Қазақ Автономиялы Совет Республикасы

Главная » Рефераттар » Қазақ Автономиялы Совет Республикасы

Қазақ Автономиялы Совет Республикасы

Азамат соғысында жеңіске жеткен большевиктер мен олардың одақтастары, Қазақстанда өз билігін нығайтудың заңды шараларын қарастырады. Алаш Орданың әрекеті қазақ халқы ортасында автономияның беделді екендігін көрсетті. Сондықтан совет өкіметі автономияны құру қажеттігін қолдады, бірақ оны Алаш партиясы либералдық демократтарының ойындай емес, басқаша мағнамен толықтырды.

Қазревкомның 3 ақпандағы және 5 мамырдағы 1920 ж. нұсқаулары негізінде сайлау құқығының принциптері белгіленді. Бұған 1918 ж. РСФСР Конституциясының ережелері басшылықка алынды. Активті және пассивті сайлау құқығымен жұмысшылар, шаруалар, қызметкерлер және қазақтар пайдаланатын болды, бірақ олар жалдамалы еңбекпен пайдаланбауы тиіс болатыны ескерілген. Осының нәтижесінде халықтың біраз бөлігі «эксплуататор­ларға» жатқызылған, оның ішінде ауқатты шаруалар, діннің басшылары, жеке саудагерлер, мемлекеттік аппараттың бұрынғы қызметкерлері сайлау құқығынан айырылды.

.
.

Жұмысшылар мен шаруалардың өкілеттігі тең болмады. Қаланың бір тұрғынының дауысы селоның бес тұрғыны дауысына пара-пар болды. Сайлау жанама өтетін, яғни Советтер съезінің делегаттарын облыстық және губерниялық советтер сайлайтын, тұрғындар емес.

Қысқасы сайлау тура да, жалпылы да, тең де болған жоқ, сондықтан большевиктер өздеріне қолайлы съезд құрамын дайындады және өздеріне қажетті шешімдер қабылдай алуды мақсат еткен болатын. 1920 ж. 26 тамызда РСФСР-дың Халық Комиссарлы Советі (ХКС) мен Бүкіл-Россиялық Атқару Комитеті (БРАК) «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Советтік Социалистік Республикасын құру туралы Декрет» қабылдады. Декрет Қазақстанның шекарасын, мемлекеттік жоғарғы органдарын және басқару жүйесін анық­тады.

1920 ж. 4 қазанында Орынборда Қазақстан Советтерінің Құрылтай съезі жұмысын бастады. Съезд «ҚАССР еңбекшілері құқығының Декларациясын» қабылдады – бұл Советтік Қазақ­станның алғашқы конституциялық актысы болды. 26 тамыз 1920 ж. Декрет бойынша мемлекеттік өкімет билігінің мынандай жоғарғы органдары бекітілді:

Советтердің бүкілқазақтық Съезі – ең жоғарғы өкілетті органы болып танылды. Оның заңдар шығару құқығы болды, айрықша компетенциясына елдің Конституциясын қабылдау жатты, оны РСФСР жоғарғы органдарының бекітуі керек болатын. Съезд делегаты болып дауыс құқығы бар, жасы 18-ге толған азаматтар сайлана алатын. Кезекті съездерді жылында бір рет (кейіннен 4 жылда бір) ОАК – ЦИК шақыратын, ал төтенше съездер ОАК-тің өз инициативасы, яки Қазақстан халықтары 1/3 құрайтын жергілікті советтердің талабы бойынша шақырылатын.

Орталық Атқару Комитетін  (ОАК – ЦИК) съезд сайлайтын, ол ең жоғарғы заң шығарушы, жарлық қабылдаушы және бақылаушы орган болып саналды. ОАК-нің кезекті сессиялары 3 айда бір рет, төтенше сесиясы – шұғыл оқиғалар болған жағдайда шақырылатын, оны ОАК өзі, немесе оның мүшелерінің үштен бір бөлігінің, немесе ОАК Президиумының талабы бойынша шақы­рылатын. ОАК үкіметті құратын, декреттер шығаратын, жарлықтар мен қаулылар қабылдайтын, жеке аймақтарда әскери жағдай жариялайтын, Советтер сайлауына басшылық жасайтын.

ОАК-тің сессиялары аралығында жоғарғы заң шығарушы, жарлық қабылдаушы және атқарушы органы болып ОАК Президиумы есептелетін. Советтер съезі мен ОАК тұрақты жұмыс жасамаған жағдайда, жоғарғы өкімет билігінің өкілеттігі шектелмегендіктен, нақтылы өкімет билігі Президиумның қолын­да болатын, бұл заң қабылдай алатын лауазымды адамдардың (қызмет атқаратын) тар шеңбері.

Заң қабылдау өкілеттігімен сол сияқты Халық Комиссар­лары Советі (ХКС – СНК) – үкіметте пайдаланатын. ХКС пред­седательден, оның орынбасарларынан, халық комиссарларынан тұратын, бұларды ОАК – ЦИК тағайындайтын. Жалпы алғанда ХКС заң қабылдаушы, атқарушы және өкілетті орган болып саналатын. Қазақстанның Автономиялы Советтік Социалистік Республикасына басшылық жасайтын орган болды.

Салалық басшылық беретін орталық орган халық комис­сариаттары болды. Мынандай халық комиссариаттары болған: азық-түлік, финансы, жұмысшы-шаруа инспекциясы, еңбек, жол қатысы, КазЧК, Халық шаруашылығының Советі, Қазақстат­бюро, почта мен телеграф басқармасы, ішкі істер халық комиссариаты. Бұлардың барлығы РСФСР-дың тиісті наркомат­тарына бағынатын.

Автономиялы россиялық наркомттарға бағынбайтындар: юстиция, халық ағарту, денсаулық, әлеуметтік қамсыздандыру, жер шаруашылығы халық комиссариаттары еді. Халық комис­сариаттарының құрамы мен статусы 20-30 жылдары бірнеше рет өзгертілді. 1924-1925 жж. Қазақ АССР-ы дамуындағы айтарлықтай кезең болды. Түркістан АССР-ның таратылуына байланысты Сырдария мен Жетісу облыстары, негізінен қазақ халқы орна­ласқан, Қазақстанның құрамына берілді. Советтердің V съезінде (1925) Республика өзінің тарихи атын – қазақты қайтарып алды, сөйтіп тарихи шындық қалпына келтірілді. Бұдан былай Қазақ жері аталынды

1922 ж. Советтік Социалистік Республикалар Одағы құры­луына байланысты, Қазақстан Россияның автономиялы Рес­публикасы ретінде СССР-ды құру шартына қол қоюға қатысты, Одақтық Атқару Комитетінің  құрамына өзінің бес өкілін жіберді. 1925 ж. РСФСР Конституциясына сәйкес РСФСР мен автономия­лы республикалардың өкілеттігі шектелді. Ол бойынша орталық органдар РСФСР Конституциясына сай келмеді, оны бұзды деп санаса республикалық Советтер сьезінің шешімдері бұзылатын, жергілікті және мемлекеттік салықтар тағайындалатын, республикалар шекарасы белгіленетін т.б.

.

Республиканың әкімшілік-территориялық бөлінуіне де елеулі өзгерістер болды. Оңтүстік облыстардың қосылуына байланысты астана Қызыл-Ордаға (Ақмешіт) көшірілді Орынбордан 1925 ж. 1929 ж. астана Алматыға (Верный) ауыстырылады. 1998 ж. 70 жылдан кейін Астана (Ақмола) орталық қала болды. 1928 ж. басқару ісін халыққа жақындату мақсатында губерниялар мен уездер, волостар орнына округтар мен аудандар құрылды. 1933 ж. аштықтың әсерінен халық санының тым азаюына байланысты бұрынғы 13 округ пен 193 ауданның орнына 6 облыс, 123 аудан, 1 округ құрылды.

Осы әңгіме болып отырған кезеңнің Қазақстанды басқару­дағы ерекшілігі, партия огандарының барлық билікті қолына алуы, бұл конституциялық нормаларды өрескел бұзғандық. Барлық шешімдер ең алдымен орталық және жергілікті партия органдарында қабылданатын. Шындығына келсек партия консти­туциялық басқару органдарының жүйесін айырбастады, халық билігі фикцияға айналды (жалған болды).

Қазақстанның партия ұйымы ВКП (б) Орталық Комитетіне қатаң бағынатын. Сондықтан орталық пен республикалар арасын­дағы юристік тұрғыда бекітілген федеративтік принцип қаты­настары шын мәнінде унитарлық (біртұтас) принциппен айыр­басталды. 30-жылдардың ортасынан бастап И. Сталиннің жеке басына табыну бекігеннен кейін халықтық биліктің көпшілік формасы өмір сүруін тоқтатты.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.