмкін, сӛйтіп сӛз қайта айтылу арқылы одан әрі жалғасып бірден-бірге берілуге себеп болады. Олардың ішінен кейбір айтылғандар маңызды мәлімет болып, кейін тарихи дерек негізіне айналуы әбден мүмкін. Алайда осы қайталанған ауызша сӛздердің ішінде тарих баяндаушыға тек екі түрлі сӛз үлгісі ғана қажетті болып табылады, егер оның бірі – тарихқа жаңалық болар бір дерек болса, ал екіншісі белгілі тарихи оқиғаға орай айтылған түсіндіру сӛз болғанда. Тарихи тақырыпта сӛз қозғап сӛйлеу қазақтың тұрмыс әдеттерінің бірі. Бұл турасында екі түрлі мысал келтірейік. Бірінші мысалды шежірелер жинау мақсатында ұйымдастырылған дала зерттеулері кезінде тіркелген деректен алайық: кӛптеген қариялар «бала күнімізде, әсіресе 1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыс жылдарында, біз кӛрген қариялар алдымен майданнан хат-хабар бар ма деп, амандықты сұраған соң, ӛзге әңгімеге бұрылмай баяғыдағы қан-кешті заманда да қалмақ қырғыны осы Герман сықылды еді деп, әрідегі Абылай заманын айтушы еді», — дейді. Мысал ретінде Шота Уәлиханов жариялаған «Кенесары туралы Мұса Шорманұлының әңгімесі» атты шежірелік деректен мәлімет алуға болады. Автор Мұса Шорманұлы мен Саққұлақ Бапанұлы арасында болған бір кездесудегі әңгімені айта келіп, «Саққұлақ шешен әңгіме шертіп, аяғында мырзаға «Мұсажан, маған ӛңшең тыңдаушы келеді, әңгіме айтушы тіпті аз, сондықтан ендігі әңгімені ӛзің айт» дегенде, Мұса мырза «оныңыз орынды, кӛз кӛргенді айтайын ба, әлде құлақ естігенді айтайын ба?» деп сұрайды. Сонда Саққұлақ шешен «құлақ естігеннің артық-кемі болады, кӛз кӛргенді айт» депті. Мұса мырза «Кенесары тӛренің үш рет рахым жасағанын, үш рет рахымсыздық жасағанын кӛрдім, соны айтайын», — дейді» (2). Осындай орындарда айтылған ауызекі әңгімелер тарихи дерек негізіне айналып, тарихи шындықты баяндайтын мәліметтің кӛзі болып шығады. Сол мәліметтерді деректік талдау және құрау арқылы тарихи-қоғамдық шындықты белгісіз тарихи оқиғалардың сырын ашуға орынды пайдалануға болады. Қария сӛздердің орны ерекше, олар ескіден хабары бар қарттардың, ақсақалдырдың айтуымен жалғасқан сапалы және піскен сӛз. М.Ж. Кӛпейұлы: «қазаққа қазақ таңсық … бас қосқанның кӛбі жетілмеген, піспеген, шіп-шикі бала болған соң, бұрынғы жетілді, пісті деген мың сӛзі де баланың сӛзі болып кетті» — деп жазды. Ауызша тарих айтушы тұлға, орны, уақыты, туралы түсінік: ауызша тарих айтушы кӛбіне оқиғаға ӛзі қатысқан, немесе тікелей оқиғаны кӛзімен кӛрген баяндаушының айтқан хабар-деректерін еске сақтауға алады. Осындай тікелей тіркелген жағдайды «нақты тарих», ең дұрысы «нақты шежіре» деп атауға болады. Қазақ айтады: «кӛп жасағаннан сұрама, кӛпті кӛргеннен сұра» – деп, демек кӛп ғұмыр кешкен адамның азды кӛпті кӛргені аса мәнді болмақ. Ауызша тарихнама жүйесі айналымындағы сӛздер – кӛптеген басқа да мәдени дәстүрлердің, иә болмаса жазба тарихи құжаттардағы деректің қайнаркӛзі болып табылады. Бұл екеуінің ӛзінде де баяндаушылардың дерегі ойдағыдай толық бола бермейді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.