Қазақ әдептілік ұғымы

Home » Рефераттар » Қазақ әдептілік ұғымы
Рефераттар Комментариев нет

Қазақ философиясының негізгі мәселелерінің біріне кісілік пен әдептілікті айқындау жатады. Қазақ философиясындағы әдеп мәселесін қарастырудан бұрын, осы мәселенің өзегін құрастыратын ұғымдардың мазмүнына қысқаша түсініктемелер беріп өтелік. Өйткені әртүрлі мәтіндегі бұл ұғымдар сан қилы мағынада қолданылады. Алғашқы мәдени-әдептік бинарлық оппозиция ретінде «адам» мен »пендені» алуға болады. Адам діни философиялық бағытта қалыптасқан және иудей-христиан-ислам теологиясындағы жаратушы қүдіреттілігімен әлемге келген туынды, барлық кісілердің арғы тегі. Кейін адам батыс философиясында да, шығыстық философияда да бүкіл адамзатты әмбебапты бейнелейтін тектік ұғымға айналады. Алла тағала адамды табиғаттан жаратқан және оған өзіндік мағына мен рух берген. Жақсы адам — рухани адам. Осындай мұрат тұтатын адам туралы қазақтанушы Қ. Жарықбаев ойларын былай түйіндейді: «Ақылды адам өзіндік ойы, өзіндік мақсаты, өзіндік бағыты бар, кез келгеннің жетегіне еріп кетпейді. Салқынқандылық, тұрақтылық, мінезділік — адамға ауадай қажет. «Қайда жүрсең де өзіңді тізгіндеп ұста», «Адам болу үшін ерлікпен қатар ақкөңілділік те керек», «Байсалдылық — ізгі қасиет». Адамның осындай жақсы қасиеттерін тізбектей келе, жұртты жаман мінез, жат қылықтан жирендіреді. («Сараңның жұрт түгілі өзіне де дәрмені жетпейді», «Топасқа қылығы да қырсық болып жабысады», «Ұятсыздан үйдей пәле шығады»). Адамға төмендегідей қылықтар, атап айтқанда — өтірік айтып, дандайсу, ішкілікке салыну, нәпсіге құмарту, іштарлық, күншілдік пен бас араздық, бұзық жолға түсу, босқа күйіп-пісіп, ашушаң болу, адамның өзін-өзі ұстай алмауы және тағы басқалары еш уақытта опа бермейді. Ақылды адам бұларды бойына дарытпау үшін ылғи да қам жеп, сақ жүреді. Жақсы адам ылғи да жеке басымен қоса, отбасының да берекесін ойлап жүреді. Бақытты болу, асыл мұратқа жету жақсы қасиеттерсіз жүзеге аспайды. («Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды»). Ал бақ пен бақытқа жету адамның өз қолында. Кісі — өз бақытының қожасы. Бұл үшін ол аянбай еңбек етіп, өз бойына адамгершілік қасиеттерді егіп отыруы тиіс. Адам өзінің ақыл-парасатымен қатар сезім дүниесін де билеп-төстеуі керек, яғни өз көңіл-күйінің де қожасы болсын, солғын, қораш сезімді адам — бүл әлде де болса тәрбиесі жетіспеген адам. («Жанұшырушылық — топас адамның белгісі», «Ашу шақыру — ақылға нұқсан келтіреді», «Ақылдылық ашумен бірге жүрмейді».
Этиканың зерттеу нысаны «әдеп» ұғымы арнаулы әдебиетте бірнеше мағынада қолданылады. Әдеп — қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптарды білдіретін ұғым. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтіруімен байланысты. Бұл сипатта әдеп мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады. Мәдениеттің қалыптасу барысында ізгі мінез-құлық белгілері әдептілік талаптарына айналып отырған. Әдеп өлшемдері арнаулы қаулы арқылы жарияланбайды және олар данышпан адамдардың ойлап тапқан құндылықтары емес. Әдеп ережелері өркениет пен мәдениеттен сұрыпталып алынған. Қазіргі заманғы ғылым әдептің қалыптасуына әсер еткен үш басты факторды атап өтеді. Олар: жыныстық қатынасты реттеу арқылы аналық рудың пайда болуы; тайпа мүшелерін өлтіруге тыйым салу; қариялар мен балаларға қамқорлық ету. Мәдениеттің өзегін салт-дәстүрлік әдеп құрастырады. Егер соқыр сезім жануарлар тіршілігіне қалай әсер етсе, салт-дәстүр де алғашқы адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқына, ақыл-ойына сондай әсер етеді. Дәстүрлі қоғамдағы әдептің қарапайым түрін кейін рационалды имандылық қағидалары алмастырды. Алайда бүдан көне әдеп жоғалып кетті деген ой тумайды. Себебі коне мәдениет қазіргі ұлттық мәдениеттің архетипі қызметін атқарады. Қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесі сонау көшпелілер мәдениетінен нәр алады. Ол қазіргі заман талаптарына сәйкес жаңара түскенімен, бастапқы негізін сақтап келеді.
Қазақ философиясындағы әдеп мәселесіне қатысты әлі де мағынасы терең ашылмаған, зерттеуді қажет ететін ұғымға «кісі» жатады. Бұл ұғым туралы сан алуан түсіндірмелер бар. Қазақ даласының ойшылдары (XIII—XV ғғ.)» кітабының авторлары ортағасырлық түркі ойшылдары мен хакім Абай да адамның теріс қылықтарына сай «кісі» деген ұғым қолданды дейді де, мынадай қорытындыға келеді: «…әдетте, хакім де пендені адамнан бөліп алады да, оны адам қатарына жатқызбай, ол туралы тек «кісі» деген ғана ұғымды қолданады». Алайда «кісі» ұғымы жақсы адамды бейнелеуге де қолданылады. Қазақтың «кісі болар баланың кісілерде ісі бар, кісі болмас баланың кісілерде несі бар» деген мақалын еске алайық. Немесе халық: «Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық — ер кісінің ісі» дейді. Семантикалық жағынан алғанда «адам» мен «кісі» синонимдер іспеттес және қазақ дүниетанымына тән синкретизмнің көрінісі (Тәңірі, Қүдай, Алла сияқты). «Адам» — мұсылмандық мәдениеттен келсе, «кісі» — түркілік атау. Абай бойынша, жақсы кісіде үш қасиет: ыстық қайрат, нұрлы ақыл және жылы жүрек болу керек делінеді. Адамгершілік құндылықтары қашан да кісілік қасиеттерде көрініс табады. «Кішілік пен кісілік — ұлылықтың белгісі», — деген Махмұт Қашқари.
«Кісілік қасиеттер» ұғымы Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Т. Ғабитовтардың «Әдеп негіздері» атты кітабында арнаулы талқыланған: «Қазақ тілінде «кісі» — адам деген ұғымның мәнді бір атауы, ал «кісілік», «адамгершілік» дегендер ауқымы кең ұғымды білдіреді. Халықтық атауда кісі атауы кез келген адамға берілмейді. Мәселен, тілі шықпаған баланы, жан-дүниесі күйзеліске ұшыраған кем ақылды, өзіндік бағыт-бағдары жоқ адамдарды да «кісі» деп айту қиын. Кісілік өзіндік іс-әрекеті, мінез-құлқы орнықты, өзге адамдармен қалыпты қатынас жасауды білдіретін адамға тән атау. Кісілігі бар адамның мінезінде ұнамды қасиеттер аз болмайды. Ол ақыл тоқтатып, жұртқа өнегелі сөз айтып, өзгені де тыңдай білетін адам. Кісілігі бар адам бір істі бастаса, оны аяғына дейін жеткізіп, тындыруы тиіс. Оның әрбір қимыл-қозғалысы, әрекеті діттеген мақсатына бағытталып отырады. Байқап отырғанымыздай, жоғарыдағы мәтінде «адам» мен «кісі» синонимдар сипатында қолданылады. Жүсіп Баласағұн «кісі-адам» мен «кісі-киікті» ажыратқан. Бұл қисын бойынша, тек әдепті кісі ғана адам бола алады. Біздің пайымдауымызша, «адам», «түлга» тәрізді үгымдармен салыстырганда «кісі» қазақ мәдениеті өрісінде экзистенциал-дық мазмүны айқын түсінікке жатады. Кісінің басты кісілігі оның басқалармен қарым-қатынастың субъектісі деңгейіне көтерілуімен көрініс табады, копшіліктің назарын өзіне қарата алады. Бүл үшін ол «жарқын жүзді, шуақ көңілді, ыждагатшыл, жылы, шуақ және арайлы жүзді, игі мақсатты, иманды» болуы қажет. Керісінше, кісілігі жоқ адам «қара бет, суық, көк бет, қалың бет, т.т.» болып келеді. Ондай кісіге қарап көңілің толмайды, көншімейді. Кісілік қасиеттер әл-Фарабидің «Қайырымды қала» ілімінде арнаулы қарастырылады. Оның пікірінше, кісілік белгілер, әсіресе, елбасыга тән болуы қажет. Осындай кісіге қойылатын талаптар: «Біріншіден, бүл кісінің мүшелері мүлдем мінсіз болуға тиіс: жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын ділмар болуы шарт; өнер-білімге қүштар болуы, оқып-үйренуден шар-шап-шалдықпай, осыган жүмсалатын еңбектен қиналып азап-танбай, бұған оңай жететін болуы керек; тағамға, ішімдік ішуге, сүхбат құруға келгенде қанағатшыл болуы керек; шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көруі керек; жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын болуы шарт; оның жаны жаратылысынан пысық істердің бәрінен жоғары болып, игі істерге ынтызар болуға тиіс; дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қарауы керек; жаратылыстан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көру керек; қыңыр болмау керек; өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бүл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек», — дейді. Сонымен, «кісі» шығыстық мәдениетте инабатты адам мағынасына жақын қолданылатын адамдық келбет болып табылады. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде «кісі» ұғымы өзіндік мәнін және сөз өнерін жете меңгеру арқылы үлгі боларлық адамды да білдіреді. Бұл, әсіресе, ақын-жыраулардың перформативтік дискурсына тән (Ә. Наурызбаева). Бұл дискурста кісілік алдыңғы қатарға шығады. Әрине, дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі «кісілік» ұғымы тек эпикалық дәстүрден ғана емес, сонымен бірге мұсылмандық әлеммен қатысты ортағасырлық жазба мәдениетінен де бастау алады. Ұлттық қазақ философиясында «жетілген адам» мәселесі жалпы шығыс философиясы шеңберінде қарастырылып, адамды этика, адамгершілік тұрғысынан қарай отырып, сонымен қатар оны білімділікке, парасаттылыққа шақыруға ерекше көңіл бөлінеді. «Түркі тілдес халықтардың Конфуцийі» деген беделге ие болған Жүсіп Баласағұн Конфуций сияқты адам мен адам, адам мен мемлекет арақатынасы, әсіресе мемлекетті басқару мәселесін айшықтағанына байланысты жетілген адам мәселесін осы тұрғыдан қарастырады. Ал әл-Фараби бұл мәселені «Мұрат қоғамды» ұйымдастырумен байланыстырады. Әл-Фараби бақыт мәселесіне, ең алдымен адамның осы дүниеде бақытты өмір сүруінің жолдарын іздестіруге өзінің философиясын бағыттады. Сонымен қатар, әрбір жеке адамның жетілуіне ақыл-ойдың, парасаттылық пен білімнің рөлін ерекше жоғары бағалады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.