Қазақ халқының бала тәрбиелеу дәстүрі

Главная » Рефераттар » Қазақ халқының бала тәрбиелеу дәстүрі

Қазақ халықтарының ежелгі педагогикасы мен бала тәрбиелеу дәстүрі олардың ауыз әдебиетінен айқын көрініп тұрады. Қай ұлтта болмасын халық ауыз әдебиетінде ең алғаш пайда болған, ең түңғыш айтылған өлең, жыр, әңгімелер балаларға, тәрбие мәселесіне арналған. Өйткені, баланы өз өмірінің жалғасы деп ұққан. Ерте кезде қазақ халқында бала тәрбиелеуге арналған қоғамдық орын: ясли, балалар бақшасы, мектеп болмаса да, тәрбиені балаларына бесікте жатқан кезінен бастап-ақ халықтық жырлар мен әңгіме, ертегілер арқылы бере бастаған. Олар өскен соң, өздерін қоршаған жаратылыстың ішкі құпиясын ғылым жолымен сезініп білмесе де, жапан дүзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, адаспай кете беретін болған. Жастайынан-ақ есіту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, табатын ізшіл де, құралайды көзге атап түсіретін мерген де болған. Кәсібі, тіршілігі тек қана мал шаруашылығына байланысты болғандықтан 6—7 жасынан-ақ олар ат құлағында ойнайды. Оқу-сызу өнеріне машықтанбаса да, бір есіткенін қалтқысыз есте сақтайтын қабілеттілігі де күшті болған. Олар сондықтан да қызық-қызық ертегілерді, ұзақ-ұзақ жырларды жатқа айтатын болған. Бесік жыры, айуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар мен жаңылтпаш сөздер, мақал мен мәтелдер, өтірік өлеңдер — бәрі де баланы қызықтырып, оларды мәз-майрам етеді. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардың сөздік қорын байытып, бірден бірге мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра береді. Тек бұл емес, халықтың шығармалар ішіндегі әржақты айқын образ, оқиға барысының қызықты бола беруі, әдемі қисын, жақсы ұйқас бәрі де балаларды қуантып, әсер беріп, ойын шыңдап отырады. Ежелгі Қазақстандағы тәрбие ісі негізінен басты-басты сегіз түрлі мәселені қамтыған. Біріншіден, тәрбие ‘басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген. Хат білмесең де әдепті бол дегенді басты міндет етіп қойған. Екіншіден, мейірімді болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл алғыш елгезек бол деп үйреткен. Бұл еңбекке баулудың алғашқы көрінісі болатын. Төртіншіден, адалдық пен шындыққа баулуды көздеген. Бесіншіден, білгір бол, ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңда, ақпа құлақ болма, құйма құлақ бол дегенді ‘бойларына сіңіре берген, Алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы сыйлауға үйретуді басты міндет етіп қойған. Жетіншіден, кісі айыбын бетіне баспа — дейді халық тәрбиесі. Бұл кемшілікті айтпа деген сөз емес, қарып-қасерлердің табиғи кемдігін (мұрны пұшық, көзі қисық, аяғы ақсақ деген сияқты) көрсетпе деген сөз. Сегізіншіден, ел қорғаны батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді үйретеді. Халықтық шығармалардың балалар мен жасөспірімдерге тигізетін бұдан басқа да тәрбиелік әсері ұшан теңіз. Халықтың шығарма балаларды адам баласының өткен ғасырлардағы тарихи өмірі, тұрмыс, әдет-салты, күн көрісі, шаруашылық — экономикасы, мәдениетімен таныстырып отырады. Балалар мен жасөспірімдерге арналған халық өлеңдерінде дүниеге жаңа келген жас нәрестенің болашағын ойлап, қолдан келер мүмкіндіктерін соның жолына бағыштауға тырысады. Мұнда балаға деген сый-құрмет, ықыластар, оның болашақ азаматы ‘болсын деген тілек-мақсаттардан туатыны айтылған. Халық тәрбиесі баланы жас басынан көпшіл, қоғамшыл, ынтымақшыл, сый-сияпат көрсете білетін өнегелі де әдепті адам ‘болуын көздеген, баладан адамгершілік қасиетті талап еткен. Қолы ашық, алақаны жазық болсын, жұдырығын түйген сұм болмасын дегенді балаға жас басынан ұқтыра беруге тырысқан. Баланы күту, бағу, тәрбиелеу, әлпештеп ақ бесікке салу, оның мәңгілік қамқоршысы болу — ата-ананың борышты да, басты міндеті деп бағалаған. Бала туғанда шілдехана жасау, жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш ету, оны өздеріне ‘бақыт санау жалпы халыктық салтқа, әдетке айналған. Бала ата-ананың бауыр еті, жүрегі деп бағалаған. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша қазақ балалары тәрбиені үй ішінен, өзінің көрген-білгенінен, ауыл айналасынан үйренетін. Еңбекші халықтың балалары 6—7 жасқа келісімен-ақ ауыр жұмыстарға жегіліп, үлкендердің көмегімен жас төлдерді бағуды, күтуді өз қолдарына алатын. Олар көшпелі тұрмыстың ауыр жағдайына байланысты неше алуан қиын-қыстау жағдайларды бастарынан кешіріп, тек қана мал бағумен күнелткен. Басқа кәсіпті, өнер-білімді білмеген. Сондықтан қазақ халқы бала жұбатса да, ойнатса да, еркелетіп сүйсе де немесе оның жақсы қасиеттерін бағалағысы келсе де өзі кәсіп еткен малдардың ерекше жақсы қасиеттеріне, көркем тұлғасы мен көрінісіне теңеп айтатын болған. «Қошақаным» «құлыным», «бота көзім», «ақ маралым», «ақ тайлағым», «ақ тоқтым», «марқа қозым» деп отыратын болған. Балаға деген осы құрмет, осындай ылтипат ойларды да мейлінше кішіпейіл, рақымшыл және ұяты бар азамат етіп шығаруға жол ашқан. Балалар мен жас өспірімдер тіпті жігіт ағасы болған адамдар да өзінен үлкенді атымен атамай, аса бір сый құрмет көрсетулері үшін: «жақсы аға» өнері бар кісі болса, «ақын аға» одан үлкенірек болса «көке», «жәке», «ата», жасы сексеннен асқан адамдарды көргенде: «о құдіретіңнен айналайын баба» деп қол қусырып, иіліп сәлем беретін болған. Өзінен үлкенге құрмет көрсету осындай тәрбиенің жемісінен туған жақсы әдет, жарастықты салтанатқа айналған. Төрт түлік малдың ішінде қазақ халқының аса қадірлейтін жан сүйері түйе болғандықтан бұл жайында айтылған өлең, жыр, әңгіме, ертегілер, мақал-мәтелдер мен әсерлі теңеу сөздер өте көп. Түйенің барлық жақсы қасиеттерін, төзімділігін күй талғамайтындығын көрсетіп, жұмбақ тәрізді етіп, әдейі балаларға арнап айтылған өлеңдер де бар. Жас бала өзінің албырттығына салынып ешнәрсеге ықыластанбай, оның аяғын салғырттыққа айналдырып жіберсе, түбінде өмір соққысына душар болатынын алдын ала ескертеді. «Еңбек түбі зейнет» дейтін сияқты, еңбектенсе ғана ойлаған мұратына жететінін жас басынан-ақ олардың құлағына құйып, бойына сіңіре береді. Халықтык, шығармалар ішінде баланы дұрыс та айқын сөйлеуге үйрететін, тілін дамытуға жаттықтыратын жанр да бар. Ол — жаңылтпаш. Бұл жанр тікелей бала тәрбиесіне арналған, соған тән мұра. Олай дейтініміз айтылуы қиын кейбір сөздерді дұрыс сөйлеуге үйрету — ол көбіне балаға тән нәрсе. Мұнда міндетті түрде окыту арқылы ғана емес, баланы көркем сөзге әуестендіру, соған баланы еліктіру арқылы жаттығу жұмысын жүргізу үшін қолданылған шеберлік бар. Бұған алғаш үлкен кісілер де араласады. Баланың тіліне, оның әрбір тәтті сөздері мен тартымды қылықтарына күле отырып, оларды дұрыс бағытта сөйлеуге баулиды. Балалардың көпшілігі он жасқа келгенге дейін кейбір сездерді, не бір жеке дыбыстарды дұрыс айта алмайды. Кейбір ерке өскен, шолжақ балалар тіпті он бес жасқа дейін сақаулана сөйлейтіні болады. Міне, осы сияқты жаңсақ та сақаулана сөйлеуді болдыртпау үшін «Баланы жастан» — деген сияқты, оларды халық жас кезінен дұрыс сөйлеуге үйретуді мақсат еткен. Бала тәрбиелеуде халың өзінде бар барлық асыл сөз, даналық ойларын балаларға, жеткіншектерге арнады. Өз өмірінің ғасырлық тәжірибесінен алынған асыл ойларын мақал-мәтел етіп, үлгі-өнеге ретінде өмірінің жалғасы болатын баласына, немересіне қалдырып отырған. «Бала — бауыр еті, көздің нұры» деп босқа айтпаған. Кім болса да өз баласын білімді, өнегелі халық азаматы болып өссін дегенді арман етеді. Сол арманын іске асыру үшін қолда ‘бар барлық мүмкіншілігін бала болашағының игілігінен аямайды. «Оқу— ‘білім бұлағы, білім — өмір шырағы» деген ақыл сөздерді әрқашан құлағына құйып отырады. — «Ақыл — тозбайтын тон, білім — таусылмайтын кен» — деп оның болашағы да соншалық баянды, мырым болатынын сан рет ескертеді. Бірақ мұның өзі де еңбексіз, әрекетсіз тектен-тек қолға түсе қалатын оңай олжа емес. Асуы қиын бел-белес, ұшы-қиыры көрінбейтін құба-жөн екенін де ашық айтады. Қажы-май қайрат көрсету арқылы ғана оның үдесіне жетуге болатынын ескертеді. «Білім қымбат, ‘білу қиын» деген мәтел осыдан алынып, жас өспірімдерге әдейі айтылған. Білім алу жолына түссең, оның қиындығын ауырсынба. «Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса, кішіден сұра», қалайда болса оның үдесіне жет, шыңына көтеріл дегенді насихат етеді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.