Автомобиль-Жол кешенінің дамуы

Главная » Рефераттар » Автомобиль-Жол кешенінің дамуы

Автомобиль-Жол кешенінің дамуы және оның экологиялық мәселелері

Автомобиль-жол кешенінің (АЖК) дамуының өзекті мәселелерінің бірі – оның қоршаған ортаға әсері, соның ішінде, АЖК-ның қоршаған ортаға кері әсерін азайту болып табылады. Сол себептен АЖК жүйелерінің даму пропорцияларын негіздеу мәселесін экологтармен барынша толық зерттелген қоршаған орта элементі ретінде қабылданатын атмосфералық ауаға АЖК-нің зиянды әсерін төмендету тұрғысынан қарастырады.
Осы тұрғыдан қарастырғанда, АЖК қызметі мен дамуының тиімділігінің жалпы көрсеткіші ретінде АЖК жүйесін тұйықтайтын автомобиль көлігінің жұмысы салдарынан туындаған экологиялық-экономикалық шығын алынады. Автомобиль көлігінің атмосфераны ластауы сал-дарынан туындаған бұл шығын АЖК даму пропорцияларын негіздеу мәселесі шешілгеннен соң өзінің мүмкін минимальді мәніне ұмтылуы тиіс. Басқаша айтқанда, бұл мәселені шешу нәтижесі экологиялық-экономикалық шығынды төмендетуге мүмкіндік беретін АЖК-ның про-порцияларын негіздеу сапасын жақсартудың бағытын көрсетуге тиіс. Сөз жоқ, АЖК қызметі мен дамуының тиімділігіне мұндай тұрғыдан келу пропорциялардың тек экологиялық-экономикалық тиімділігін бағалауға ғана мүмкіндік береді, яғни өте «тар», шектеулі бағыт болып келеді. Деген-мен де, бұл бағыт дұрыс бағыт деп саналады, себебі тиімділіктің мүмкін критерийлерінің бірі бойынша АЖК-ны тиімді ету жағдайларын туғызады. Оның көмегімен алынған экологиялық-экономикалық тиімділіктің бағасы жалпы экономикалық тиімділік бағасына кіруі мүмкін. Бұл, сәйкесінше, жалпы бағаның сапасын жоғарылатады.
АЖК-дағы кешеннің ішкі элементтерін бір-бірімен байланыстыратын, сонымен қатар бүкіл кешенді сыртқы ортамен байланыстыратын әртүрлі пропорциялар тиімді деңгейде болуы қажет. Олардың біріншілерін «жеке», ал екіншілерін «ортақ» пропорциялар деп атауға бола-ды. Соңғылары АЖК дамуының тиімділік деңгейін әлеуметтік-транспорттық қажеттіліктер максимальді қанағаттандырылатындай және олардың сапасы жоғары болатындай етіп қамтамасыз етуі тиіс. Сөз жоқ, мұндай деңгейді қамтамасыз етуде жеке пропорциялар, соның ішінде автомобиль көлігінің қозғалыс паркінің көлемі мен мемлекет аймақтарының автомо-биль жолдары жүйесі арасындағы қатынас маңызды рөл атқарады. Басқаша айтқанда, аталған пропорциялардың барлығы бір-бірімен өзара байланысқан болуы керек, тек сол жағдайда ғана АЖК тиімді қызмет етеді.
Экологиялық тұрғыдан қарастырылып отырған АЖК-ның даму пропорцияларын негіздеу зерттеліп отырған мәселені «макробағытпен қарастыратынын», яғни сұрақтың аймақтық деңгейде зерттеуін көздейтінін айта кеткен жөн. АЖК-ның қоршаған ортаға әсер ету мәселесін мұндай тұрғыдан қарастырудың альтернативасы «микробағытпен қарастыру» болып табыла-ды. Бұл бағыт мәселені қоршаған ортаға әсер ету нысаны есебінде, сәйкесінше көлік ағыны қозғалатын автомобильді жол бөлшегін зерттеу нысаны ретінде қарастыруды көздейді. Зерттеу нысаны АЖК пропорциясы болғанда, мұндай бағыт қолданылмайды, себебі бұл бағыт пропор-цияларды қабылдауға мүмкіндік бермейді. Бірақ, кей жағдайларда, мысалы, қоршаған ортаға әртүрлі қоғамдық-территориалды ұйымдардың немесе жол қозғалысы ұйымдарының әртүрлі жүйелерінің әсерін зерттегенде, микробағыт қабылданатын шешімдердің әлдеқайда жоғары нақтылығын қамтамасыз ете алады.
АЖК-ның даму пропорцияларын негіздеу мәселесі кешенде қалыптасатын көптеген қатынастарды қарастыратынын ескерсек, бұл мәселені сипаттау өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі көмегімен жүзеге асатынын айтуға болады. Бұл жүйеге кіріспе ретінде кешенге қатысты сыртқы ортаның сипаттамалары алынуы керек, олар аймақтық-шаруашылық салаларының материалдық көрсеткіштері қызметін атқарады. Мұндай салалардың негізгі тобын өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс құрайды. Осы салалар қоғамның көліктік сұраныстарының үлкен бөлігін қалыптастырады.
АЖК-ның даму пропорцияларын негіздеу мәселесінің көрсеткіштері жүйесінің қорытындысы ретінде кешеннің қоршаған ортаға (атмосфералық ауаға) тигізетін экологиялық-экономикалық шығыны қабылданады. Яғни қарастырылып отырған мәселе ауқымында, аталған жүйенің нәтижелік көрсеткіші ретінде аймақтық автокөлік құралдарының жанармай шығыны алынуы тиіс. АЖК даму пропорцияларын негіздеу мәселесі бұл экологиялық-экономикалық тұрғыдан қарағанда кешеннің тиімді жағдайын анықтау мәселесі болып келеді. Оның әр жағдайы АЖК-ның белгілі бір уақыт бөлігіндегі сипаттамасын білдіреді. Бұл жерде қозғалыс паркінің дамуы мен автомобиль жолдары жүйесінің деңгейлері арасындағы пропорция зерттелетіндіктен, мәселе қаралатын уақыт аралығында күнтізбелік жыл қабылдануы тиіс. Мұндай масштабқа статикалық есеп жүйесінде автомобиль көлігінің қозғалыс паркі мен автомобиль жолдары жүйесі бойында болатын өзгерістердің жылдық қорытындысы ретінде тіркелетіндігі негіз болып отыр. Сонымен, АЖК дамуының пропорцияларын негіздеу мәселесі көрсеткіштері жүйесінің қорытындысы болып «жылдық жанармай шығыны» алынуы тиіс. Бұл жүк автомобильдері, авто-бустар, жеңіл автомобильдер және мотоциклдер секілді барлық көлік құралдары шығындайтын жанармай мөлшері болуы керек. Бірақ та, әдістемелік тұрғыдан қарағанда (АЖК даму пропор-цияларын негіздеу әдістемесін құрастыру кезінде) автокөлік құралдарының аймақтық паркін жоғарыда аталған құралдардың кейбірінен, тіпті бір тобынан шектеу үлкен қателік деп санал-майды. Қарастырылатын мәселенің көрсеткіштер жүйесіне автомобиль көлігінің бір тобының сипаттамасын енгізу оған басқа топ сипаттамасын қосу әдісінен ерекшеленбейді деп айтуға бо-лады. Сонымен қатар, көлік ағындағы құралдардың әртүрлі топтары өлшемдерінің арасында статистикалық өзара байланыс бар екенін естен шығармаған жөн. Мұндай байланыстар автомо-биль жолдардағы қозғалыстың құрамы мен үздіксіздігін талдау кезінде байқалған. Осы байланы-старды есепке ала отырып, қарастырылып отырған мәселенің көрсеткіштер жүйесіне қосымша көлік құралының кез-келген тобын енгізуге болатындығын айта аламыз.
Қоршаған ортаға тек аймақта жұмыс істейтін автокөлік құралдары ғана емес, сонымен қатар жол-жөнекей өтетін автокөлік құралдары да зиянды әсерін тигізеді. Транзитті автомобильдердің қозғалыс көлемі бұл аймақтың шаруашылық даму деңгейіне, сонымен бірге басқа көршілес аймақтардағы өндірістің концентрациясына, мамандануына және кооперирлануына тәуелді бо-лып келеді. Бірақ та, транзиттік көлік ағыны аймақтың жол жүйесінің дамуына қосымша талап-тар қояды. Осыған байланысты АЖК даму пропорцияларын негіздеу мәселесінде ішкі-аймақтық ағын сияқты бұл ағынды да ескеру қажет.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Иносэ Х.,Хама Т.Управление дорожным движением.-М.:Транспорт,1983,248 б.
2. Матвеев Ю.А. и др.Прогнозирование и управление экологической безопасностью при реализации сложных технических проектов.-М.:Издательство МАИ,2005.
Қоқаев Ө.Ш., Әліпбаев Ж.Р., Бегалиева Д.М. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз, Қазақстан

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.