Авеста туралы

Home » Рефераттар » Авеста туралы
Рефераттар Комментариев нет

’’Авеста’’ гимндері дін бе поэзия ма. Бұл жай әлі түгел айтылып болған жоқ. Ғасырлар керуені көшіп-қонып, ғасырлар ауысқан сайын “Авеста ашылы түскендеу болады-ау, бірақ әлемдік теңіздегі алып айсберг секілді көп қырлы, көп сырлы, түгел көрініп, түгесіліп тұрмайды. ”Махаббат дегеніміз құдай” деп бастаған үндіирандықтар еді. Олар отты ерекше ерекше құдай тұтқан ғой. Жалпы, “Авестада” айтылған ойлар, ұсыныстар, болжамдар, толғаулар, трактаттар шығыс халықтарының рухани мәдениетімен, қазынасымен үндесіп жатады. Ахеменид, Парфиян, Сасанид секілді бір кездегі Құдіретті Иран империаларының мемлекеттік діні зороастризм болды. Бұл діннің негізгі діңгегі әр адам өз жанына, тағдырына жауап береді. Сол адамның ойлары мен істері әлем тағдырына тығыз байланыста болу керек дейді зооастризм көптеген діндерге; манихей, христиан, иудаизм, гностицизмге айтулы ықпал етті. Авеста абастаг деген пехлнви сөзінен шыққан, ’’орнату’’, ’’бекіту’’ деген мағынаны береді. Авеста – қасиетті жазу, зороастризмнің киелі кітаптарының жиынтығы, ал авестаның пехлевиге түсініктеемен аударылған түрін зенд немесе Авеста-зенд деп атайды. Авеста текстері Сасанилер кезінде (б.э.д.ІІІ.) ауызша түрінде бір канонге біріккен еді, ал арнайы жазу формасына пехлеви әліппесінің негізінде НІ ғасырда түсті. Сасанид Авестасы 21 кітаптан құралған. Бізге жеткені Венвидад еді, Ясна толық жетпеді. Висперед және Яшты бар, қалғандары жеке үзінділер ғана болып отыр. Авеста тілі- шығыс иран халықтарының дәлірек айтқанда Орта Азия халықтарының ежелгі ауызша һәм жазбаша жәдігерлерінің негізінде қалыптасқан деседі. Бұл халықтардың арасына Зороастризм кеңінен тарап тұрған кез еді. И.М.Дьяковтің, В.А.Лифшицтің пікірлері бойынша жазбаша Авеста Сасанидтер дәуірінің (ІІІ ғ) бас кезінде болған. Оған дәлел ескі Нисадан табылған жаңа құжаттар болып отыр./1/ Әрине, Авеста жазбаша қалыпқа түспестен бұрын ауызша нұсқаларымен мәлім болғандығында шек жоқ. Егер зороастризмнің отаны Бактрия десек, осы діннің қасиетті кітабы Авеста екендігі сөзсіз. Фирдоуси “Шахнамасында” бұл жай айтылады. Әрине, Авестаға енген мәтіндер бірнеше ғасырлардың ұзына бойында қалыптасқаннан кейін жәдігердің жасын анық айқындау мүмкін шаруа емес. Атақты иранист Е.Э.Бертельс Авестаны “Зороастризмнің Библиясы” деп атаған екен./2/ Ал, осы кәрі ескерткіштің қай жерде, қай елде туғаны туралы талас Батыс және Шығыс ғалымдарының арасында әлі күнге дейін екіжақты пікір тудырумен келеді.

Тек соңғы жылдары ашылған археологиялық жәдігерлер Авестаның Отаны Шығыс Иран рулары скиф, сақ тобына енетін Орта Азияны мекендеген халықтар арасы екенін анықтап отыр. Батыс шығыстанушылары да зороастризм шығыс-ирандық негізде туған және Авеста да сол ортада дүниеге келген дейді. Белгілі ирантанушы 1. Дьяконов М. М., Лифшиц В. А. Новые находки документов в старый Нисе. В кн.: Переднеазиатский сборник. т. 2. М, 1966 2. Бертельс Е. Э. Избор. труды: История персидской и таджикской литературы. М, 1960 3. Altheim F. Weltgeschicte Asiens im Qriechischen Zeitalter Halle, 1947.

Ф.Альтхаймның айтуынша бұрынғы Оксус (Әмудария) Зороастризмнің бесігі еді дейді./3/ Е.Э.Бертельстің білуінше Авестаның қилы-қилы мәтіндерін оқуға бағытталған әліппе Иранның шығыс өлкелерінде Парфяндар кезінде қалыпқа түскен екен. Бактриядан, Согдияодан келген қасиетті текстердің әзір қалыптары болыпты. Біздің заманымызға жеткен Авеста фрагменттерін Шығыс Иран халықтарының шығармашылық қадамдары деп білуге тиіспіз. Қасиетті мәтіндер Иранда, Индияда, Әзірбайжанда, қысқасы, Зороастризм тараған жерлердің баршасына жеткен. Сөйтіп, ол көптеген халықтардың ежелгі әдеби қорына енген. Бізге Авестадан алпыс үш мың сөз жетіпті. Бұл алыптың жұқаналары болса керек. Ескерткіш – Ясна, Яшты, Висперед, Вендидат, Хурда Авеста дейтін бөлімдерден тұрады. Солардың ішінде дұғалық сөздерден құралған Ясна жетпіс екі тараудан құралыпты. Яснаның ішіне Гатырлар күстаналайды. Яшты – ескі мифтерді жинақтайды. Ескі иран эпосын шолғанда Фирдоуси ” Шахнамасында’’Яшты мазмұнын пайдаланса керек. Яштыда үзіктер, үзінді аңыздар ғана сақталып қалған. Мамандардың айтуынша Яшты және Гаты Авестаның Заратуштро негізін қалаған ежелгі бөлшегі болса керек. Ендеше жалғыз Фирдоусидің ”Шахнамасын” ғана емес-ау, бір қатар ”Шахнамаға” дейінгі ирандық эпоcты қоректендірген, көркейткен Авеста аңыздары екендігіне кәміл сенеміз. Айталық, ”Рустамнаме”, ”Искандернаме”,”Даребнаме”, ”Бахманнаме”, ”Жамасннаме”, Гуштатнаме дастандарында Авестаның іздері анық сол. Аждаһаның, перінің, диюдың мифологиялық бейнелері Авестада кездеседі. Самұрын құс, Жамид, Хушанг, Тахмурх секілді персонаждар да бар. Жақсылық пен зұлымдықтың бітпейтін күресі ирандықтар мен түркі тілдес халықтардың эпикалық шығармаларында күретамырлық орын алады. Мәселен, дию-иранның мифтік персонажы үндіевропалық негізден шыққан. Авестаның Вендидетдеп аталатын тарауында диюларға қарсы негізделген кодекс бар. Авестадағы дию- перілердің, жын-шайтандардың қатарында күреседі. Санскрит тілінде дию жарық деген мағынаны береді екен, индустарда құдайшылық мәніне жақын. Ариилердің ескі ұғымында дию құдай сапында болса керек. Иран мифологиясында Акумандию деген бар. Ол жақсылыққа қарсы күресетін жеті диюдің бірі, оны Авестада ’’ака-манаһ ’’ немесе ’’зұлым пікір’’ дейді. Яснада одан мейірімсіз жандар білім алады. Сондай-ақ, Авестада жолығатын Сидждию, Һигдию, Аздию, Панидию, Насдию, Ферифтардию, Анасатдию. Ағашдиюлардың атқаратын қызметтері ізгілікке, қайырымдылыққа қарама-қайшы болып келеді. 1771 жылы Европада Анкетиль дю Перонның француз тіліндегі тұңғыш тәржімасы басылып шыққанда жұртшылық жылы қабылдай қойған жоқ еді. Себебі бұл аударма Авестаның түпнұсқасынан алынбай, жолжөнекей қолға түскен қолжазбалардан қарастырылған десті. Тіпті белегілі ағылшын шығыстанушысы В.Джонстың осы аударманы қабылдай алмауы таңқаларлық жағдай еді. Әрине, алғашында жаңа нәрсенің құлақты елең еткізгенімен бірден қабылдана бермеуі мүмкін. Авестаны о баста Зенд-Авеста деп атаған еді. Бұл дінге тән нәрсе зұлымдықтың түптамырын балта шаып, жақсылықты, игілікті марапаттау еді. Авестаның негізгі кредосы көшпелі халықтардың жерге, елге, табиғатқа, қоғамға қатынасы жағын талдап бекіту еді.

Авестаның алғашқы жиынтығы көп тақырыпты, көп тараулы болып келді. Тек қана дінді уағыздамай дәрігерлікті, космографияны, заңды қамыды. Ислам келіп, дүниеге өз үстемдігін оргата бастаған кезде зороастризм кейін шегінді. Соның нәтижесінде ’’Авестаның’’ толық тараулары таратылып, кейбір үздіктері ғана қалды. Анкетиль тәржімасын төрт баққа салудың және бір себебі ол кітаптан дінді емес, даналықты іздеді. Дегенмен, Анкетиль дю Перон еңбегі жүре келе танылды, сөйтіп Авестаны оқып үйренетін, зерттейтін мектептер қалыптаса бастаған еді. ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында осыған орай екі ағым пайда болған еді. Біреуі Авестаны зороастризм дәстүрімен тығыз байланыста алып зерттеу қажет десе, екіншісі Авестаға бойлап бару қиын, авеста лексикасын ескі үнді, ескі грек латын, славян тілдерімен салыстырып қарау керек деді. Бірақ бұл екі ағым өз дегеніне жете алмады. Ежелгі иран тілдерінің маманы Х.Бартоломе жаңағы екі ағымды бір-біріне қосу қажет екенін ескертті. Онымен ол өз әдісін жүзеге асырып, ескі иран тілдерінің сөздігін жасап шығарды. Сөздік шыққаннан кейін ’’Авестаның’’ айналасында қозғалыс туды, Заратуштраға, ескерткіштің тіліне назар аударылды. Плутархтың айтуынша Заратуштра Троян соғысынан бес мың жыл бұрын өмір сүрген дейді.

’’Авестаның’’ ағылшын адармасының авторы Д.Дормстетер (1880-1883жж.)

Заратуштра мүлдем болмаған кісі десті. Ал Авестаның отаны жөнінде де таласпікірлер бар еді, дәстүр бойынша ол қазіргі Тегеран маңайында дүниеге келген десті, яғни Мидияда болған деген пікірге саяды. Ғалымдардың басқа бір тобы Авеста Әмудария мен Сырдарияның төменгі тұсында Арал теңізінің жағалауында қалыптасқан дейді. Бұл талас пікір әлі күнге дейін айтылып келеді. Ежелгі Шығысты зерттеудің ірі маманы, атақты археолог Э.Герцфельд ’’Зороастр және оның тілі’’ деп аталатын екі томнан тұратын кітап шығарды. (Принстаун,1947) Ол Заратуштра ғұмырын, дәуірін ’’Авестадан’’ іздеді. ’’Авеста ’’ Александр Македонскиден бұрын пайда болды ма, жоқ әлде кеәін бе деген мәселеге тірелді. Сөйтіп, Заратуштра ахеменидтердің замандасы дегенге тоқталды. Ендеше Е.Герцфельд Заратуштра әрекетін жер шаруашылығымен орайластырады, яғни, ахаменидтер дәуірімен жалғастырады. Бұл ойға Ф.Альтхейм қарсы шыққан еді. Ол ’’Авестаның’’ туған жері Оксос дейді, Маркварт пен Бенвенист те соны қоштайды. Авестаның альфавиті турасында белгілі шығыстанушы ғалым Е.Э.Бертельс бұдан жарты ғасырдай бұрын жазған бір еңбегінде Авеста тілі Балхының солтүстік-шығыс жағында, Мервтің солтүстік-батысында, демек ежелгі тәжік ата-бабаларының жерінде дүниеге келген дейді. Дегенмен де, Авестаның әлі ауыздан, қаламнан түспей айтылып келе жатқандығында бір гәп болса керек. Авеста зороастризм дінімен қатар шықты. Ғалым Е.Э.Бертельс Ахеменидтерден гөрі Орта Азия халықтарының Авестаны қалыптастыруда ролі зор болғандығын баса көрсетеді. Бұл мәселе жайында ол академик Б.Г.Гафуровтың ’’Тәжік халқының тарихы’’ деген еңбегіне сүйенетін сыңайлы. Б.Г.Гафуров Орта Азия халықтарының тарихына Авестаның қатысы бар деген ойды шегелеп айтады, әсіресе, Әзербайжан, тәжік халықтарының тарихымен байланыстырады. Бұл мәселе әлі де талай таластардың, жиындардың, зерттеулердің күретамыры болатындығына кәміл сенімім бар. Авеста құрамында әртүрлі текті текстер кездеседі, солардың ең ежелгі түріне гатылар жатады. Авестаны қалыптастыруда құстардың ролі ерекше аталады. Мысалы, Каршиит, Ашозушт атты құстардың қызметі ерекше. Папака Стахра қаласында иленген өгіз терісіне жазылған ’’Авеста- зенд’’‘’алтын сумен’’ жазылған дейді. Сол кітапты Александр Македонский өртке шалдырып жіберген. Бір қызығы-соңғы сапарға аттанғалы жатқан Александр македонский төсегінің басында ‘’Авестадан’’ үзінділер оқыған. Әрине, бұл тегін нәрсе емес. Авестаның әрқашан жанып тұрған оттың алдында оқылуы да тегіннен тегін болмаған және тиіті фрагменттерін жатқа оқыған. Сасанидтер тұсында Авестадан 348 тарау ғана қалған, бұдан 21 кітап шыққан. Араб шапқыншылығы кезінде біраз қолжазбаларды өртеп жіберген. ‘’Авестада’’ бүгінгі күнмен үндесіп тұратын идеялар, ойлар бар. Мысалы, Авестаның он жеті дұғадан құралған ірі бөлігі ‘’Гатыда’’ жер үстіндегі тіршіліктердің жақсы жақтары жырланады. Жер, мал шаруашылығы дәріптеледі. Табиғатты қызғыштай қорғап, зұлым күштерге қарсы күресетін батырлар әрекеті мипатталады. Сонымен қабат шаманизм белгілері, шешендік өнер сахнаға шығы бастаған. Бәлки, сол уақытта Заратуштра есімі елге танылып, ‘’Гаты’’ тараулары гимн ретінде айтыла бастаған. Тыңдаушыларының құлақ құрышын қандырып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. Иран халықтары үшін ‘’Гаты’’- тірліктегі алғашқы оқу кітабы сияқты болған, өйткені ‘’Гаты’’ тііл қарадүрсін халыққа түсінікті, жатық тіл еді. Сондықтан да жер тірлігін жырлау басым түсті. ‘’Гаты’’ адамды да, малды да қырып-жоюға қарсы еді, әділ өкіметке, әділ бөліске, әділ басқаруға үндеді, шапқыншы көшпенділерге кек көзімен қарады. Адам мен мал сарынын көбейте беру керек деді. Сөйтіп, ‘’Гаты’’ жердің, малшының тірлігін алдыңғы қатарға қойды. Адам мен малға зорлық- зомбылық жүрмейін деді. Малшы еңбегінде мейірім көзімен қарасты, жауларына қатал болды. Күн, мал, жайылымға жылы көзбен жақсы қарауға шақырды, барымташыларға қарғыс жолдады. Жақсылық пен жамандық бір-бірімен аяусыз күреске түсті. ‘’Бүкіл дүниені сәулемен ажарландырып, арайландырып, жалған өтіріктің түбіне жетіп, оларға мәңгі азап әзірлеп, әділетті жақтағандарға мәңгі бақытты үлес тисе екен дейміз’’./1/ Сөйтіп, ‘’Гаты’’ жер үстіндегі ғажайып тәртіпке, үйлесімділікке үндейді. Ойды, сөзді, істі біріктіретін үштік одаққа Воху Мана-ойдың, Арта Вахишта-істің, Ахура Мазда-сөздің одағына жүгіндіреді, малдың, судың өсімдіктердің рухы тұтастыққа, тұтас бітімге апару керектігін ескертеді. Симметриялы үш одаққа зұлымдықтың үш одағы қарсы әрекеттер жасайды. Зұлым ой, зұлым сөз, зұлым іс оңайлықпен берілмейді, шегінбейді. ‘’Гаты’’ адамдарды үнемі күреске шақырып, өтірікшілердің ордасына су құйыңдар, өршітпеңдер, олар үйді, қоғамды, елді бүлдіреді дейді. Сайып келгенде ‘’Гаты’’ мұншалықты өрісті, озық ойларымен бүгінгі заман адамының, қоғамының, елінің пернелерін басып отыр, үндесіп отыр.

‘’Гаты’’ отқа ерекше мән береді. О дүниеге барғанда қияметқайым көпірінен өтерде шыншылдар мен өтірікшілер бөлінеді. От жалыны ортаны бөліп тұрады, жалған мен шындықтың үстемдігін от нықтап береді. Жалған сөз бен Рас сөз бетпе бет беттеседі. Заратуштраның қызметі осы тұстан келіп шығады. Заратуштра залым диюларды жеңіп шығуы үшін Сөз күшіне ие болуға керек. ‘’Гаты’’ Заратуштра сөзінің арналы, өлшемді, ырғақты боп келетінін атап өтеді. ‘’Қолымнан келіп тұрғанда, күш қайратым барда адамдарды ізгілік тәртібіне үйретуге тырысамын’’,- дейді Заратуштра. Сол үшін де оның әрбір сөзі гимн секілді естіледі. ‘’Мені қолдаушыларға сый-сияпат тартылып, қолдамаушылар жазаланады ’’ дейді заратуштра. Гатыда заратуштра әрі пайғамбар, әрі жрец, әрі шешен. Ол биік сатылы жылы сөзі үшін Награда дәметеді, өзін сыйлап тыңдағандарға таңдаулы сыйлық таратуға әзір тұрады. Гатыда тыңдаушыларға қатты әсер ететін өткір орамды сөз тізбектері молынан ұшырасады. Заратуштра кейде лирик, кейде оратор, кейде дидактик боп көрінеді. Гатының базбір топтары ІІ буынды болып келеді, гатыда тоникалық ырғақ бар, бірақ ұйқас жоқ болғанымен аракідік аллитерацияның элементтері кездесіп қалады, кейбір шумақтарда14,16, кеде 19 буын кездесіп қалады. ‘’Авестаны’’ ескі иран тілдер немесе авеста тілінде жазылған шығарма деп таниды. Осы күнге дейін бұл кітаптан үзінділер оқылады. ‘’Авестаның’’ екінші редакциясы ‘’Зенд-Авеста’’ деп аталады. Авестаның бірінші кітабы ‘’Вендидад’’-22 тарудан құралған. Заратуштра мен Ахура Мазданың арасындағы диалогпен түзіледі. ‘’Висперед’’ 24 тараудан, ал, ‘’Ясна’’-17, ‘’Яшты’’-22 гимнен тұрады. Антикалық авторлардың айтуына қарағанда авестаның көлемі үш миллиондай өлең екен. Сасанидтер династиясының тұсында ғана Авеста мәтіні бір қалыпқа түссе керек. Хұсроу Парвиз тұсында да осы мәтін және бір анықталып, нақтыланған. Негізі Авестаны жүйелеу жағы Аршакидтер династиясы кезінде басталыпты. Сонымен Сасанидтер билік құрған шақта Авестадан үш жүз қырық сегіз тарау немесе жиырма бір кітап қалыпты. Араб шапқыншылығы кезінде Авестаның қолжазбалары өртеліп, ‘’Вендидад’’ ғана сақталып қалыпты. Ең ескі қолжазба 1278 жылмен белгіленеді.

Содан бері Авеста мәтіні әртүрлі пікірлер, болжамдар, сайыстар, тудырумен келеді. Бұл турасында Иран және Батыс ғалымдарының арасындағы арасындағы пікірталас бір жерден шықпайды. Датасы жөнінде де пікір әрқалай, біреулері біздің эрмызға дейін х ғасырда пайда болды десе, енді бірқатары біздің эрамыздың біріншіғасыры дейді: ‘’Авеста’’ сөзінің мәнін үнділіктер ‘’білім’’ десе, К.Гельднер мен Ф.К.Андреас ‘’заң’’ деп алады. ‘’Авестаның’’ пайда болған орны жайлы да пікір біркелкі емес, алақұла. Мысалы, Дж.Дармстетер, А.В.Джексон-Антропатен десе, И.Маркварт, Г.Нюьерг, Э.Бенвенист, С.П.Толстов-Хорезм дейді, ал В.Гайгер, В.Бартольд, Ф.Шпигель-Бактрияны атады, ғалымдардың төртінші, бесінші топтары Мерв оазисін мегзейді./1/ Авеста мәтінінің генезисі хақында да ойлар әртарапқа кетіп жатады. Бір ғылым авестаның бізге жеткен тексті ауызша таралып, өзгеріске ұшырағын днесе, екінші ғалым бізге өзгермелі жеткен дейді. Қайдан, қалай, қашан жазылып алынғандығы туралы шешімдер де бір бастаудан шықпайды. Ф.Альтгеим Авеста Иранның шығысынан Орта Азиядан арамей әліппесімен алынған десе, Батыстың кейбір ғалымдары Иранның Батыс жағынан алынған дейді. Бірақ, тарихи, әдеби, лингвистикалық көрсеткіштері Авестаның Орта Азиядан шыққанын дәлелдейді. Сонымен бірнеше ғасырлар бойы ауызша тарап, қалыптасып барып қолжазба бетіне түскен Авестада екі үлкен қабат бары анық. Бірінші ежелгі қабаты халықтың поэтикалық қазына болса, екінші қабаты тұтас діншілдіктен, діншіл уағыздан, о дүние мен бұ дүниенің қатқабат сырларынан, құдайлар мен әкімдер жайынан, жауыздық пен жақсылықтыбаяндаудан бірлік табады. Авестада діни уағыздармен бірге халықтық,этикалық элементтерде бар. Ежелгісі, жаңасы араласып жатыр. Бертін келе таптық қоғамға өткен кезде бұларға батырлық эпос келіп қосылады. Әсіресе табиғаттың адамдық қауымға қызметін жырлау кең орын алады. Суды және молшылық құдайы Ардвисураны мақтағанда ақ өлең оқығандай әсерде отырасыз. Жұтым судан алқып аққан шалқар суға дейін, көкіректі кернеп тұратын ана сүтіне дейін сауын сиырдың сүттілігіне дейін, еркектердің қауымына дейін айтқанда, ‘’Авестадан’’ сөз қалмайтын секілді. ‘’Авестада’’ құдайлар құлпырып, өзгеріп тұрады. Мәселен, қаһармандық құдайы Вертратна біресе Түйеге, біресе қыранға айналып сала берді. Әсіресе, Түйе бейнесі тоғыз қабат теңіз толқыныдай үрейлі, қаһарлы, құдіретті Түйенің басын, көзін, аяқтарын, аузынан атқылаған ақ көбігін, адуынды ашуын, тізесінің мықтылығын, ұрғашысына ұмтылғандағы шабытын керемет суреттейді. Бәлки, түйе образы ең алғаш рет Авестада сомдалып, сосын барып, Шығыс халықтарының ауызша және жазбаша әдебиеттеріне тарап кетсе керек. ‘’Авеста’’ малшылардың, аңшылардың, жер өңдеушілердің, егіншілердің еңбегіне ерекше ілтипатпен қарайды. Алғашқы қоғамның бірлігі, бақыты осында дейді. ‘’Авеста’’ алғашқы қоғамдық құрылыс тұсындағы Орта азия мен Иран халықтарының өмірге, табиғатқа, тіріге, өліге көзқарастарын бейнелейді. Жерге, суға, егінге, аңға, малға деген ықылас ерекше байқалады. Су мол болсын, жер жасарып гүлдене берсін дейді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.