Қазақ фольклоры

Главная » Рефераттар » Қазақ фольклоры

Қазақ фольклоры ауыздан ауызға тарап бүгінге жеткені әмбаға аян. Бір кезде айрандай ұйыған осы бір бейкүнә қазақ халқы тарихи себептерден тоз-тозы шығып, әлемге тарыдай шашылып кете барды. Әдебиеті мен мәдениеті де өзімен бірге қиын күй кешті. Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін барып басымызға бас қосылып, шетелдегі қандастарымыздың әдебиеті мен мәдениеті арнамызға құйыла бастады. Алыс-жақын шетелден келген қаламгер ағаларымыз бен апаларымыз жиған-терген, жазған рухани дүниелерін өзімен бірге ала келіп, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің қоржынын азда болса толтырғандай болды. Мәселен, Қытайдан келген жазушы, зертеуші Оразанбай Егеубаевтың бұл жағында Қазақ еліне қосқан үлесі өте зор. Қазақ ұлтына қатысты бұл аңыздардың кейбіреулерінің желісі Қазақстанда жаряланған материалдармен желілес болғанымен көп жағынан өзгешелеу екені көзге ұрып тұр. Ал қытайда өмір сүрген қазақтарға қатысты материалдар тіпті де өзгеше. Газетіміздің бүгінгі нөмірінен бастап ол кісінің жинаған ауыз әдебиетіне қатысты материалдарын беріп тұруды жөн көрдік.

Уақ пен Керей бір еншілес болып Уақ ағасы екен де, Керей інісі екен. Уақ елге қол басшы, батыр болыпты. Керейдің алғаны ұлы жүз үисін елінің қызы болыпты, аты Абақ екен. Ол Керейден бір ұл туып, ол ұлы үш жасқа келгенде Кереи өліп, Абақ жастай жесір қалыпты. Ұлының аты Ашамайлы екен. Уақ: «Іні өлсе аға мұра» деп, Абақты алмақ болса, Абақ: «мен баиға тимеймін, ұлым ержеткенше отырамын, қайнағамыз маған іренжімесін» – деп жауап қаитарған екен. бұған Уақ іштей өкпелі болыпты. Жаз кезінде Абақтың сиырлары бұқасыз қалғандықтан ол бір малайын жұмсап: «Баты ағаның ауылынан бұқа әкеліп сиырға қосыңдар» деиді. Жұмсаған адам шауып барады да, Уақтың қорасынанбір-екі бұқаны айдай жөнеледі, аған көзі түскен Уақ: — Бұқаны қайда апарасың? – деп сұрай кетеді. Әлгі адам «келініңіз Абақ жұмсаған еді сиырларынына бұқасы жоқ болған соң» депты. сонда: — Оның өзі бай керек қылмағанда, сиыр бұқа керек қылама? – деп бұқаны бермей алып қалыпты. Жұмсаған адам бұқа туралы айтылған бұл сөздерді Абаққа айтып келген екен, Абақ іштей қатты іренжіп, сонан Уақ батыр айшылық алысқа жорыққа кеткенде, Абақ аша майлыны алып, өз төркіні үйсін елдіне көшіп кетіпті, Уақы оның артынан іздеп бармапты. Абақ төркініне барған соң Нәзір деген молладан: — Балам ержеткенше ерсіз отырсам бола ма?»- деп патуа сұраса, Нәзір сонда: — Сіз жас адам екенсіз, ерсіз жас әйел бұлақтың басынан өз қолыменен су алар болса, аяқтағы елдің ол сумен дәрет алуына да болмаиды. Сондытан ерге некеленіп отырғаныңыз жөн, – деген жауапты айтыпты. Абақ ойлана келіп, ақыры сол молланың өзіне некеленіпті, одан бір ұл тауып атын қара қожа қойыпты бұл ержетіп би болған екен, Қара би атаныпты. Қара биден Майқы туыпты.

Тоқатар қожа

.

«Баласы Сарымсақтың Сайбақ ханды, Жаратар ұдай артық әр бір жанды. Кенжесі тоғыз ұлдың тоқтар қожа, Байжігіт сонан туып бай атанды» деген өлең бар. Наиман ата өсіп-өрбіп рулы ел болған тұста, Байсбайдың қорлына түрік жерінен келген Тоқар қожа деген жігіт келіп тұрыпты. Ол сайбақ деген ханның баласы болып, ағаларынан жәбір көріп елінен кеткен екен. Тоқтар қожа зерек көрген- білгенін көңіліне тоқитын ақылды екен. Ол Байсбайдың малын бағып, жұмсын істеп, Байсқа жағыпты. Бір жылы ар кұзде Тоқар қожа Байстың алдына келіпті: «биылғы қыс қатты, ақ сүиек жұт болатын көрінедді»- депті. Байыс « оны қалаи білдің» – дегенде. Тоқтар қожа: «қысту мен отарды шолып келдім, жылдағы қоңыр аң ауып кетіпті, өрістегі қойлардың жайылуына қарасам тоқтылар қойдың алдына шығып жайылатан болыпты. Бұл қыстың ауыр болатынының нышаны. Менің ақылымды алсаңыз, жылқы бастаған барлық ірі қараны маған тапсырыңыз, жұт жүрмейтін жерге қыстатып келейін, ұсақ малға арша шаптырып, тал қидырып, биік қораға жинатыңыз да ішне екі жүз ұсақ қой қаматтырып батырыңыз, қалған барылық қойды қыс басында сойдырып, қарға көміп, мұздатып, қыс аяғында көже қатықтан тарыққандырға таратып, туар қой алыңыз»- дейді. Тоқар қожаның ақылына сенетін Байсбай оны бас етіп, ірі қара малын отарға көшіріп қойын тоқтар қожа айтқандай орналастырады. Бір кедей жалғыз атын «Құдайға аманат» – деп Тоқар қожа басқарған жылыларға қосып жібереді. Айтқанындай қыс қатты болып, ақ сүиек жұт болады. Көп елдің малы жұтап, таяқ ұстап қалады. Жаз шығып Байстың екі жүз тұсағы түгел төлдейді. Бірақ отарға кеткен ірі қарадан хабар болмай Байс қатты алаңдайды. Тіпті ат көзінен көк шықанша хабар-ошар болмай Баис күнде өзі төбеге шығып, қызы Мақта пайды да шығарып қаратып зарығады. Бір күні мақта апай: «Ата шүиінші, жетегі бар біреу келеді, Тоқар ағама ұқсайды» – деп жүгіріп үйге кіреді. Сонда Байыс: «Тоқар қожа малды аман әкелсе шүйіншіге сені берем» – депті. Айтқанындай жетек атты тоқтар жожа болып шығады. ол баисқа келіп, салем беріп, барлық ірі қара малының ама-есен қыстан шыққандығын, жылқыларды құлындатып, сиыраларды бұзаулатып, түйелерді боталатып бірақ әкелгендігін, жетегінің біреуі екі саба қымыз теңдеген қысыр бие екендігін және бірі әлгі кедейдің аманат жалғыз аты екендінін, отар малдың көші артта келе жатандығын айтып Байсты қуандырады. Тоқтар қожа қыста ұзақ көшіп отарлап, барғанжерінде қазық қағып, жерге қазық кірмейтін тоң болса ол жерге еру болмай, қазық кірген жерге ерулеп, жылу қатты жерлерді айнала отарлап көшіп қыстан шығыпты. Сиырларды қамысты жерлерге айдап жайылтқандықтан барлық сиырдың тұмсығын өрге жүні маңдайына деиін қырқылып түсіп қысаға айналған екен – дейді. Байсбайдың ірі қарсы қыстан аман шығып, екі жүз тұсақ қойынан ұрық болып қарызға таратқан қойларын түгел қайтарып алып онан ары шалқып байыпты. Тоқар қожаның ақылы мен жақсылығына разы болып сөзінен қайтпай қызы Мақта апайды беріп, отау көтеріп күиеу бала қылып алыпты. Мақта апайдын Баижігіт, Жанжігіт деген екі ұл туады, олар ержеткенде Тоқатар қожа еліне қайтпақ болса, Жанжігіт әкесіне еріпті де, Байжігіт шешесінен айырлымаймын, – деп Мақта апайда қалыпты. Байжігітке әке дәулеті дарып ұрпағы өсіп, сонан рулы ел болған екен – дейді.

Еміл

.

Саматөренің баласы Нұрасыл құралайды көзге атар мерген, алған бетінен, басқан ізінен қайтпайтын батыр болған екен. Найманның бура деген руынан жалғыз аил Таңдар, Таңат деген екі жігіт беймәлім бір жағыдаймен елінен ауып келіп, Нұрасыл батырды паналап, төренің ауылына арқа сүйеп жан бағады. Күндердің бірінде олардың бірі Нұрасылдың бойжеткен қарындасымен көңіл қосып, қыз жүкті болып қалыпты. Қашқын кедей жігітке қан тұқымына төре қыз береме, екі ғашық қайтерін біле алмай ақыры бура еліне қашуға бекіседі. Үш сайгүлікпен сайланып жасырын жолға шыққан екі жігітпен қыз суыт жүріп, ұзақ жол басып, еміл өзеннің бойына барғанда қыз толғатып атқа жүре аламай, сол жерде босаныпты. Қару-жарағын асынып, хаһарына мініп жолдастарын ертіп оларды қуа шыққан Нұрасылға анасы Ырысенең деген кісі: — Меннен туғаның рас болса, қызымды өлтірмей нәрестесі мен әкеліп бер, үйтпесең емшек сүтімді көкке сауам- деген екен. Еміл бойында қуып жеткен қуғынылардың екі жігітті құтқару үшін қыз тасып жатқан Еміл өзенінен жігіттерді зорлап өткізіп жібереді де, нәрестесі мен өзі Еміл өзені жағасында қалады. Нұрасыл судан өтіп бара жатан екі жігітті атыпты, өлгені немесе жаралы кеткені мәлімсіз. Қарындасын да атып өлтіріп сол жерге жерлеп нәрестені алып қайтыпты деседі, енді бір әңгімеде қуғыншылармен біраз жігіттер арасында соғыс болып, жігіттер де,қыз да соғыста өліпті, Нұрасыл нәрестені алып қайтыпты делінеді. Тағы бір әңгімеде қуғыншылар келіп қалып жігітпен қыз суға кетіріп алудан қорқып және тулған нәрестені тастап өздері өтіп кетіпті делінеді. Қалай болсада, Еміл бойында кіндік қаны төгілген осы нәресте ұл бала болыпты, төренің ханымның тапсыруы бойынша құшағына әкеліп салынғаны анық. Еміл бойында туылғандығы үшін ханым оның атын Еміл қойғызып, Нұрасылымның кенже інісі «қыздан туғанның қиығы жоқ» деп Нұрасылдың қара шаңғырағына бастырған екен, әрі Төре- Төленгітте кім- кімнің Емілдің атын атап, түсін түстеуіне оны бөлектеп араға жік салуына болмайтындығын өзі тіршілік өмірден көз жұмғанша уағыздап кеткен екен. Айлар ауысып, жылдар жылжый беріп, Еміл ұрпағы іргелі ауылға айналыпты. Рабат кұңнің тусында бір жылы жайлау үстінде ауыл арасына жік түсіп қатты ренжу болады, Еміл ұрпағы қас жайлауының Қосбұлақ деген жеріне жыйналып қонып ура еліне көшіп кететіндіктерін жарялапты, әрі көшу дайындығына кірісіпті. Ел ішіндегі бөлінуден хабар тапқан кұллі қызай біліктілері бас қосып ақылдасып, араға түсіп, Еміл ауылының өкпесін орынды санап «ағайынның өкпесі бар, кегі жоқ» – деген ережеге сиғызып, Рабат күңнің теңсіздк көз қарасына қауым ел болып сөгіс айтыпты. Сүйтіп, еміл ауылын «шиубе» деген жерге келгенде көшуден тоқтатыпты, еміл ауылы қас алқабына қайта тұрақтап қалсада «ата тегіміз төре», – дегнді қайта айтатын болып «елмілбіз» дейтін болған екен. Қазір бұл ауыл ондаған түтін болып, қас алқабының көп жеріне жамырай қоныстанып отыр.

.

Шақабайдың Жәнтекейке ұран болуы

Керей рулары Алтайға екінші рет қайта айалып келгенде жер-судың тұтығымен кеңін, шөптің шүйгінін қуалап, әр ауыл әр сайдан қоныс алыпты. Ел, ауыл саны шағы-шағын болғанмен аралары жарым күндік, бір күндікке шейін барады екен. Есентайдың үлкен ұлы Шақабайдың өзінен үлкен әпекесін ертіп, бір туысының үйіне амандасып қайту үшін шығады. Шақабай сол кезде 18 жаста болып, жүректі де, мықты екен шақабаймен әпекесі ел, ұзын сайды құлдап келе жатса, сай аузынан алпыс шамалы жау жасауылдары қазақтарды шаппақ болып, аттарын демалдырып, өздері тамақтанып жатқан кез екен. Шақабаймен әпекесі бір тұмсықшаны айлана бере әлгі жау жасауылдарының үстінен түсіп қалады да, жау екенін біліп қайта тұра қашады. Жаулар олрды көре салып «елге тірі жібермеу керек» деп аттарын жайдақ, кейбіреулері ерттеп мініп тұра қуады. Мінгені өңкей саңлақ. Жау жағы шақабаймен әпекесін құтқармауға айналады. Сонда Шақабай әпекесін: — Анар бірді құтқаратын емес, сен шаң көрсетіп алдыға қарай шаба бер. Мен мынау бұрын талдың арасын жасырынып қалып, артынан түре соғайын,- депті. Айтқанындай жеті-сегізі алдыға өтіп кеткеннен кейін, Шақабай қолына бір сойылды дайындап алып, қуғыншылармен араласа шауып, тар сай ішінде оларды бір-бірплеп ұрып түсіре береді. Артқы қуғыншылар алдынғы жағындағы жығылып жатқан адамдарды, бос ойнап шыға келген аттарды көргенде істің бас-аяғын түсінбей қайта қашады. Тар сай ішінде Шақабай алдынғы 7-8 адамды түсірген соң кері қашқан жауды қайта қуады. Әпекесі де Шақабайдың ерлігін көріп атынын басын тоқтатып, қайта қашқан жауды қуған шақабайға айғайлап: «Шақабаи! Шақабаи! қаит! қаит!» – деп дәмілсіз айғайлайды. қайта қашандардың бірнешеуін түсіріп жіберген Шақабай он неше атты ер, тоқымымен жиып қайта қайтады. Жаулардың кеиін қашқан тобы артта қалған адамдарына қарамаи: «шақа баилап ұран салған біреу кезігіп бізді бір-ақ жайпады» деп еліне қашып барады. Олардың онысын қазақтарда естіп біледі. Кейін керейлер жаумен соғысқанда «шақабаи! шақабаи!»- деп ұран салып шабатын болыпты. «Шақабай» ұранын естіген жауда табан тіреп соғыса алмаитын болыпты. Сүйтіп бірте- бірте «шақабай» жәнтекеидің ұранына айналыпы.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.