Қазақ халқының педагогикалық ойларының дамуы

Главная » Рефераттар » Қазақ халқының педагогикалық ойларының дамуы

Қазақ елінің даму тарихы заңдылықтарымен байланыстыра отырып, Қазақстандағы педагогикалық ойлар дамуын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады: I кезең — VI-ХV ғасырлар аралығы, педагогикалык ойл ар дамуының бастапқы кезеңі;
II кезең — XV ғасырдың алғашқы жартысынан XX ғасырдың басына дейін;
III кезең — XX ғасырдың басынан (1917 жылдарынан) бүгінгі күнге (егеменді ел болғанға) дейінгі аралық.
Алғашқы кезеңнің ерекшелігі халықтың бала тэрбиесіне, адамның жетіліп, қалыптасуына қатысты ойлары өсиет, пікір, тұжырымдар ретінде ескерткіштерде, таңбалы тастарда ойылып қалдырылып отырған. Бүл үлгілер Орхон-Енисей немесе ежелгі түрік рун жазбаларын қолдану арқылы сақталып отырған.
Мұндай қүндылықтардың біріне Күлтегіннің жорыкшыл ағасы Білге қағанға қойылған ескерткіші жатады. Бүл ескерткіштегі жазулар мэні жалпы алғанда иісі түрік баласына өз қағаныиан, өз бектерінен, өз отанынан ажырамау кажеттігін, «бөлінгенді бөрі алады, егер бірігіп, біртүтас, тату болсаң өз отаныңда, үйіңде камсыз, қайғысыз, бақытты өмір сүресің» деген ойды береді.
Осы кезеңдегі мағыналы ескерткіштердің тағы біреу інің иесі — дала ойшылы қобызшы Қорқыт ата болып табылады. Сондай-ақ екінші бір данышпан түлға — ІХ-Х ғасырларда бірқатар психологиялык-педагогикалық көзқарастар жүйесімен белгілі болған Әбу Насыр эл-Фараби бабамыз. Оның көзкарастары «Мемлекеттік кайраткерлердің афоризмдері», «Бақытқа барар жолды көрсету», «Азаматтық саясат», «Риторика», «Поэзия өнері туралы», «Музыка туралы үлкен кітап» атты трактаттарында қалдырылған.
Педагогикалық ойлардың калыптасуының II кезеңі XV ғасыр-дың бірінші жартысындағы қазақ хандығының пайда болуымен байланыстырылады. Бүл кезеңнің (XX ғасырдың басына дейінгі) бір ерекшелігі — адам тэрбиесіне, өмір сүру жағдайларын ұйымдастыруға қатысты ойлар көбінесе ойшылдар, ағартушылар жэне ақын-жырау, жыршылар шығармаларында жинақталып беріліи отырған. Ақпамбет, Шалкиіз, Сүйінбай жыраулар шығармаларымен қатар, Шоқан Уэлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Қүнанбаев, Шәкәрім Қүдайбердіүлы, Жамбыл Жабаев еңбектерінде адам тәрбиесінің барлық аспектілеріне қатысты ойлар айтылған. Қазак халқының педагогикалық ойларының жаңа бір белең алған кезі — III кезең, ол 1917 жылдан бастап еліміздің егемендік алған уақытына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде қазақтың халықтык педагогикасында ерекше маңызды құбылыстар байқалды.
Қазақ халқын оқуға, білімге, өнерге, бостандыққа, теңдікке шақырған Ахмет Байтұрсынов бұл істердің барлығы да ана тілінде жүргізілу қажеттілігін баса айтып, тіл ерекшеліктерін зерттеуге ерекше мән берген.
Осы кезеңде педагогика пәнінің мәнін, адам өміріндегі тэрбиенің маңызын ашатын казак халқының үлттық ерекшелігіне сәйкес алгашкы «Педагогика» оқулығын Магжан Жұмабаев жазды.
Халықтың этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттей отырып, Жүсіпбек Аймауытов алгашқы «Психология» оқулығын шығарды.
Мүнан соң да қазақ үлттық педагогикасын дамытуга Қ.Жарықбаев, Т.Тәжібаев, Қ.Біржанов т.с. сияқты педагог-ғалымдар өз үлестерін қосты.
Ұлттық педагогикалық ойлардың пайда болуы мен дамуы ерекшеліктерін зерттеу классикалық педагогика ғылымының негіздерін меңгеруге мүмкіндік береді. Бірақ мұғалім бұл бағытта бірқатар жұмыстар жүргізуі қажет. Педагогтің халықтық педагогика мүрасын зерттеу бағытындагы жүмыс кезеңдері:
1. Жекелеген үлттың, халықтың педагогикалық тэжірибесіне катысты фактілерді жинау;
2. Қатар жатқан үлттар мен халықтардың педагогикалық дэстүрлерін салыстыра талдау;
3. Нақты аймақтағы халықтардың педагогикалык тәжірибесін зерттеу.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.