Қазақ халқының пайда болуы және алғашқы қазақ хандығы

Home » Рефераттар » Қазақ халқының пайда болуы және алғашқы қазақ хандығы
Рефераттар Комментариев нет

Қазақ халқының пайда болуы және алғашқы қазақ хандығы

Көптеген ғасырлар бойында осы күнгі Қазақстан жерінде және көрші Орта Азия республикаларының территориясында әртүрлі этникалық топтардың арасында қақтығыс, өзара байланыс және ассимиляция процестері болған. Иран тілдес және түріктік, монголдық тайпалар бірін бірі тек ауыстырып қана қойған жоқ, олар араласты, ассимиляцияланды, сөйтіп жаңа қауымдастықтар қалыптасты. VIII-IX ғғ. бастап түрік тайпаларының басым болғандығы байқалады және олар Орта Азия мен Қазақтанның болашақ халықтары тілінің қалыптасуына орасан зор әсер етті. Поволжье мен Кавказдың түрік тілдес халықтары туралы осыны айтуға болады.

Қазақтардың этногенезисінде Түрік қағанатының және Қазақстанның оңтүстіктегі түргеш, карлук мемлекеттері құры­луының да ролі айтарлықтай еді. Қазақ этникалық тобының қалыптасуына орта ғасырлық түрік типтес қыпшақ (половец) тайпасы нығаюының орасан зор мәні болды. Дешті-Қыпшақтың кең даласында ХІІ ғ. өзінде түрік-қыпшақ тілі басым болған. Осы процестің нәтижесінде мұнда ХІІІ ғ. бірынғай халық пен мемлекеттіктің пайда болуына қолайлы жағдай жасалынды.

Тарихта халықты жинақтап көрсететін халық аттары бар. Мысалы, татарлар (монголдардың аты шыққанға дейін), монголдар (жалайыр, татар, ойрат, найман) т. б. Дешті-Қыпшақта осындай жинақтаушы халық аты-өзбек болған. Шын мәнісінде ол кезеңде бұл термин этникалықтан гөрі саяси мағна беретін. Осы себепке байланысты өзбек, ноғай могулистан мемлекетіне кірген, кейіннен жеке бөлек халық өзбектер, қазақтар, башқұрттар т.б. болып қалыптасты. С. Сейфулиннің айтуынша қазақ рулары көп уақытқа дейін ноғайлар деп аталынып келді. Ауыз әдебиетінде, әсіресе батырлар жырында, батырлардың көпшілігі ноғайдан таратылады. Ал, өзбектерден бөлінді деген хабар жоқ.

¤збектерден қазақтар бөлініп шыққан жоқ, қайта Әбілхаир хан мемлекеті күйреді, бұл мемлекет бірнеше этникалық топтар­ды біріктірген болатын. Ішкі өзара соғыстардың нәтижесінде этникалық топтар бөлініп, жаңа саяси одақтар құруды көздеді. Алтын Орданың саяси күйреуі барысында туысқан тайпалар мен этникалық қауымдастықтар саяси жекеленуге талпынды.

Қазақ халықтығының негізін жалайрлар, наймандар, алшын­дар, қыпшақтар және басқа да тайпалар құрған. Осындай қауым­дастықты сақтау тенденциясы Майқы-би, Алаша-хан, Орманбет-би туралы және басқа ру басшылары туралы аңыз-әңгімелерде орын алған. Тарихшы Мухаммад Хайдардың айтуынша қазақ халқының және хандығының пайда болуы көптеген халықтың «…Керей-хан мен Жәнібек-ханға көшіп баруының салдары» деп түсіндіреді. Әбілхаир-ханның қол астынан шығып басқа басқарушының қол астына барудан, әрине қазақ сияқты халық пайда болды деу дұрыс емес.

Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхаир ханның иелігінен бөлініп кетуі бұрынғы қарама-қайшылықтардың және саяси үстемдік үшін күрестің, жайылым жер үшін күрестің нәтижесі. Сонымен қоса династиялық таластар, басқарушылар­дың арасындағы алауыздық, Әбілхаирдың ойраттардан жеңілуі, тоқтаусыз жүргізілген феодалдық соғыстар көшпелі малшы халыққа үлкен аурлықтар әкелді. Сондықтан ХV ғ. 60-жылдарының басындағы малшы бұқараның жер ауыстырып көшіп кетуі – бұл еңбекшілердің феодалдық қанауға, өскелең салықтарға, феодалдық өзара қырқыстар мен соғыстарға жасаған қарсылығының көрінісі. Керей мен Жәнібек сұлтандар династиялық және таптық мақсаттарын көздеп халық бұқарасының осы келіспеушілігін пайдалануы қазақтардың бірігуіне және Қазақ хандығын құры­луына себеп болды.

Мұхаммад Хайдар қазақ хандығын Керей мен Жәнібектің құрған жылы деп сегіз жүз жетпісінші (хиджра бойынша) жылды айтқан, бұл 1465 ж. сай келеді. Хайдар ең бірінші болып «қазақ» атты сөзді қолданған халықтың атына. Қазақ этнониміне тарих ғылымы қисынды жауап берген. Бұл сөзбен түрік тілінде айрықша топтар мен қажырлы тайпаларды атаған, олар тәуелсіз өмір сүруі үшін өз тайпасынан бөлініп кеткен. Қазақтың ауыз әдебиетінде қазақтардың өз алдына дербес хандық құруы, яғни жеке саяси оқшалануы, Орманбет бидің, Асанқайғының, хан Жәнібектің, ХІV ғ. Сыпыра-жыраудың атымен байланыстырылады.

Жоғарыда айтқандарымыздан мынандай қорытынды шы­ғарды:

  1. Қазақ халқының қалыптасуы Алтын Орданың күйреуінен басталады. Түрік тілдес қыпшақ әскери-саяси бірлестігіндегі рулық топтар қазақ халқының негізі болды.
  2. ХІІІ ғ. аяғы–ХІV басында кейін қазақ халқының ядросын құрған тайпалардың бір бөлігі, ноғай және басқа саяси бірлес­тіктер құрамында болған, бірақ олардың өз ханы және басқадай ерекшелігі бар еді.
  3. Тек 1465 ж. ғана жекеленген тайпалық топтар (қазақтар) және дербес хандық құрды (Керей, Жәнібек), бұларды көрші халықтар қазақтар деп атаған.

XV ғ. қазақ көші Шу өзенінен жоғары аспаса, ғасырдың аяғында Бұрындық ханның (Керейдің ұлы) және Қасым сұлтан­ның (Жәнібектің ұлы) тұсында қазақтардың көші Балқаш көлінен Орал өзеніні дейінгі аралықты (Жайык өзені) қамтыды. Жайылым үшін және гегемондық үшін көптеген соғыстар жүргізді. Қасым хан тұсында (1511-1523) белсенді ішкі саясат жүргізілді, мемлекеттік нығайды, басқа елдер, соның ретінде Москва мемлекетімен дипломатикалық қарым-қатынас орнады. Жүргізілген соғыстардың нәтижесінде оңтүстіктің қалаларының біразы қазақтарға қарады. Ноғай ордасы бұл кезде ауыр дағдарысқа ұшыраған болатын, сондықтан оның біраз рулары мен тайпалары қазақ хандығының қол астына көшті. Қасым хан тұсында қазақтың әдеттегі құқығын бір жүйеге келтіру қолға алынды. Қасым хан мен сұлтандар арақатысын құқықтық реттеуге тырысқан, «ақ сүйектердің» үстемдігін баянды етуді ойластырған. Керей мен Жәнібектен кейінгі 150 жыл бойында қазақтың саяси одағы өзінің шекарасын белгіледі. Мұнда саяси традициялар жинақталды, рулық қауымдастықтар арасындағы өзара қатынастар принципі бекітілді. Қоғамдық өмірдің салт-дәстүрі мен нормалары адат бойынша реттелетін болды (әдеттегі құқық).

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.